"Тәуелсіздік" тәрбие
сағаты
Сабақтың мақсаты:
оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған
жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс
бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын білуге
үйрету. Оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:
ҚР 1991-2011 жылға дейінгі тарихынан үзінділер
бейнеленген слайдтар, үн қағаздар,
буклеттер, карта, фотосуреттер,
үнтаспа.
Тәрбие сағатының
түрі: таным сағаты
Өтілу
барысы
І Ұйымдастыру
бөлімі
а) психологиялық
дайындық
- Біздің
мемлекетіміз қандай
мемлекет?
- Елімізді кім
басқарады?
- Еліміздің
рәміздерін білеміз бе?
- Басқада елімізде
болып жатқан қандай айтулы күндерді
білеміз?
- Биылғы жыл несімен
ерекше?
- Осындай еліміздегі
жақсылықтарға ненің арқасында қол
жеткіздік?
ә)
Ой бөлісу
Әдісі:
Ассоциация. Отан туралы ой-пікір. «Отан»
деген сөздің мағынасын ашу, алғашқы ойларын
білдіреді.
Отан
дегеніміз – әр
адамның туып өскен жері, туған туыстарымен, жақындарымен бірге
тұратын атамекені. Отан – белгілі бір адам үшін оның өзінің елі
ғасырлар бойы ғұмыр кешіп және солай болып қалуы үшін, жанын пида
қылып келе жатқан байтақ өңір, өлке ғана емес, туған шаңырағы,
ата-ана, бала-шағасы, жар қосағы, дос-жаран, ағайын-туысы, солармен
бірге жалғаннан көретін қызығы мен бақытының тұрағы, кейін
ұрпақтарына рухы жар болып жататын
топырағы. Отан
адамға өмір сүру қуанышын, өзінің күшіне деген сенім, елі үшін
мақтаныш сезімін сыйлайды. Біздің халқымыздың атамекенді ардақтау
сезімі өте терең, біз үшін туған жерді қасиет тұту – қанға сіңген
мінез, ежелгі дәстүр.
ІІ
Кіріспе.
Туған халқымыз
тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік алған 1991 жыл тарихымыздың беттеріне
алтын әріптермен жазылды. 1991 жылы желтоқсанның
16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем
картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның
тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды..
Тәуелсіздік – ең алдымен қазақ
халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының
жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан
тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу
арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл
даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», - деп атап
көрсетуінде үлкен мағына
жатыр.
Осы жылдар ішінде елімізде
қыруар істер атқарылды. Атап айтсақ тарихи жеріміздің шекарасы
халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мемлекеттік рәміздеріміз, Ата
заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында
барша елдің өзінің тез көркейіп өсуімен таң қалдырып, жаңа
Астанамыз дүниеге келді. Әлемдік қауымдастық алдында «Қазақстан
Республикасы» деген асқақ рухты ел екенін мойындаттық. Ел
экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі
белеске көтерілуде. Өзіне тән әлемдік қауымдастықтың ықпалды мүшесі
болып табылатын тәуелсіз мемлекет
құрылды.
Жыл сайынғы ел Президенттің
халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік
бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым
халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға
бағытталды. Елбасы өз Жолдауында ішкі саяси мен ұлттық
қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда
келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін
атап өтті. Саяси жүйені жетілдіруде құқықтық реформаның маңызды рөл
атқарылатынын.
ІІ Негізгі
бөлім.
Тәуелсіздіктің 20 жылы
тарихта өз
ерекшеліктерімен қалды. .Біз
бүгін осы атаулы
жылдарға
тоқталмақпыз.
1991
жыл.
1991 жылы желтоқсанның
16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Оның тұңғыш
Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды.
1992
жыл
1992 жылы 4
–маусымда Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы,
Елтаңбасы, Әнұраны» туралы Заңға қол қойып,
Республиканың жаңа мемлекеттік
Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен Ниязбеков,
Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман
Уәлиханов .
1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік
алғашқы Әнұранның мәтіні бекітілді. Мәтінін жазғандар — Мұзафар
Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дарибаева.
Әуенін жазғандар — Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф
Хамиди (1944ж.ж нұсқасы
сақталды)
Рәмізім-елдігімнің
белгісі,
Білу керек бала дағы ең
кіші.
Рәміздерім-әнұран, ту,
елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн
кісі.
Қазақстан
Туы
Көк
аспандай көкпеңбек
Қазақстан
жалауы.
Көк емес ол
тектен-тек-
Елдің ашық
қабығы.
Ақ ниеті – алтын
күн,
Асқақ
арман-қыраны.
Жалауы
бұл-халқымның,
Мәртебесі,
мақтаны.
Елтаңбасы
елімнің
Елтаңбасы
елімнің
Неткен әйбәт,
әдемі!
Тұнығындай
көңілдің
Ортада-аспан
әлемі.
Құт, береке,
шаңырақ,
Орын алған ол
төрден.
Қанатты қос
арғымақ.
Екі
жақтан көмкеркен.
Тәуелсіздік
жолында
Талай-талай тер
тамған...
