Материалдар / Тәуелсіздікке 30 жыл
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәуелсіздікке 30 жыл

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік... Түсіне білген адам осы бір қасиетті де қастерлі сөздің бағасы ешқандай байлықпен өлшенбейтіндігін ұғады. Ешкімге жаутаңдамай, өз басың азат болу деген қандай ғанибет? Міне, біздің ұлтымыздың, мемлекетіміздің Ресейдің отарлау саясатынан құтылып, дербес мемлекет болып, азаттықтың қыран бейнелі көк туын ашық аспанда желбіретіп, «Қазақстан» деген мемлекеттің бар екендігін күллі әлемге әйгілеп, жар салғанымызға тұп-тура 30 жыл уақыт өтіпті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
581
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Эссе

Тәуелсіз елімнің болашағы үшін мен не істедім?

Тәуелсіздік... Түсіне білген адам осы бір қасиетті де қастерлі сөздің бағасы ешқандай байлықпен өлшенбейтіндігін ұғады. Ешкімге жаутаңдамай, өз басың азат болу деген қандай ғанибет? Міне, біздің ұлтымыздың, мемлекетіміздің Ресейдің отарлау саясатынан құтылып, дербес мемлекет болып, азаттықтың қыран бейнелі көк туын ашық аспанда желбіретіп, «Қазақстан» деген мемлекеттің бар екендігін күллі әлемге әйгілеп, жар салғанымызға тұп-тура 30 жыл уақыт өтіпті. «Осы 30 жылда біз қандай жетісікке жеттік?» деген сұрақтың жауабын ашу үшін, көн тарихтың қатпарына үңілмей кету қиянат болар еді. Енді осы жайында ой қозғап көрейін.

Ұлы тарих... Қойнауында қаншама қасіретті жылдарды сақтап жатыр. Ал қазақтың тәуелсіздікке жеткенге дейінгі тарихын көзге жас алмай оқу мүмкін емес. Ұлтты ұлт ретінде жойып жіберу үшін тырысқан жаулардың әрекетінен ештеңе шықпағандығы белгілі. Бірақ осы азаттықтың ақ таңы қаншама боздақтардың қанымен келді. Сонау өткен ғасырлардағы жоңғар-қалмақ шапқыншылығы ұлыңды құл етіп, қызыңды күң етіп, қан қақсатқан қасіретті жылдар еді. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен белгілі бұл жылдар қасіретті жылдар еді. Айрандай ұйып отырған қарапайым қазақ ауылдарын шауып, бесікте жатқан еркек кіндікті сәбилерді найзаның ұшына шаншып, еңкейген қартынан еңбектеген баласына дейін аяусыз қырған жаугершілік заманда да біздің Қабанбай, Бөгенбай, Ағыбай сынды батырларымыз күш біріктіріп, ұлтарақтай жер үшін күресті. Сыртқы жаудан қорғану үшін бірлік керектігін ұққан дана халқымыз, Керей мен Жәнібекті ақ киізге көтеріп, хан сайлады, хандық дәуір құрылды. Ақыр соңында қалмақ-жоңғарларды ойсырата жеңіп, ұлтын сақтап қалды.

