Материалдар / «Тәуелсіздік жолы – мәңгілік жол»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тәуелсіздік жолы – мәңгілік жол»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Маусым 2021
338
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы

31 Береке жалпы орта мектебі

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Кудайбергенова Гаухар Сапаровна


«Тәуелсіздік жолы – мәңгілік жол»


Тәуелсіздік – халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қажырлы күресінің өтеуі. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың арман-мұратының салтанат құруы. Тәуелсіздік – қазақ халқының ерік-жігері. Азаттықтың қазаққа оңай келмегені хақ. Қазақ жерінің жаңа тарихының беті ашылған, Алты алаштың айбынын асқақтатқан Тәуелсіздігімізге биыл – 30 жыл. 

Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы бағзы заманнан бері қаншама өзінің іргелі ел, қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – еркіндік сүйгіштік жігерінің, асқақ рухының арқасы. Қазақ мемлекеттілігінің түпкі негізі сонау сақтардан басталып, ғұн, қаңлы, қыпшақ, Ақ орда мен Қазақ хандығының жалғасы – бүгінгі тәуелсіз Қазақстан мемлекеті.

Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.

Тәуелсіздік үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен елін қорғаған бабалар рухынан қуат алған ызғарлы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқының қасіреті де, қасиеті де жетерлік тарихына айналды. Иә, Желтоқсан оқиғасы қаншама ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Желтоқсан жаңғырығы бізге Тәуелсіздіктің таңын әкелді.

Еңсемізді тіктеп, егемен ел атанып, өз алдына отау тігіп дербес мемлекет атанған Қазақстан қаншама қиындықтарға жолықса да тастай берік төзімділіктің арқасында, жалпақ әлемге өзінің өршіл үнін, өркениетке деген үмітін мойындатты… Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекен жеріміз, отарлық жоя алмаған тіліміз, мәдениетіміз тек қана қазақтың рухының күштілігімен сақталды.

Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихындағы барлық жетістіктері, қазақ халқының егеменді заманда жаңаша ерекше өрлеуі, өркендеуі, рухани-экономикалық еркіндігіміз, әлемдік қоғамдастық пен дүние жүзінің дамыған озық мемлекеттерімен тереземіз тең, дәулетті елдермен бірдей қарым-қатынас жасау жетістіктеріміздің барлығының алтын бастауы – біздің мемлекеттің Тәуелсіздігінде.

Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" деп аталатын мақаласы жарияланды.

Қазақстан Республикасы Президентінің мақаласына сүйене айтсақ, адам баласының дүниеге патриот болып келмесі рас. Жастардың тұлға тұрғысында қалыптасуы алған білім мен тәрбиесіне, араласқан әлеуметтік ортасына бірден-бір байланысты. Нәтижеде тұлға азаматтық болмысы қалыптаса келе бірегей ел патриотына айналмақ. Жас патриот өзінің жеке мақсат-мүдделерін қоғам игілігімен үндестіре білгенде ғана, елінің дамуына елеулі үлес қосып жатқанын жан жүрегімен сезінгенде ғана нағыз бақыт биігінде болмақ. Ел Президенті: «Ең ғажайып ерліктер отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету», – деп түйеді. Демек, шынайы патриоттық сезіммен рухтанып, қасиетті Тәуелсіздігімізді одан әрі нығайта түсу үшін бірлесе кешенді жұмыс істеудің қажеттілігі айқын. Бұл ретте де Мемлекет басшысы: «Барша отандастарыма, әсіресе, жастарға айтарым: кең-байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыратын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін», – дейді.

Шынайы ынтымақтастық пен ықпалдастық шынайы тәуелсіздік бар жерде ғана жүзеге асады», – дей келе: «Тәуелсіздікке қысым жасау демократияға қысым жасауға ұрындырмай қоймайды. Тәуелсіздікке немқұрайлы қарау деген сөз – демократияға немқұрайлы қарау деген сөз. Демократияға немқұрайлы қарау – адам бостандығына немқұрайлы қарау. Оспадарсыздыққа оспадарсыздықпен жауап беріп, тәуелсіздіктің көсегесін бәрібір көгерте алмайтынымыз да рас. Өз мемлекетіңнің тәуелсіздігін қастерлеу, өзің тұратын елдің егемендігін құрметтеу – тек патриоттық парыз ғана емес, үлкен гуманистік жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның алдындағы ғана емес, өз тағдыры алдындағы жауапкершілік. Өзі жүрген ортаның жарастығын ойлаған адам ғана жарастықты дүниеде өмір сүре алады. Тек азат адамдар мен тәуелсіз халықтар ғана дүниеде ондай шынайы жарастық орната алады. Өйткені, халық бостандыққа жетпей тұрып, қоғам бостандыққа жете алмайды. Қоғам бостандыққа жете алмай тұрып, адам бостандыққа жете алмайды. Сондықтан да, бүгін күллі жалпақ әлем бостандықты ту еткен жарастықты аңсайды. Ендеше, адамдар мен қоғамдардың, мемлекеттер мен халықтардың өз еркі өзіндегі тәуелсіздігі – ешкім тіл тигізе алмас қасиетті ұғым.

Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары ойы толысқан отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Тіпті, Тәуелсіздікті ешбір дәлелді қажет етпейтін аксиома деп біледі. Бұл – егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек.

 Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. 

Басқа қонған бағын бағалайтын ел байлығын еселей отырып, тек алға ұмтылады. Біздің басты байлығымыз – пейілі даладай дархан, бірлігі болаттай берік, Алатаудай алып халқымыз! Тамыры терең, қазығы берік осындай елі бар мемлекеттің Тəуелсіздігі де баянды болады. Мемлекетіміз мəңгілік жасай берсін! Жаңа жылда – Тəуелсіздіктің 30 жылдығында алар асуларымыз көп болғай!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік дәуірі. – Астана, 2017 ж. – 508 б.

  2. Президент Қ.Ж. Тоқаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы. 05 Қаңтар, 2021 ж.
    egemen.kz: 
    https://egemen.kz/article/260146-tauelsizdik-barinen-qymbat

  3. М.Алмасбекұлы. Тәуелсіздік жолындағы дипломатия. – Астана, 2016 ж. – 371 б.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!