Осы сабақ арқылы жүзеге
асатын оқу мақсаттары:
|
8.2.7.1. Ғаламтор,
энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді
дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме
жасау;
8.4.4.4. Жай сөйлемдерді
айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай
қолдану.
|
І. Сабақтың
басы:
5
минут
5
минут
10
минут
10
минут
5
минут
|
-
Ұйымдастыру
кезеңі:
1. Оқушылармен
сәлемдесу
2. Оқушылардың
сабаққа зейін аудару
3. Қызығушылығын
ояту: сабақ «Квест-ойын» түрінде «Қазына іздеу» әдісімен
өткізіледі.
І. Топқа
бөлу:
«Кіру билеті» арқылы үш
топқа бөлу.
1-топ 2-топ
3-топ
«Өнер» «Театр»
«Дарын»
3 топ – 4-бекет бойынша
кезеңдерден өтіп, тақырып бойынша қазына жинайды.
(1-слайд)
1-бекет
тапсырмалары:
-
Мәтінмен
танысу;
-
Деректің авторына
сілтеме жасап, мәтін туралы топтың тұжырымын
шығару;
-
Келесі 2 топты
бағалау.
Дүние жүзіндегі «театр»
деген атауы бар қай өнер ордасының болмасын тарихына үңілсек,
бастау алған сәтінен бастап өзіне тән шығармашылық келбеті,
көркемдік бағыт-бағдары болары анық. Жер жәннаты Жетісу даласында
1975 жылы ашылған Б.Римова есімімен аталатын Талдықорған драма
театрының да қазақ өнері тарихында алар өзіндік орны бар.
Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» атты шығармасымен
шымылдығын ашқан өнер ордасы бүгінде 46 жылдық тарихы бар үлкен
ұжымға айналған. Жиырмасыншы ғасырдың
жетпісінші жылдары Жетісуда тамыр жайып, сол өлкені саф өнерге
сусындатып қана қоймай, өз көрермендерін тапқан театр жаңа белеске
көтеріліп келеді. Театр тарихы жайлы жазылған том-том деректер де
аз емес. Себебі Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры
түрлі кезеңдерде театр фестивальдерінде тұғырлы орындардан
көрінгенімен қоса, кәсіби шеберліктерін шыңдап, репертуардағы
қойылымдарымен республикамызға және шет елдерге жан-жақты
танылған.
Тағылымды тарихымен
еліміздің мәдени-рухани жағынан кемелденуіне қызмет етіп келе
жатқан театрдың құрылғанына бүгінде 46
жыл.
Айгерім
КЕНЖЕБАЙҚЫЗЫ,
Б.Римова атындағы
Талдықорған театры
әдебиет бөлімінің
меңгерушісі
Дескрипторлар:
Ғаламтордан алынған
деректерді қолдана алады.
Авторға сілтеме жасай
отырып, деректер бойынша ой түйеді.
Бір-бірін бағалай
алады.
2-бекет
тапсырмалары:
Өткен сабақпен
байланыс: Жай сөйлемнің түрлері,
құрылымдық ерекшеліктері туралы ережені айтады. Жалаң және жайылма.
Жақты және жақсыз. Толымды және толымсыз.
Атаулы.
Дескриптор:
1. Жай сөйлем түрлері
бойынша алған білімді қолдана
алады.
3-бекет
тапсырмалары:
Берілген мәтіндегі
сөздерді пайдаланып, жай сөйлем құрастырады, құрылымдық
ерекшелігіне тоқталады.
1-топ.
Жер жәннаты Жетісу
даласында Б.Римова есімімен аталатын театр 1975 жылы
ашылған.
2-топ
Өз көрермендерін тапқан
театр жаңа белеске көтеріліп келеді.
3-топ
Шымылдығы ашылған күннен
бастап М.Қамбаров, Ә.Құлданов, Ә.Мәмбетов, Б.Омаров, С.Асылхан,
Әмір-Темір Хұсейін, Қ.Сүгірбеков, М.Ахманов, К.Касенов, Б.Ұзақов,
Қ.Қасымов сынды режиссерлердің қолтаңбасы тиген театр әлі талай
биік белесті бағындырады.
Дескрипторлар:
1. Жай сөйлемдерді
айтылу мақсатына қарай ажырата
алады.
2. Жай сөйлемдердің
құрылымдық ерекшелігіне сай қолдана
алады.
4-бекет
тапсырмалары:
Берілген мақалдағы
тұрлаулы мүшелерін тауып, жасалуын
түсіндіру.
-
Өнерлі өрде
озар,
Өнерсіз жігіт жер
соғар.
-
Өнерлі өрге
жүзер.
-
Ақыл көпке
жеткізер,
Өнер көкке
жеткізер.
|
Ғаламтордан сілтеме арқылы
берілген мәтін.
Мәтінге байланысты
суреттер.
ҚБ. Мадақтау
сөздерді
«Жарайсың! Бәрекелді! Өте
жақсы!» сөздерін сұраққа дұрыс жауап беру барысында
қолданамын.
ҚБ: «Шапалақ»
әдісі» арқылы
бағаланады.
ҚБ. «Жақсы
сөз»
ҚБ. «Бір +, бір
-»
|
ІІІ. Сабақтың
соңы:
Кері
байланыс:
3
минут
|
Рефлексия.
Командалық бірыңғай
тұжырым жасау:
1. Бүгін мен білдім
............
2. Менің ойымша, менің
қаламдағы Бикен Римова атындағы драма театры мен «Ұлттық мәдениет»
деген сөз тіркесінің арасында байланыс бар, себебі
...........
3. Қиындық тудырды
..............
4. Қолымнан келді
..........
|
|