Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылар мен студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәуелсіздік-мәнгілік елдің тұғыры

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Рахметуллаева Нұрай, 3 курс студенті



«Пай-пай, пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер,

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!

Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,

Сарылып сал-сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!» - деп Мұқағали атамыз жырлағандай біз әр қашан туған топырағымызға тағзым етіп, құрмет көрсетуіміз керек. Мен осы елде туылғанымды мақтан етемін.

Біздің ата-бабамыз осы жер үшін қаншама тер төкті,біздің бейбіт өміріміз үшін,мәңгілік тәуелсіздігіміз үшін жан берді.

Сол ата-бабамыздың арқасында, олардың ұрыс апанындағы ерлігі арқасында біз Қазақстан деген тәуелсіз топырақта бейбіт-тыныш өмір сүрудеміз.

Біз тәуелсіз елдің ұландарымыз. Қандай мақтаныш! Менің елімді бүкіл әлем таниды. Бұл тәуелсіздік-қазақ елінің мәңгілік тұғыры. Менің елімнің тұғыры бүгін қзге елдер тұғыры жанында кем емес. Еліміздің тәуелсіздігі арқасында бізде де Азияда, Универсияда, Экспо секілді әлемдік маңызды шаралар ұйымдастырылды. Осы шараларда еліміздің көк туы аспанда қалықтап ән ұранымыз шырқалды.

Қазақстан тәуелсіздігіне -30жыл. Ия, біз тәуелсіз елміз. Біздің өз шекарамыз, өз заңдарымыз бар. Біздің тәуелсіз еліміздің әлемге танылуында Тұңғыш Президентіміз Н,Ә. Назарбаевтың еңбегі орасан зор.. Елбасымыз осы жылдары қазақ халқы үшін көп еңбек етті. Бізді әлемге танытты. Еліміздің өркендеп өсіуіне көп үлес қосты.

Біздің қиналмай өмір сүруіміз, мектепте білім алуымыз – Тәуелсіздіктің арқасы. Әр күнім мен тәуелсіздікті сезінгенімде жүрегімді қуаныш жайлайды. Өскенде мен де тәуелсіздігіміздің нығайуына өз үлесімді қоссам деймін. Қазірше сабақты беске оқып, спортпен шұғылданып азда болса үлес қосқандаймын.

Барша қазақ халқы бізге үміт артады, сондықтан үміттерін ақтауымыз керек. Бүгін студент болсақ, ертең ел үшін еңбек ететін азамат боламыз. Сонда тәуелсіздігіміз тұғыры тағы да нығая түседі. Мен оған сенемін.

Мағжан атамыз айтқанындай, ол кісінің бізге деген сеніміне лайық болуымыз керек. Мен «Жас қыран мүшесімін» болашақта нағыз қыранға айналып тәуелсіздік аспанында қалықтаймын, елімді қорғаймын. Қанатын кере қалықтаған қыран бейнеленген туымыздың ешқашан төмен түспеуіне уәде беремін. Өйткені мен тәуелсіз елдің Ұланымын, қазақ батырларының жалғасымын.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
393
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі