Керимбекова Жанна Рамазановна
Ұлттың өзегі-тіл. Тілі жойылған халық ұлттық бірегейлігін жоғалтады. Құдайдан шын тағдыр болып ата-анаң, тілің, дінің, жынысың, Отаның берілетін болса, адам өмір атты алаңда осы Құдай сызып берген шеңбердің ішінде қайнауы тиіс. Алайда жер жүзінде дәуірлердің жөңкілуіне, саясат ойынының бетбұрыстарына байланысты ұлттық бірегейлік, тұтас бір халықтың ерекшелігі өзгеріске ұшырап жатты. Тағдырымыздан ба, өзімізден бе мұндай дүрбелең қазақты айналып өтпеді. Айналып өтпек түгілі түбімізге түсіріп, барымызды алды. Кеудедегі шыбын жанды көп көріп, небір құйтырқы амалдарды қолданды. Сайын даламыздан, төл топырағымыздан айырып, тарыдай шашып жіберді. Елде қалғандары қырылды, қудаланды. Тырнағынан қан тамған дәуір біраз есеңгіретті, теңселтті. Репрессия кезеңінде азаматтарынан көз алдында айырылған ұлтымыздың қабырғасы сөгіліп, ертеңгі күннен күдер үзді. Аман қалғандардың дәстүрін тұншықтырып, өнерін әлсіретті. Тілімізді байлап, түрі қазақ, тілі өгей дүбәра мүшкіл халге түсірді. Кесірін әлі көріп келемеіз...
Ғайыптан ата-баба рухы қолдап, жебеді ма екен, жоқ Жаратқанның ықыласы түсті ма екен, әйтеуір тіл мен діл, кеңбайтақ жеріміз аман қалды. Ғасырлар бойы қаны мен түйір жанын осы жолда құрбан қылған ата-баба арманы-бүгінгі тәуелсіздікті көру бізге бұйырыпты. Ол да оңай келген жоқ. Сексен алтының ызғары ұлтымызды тағы да ұл-қыздарынан айырып, боздақтардың қанымен, жас өмірлердің үзілуімен келді. Тағы да құрбандық, тағы да әділетсіздік. Біз ше... Біз ата-бабамыз бен желтоқсан боздақтарының алдында борыштармыз. Мәңгілікке парыздармыз. Өткен тарих өксігін әсте ұмыту мүмкін емес. Босаңсуға болмайды.
Хош. Бүгінгі күніміз ше? Болашақ ше? Абайша толғансақ елдігімізді мәңгі ұстап тұру үшін қайтпек керек?! Ұлтымызды тұтас өз тілінде сөйлетуге не кедергі? Осы сұрақтардың төңірегінде жауап іздеп көрелік. Бүгінде жерімізде соғыс жүріп жатпағанымен санамызда мәдени майдан жүріп жатыр. Жаһандану үдерісі де аждаһадай жалаңдауда. Ол бір бөлек әңгіме, бөлек бір толғанатын тақырып. Жарасын көкбөріше жалап жазар уақыт келді емес пе... Ендеше не тұрыс, не бейқамдық?... Жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарымыз болса, тіл тағыдыры- ел тағдыры екенін іштей салмақтап жатар.
Тіл жүйесінде субстракт деген ұғым бар. Дәл осы ұғым бүгінгі бізідң қоғамда өте өзекті болып отыр. Анықтап айтсақ, субстракт-екі тіл қатар жүргенде жеңілген тілдің жеңген халық тіліне ыңғайласуы. Ол морфология, лексика, фонетика салаларын да өзгеріске ұшыратады. Сөзжасамдық өзгеріске ұшыраса ойлау жүйеміз де өзгереді. Өзгерген ойлау жүйесі сөздің мағыналық қуаты әлсіретіп, қазақ тілі таза табиғатынан айырылуы мүмкін. Салдары ата-бабадан келе жатқан гендік қуатымыз, рухани діңгегіміз әлсіреп, бойкүйез халыққа айналудың ықтималы туып отыр. Сондықтан мәдени майданда жүріп жатқан әр сөз үшін, әр әріп үшін, әр дыбыс үшін жан алысып, жан берісуіміз қажет. Әр қазақтың санасына сіңіп жатқан калькаға тойтарыс беруіміз керек. Қолдан келер амал бар ма? Әрине бар! Өскелең ұрпақтың тілімізде дұрыс сөйлеуіне ықпал ету сіз бен біздің қолымызда. Амалымыз сол біздің ықпал ету аймағымыз- алдымызда білім алып отырған студенттеріміз. Солардың саналарына сәуле болып түсіп, аялы ана тілінің шұрайлы тұсынан үн қатуымыз қажет.