Билігім өз
қолымда,
Еркіндігім-Елтаңбам.
Әнұран
Әнұраным-жанұраным,
Айтар әнім-сөйлер
сөзім.
Туған жерім-сағынарым
-
Мың қайталап айтам мұны.
Қазақстан 1992 жылғы 2
наурыздан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі.
Қазір еліміздің БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) секілді 70-ке жуық
халықаралық ұйымдарда өкілдігі бар.
Мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1992 жылғы
қаңтарда еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
.
ІІІ
Бекіту.
Біз бақытты, Интернет
жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр
салада
қол жеткізген білімге
құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор
жастармыз
Біз кімбіз?
Біз спортты сүйетін,
салауатты Сан мамандықты игеретін
өмір салтын сақтайтын
дені сау мамандық иелеріміз
жастармыз.
Біз Тәуелсіздік
тірегіміз.
Біз оған тәртібімізбен,
сапалы білімімізбен,
жақсы қасиеттерімізбен
үлес қосамыз.
Қазақстан қандай
мемлекет?
демократиялы
зайырлы
құқықты
көпұлтты
әлеуметті
біртұтас
ІV
Қорытынды.
Еліміздің тәуелсіздігі -
ата-бабамыздын асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол
жеткізген ұлы жеңіс. Қаншама қиындықты бастан өткерседе, еліміздің
бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсідікке қол жеткізу болатын.
Біздің мемлекет сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз. Ұлы
байтақ жері бар сабырлы да еркін халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге
ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолы да ерекше болды. Ата-
бабадан қалған ұлан- ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз
билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы
жомарт халық ретінде дамып жатқан еркін елміз. Тәуелсіздіктің ең
басты жетістігі – еркіндік! Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы
қазақстандықтар үшін айрықша оқиға. Ол ата – бабаларымыздың
қанымен, ерлігімен, қайратымен, қуғын – сүргіндерде арманда кеткен
аяулы ағаларымыз бен апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен
Тәуелсіздік, оны күнделікті қорғау, қолдау қажет. . Еліміздің
ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып, білім игеру, жас тәуелсіз
елдің болашағы мына сендердің
қолдарында.
.
.
Тәуелсіз Қазақстан:20 жыл даму
жолында
Еліміздің тәуелсіздігі - ата-бабамыздын асқақ
арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ
елінің басына бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы
мен қасіреті де аз емес. Қаншама қиындықты бастан өткерседе,
еліміздің бар мақсаты халық болып бірігіп, тәуелсідікке қол жеткізу
болатын. Сан түрлі ұлт пен ұлыстан біріккен еліміз. Азаматтыққа XX
ғасырдың соңғы он жылдығында ғана әрең қолын жеткізді.
Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне
ұлы жаналықтар қоса кірді. Ұлы байтақ жері бар сабырлы да еркін
халқы бар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу,
даму жолы да ерекше болды. Ата- бабадан қалған ұлан- ғайыр жерді
игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып,
өзгеге көңіліміз ашық, дастарханы, қолы жомарт халық ретінде дамып
жатқан еркін елміз.
Б үгінгі Қазақстан – әлемдік аренадан өз
орын ойып алған, Азия мен Еуразияны мойындата білген өжет елдің
мекені.
Қазақ мемлекеті өз тәуелсіздігін алғаннан бері
әлемдік қауымдастықтың біразына мүше болды, көптеген елдермен
елшілік қарым – қатынас орнатты. Елдің абыройын, ұлан – байтақ
жеріміздің тұтастығын қорғайтын құжаттар мен шортқа қол
қойылды.
Тәуелсіздік алып келген жетістік те, оң
өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік!
Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де т
әуелсіздіктің нәтижесі. Соның бірі – Астана.
Елордамыз Алатау баурайындағы әсем ару А
лматыдан Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты. Аз
уақыт ішінде көркейіп, түрленген, тәуелсіздігіміздің түлегі,
Отанымыздың жүрегі Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін
ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Бас қала, орман қала – жас
қаламыз өнер – білім мен мәдениет пен ғылымның ордасына айналуда.
Жаңа астанамыз бүгінгі күн өзінің зәулім құрылысымен ғана емес,
рухани орталықтарымен де көркейіп келеді. Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік алып, ел болғандығының арқасында әлем оралысына
шығуы.
Б иылғы жылы елімізде ЕҚЫҰ саммиттің өтуі
дүниежүзіне қазақ елін танытты. Қысқы азияда ойындарының өтуі
біздер үшін үлкен жеңіс
болды.
Тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы қазақстандықтар
үшін айрықша оқиға. Ол ата – бабаларымыздың қанымен, ерлігімен,
қайратымен, қуғын – сүргіндерде арманда кеткен аяулы ағаларымыз бен
апайларымыздың рухымен қолымыз жеткен Тәуелсіздік, оны
күнделікті қорғау, қолдау
қажет.
Еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ету, оқу оқып,
білім игеру, жас тәуелсіз мемлекетімнің ірге тасының бекіту,
ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достықты нығайту ең басты
парызымыз!
|
|