Жүргізуші:
Танытқан қазағымның
қазақтығын,
Танытқан қазағымның азаттығын,
Танытқан қазағымның ғажаптығын,
Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.
Армысыздар, құрметті көрермендер
!
Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан
халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді
пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ
тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және
ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген
болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу
қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында
бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі
мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық.
Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты
болсын!
Ұстаз болу –
жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –
сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу –
мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын
адамның алтындығы
Тіл - халықтың
жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі.
Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының
арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт
өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің,
қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше
сөзді тағы да достарымызға
берейік.
Орыс (Гүлаз)
Мен
орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын,
Қастерлеймін тарихын, салт -
дәстүрін.
Өйткені мен өркендеп осы
жерде,
Топырағын қазақтың басып
өстім.
Өзбек (Құрмантай)
Мен өзбекпін,
сүйемін қазақ жерін,
Қазақ жері - ол менің туған
жерім.
Сағынамын шет шықсам
қазағымның
Тау - тасын, өзен - суын, асқар
белін
Ағылшын (Райхан )
Мен ағылшын,
сүйемін қазақ тілін,
Қаймағы бұзылмаған ғажап
тілің.
Қазақ тілі лайық деп
білемін,
Болуға ортақ тілі
халықтардың.
Тілмен ғана
қызық менің тірлігім
Тату еткен ел мен елдің
бірлігін.
Туған тілмен асқақ шығып ізгі
үнім,
Туған тілде алып жүрміз біз
білім.
Туған тілде
сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім
бар.
Туған тілім тіл болудан қалса
егер
Жүрегімді суырып - ақ
алыңдар.
Ана тілін
жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен
Абайлар.
Қасиетті ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай
бар
Ана тілім туған
тілім, бал тілім,
Сен арқылы дүние танып
талпындым.
Сен арқылы әлемге аян бар
ісім,
Сен өмірде таусылмайтын
алтыным.
Назерке: Қуан
анам! Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп кеткен кейде
түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен
тіліңді
Пір тұтамын мен алдыңа
иіліп.
Хормен:
Бұл жанды тіл – менің азат
тілім,
Жадымда талмай самғар қанат
тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана
уызындай,
Жасай бер, Ана тілім – Қазақ
тілім!
«Қазақ тілі»
Авторы: М.Жұмабаев
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қыран құстың кос қанаты кьірқылды,
Күндей күшті күркіреген ел тынды.
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды!
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ,
ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың!
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,
Таралған түрік балаларын бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!
«Қазақ тілі»
Авторы: С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.
Қазақ тілі –
қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
Кейбіреулер өз тілін шұбарлайды,
Орыс тілі сіңген ғой санамызға.
Неге олар «тілім» деп қуынбайды,
Шынымен-ақ басқа боп барамыз ба?
Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих,
сенің, менің абыройым!
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім
Үш
бақытым
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!
(М.
Мақатаев).
Тіл деген – алып мұхит түбі терең,
Піспегі толқын шашқан күбі ерен.
Қадірін тілдің сұра сақаулардан,
Көзіне жас алып бір күбірлеген.
Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,
Арманның қиял жетпес баспалдағы.
Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,
Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.
Тіл деген – адастырмас темірқазық,
Өрісі магнитінің өмірге азық.
Қадірін тілдің сұра кереңдерден,
Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.
Тарихы бар дастанымдай
ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей
елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік
Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен
теңдіктің
«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір
тіл өз халқы үшін – ұлы», - деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр
адам өзінің ана тілін қорғай да, құрметтей де білуге
міндетті.
Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежірсі. Былайғы жерде егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.
«Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген фестиваль.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой - толғау, полиглот, жат оқу т. б.
Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, ұлы тұлғалар портреті, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта..
Өтілу барысы:
Мұғалім: қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестік жетекшісі А. Полатова.
Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 17 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс – шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.
Бүгінгі өткізгелі отырған «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы іс – шарамыз 22 - қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдінің.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» тақырыбындағы фестивалін бастауға рұқсат етіңіздер.
Облыстық «Қоңыраулы қошақан» байқауының бас жүлдегері «Сыр сұлуы» бишілер тобының орындауында «Шашу» биі.
1 - жүргізуші:
Кенің бай, келімің мол туған тілім!
Дыбыстың теріп сөз ғып буған гүлін.
Қайырған қайдағыны жүйрік ең сен,
Мен қосып, құтыла алмас қусам білім.
Ассалаумағалейкум құрметті тіл жанашырлары, бүгінгі «Қасиетті ана тілім» атты тіл мерекесіне қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Қонып тұр ордаң міне, жаңа жұртқа,
Салып тұр ұлың «Қазақ» көзін сыртқа.
Жау болсаң, жақындама, аулақ жүр деп,
Ел болсаң есігім бос, ен деп ұлтқа.
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар.
