Материалдар / Тәуелсіз елдің білімді ұрпақғын тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақғын тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіз елдің білімді ұрпақғын тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі

«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз»

                                                                                     Н.Ә.Назарбаев 

         Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті тақырыбы. Бұл мәселенің шешімін табуда үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде қайта қаралып, оны жетілдіру жолдары іздестірілуде. Бұл алға қойылып отырған негізгі талаптар – Қазақстан білім беру жүйесінің бүкіләлемдік білім беру кеңестігіне толық енудің алғашқы даму стратегиясын жасау болып табылады.«Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым бола алатын адал – еңбек, мінсіз – ақыл, таза – жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» – деген Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыздың сөзін арқау ете отырып, бүгінгі күн жастарды жетілген азамат етіп тәрбиелеу отбасылардың жауапкершілігін тағы да арттыра түсуде.«Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді» деп А.С. Макаренко айтқандай айтылған талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмыстың үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы – мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан, ұлтымызға тән қасиеттерін бойына сіңірген бала тәрбиелеуден бастағанның маңызы зор. Балабақша мен мектеп — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталықтары. Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен ұстаздар қауымының қасиетті борышы.

Бала үшін дүниеде ең жетілген, білімді де, мәртебелі адам – оның ата – анасы.Ал, ең әдемі де жарық үй – оның туылған үйі. Жас баланың дамуында ата-ананың орыны ерекше, сондықтан ата-ана өз отбасында қолайсыз жағдайларды баланың көзінше тудырмауға тырысуы қажет. Отбасындағы ұрыс-керіс баланың жүйкесін тоздырады. Кейбір ата-аналар өз перзентін шектен тыс еркелетіп, баланың бетінен қақпай, көңіліне қарап тәрбиелейді. Ал мұндай көріністер баланың бойына кері қасиет пайда болуына тікелей жағдай тууына себеп болады. Ата-аналар балаға отбасылық өмірдің алуан түрлі, қыры мен сырын дүние жұмбақтарын танытып, тағылым талғамға, әдептілікке баулуға тиіс. Себебі, ата-ананың күнделікті өмір тіршілігіндегі еңбегі, адамның бейнелері, жақсы мінез-құлқы, дұрыс қарым-қатынасы – балаға үлгі. Баланың алдында барынша сабырлы әрі ұстамды болуға тырысу керек, ата-ана өзі үлгі бола отырып, баласын сабырлылыққа тәрбиелейді. Әрбір ата-ана өз баласы үшін-басты тұлға. Сондықтанда да кез-келген бала алдымен үлгіні ата-анасынан алады. Бала әкеден ақыл, анадан мейір алады. Ата-ана баласымен пікірлесуде бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорламай, мейірімді, табиғи, жылы ақылды сөздер айтып өнеге бола білсе, тәрбие де табысқа жетеді, өйткені, жақсы сөз жан семіртеді.Сонымен қатар мектептің педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі, ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру,тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдақтары – балабақша мен мектеп.Халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының салаларының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде баланың бойына сіңірудеміз. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.

Бүгінгі күндері ұстаздар алдында балаға білім, білім дағдыларын игеріп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімін, ерік-жігерін жан-жақты етіп дамыту міндеттері тұр. Болашақ қоғамымыздың тағдыры да бала тәрбиесіне тікелей байланысты. Қоғамды дамытушы да, ілгері апарушы да осы жас жеткіншектер. Мектептегі тәрбие – қазақи ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады.

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматық пен имандылыққа баулу – тәрбиенің басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдар ұлттық тәрбиеге де мән бергендері жөн. Бұл саладағы күш – жігер алдымен оқушыларды оташылдыққа тәрбиелеуге бағытталады. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын туыстары, туған жері, кең – байтақ гүлжазира даласы, тау – тасы, өзен – көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде үйретуге тиіспіз.

