Тәуелсіздік-мәнгілік елдің
тұғыры
Абай атындағы Жамбыл
гуманитарлық жоғары колледжі
Рахметуллаева Нұрай, 3 курс
студенті
«Пай-пай, пай! Киелі неткен
жер!
Батырлар дүрілдеп өткен
жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен
тер!
Ғашықтар бір-бірін өпкен
жер,
Сарылып сал-сері кеткен
жер.
Бас иіп, иіскеп
топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!» -
деп Мұқағали атамыз жырлағандай біз әр қашан туған топырағымызға
тағзым етіп, құрмет көрсетуіміз керек. Мен осы елде туылғанымды
мақтан етемін.
Біздің ата-бабамыз осы жер
үшін қаншама тер төкті,біздің бейбіт өміріміз үшін,мәңгілік
тәуелсіздігіміз үшін жан берді.
Сол ата-бабамыздың арқасында,
олардың ұрыс апанындағы ерлігі арқасында біз Қазақстан деген
тәуелсіз топырақта бейбіт-тыныш өмір
сүрудеміз.
Біз тәуелсіз елдің
ұландарымыз. Қандай мақтаныш! Менің елімді бүкіл әлем таниды. Бұл
тәуелсіздік-қазақ елінің мәңгілік тұғыры. Менің елімнің тұғыры
бүгін қзге елдер тұғыры жанында кем емес. Еліміздің тәуелсіздігі
арқасында бізде де Азияда, Универсияда, Экспо секілді әлемдік
маңызды шаралар ұйымдастырылды. Осы шараларда еліміздің көк туы
аспанда қалықтап ән ұранымыз шырқалды.
Қазақстан тәуелсіздігіне
-30жыл. Ия, біз тәуелсіз елміз. Біздің өз шекарамыз, өз заңдарымыз
бар. Біздің тәуелсіз еліміздің әлемге танылуында Тұңғыш
Президентіміз Н,Ә. Назарбаевтың еңбегі орасан зор.. Елбасымыз осы
жылдары қазақ халқы үшін көп еңбек етті. Бізді әлемге танытты.
Еліміздің өркендеп өсіуіне көп үлес қосты.
Біздің қиналмай өмір сүруіміз,
мектепте білім алуымыз – Тәуелсіздіктің арқасы. Әр күнім мен
тәуелсіздікті сезінгенімде жүрегімді қуаныш жайлайды. Өскенде мен
де тәуелсіздігіміздің нығайуына өз үлесімді қоссам деймін. Қазірше
сабақты беске оқып, спортпен шұғылданып азда болса үлес
қосқандаймын.
Барша қазақ халқы бізге үміт
артады, сондықтан үміттерін ақтауымыз керек. Бүгін студент болсақ,
ертең ел үшін еңбек ететін азамат боламыз. Сонда тәуелсіздігіміз
тұғыры тағы да нығая түседі. Мен оған
сенемін.
Мағжан атамыз айтқанындай, ол
кісінің бізге деген сеніміне лайық болуымыз керек. Мен «Жас қыран
мүшесімін» болашақта нағыз қыранға айналып тәуелсіздік аспанында
қалықтаймын, елімді қорғаймын. Қанатын кере қалықтаған қыран
бейнеленген туымыздың ешқашан төмен түспеуіне уәде беремін. Өйткені
мен тәуелсіз елдің Ұланымын, қазақ батырларының
жалғасымын.