Сценарий тақырыбы: «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!»
Сценарий барысы: «Тойбастар» күйі. (хабарланбайды)
1-жүргізуші: -Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқшанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
«Қызыл жол» жалпы орта мектебінің көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.
Оқушылар сәлемдемесі (батырлар жыры)
1-жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Ән «Жаса Қазақстан» орындайтын 5А - сынып оқушысы: Мәдіхан Мирас.
2-жүргізуші:
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген-дей келе мерекемен құттықтау үшін сөз мектеп директоры Досманов Жұбан ағайға беріледі.
1-жүргізуші:
Алдарыңызда монолог /Алтынбек Бибарыс, Ибрахим, Мирас/
1-жүргізуші:
Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Флешмоб» 9-сынып
2-жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
«Алаш» дуэтінің орындауында ән « »
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Тәуелсіз, Қазақстан!» орындайтын: 5А-сынып оқушысы Әбен Назгүл.
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып
Қайраттың АҚТЫҚ СӨЗІ /Махан Нұрғиса/
1-жүргізуші: Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Әнші ұлдар әнімен де үн қосты
Ән «Жүрегім қазақ» . Орындайтын 7Б-сынып оқушысы –Тұрсынбек Нұрасыл
2-жүргізуші: Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер-білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
«Көңілді флешмоб» Орындайтын: 5-сынып оқушылары
2-жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – тәу етер жалғыз киең!»
атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.
Хор : АТАМЕКЕН
Келесі кездескенше сау саламатта
болыңыздар!
Бабалар арманы (сахналық әдеби-монтажды қойылым)
Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған ел тарихынан сыр шертетін үш бөлімді сахналық көрініс..
Қатынасушылар: Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Жер-Ана, Жас Отан партиясының өкілдері
І бөлім
Баяу «Елім-ай» музыкасы естіліп тұрады, өлең оқылады.
Қазақтың жері ежелден
Тарихқа куә боп келеді,
Тас,қола,темір дәуірдің
Мәдениеті орнаған ел еді.
Тегіміз біздің түркіден,
Түркіден қытай үркіген.
Білге қаған,Күлтегін
Талайдың жерін сілкіген.
Ер жүрек біздің бабалар
Тасқа да жазу жазыпты,
Білмей кеппіз біз бәрін.
Атадан мұра қалыпты
Алтыншы ғасыр далада
Болыпты тіпті қалада
Тараз,Отырар,Испиджаб,
Сығанақ сынды дара да.
Керей менен Жәнібек
Бар қазақты жиыпты
Ру аралық қырқысты
Тез арада тиыпты.
Ізін қуып Тәуке хан
Заңның ұшын қиыпты.
Жеті жарғы ,халайық
Осылайша келіпті.
Күн туды қазақ басына
Жоңғар деген нәубеттен.
Аздырды елді,тоздырды,
Намыс отын қоздырды,
Бөгенбай сынды батырлар
Абылай сынды асылдар
Дұшпан бетін қайтарды,
Ел тағдырын қолға алды.
Тарих сыны қазаққа
Осыменен бітпеді…
(Хан ордасына Абылай, Төле би,.қасында Қабанбай,Бөгенбай сынды баһадүр қолбасшылар келе жатады. Қарсы жақтан Бұқар шығады.)
Бөгенбай: Бұқар жырау келеді!
Қабанбай:Арқаның ардагерін қарсы алайық!
(Ордаға Бұқар жырау келеді.Абылай хан амандасып,оң жағынан орын береді)
Бұқар жырау:Армысың,Абылай?!
Абылай:Бармысыз,Бұқар баба?!
(Бұқар сәл ойланып,Абылайға қарап сөз бастайды)
Бұқар:Біз бармыз-ау, хан ием.Қазақтың халін айтсаңдаршы,сол мендегі зар, сол мендегі запыран…Қандауыз жоңғар қазағымды құл қылғысы келеді. Қызымды басыбайлы күң,ұлымды мұрны тесілген құл қылмақ. Қайран қазақтың халі өте нашар,Берекесі жоқ елдің бірлігі жоқ. Не қылмақ ойың бар, а,Абылай?
(Ордада үнсіздік)
Бұқар:(Абылайға түйіле қарап) Бар сенгеніміз сенсің,Абылай! Баста мына еліңді!
Төле би:Алтау ала болса ауыздағы кетеді,төртеу түгел болса төбедегі келеді.Тұрған жерін тұрақтаған,тұғыры биік ел едік,іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып,атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді.
Бөгенбай:Қарт баба дұрыс айтады.Үш жүздің қазағының басын қос,баста мына еліңді!
Бұқар:Сайдың тасындай даңқты батырларың мен қаны қазақ сені қолдамаса,маған кел! (Абылай ойланады)
Абылай:Ақиқатты ғана айтасың-ау,жырауым! Ақтабан шұбырындының кегі үшін ғана емес,қазақтың бостандығы үшін бүгін осы Ақордаға жиналып отырмыз.
…Заман қилы,жол ирек,
Ойласарға орын тар,
Ойланбай бірақ іс қылман…
…Елдескенмен елдесем,
Есем кетпес жауыма,
Белдескенмен белдесем,
Еңсем түспес дауына,
Қарыштап алға құлшынып,
Асқарға сермеп,
Арманға жетем ұмтылып,
Қайтсемде елді ел етем,
Өзгелермен тең етем…
Абылай : Азаттық жол-азапты
Төземісің әлеумет!
Төзсең егер,әлеумет
Зорлықты жеңер ар-намыс
Шығарар тардан тәуекел
Тәуекелге бел байлап,
Қазақтың қайсар намысы
Болмасын деп қара жер
Жойқын жаудың жолында,
Жойылмасын деп қайран ел
Азаттықтың қаны үшін
Болашақтың бағы үшін
Ұлы жорық бастаймын!
Еремісің әлеумет!
Қабанбай: (Оң қолын кеудесіне қойып,сөз сұрайды) Хан ием,қазақтың шүршітте кеткен қанды кегі бар.Жорыққа аттануға біз дайынбыз.Құдай қаласа,қазақ жері азат болады!
Барлығы:Аттанайық,аттанайық!
Бұқар:Бұдан былай исі қазақ Абылайдың туы астында жиналуы керек!Қазақтың жағдайы қыл үстінде тұр,ағайын.
Бәрі шулап:
-Иә,жырау!
-Табанды боламыз!
-Жауға құл болғанша,өлгеніміз артық!
-Аттан,аттан!
(Шам сөнеді.Көшпенділер фильмінен үзінділер көрсетіледі).
(Сахнада Бұқар қалады.)
Ат ойнатып сен тұрдың,
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәуелсіздік күні

шағым қалдыра аласыз