Жас ұрпақты жастайынан салт-дәстүрлер рухында баулу, құлағына сіңіру әдет-дағдысына айналдыру – парызды іс. Қазақ сөз өнерін қатты құрметтеген халық: «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы сөз жан семіртер. Сонымен қатар балаға «сіз», «рахмет», «кешіріңіз», «өтінемін» деген сияқты сыпайылықты білдіретін сөздерді үлкендерге айтып жүруге үйрету, оған дағдыландыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.

Ауыл ата-аналары арасынанда өз бақыттарын еңбектен таба отырып, балаларына тек үздік оқу мен үлгілі тәрбиелі беріп отырған отбасылары да бар. Атап айтқанда Есмұратовтар, Махмудовтар, Қазыбековтар, Меңдібаевтар, Жақыпбековтар отбасыларының балалары тек жақсы оқулары мен үлгілі тәртіптерімен көрініп келеді.

Тәуелсіз елдің ұрпағын тәрбиелеуде Сасан би атындағы орта мектептің ұжымыда үлкен жауапкершілікпен жұмыс жасауда. Сыныптар бойынша оқу үлгерімі 100 пайыз. ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша мектеп оқушыларының білім сапасы 59,5 пайызды көрсетті.

Бірнеше пәндер бойынша үйірме жұмыстары ұйымдастырылып, жүйелі түрде өткізіліп отырылады.



Кадр құрамы.

Педагогтардың сапалық құрамы


Оқу жылдары

Жалпы саны

Жоғары білімді

Арнаулы орта білімді

саны

%

Саны

%

2013-2014

41

33

80,4

8

19,6

2014-2015

40

33

82,5

7

17,5

2015-2016

38

29

76,3

9

23,7

Педагог кадрлардың білімі

Ұлттық бірыңғай тестқа дайындау өз нәтижесін беріп келеді. Өздеріңіз көріп отырған слайдта орташа балдың соңғы үш жылда жылма- жыл өскенін көреміз.

ҰБТ көрсеткіштері

Оқу жылдары

Орташа балл

2012-2013

69,4

2013-2014

73,7

2014-2015

81,5





Оқушылардың республикалық, облыстық, аудандық олипиадаларға қатысуы

«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің облыстық,

республикалық, халықаралық интеллектуалды олимпиадаларға қатысқан

оқушылар нәтижесі


Байқаулар

2012-2013

2013-2014

2014-2015

оқушылар саны

жеңімпаздар саны

оқушылар саны

жеңімпаздар саны

оқушылар саны

жеңімпаздар саны


Кенгуру

 13

 

 

 

 12

 -


Махамбет оқулары

 1

 1

 1

 

 


" русский медвежонок"

 1

 

 

 

 9

 3


"Малахит"

 42

 11

 33

 8

20

7


Республикалық " Ақбота"

 12

 

 6

 6

 28

 6


"Асылтас"

 

 

 16

 5

9

1


"Айналайын"

 37

 

 

 

31

 12


«Бейбітшілік әлемі»

 

 

 

 

 3

 3


"Пони"

 

 

 8

 

29

14 


"Балапан"

 

 

 

 

4

4- 1 орын


"BritishBilldoq"

 

 

 

 

5

 1


«Тұлпар»

13

7



28

10


Жарқын болашақ”

3

3






Халықаралық қашықтықтан

блиц-турнир





10

5


Қорытынды

 132

 22

 64

20 

 188

 63

«Сасан би атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің облыстық, республикалық, халықаралық интеллектуалды олимпиадаларға қатысқан оқушылар нәтижесі



педагогтің санаты бойынша



р\с

Жоғары

%



І санатты

%

ІІ санатты

%

Санатсыз

%

2013-2014

2

4

22

54

9

21

8

19

2014-2015

5

13

17

43

13

33

5

13

2015-2016

9

23

13

34

7

18

9

23

Мұғалімдер оқытудың озық әдіс-тәсілдерін жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, жұмыс жасайды. Бағдарламаға сәйкес көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар, тесттар қорлары толықтырыла отырылады. Қорыта айтқанда білімді ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін мектептің педагогикалық ұжымы толық түсініп, тынбай еңбек етіп келе жатыр.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!