Материалдар / тоғызқұмалақ ойыны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

тоғызқұмалақ ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
дене тәрбиесі мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2020
413
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

сабақ  жоспары.

 

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік:тоғызқұмалақ ойынының ережесін, ең негізгі әдістерін үйрету; қысқаша тарихымен таныстырып өту.

Ә) дамытушылық: ойлау, танымдық қабілетін арттыру;

Б) тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Қолданылатын  құралдар: тоғызқұмалақ тақталары

 Пәнаралық  байланыс: Математика, тарих 

 

 

САБАҚ БАРЫСЫ:

 

 

І. Ұйымдастыру  кезеңі:

 

  • Аудиторияны сабаққа дайындау;

  • Қолданылатын құрал-жабдықтарды әзірлеу;

  • Оқушыларды түгелдеу;

  • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

 

 

 

ІІ. Негізгі  бөлім:

 

  • Тоғызқұмалақ ойынының қысқаша шығу тарихы, атауы.

  • Ойын ережелері және танымдық мәні;

  • Тоғызқұмалақ отауларының аттары;

  • Ойын ортасы;

  • Ойын соңы.  

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

 

  • Оқушыларды екі-екіден отырғызып, өтілген тақырып бойынша ойын-өрнегін құру.

  • Қателіктерін айту, мадақтау, іріктеп бағалау.

 

 

 

 

 

 






 

1 Тоғызқұмалақ  ойынының атауы 
 
 
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл өнердің басты қасиеті – адам санасын жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Түркі халықтарының ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтынына осы ойынның өзі де дәлел бола алады. Жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тапқан. 
Түркі тілдерінде әр сөздің негізгі мағынасымен қатар, астарлы, тұспалды мағынасы да болады. Бүгінгі күнге дейін жарық көрген бірқатар еңбектерде "тоғызқұмалақ" атауын оның екінші сыңарына байланысты заттық, тұрмыстық негізде түсіндіру – оның құндылығы мен қасиетін өз дәрежесінде таныта алмай отыр. Яғни құмалақты – қойдың нәжісі деп, тоғызқұмалаққа «қойшылар ойыны» деген қарабайыр тіркесті жамау – ұлттық ойынның мәнін өз дәрежесінде көрсетпейді. Сөз өнерінің қуатын жетік түсінген бабаларымыз ұрпағының зерделі ойлы болуы үшін де көп тер төккен. Кез келген өнер туындысы болсын, ақыл-ой шығармашылығының жемісі болсын оның атауына да ерекше мән берген. 
"Тоғыз" саны ежелгі түркілерде көптік мағынаға ие болған. Бабаларымыз осы санды шексіздік қасиеті бар сан деп түсінген. "Тоғыз жолдың торабы" деген тіркес нақты тоғыз жолды емес, көп жолдың тіркесуін бейнелейді. Тоғыз санына байланысты шыққан басқа тіркестерге де осы сипат тән. 
 
Ал "құмалақ" сөзі ойынның қойшылар арасында белгілі бір кезеңдерде кеңінен таралып, насихатталуына байланысты сақталып қалса керек. Ілкі тектеріміз тақта отауларына құмалақ салып ойнағанға дейін түрлі жеміс-жидектердің дәндері, сүйек, уақ тастармен және т.б. заттармен де ойнауы мүмкін. Ақтеңіз жағалауындағы көшпелі тайпаларда тасқа байланысты атаулардың жадыда қалуы осыған айғақ. Ал "коргоол" сөзінің қырғыз тілінде ұшырасуы – монғолдардың көптеген жылдар бойы қазіргі Қырғызстан аймағына үстемдік жасауынан қалған тілдік ерекшелік болса керек. 
Құмалақтың бір қасиеті – оның қозғалысқа бейімділігінде. Оны түртіп қалғанда жылжиды, яғни қозғалады, козғалысқа түседі. Демек "құмалақ" – қозғалыстың символы. Сондықтан "тоғызқұмалақ" сөзінің беретін мағынасын қарастырғанда көшпенді дүниетаным мәселелерін естен шығармау керек. Осыған сәйкес бұл тұжырымға сүйенсек, тоғызкұмалақты «шексіз қозғалыс» ойыны деп қарастырған жөн болмақ. Өйткені осы ойындағы 162 құмалақтың ерсілі-қарсылы қозғалыстары өте көп. Шынында да сол шексіз қозғалыстардың тақтадағы түрліше өзгерістерін жадында сақтай алатын, логикасы мықты, қиялы жүйрік адам ғана тоғызқұмалақ ойынымен тереңдеп айналыса алады. Егер осы тұжырымға сүйене отырып, тоғызқұмалақты "шексіз қозғалыс" ойыны – деп қарастырар болсақ, онда ойынның төл тума болмысын, тарихи дүниетанымдық мәнін өз дәрежесінде аша аламыз ба? 

