Тіл-халық қазынасы
Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды.Тіл-бүкіл
халықтың игілігі,халықпен бірге жасап,бірге дамиды. Тіл-тарихи
құбылыс,ол бізге ата-бабалар қалдырып кеткен асыл мұра.Уақыттың
өтуі,заман ағынымен байып отырады.Тіл-қасиетті,құдіретті,киелі.Бұл
қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды.Тіл өшпейді,қандай
қиындықта да өз ұрпағының қанына,жанына өз ұрығын егіп,өміршең күй
кешеді.Қазақ тілі-қазақ халқының ана тілі.Қазақ тілі- Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі.Қай елдің болмасын басты байлығы –
ұлттық құндылықтары.Тілін,дінін,салт-дәстүрін,тарихын ардақтаған
ұлттың болашағы қашан да жарқын.Ал біз ұлттық байлығымызды өз
дәрежесінде сақтап жүрміз бе? Қазақ тілінің шұбарлануы халқымыздың
жаппай сауатсыздануын болдыруы мүмкін бе деген сұрақ келеді. Қазақ
тілі өзінің арғы-бергі тарихында дүркін-дүркін салмақты сынақтарға
ұшырап отырды.Сонда да мойымай, бар қиындықтарды жеңе отырып,өз
тілін сақтап қалған еді.Ал біз ше? Ата-бабамыздың еңбегін желмен
ұщырып жатқан жоқпыз ба?Тіл тағдырын көтеру мақсатымен таныстарыңа
ескерту жасап,”өз тіліңде неге сөйлемейсің, бұл сенің ана сүтің
емес пе?’’ деп, кейбір құрдастарыңа айта қалсаң, “ең бірінші билік
басындағылар қазақ тілінде сөйлеп алсыншы” дегенді
айтады.Құдайым-ау,әркім тәрбиені өзінен бастамай ма? Әркімнің ұяты
–өзінде.Ел болашағы-біздің қолымызда болғандықтан,намысым
келеді.Елбасы да «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген жоқ па
еді? Өйткені,ана тілі-абыройымыз.Ол барда күшіміз бар,ол арқылы
арман мақсатымыз орындалады.Ана тілі-алдағы жарық күніміз,оның
құдіреттілігі сонша,халықтығымызбен алыптығымызды әлемге
мойындаттық.Тіліне,ұлтына сүйіспеншілігі азжандар әлгіндей сөздерді
айтса керек.Бір жағынан олардың сөзініңде жаны
бар.Алайда,әлеумет,қоғам,халық қазақ тілінде сайрап
тұрса,басшыларымыз қайда бармақ? Өзгені кінәлағанша,өз
қателігімізді неге мойындамаймыз? Бірақ, шүкір. Мен араласатын
достарымның арасында қазақша сөйлей алмайтын ,қазақщаға
түсінбейтіндер жоқ. Өйткені, олар –ҚАЗАҚ! Қазақы ауылда туып-өсіп,
анасының ақ сүті арқылы қазақша тілі шыққандар. Осыған мен сәби
жүрегіммен қуанамын,олардан нағыз елжанды, ұлтжанды адам өсіп
шығатынына сенемін.Әттең, кей шалақазақтардың әрекеті миыма
сыймайды. Өзге ұлт өкілдерінің қазақша сөйлеп, қазақша домбыра
тартқаны мені қызықтырмайды, керісінше, ызамды келтіреді.Өйткені,
олар қазақ емес қой. Олар тіл құдіретін түсінбейді.Олар тек өз
күндері үшін үйреніп жүргендер.Қанында қазақтық болмағаннан кейін
“қорлайды ғой” тілді. “Жаңа қазақ” болып жүрген мақтанқұмарлар өз
тілінен, дәстүрінен айырылып бара жатқанын біле ме екен?
Айттыла-айтыла жауыр болған осы мәселе кей ессіздердің көкейіне
қонбай-ақ қойды.Қанша бозторғай шырылдаса да,естімей,мәңгүрт
қалыптан аспайтын адамдарға таңғаларым да, таңданарым да көп.Әке
мен бала, ана мен қыз, ұстаз бен оқушылар, бастық пен қызметкерлер
болып қарыштаған осы мәселені қолға алмай болмайды екен деп
ойлайсың.Қазақтың дана ақыны Абай Құнанбаев “...Әлдебіреудің
тілін,дінін,ділін,өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына
(теңдікке) кіреді...”- деп айтпап па еді? Бірақ, көпке топырақ
шашуға болмайды.Өз ұлтының мүддесін жоғары қоятын адамдарды
көргенде жүрекке қуаныш ұялайды.Бұл да атар күннің жақсылығы екені
анық.Неше жүздеген ұсақ халықтар жер бетінен мәдениетімен, тілімен
қоса құрдамға кетті. Кедейшілікпен ептеп күн
көрерміз-ау,бірақ,тілсіз қалай өмір сүреміз? Осыны ұмытпайық! Ана
тілін ұлы мұхитқа баласақ, оның інжу-маржандарын тере білуіміз
керек.“Тіл туралы Заңда”: “Тіл-ұлттың аса игілігі әрі оның өзіне
тән ажырағысыз белгісі,ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың
тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің
болашағы –тілдің дамуына оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз
байланысты” делінген .Тіл-ұлттың жаны,халықтығының асыл белгісі,
намысы, тыныс-тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын,
еркіндігінің үні. Демек, оны қорғау,құрметтеу де біздің парызымыз.
Ақындар жырға қосқан, шешендер шешіле сөйлеген ана тілі барда
тілдегі ойымыз анық, өзіміз танық боламыз.
Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Бақытымыз болар біздің ол-дағы.
Көк
байрақтай мәңгі болып көгімде
Тұғыры да мықты болсын қолдағы.
Зарлыкова Жанар