Өкінішке орай, тілдік қолданысымызда калькалар қалықтап жүр, тіпті уақыт өткен сайын қаптап келеді. Олардан қорғану- бұл тілдің тазалығы мен өзіндік ерекшелігін сақтау үшін маңызды процесс. Калькалар шетелдік сөздердің орнына қолданылып, қазақ тілінің құрылымын өзгертуде. Сондықтан, оларды қолдану кезінде тілдік нормаларды сақтап, дәстүрлі сөздерді дамыту қажет. Мысалы жаңа технологиялар мен ғылыми терминдер енгізілгенде, калькаларды емес, қазақша баламаларын іздеу, тілдің байлығын арттырады. Сонымен қатар, жастарды ана тілінде сөйлеуге, өзекті мәселелерді қазақ тілінде шешуге ынталандыру да калькаларды азайтуға көмектеседі. Бұл процесс тілдік мәдениетті сақтауға және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді. Мәселені шешудің келесі жолдарын ұсынамыз:
1. Тілдік нормаларды сақтау: Қазақ тіліндегі грамматикалық және стилистикалық ережелерді ұстану, калькалардың орнына ұлттық сөздерді немесе тіркестерді қолдану.
2. Терминологияны дамыту: Ғылыми және кәсіби салаларда жаңа терминдерді қазақша жасау, халықаралық сөздерді калькаға айналдырмау.
3. Білім беру: Оқушылар мен студенттерге қазақ тілінің ерекшеліктерін түсіндіру, калькалардың зиянды жақтарын көрсету.
4. Тіл саясаттары: Мемлекеттік деңгейде тілдің дамуына арналған бағдарламалар мен жобаларды қолдау.
5. Мәдениет және әдебиет: Қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі сөздерді, мақал-мәтелдерді насихаттау.
6. Тілдік курстар мен семинарлар өткізу: Тілдің қолдану мәдениетін арттыру үшін курстар ұйымдастыру. Мұндай шараларда қазақ тіліндегі терминологияны насихаттап, калькалардың зиянды әсерлерін түсіндіру.
7. Жастарды тарту: Жастар арасында ана тілінде сөйлесуге және қазақша контентті көбейтуге ынталандыру. Бұл өз кезегінде, тілдің дамуына оң әсер етеді.
8. Медиа мен әлеуметтік желілерде қазақша контент: Қазақша контентті көбейту арқылы калькалардың орнына қазақша баламаларды насихаттау.
9. Қоғамдық пікірді қалыптастыру: Қазақ тілінің маңыздылығы туралы ақпарат таратып, калькалардың қолданылуын азайтуға ықпал ету.
10. 30 жасқа дейінгі жастар арасында мемлекеттік деңгейде «Мөлдір таза тілім!» атты байқау ұйымдастыру.
Экранизация саласында кино, сұхбат, бағдарламаларда, құжат айналымында, мадақтама мәтіндерінде, жиналыстарда, педагогтердің сөздік қарым-қатынасында, бүгінде үлкен күшке ие әлеуметтік желілерде оқырман саны көп тұлғалардың сөз саптауында калькалар жиі кездеседі. Айта берсек тізімнің соңы ұзара бермек. Солардың бір қатарына тоқталайық.