1 - жүргізуші:
Еліміздің болашағы – жасөспірімдер тәрбиені ұлттық мектептен алады. Өкінішке орай, оны көптеп жабу, қысқарту орын алғаны белгілі. Соңғы 30 жылда 700 - ден астам қазақ мектебі жабылды. Қазақ мектебінің тағдыры Сәбит Мұқановты қатты толғандырды. Ол өз сөзінде былай деді: «Мен ұлттық қазақ мектептерінің жабылуына үзілді – кесілді қарсымын. Менің партиялық ар ожданым мұндай идеялық тұрғыдағы қателікке төзбейді».
Тіл тағдыры шешуін күтті. Көпшілік ойы айтыла бастады. Басқа мәселелерде кезекте тұр еді. Ақыры 1986 - ның желтоқсаны тығырық кезеңнен құтқарды. Соның лебімен 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заң бойынша қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ұлттық тілі болып есептеледі.
11 - сынып оқушысы Б. Бекболаттың орындауында Амандос Сабыровтың «Ана тілім ардақтым» жыры.
Несіне мен қазақпын, өз тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар - құлдыққа да түсірер.
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,
Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар жүрегім.
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр салтымның.
Ана тілін тартқылап0салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
өз тіліңде сөйлемей, өзің туған жеріңде.
2 - жүргізуші:
Білеміз шаттық хабар қайдан ұшты,
Бәрі енді өзімізге байланысты.
Қаумалап, тік көтеріп әкетейік,
Қанатын жаңа ғана жайған істі!
Осы заң талаптарынан соң 22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі болып аталып өтілуде. Қазір іс қағаздарын тек мемлекеттік тілде жүргізетін мекемелер көбейді, жоғарғы оқу орындарындағы қазақ тілінде өтетін сабақтар саны бұрынғыға қарағанда көп өсті. Мекеме, ұйымдар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасымен жұмыс істеді. 2011 - 2020 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы шықты.
1 - жүргізуші:
Тарихқа, баяғы заманның деректеріне жіті көз жіберсек, өзге түркі халықтары сияқты қазақтың да жазу тарихы әріден басталатынын, жазудың алуан түрлерін жазудың арғы тегі суреттен басталғанын көреміз.
2 - жүргізуші:
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады, атадан балаға жеткен ұлы құбылыс. Ол талай тарих сынынан өтті. Ғасырлардан - ғасырларға сүрінбей жетті. Дүние жүзіндегі ең бай, бейнелі, таза, өткір, терең, күшті кең тіл ретінде саналады. Қазіргі таңда ана тіліміз жан – жақты зерттеліп, уақыт талабына сай ғылыми үлгіде жүйеленді. Қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық игілігі болумен қатар, әлемдік тіл білімі зерттеушілерін қызықтырған көне тарихы бар, кемел тіл ретінде танылуда.
2 - жүргізуші:
Өткен ғасырдың өзінде француз ғалымы Жорри де Манси «Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең бір таза тілдердің бірі» деп тамсанған.
1 - жүргізуші:
Орыстың әйгілі ғалымы Василий Васильевич Радлов «Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Европада француздар мен орыстардан ғана байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір әрі майда шешен де тапқыр» деп әділ бағасын беріпті.
2 - жүргізуші:
Әлем даналарын тамсандырған халқымыздан туған Асан қайғы сияқты бабаларымыздың өсиетін тыңдайық. 5 - сынып оқушысы Әдепхан Аяулым.
1 - жүргізуші:
- Тәңірі ортақ жаратқан,
Аузына халқын қаратқан.
Қара қылды қақ жарған.
Алдынан топты таратқан,
Мөңке, Төле, Қазыбек
Әйтеке, Алшын, би Кебек.
- Белгілі шешендер мен шешен билердің сөздері жазылып сақталмағандықтан, тек бізге ұзын - ырғасы, желі - жұрнағы ғана жеткен. Ауыздан ауызға көше жүріп, сырланып, бүкіл халық қазынасына айналған. Олар халық даналығын, тіл байлығын көрсетеді.
2 - жүргізуші:
Көрініс. «Үш би». 5 - сынып оқушылары.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білесің;
Жаңбыр жауса жер жетім,
Басшысы болмаса жер жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
Атың жақсы болса
Ер жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Қазыбек би: Аты жаманның арманы кетер.
Баласы жаманның дәрмені кетер.
Әйтеке би; Биікке шықсаң, көзің ашылады
Жақсымен жолдас болсаң, көңілің ашылады
Төле би: Сөз танығыш жастарға айтар он түрлі жұмбағым бар,
Әйтеке би: Айтыңыз ұлы аға.
Төле би: Айтсам он түрлі жұмбағым мынау; бір, екі, үш, төрт, бес, алты,
Жеті, сегіз, тоғыз, он.
Дауыс: Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ бола ма?
Қазыбек би: Ұлы аға! Бұл жұмбағыңызды мен шешейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, қаз дауысты Қазыбегім, рұқсат»
Қазыбек би: Бір дегеніңіз - бірлігі кеткен ел жаман.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Тілдер мерекесіне" арналған сценарий

шағым қалдыра аласыз