 

 

2 Ойын ережелері  және танымдық мәні 
2.1 Ойынның негізгі ережелері 
 
Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген тіркестерді де қолданамыз. Ата бабаларымыз ойнаған тастан жасалынған тақтасы осы күнге дейін сақталған. Сонымен қатар ағаштан жасалынған әріптік тақтаның көрінісі төмендегідей берілген. 
 
 
 
 
Тақтаның жазу үлгісіндегі жалпы құрылысы төмендегідей: 
 
 

 

 

 

 

 

 

2.1.1 Жүріс жасау  ерекшеліктері 
 
 
Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүрісті кімнің жасайтыны жеребемен немесе қарсыластардың келісімімен анықталады. 
 
1. Жүріс жасау үшін өз жағыңыздағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолға алып, біреуін орнына қалдырып, солдан оңға қарай бір-бірлеп таратамыз. Тарату сәтінде құмалақтар өз отауларымыздан асып кететін болса, қарсыластың отауына таратамыз. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, ондағы құмалақтарды жұп қылса (2, 4, 6, 10, 12), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанымызға салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың жұп санды құмалағы бар отауына түсіп, тақ қылса құмалақ ұтып алынбайды. Мәселен, жоғарыдағы тақтадағы алғашқы жағдайда бастаушы №7 отаудағы 9 құмалағын таратса, соңғысы қарсыласының №6 отауына барып түседі және ондағы 9 құмалақ соңғы құмалақпен 10 болып, ұтып алынады және қазанға салынады. Сол кезде тақтада төмендегідей жағдай қалыптасады. 
  
2. Отаудағы жалғыз құмалақ көрші  отауға жүргенде орны бос қалады. 
 
3. Жүріс жасаған кезде отауларға құмалақ салмай немесе 2-3 құмалақ бөліп алып жүруге болмайды. 
 
2.1.2 "Атсырау" ережесі 
 
 
Ойын аяқталуға жакындаған сайын әр ойыншының отауларындағы құмалақ таусыла бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздыққа түскен сайын қарсыластардың жүріс мөлшері кеми береді. Сондықтан ойын соңында қарсыластардың бірінің отауларында жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі.  
 
1. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады. 
 
2. Атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы бұл жағдайда қосымша бір жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз казанына салып алады.
 
 
Осы тақтадағы жағдайда жүріс бастаушыдан. Ол №9 отаудағы 4 құмалағын таратады. Өз кезегінде қостаушы №1 отауға түскен 1 кұмалақты жүреді. Бастаушы №9 отаудағы жалғыз құмалақты 1 отауға салады. Қостаушы кез келген отаудағы құмалақпен, мәселен, 1 отаудағы 1 құмалақпен жүріс жасайды. Сонда төмендегіше жағдай туындайды:

 
 
Енді қостаушы отауларындағы 8 құмалақты  қазанына салып, ойынның есебін жүргізеді.
Есеп 76-86. Қостаушы ұтты. 
 
3. Егер "атсырау" жағдайында қосымша жүріс жүрілген кезде, құмалақтар амалсыздан қарсыластың отауларының біріне түсіп, жүріс беретін болса, ойын әрі қарай жалғаса береді. Сонымен қатар ойыншы ойын барысында 82 құмалақ жинаса да, нәтиженің дәлдігі үшін ойынды соңына дейін ойнауы тиіс.

2.1.3 Атсырау ережесі және соңгы жүріске мүмкіндік беру 
 
Атсырау ережесі – халқымыздың адамның өмірден өтуіне байланысты "дәм-тұзы" таусылды мағынасына келетін секілді. Өйткені атсыраудың – өзі жүріс сұрау, ат сұрау, күш сұрау. Күші таусылған, демі таусылған пенде өмірден өтеді. Ондай кезде оның барлық иелігі жарық дүниеде қалып, басқа біреулердің меншігіне өтеді. Оның өзіне тиесілі еш нәрсе қалмайды. Тек осы уакытқа дейін жинаған абыройы (тоғызқұмалақта қазандағы құмалақ мөлшері) ғана қалады. Сондықтан атсырауға ұшыраған ойыншының қарсыласы қосымша бір жүріс жасап, барлық отауларындағы құмалақтарды өз қазанына салып алады. 
 
Егер қосымша жүріс жасағанда жүрісі таусылған карсыластың отауларына құмалақ түссе, ойын жалғаса береді. Шынында бұл да өте қызықты ерекшелік. Калах пен манкалада жүріс таусылса, ойын тоқтатылады. Ал ұлттық ойында ойыншыға тағы да бір мүмкіндік беріледі.Оның қайтадан тірілуіне, қайтадан күш алуына мұрсат бар. Тоғызқұмалақ тарихында қосымша бір жүріс арқылы ойынның қайтадан жалғасып, атсырап отырған ойыншының қайтадан ұтып кеткен мысалдары көптеп кездеседі. 
 