«Басқару органы»– мемлекеттік мекемелерді білдіретін калька. Орнына "басқарушы мекеме"деп қолдану ұсынылады.
«Құқық қорғаушы орган»– құқық қорғау органдарын атауда қолданылады. Орнына "құқық қорғау органы"- сөзі дұрыс.
«Құқықтық акт»– заңды құжаттарды сипаттайды. Дұрысы «құқық актісі» .
«Жобалық құжат» жобаларды сипаттайтын құжат. Дұрысы «жоба құжаты».
Калькаларды азайту үшін, осы терминдердің қазақша баламаларын іздеу немесе ұлттық терминологияны дамыту қажет. Аудармада септіктердің заңдылығын қатаң ұстану керек.
Құжат айналымында орыс тілінен тіке аударыла салған сөздер де кең қолданысқа шығып кетті. Олар: «текущего года» – «ағымдағы жылдың» - деп қолданылып жүр. Қазақта жыл ағады деген ұғым жоқ. Дұрыс түрі-«үстіміздегі жылдың»- деп айтуымыз қажет. «Шара қабылдауыңызды сұраймын»-деп өтінішке жазылып жатады. Дұрыс қалыбы- «әрекет етуіңізді немесе ықпал етуіңізді сұраймын». Сонымен қатар, «қыркүйек айына жоспарланды»- деп мерзімге байланысты айтылып жүр. Дұрысы «қыркүйек айында өтеді». «Жаңа маусымға жоспарлануда»-калька. Дұрысы «Жаңа маусымға қарай жоспарда бар».
Мадақтама мәтіндерінде кездесетін калькалар көбінесе ресми тілде, атап айтқанда, мемлекеттік немесе корпоративтік құжаттарда кездеседі. Мысалы:
Алғыс хат– ресми түрде алғыс білдіру.
Сертификат– ресми растайтын құжат.
Диплом– білім беру мекемелері беретін құжат.
Басқару шешімі– ресми шешімдерді сипаттау.
Жетістік туралы хабарлама– жетістіктерді жариялауда қолданылатын тіркес. Бұл терминдер калька ретінде қабылданғанымен, кейде қазақша баламаларын қарастыру пайдалы. Мысалы, «басқару шешімі» орнына «басқаруда шығарылған шешім» немесе «басқарудағы шешім». «Жетістік туралы хабарлама» орнына «жетістік жөнінде мәлімдеме» деп айтуға болады. Мадақтама мәтіндеріндегі калькаларды азайту үшін ұлттық тілдік ерекшеліктерді ескеріп, түсінікті әрі әдемі баламаларды дамыту маңызды.
Мадақтамаларда жиі кездесетін калькалар: «Конституция күнімен!». Дұрысы-«Конституция күні құтты болсын!». «Зор алғысымызды білдіреміз!»-калька. Дұрысы – «Мың алғыс!». «Үлкен рахмет!»-калька. Дұрысы-«Көп рахмет!».
Ресми мәтіндерде «инвестициялық тартымдылық» деп келеді. Дұрысы «инвестиция жағынан ыңғайлы ел» немесе «инвестициялық жағынан тартымды ел». «Пікір қалдырыңыз»-калька, дұрысы «пікір жаза кетіңіз». Калька- «Алматыдағы жер сілкінісінен соң», дұрысы-«Алматыда жер сілкінгеннен кейін». Калька- «Тіл үйренуге деген қызығушылықтары жоғалады», дұрысы- «тіл үйренуге қызықпай қалады».
«Шақыру үшін рахмет», дұрысы «Шақырғаныңа рахмет».