Тарихта баршамызға белгілі Ресейдің отарлау саясаты- қазақ халқын мәңгүрттендіру үшін істелген үлкен қылмыс. Ұлтты тілінен, діні мен ділінен, салты мен дәстүрінен, барлық рухани құндылығынан айырып, тек қана орыс халқының құлы болуы үшін сан қилы құйтырқы іс-әрекеттер жасалды. Жерімізді жаппай отарлау арқылы бүтідей бір ұлтты жоқ қылу – олардың басты мақсаты еді. Ұлттың саны неғұрлым аз болса, солғұрлым әлсіз болатындығын білген орыстар кешегі 1931-1932 жылғы ашаршылықты да қолдан жасап, халықты аяусыз қырды. Бақа-шаянға дейін теріп жеп, аман қалғаны туған елі мен жерін тастап, шетелдерге босқын болып кетті. Ашаршылықтан енді шығып, енді еңсесін түзеп келе жатқанда 1937-1938 жылы ұлт зиялыларын «халық жауы» атандырып, қазақтың бас көтетер азаматтарын атты, асты, жер аударды. Қазақты оқу мен білімге шақырып, көзін ашуға тырысып, сары маса болып ызыңдап, надан халықты оятуға тырысқан Ахметтен бастап, Міржақып, Бейімбет, Ілияс, Мағжандар ұлт үшін болған ұлы күрестің құрбандары болды. Бұл жылдарды да көн тарих өз қойнауына алып кетті. Бірақ, қасірет пен қайғы мұнымен тоқталмады.

1941 жыл... Әлем тарихында адамзат баласын қырудың жойқын сұмдығы. Қолына айыр мен күректен басқа қару атаулыны ұстап көрмеген, елім деп еңіреген ерлер тайлы –тұяғы қалмай қалмай соғыс майданына аттанды. «Еліміздің жетін жау баспасын» деген ұранмен, жанқиярлық ерлік көрсетіп, сан мыңдаған боздақтар шейіт болды. Қазақтың Бауыржаны, Талғат Бигельдинов, Төлен Әбдіров, Төлеген Тоқтаров, партизан Қасым, Рақымжан Қошқарбаев, Мәншүк, Әлия, Хиуаз сынды қазақтың қайсар қыздарының есімі тарихта алтын әріппен мәңгілік қалды. «Бәрі де майдан үшін» деп еңкейген қарттан буыны бекімеген жас балалар тылда тынымсыз еңбек етті. Соғыс бітті, жеңіс туы желбіреді. Бейбіт күн орнағандай болды. Бірақ...

1986 жыл... Мұзда жанған желтоқсанның алауы... Қазақтың өрімдей жап-жас қыз-жігіттерін желтоқсан ызғары қарып түсті. «Қазақты қазақ басқару керек. Біз білмейтін Колбин қазақ мемлекетін басқармасын. Бірінші хатшы Д.А.Қонаевты қайтарыңдар» деп бейбіт шеруге шыққан жастарды ауыр дубинкамен ұрып-соғып, мұзға отырғызып, қамап, ату жазасына кесті. Ананы баласынан айырды. Орны толмас қайғыға батырды. Бірақ, бұл сұраусыз, нәтижесіз кеткен жоқ. Енді шынында да бейбіт күн орнады. Көк аспанда қазақтың тәуелсіздігін танытатын қыран құс ту болып самғады. Қуанбаған, шаттанбаған пенде болмады. Шынайы бақыт пен қуаныштың дәмін татты. Әлем тарихына өзінің рәміздерімен, елтаңбасымен, туымен, тарихымен, салт-дәстүрімен, төл теңгесімен «Қазақстан» деген мемлекет болып енді. Шүкір дейік! Міне «Тәуелсіздік» ұғымының салмағы осындай тым ауыр.

Ал осындай бабалар қанымен келген азаттықты мәңгілік ету үшін мен не істедім, не істеймін? Бұл сұрақ әрбір жас ұрпақтың санасында тұруы тиіс деп ойлаймын. Біз, Қазақстанның келешігі жас ұрпақпыз. Еліміздің «Мәңгілік ел» болып тарих сахнасында мәңгілік қалуы үшін біз туған жерімізді, Отанымызды, барлық рухани-материалдық құндылықтарымызды сақтап, жан-жүрегімізбен сүйіп, құрметтеп, бағалап қорғауға тиіспіз. Сабағымызды жақсы оқып, білімді де білікті маман болып, ел дамуына, өркендеуіне біліктілігімізбен үлес қосуға міндеттіміз. Ата-бабалардан бізге аманат болып келген тәуелсіздікті ұрпақтан – ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Аманатқа қиянат жасауға болмайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!