Материалдар / Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры»

Материал туралы қысқаша түсінік
конференция ,мақала Тәуелсіздігі тұрақты, ынтымағы мен береке бірлігі жарасқан «Мәңгілік ел болуды мұрат еткен» жаңа ғасырдағы жаңа Қазақстан жасай берсін!!!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2021
1054
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алтынбекова Г.К.,

Дене шынықтыру пәнінің ,1 санатты оқытушысы


«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл»

Бір ата, бір ананың түлегіміз

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз

« Бірлік барда тірлік бар » деген бабам

Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! -

Тәуелсіз елім Қазақстаным. Алтайдан Алатауға дейін ұлан – ғайыр жерді мекен еткен ата – бабаларымыз тәуелсіздікті арман еткен. Осынау кең даланы көк найзаның ұшымен, сом білектің күшімен қорғаған бабаларымыздың аманатын орындау үшін талай боздақтар жанкештілікке барңған. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.

Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз.

Міне содан бері 30 жыл! Ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырсың, білім алуға сен үшін мүмкіндік мол. Сен көп уақытыңды достарыңмен, туған – туыстарыңмен өткізесің, көңілді мерекелерді асыға күтесің. Саған қандай мерекелер ұнайды? Оларды қалай тойлайсың? Әрине барлық мейрамдар жақсы. Бірақ олардың арасында біздің мемлекетіміз үшін маңыздылары бар. Соның бірі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді.Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды. Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

Егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар.

Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас-қағым-ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердін тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат.

Кей кезде маған осыдан 30 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді деген сұрақ ойыма орала береді? Әрине, бұдан 30жыл бұрын алға қойған мақсатымыз даңғыл жол болды, яғни тәуелсіздік даңғылы. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Елім ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Қазақ халқы тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгенде өз алдына ел бола алатынына күмәндана қараған жандарда болған екен. Бірақ ар-намысты алға қойған Елбасымыз бен үкімет басында отырған елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Біз түрік ұрпағымыз, мекеніміз қасиетті - Түркістан. Осы өңірге ту тіккен біздің бақытымызды Нұрсұлтан атамыз баянды етіп келеді. Тәуелсіздік жолы тәуекелді ту етті. Сөйтіп тәуекел қайығына міндік, 30 жыл ішінде басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жолдан өттік.

Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 30 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен–күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік –Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып  табылады.

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсізігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 30 жылында  жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр.

Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан-жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең-байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, біріліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

Тәуелсіздігі тұрақты, ынтымағы мен береке бірлігі жарасқан «Мәңгілік ел болуды мұрат еткен» жаңа ғасырдағы жаңа Қазақстан жасай берсін!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!