«Рақмет» сөзінің өзі дұрыс жазылмай жүр. «Рақмет» -деп қолданысында қате бар. Үндестік заңына қарсы келіп тұр. Қазақ тілінде қатаң дауыссыз бен үнді дауыссыз үндеспейді. «Қ» әріпі жұмсарып, «х» дыбысына айналады. Сөз тіркестеріне тоқталсақ қазіргі уақытта жиі кездесетін калькалар – бұл бір тілден екінші тілге тікелей аударылған сөз тіркестері, бірақ олардың мағынасы мен қолданылуы контекстке сәйкес келмеуі мүмкін. Кейбір мысалдар:
«Көру үшін» – орыс тіліндегі «посмотреть» сөзінің тікелей аудармасы, бірақ қазақ тілінде «қарау үшін» деп айту дұрыс.
«Көз жеткізу» – орыс тіліндегі «убедиться» сөзінің калькасы. Қазақ тілінде «сенімді болу» немесе «растау» деп айту орынды.
«Сенім арту» – орысша «положить надежду», ал қазақ тілінде «сенім білдіру» деп айту дұрысырақ.
«Суретке түсіру» – орысша «сделать снимок» деп калькаланған. Дұрысы – «суретке алу».
«Басқаша айтқанда» – орысша «иначе говоря» калькасы. Қазақ тілінде «басқаша айтқанда» немесе «яғни» деп айтуға болады.
Тіл мәселесіне бейжай қарай алмайтын әрбір жан соның ішінде педагогтер сабақ барысында кем дегенде 5 кальканы студенттермен талқылап, тіл тазалығына жұмыс істеу керек. Жан-жақты мысалдар келтіріп, студент өмірінде естіп жүрген калька сөздерді ажырата алуына күш жұмсалса дейміз.
Күнделікті кірме сөздер де аударылмастан, қазақша баламасын таппастан сөз қорымызға кірігіп жатыр.
Анық айтсақ кірме сөздер мен шетелдік сөздерді дұрыс қолдану – тілдің мәдениетін сақтау мен дамыту үшін өте маңызды. Кірме сөздердің қолдану контексті маңызды. Бірақ мысалы, «менеджер» сөзін кәсіби салада қолданғанда, оны түсінікті етіп беру үшін «басқарушы» деп те айтуға болады.
Тілдік нормаларды ескере отырып, қазақша баламаларды іздеу және қолдану арқылы тілдің тазалығын және байлығын сақтауға болады. Заманауи технологияларды пайдалана отырып, қазақ тіліндегі мобильді қосымшалар мен онлайн платформалар әзірленсе дейміз. Бұл ресурстар қазақша сөздік, грамматика және терминология бойынша көмек көрсетуі мүмкін. Банкомат, смартфон телефондардың құрылымын түсінуге, сипаттамаларды ыңғайлы етіп, қайта қарастыру қажеттілігін көріп отырмыз. Халық жиі қолданатын бұл өнімдерде «түсініксіз қазақ тілі» ұғымы қалыптасып үлгерді. Басым көпшілігі құрылғыны орыс тілінде пайдалануды жөн көреді. Егер басқа тiлдiң әлеуметтiк маңызы күштi болса, онда адам сол тiлден ауысқан сөздердi қолдануға тырысатынын ескерсек, біздің қоғамда сол тiлдi бiлу арқылы өзiнiң белгiлi бiр әлеуметтiк статусқа ие екендiгiн көрсеткiсi келетін жандар да бар. Оларға тек таза тілдің масштабын көтеру арқылы ғана оң ықпал ете аламыз.
Мәдени – қоғамдық ілгерілеу қашан да болатыны заңды. Жаңашыл мәдениет, жаңашыл сөздермен келетіні де мәлім. Сол жаңа сөздерді қолданысқа қазақ тілінің төл табиғатына ыңғайлау мәселесі маңызды дүние.
Тілдік мәселелер бойынша мамандармен (филологтар, тілші ғалымдар) үнемі тығыз байланыста болу керек. Тіпті әр мекемеде тіл маманы отырып, құжат айналымында, ішкі қарым-қатынаста тілдің қолдану аясын дұрыс арнаға бұрып отырса аз уақытта тіліміз өз тұғырына көтеріледі.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тіл тағдыры-ұлт тағдыры

шағым қалдыра аласыз