Әрине, тоғызқұмалақтың танымдық мәселелері бір айтылғандармен шектелмейді. Ұлттық өнердегі негізгі ерекшеліктер тек калах пен манкала ғана емес, дүние жүзінде кездесетін басқа да қозғалыс ойындарының барлық түрлерімен салыстырылып зерттелуі тиіс. Және де ойын ережелерімен қатар, ойындағы түрлі атаулар да арнайы қарастырылуы керек. Мысалы, "қазан", отау аттарының мағыналық ерекшеліктері және тағы басқалар. 

3 Тоғызқұмалақ отауларының аттары

 
Тоғызқұмалақ ойынында 18 отау бар. Бұл  отаулар екі жаққа тоғыз-тоғыздан бөлінген. Ойыншының бірінің тоғыз  отауына берілген атау екінші жақтың да отауларының аты болып табылады. Калах ойынында отауларға реттік нөмірлеу қойылса, ұлттық ойындағы отау аттары ұзақ жылдар ойнаған шебер  ойыншылардың тәжірибесіне сүйеніп  қойылған. Әрбір отау атын ойлап  тапқан ойыншының аты белгісіз болғанымен, бабаларымыздың бұл қойған аттарынан  ойынды терең меңгергені байқалады. 
Тоғызқұмалақ ойынындағы отау аттары қазіргі кезде төмендегіше аталады: 
 
№ 9 отау – маңдай 
 
№ 8 отау – көкмойын 
 
№ 7 отау – қандықақпан 
 
№ 6 отау – белбасар 
 
№ 5 отау – бел 
 
№ 4 отау – атсыратар 
 
№ 3 отау – атөтпес 
 
№ 2 отау – тектұрмас 
 
№ 1 отау – арт. 
 
Бұл отаулар тоғызқұмалақ ойынынан хабарсыз жандар үшін ешқандай мәнге ие емес, ал шебер ойыншылар үшін түрлі жорамалдар жасауға негіздейді. 
Көрнекті түрколог С.Аманжолов отау атаулары және олардың ойын барысындағы қызметі туралы: “1. Солдан оңғай қарай 1-отауды “Құйрық” я “Арт” дейді. Себебі, ондағы құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады. 

 
2-отауды – “Тектұрмас” дейді.  Себебі жүріс көбінесе осы  отаудан басталады. 
 
3-отауды “Атөтпес” дейді. Оның себебі, қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды. 
 
4-отауды “Жаман үй” дейді. Себебі қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады. 
 
5-отауды “Бел” дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес. 
 
6-отауды “Сары дала” дейді. Себебі бұл жүріске де, “тұздық” алуға да ыңғайлы жер. 
 
7-отауды “Қосан жылаған” дейді. Оның себебі – бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет “тұздыққа” отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс. 
 
8-отауды “Көкмойын” дейді. Себебі мұнда да көптен-көп “тұздық” алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді. 
 
9-отауды “Аққасқа” дейді. Себебі, бұл шұңқырда құмалақ көп жатады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ, қарсы жақтың отауына түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады”[3], – дейді. 
 
Ал Т.Сұлтанбеков болса: “Отау аттары кездейсоқ қойылмаған. Мәселен, ойынның алды және арты болады. Алды тоғызыншы отау – Маңдай, Арты – бірінші отау, екінші отаудың Тектұрмас аталуының себебі – онда құмалақ көп жатпайды. Бұл отау – қарсы жақтың шабуыл объектісінің бірі. Оған көбінесе “тұздық” жасалу қаупі туып отырады (тұздық дегеніміз – отау беру, яғни сол отаудан айырылып қалу). Үшінші отау – Ат өтпес. Бұлай аталу себебі бұл отаудан – ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды. Төртінші отау – Атсыратар (жүрістің, құмалақтың таусылуы).Бұл отаудың атсыратар болып аталуының себебі – ойын аяғы осы отаудан басталғанда, құмалақ тез таусылады. Сол сияқты ойын басында осы алғашқы үш отаудан ойын бастаған ойыншы да жүрісі таралып, тез атсырауға түседі. Бесінші отау – бел. Нағыз орта болғандықтан, бел деп аталады. Алтыншы отау – Белбасар. Белбасар аталуының себебі – ойын басында бұл отаудың құмалағы қарсы жақтың беліне дәл жетіп жатады. Жетінші отау – Қандықақпан. Көбінесе есептен жаңылдыратын қауіпті отау. Бұл отаудың “тұздығы” позицияда үлкен осалдық тудырады. Сегізінші отау – Көкмойын. Қандықақпаннан кейінгі осал жер. Бұдан да “тұздық” беру аса қауіпті. Кейбір ойыншылар бұл отауды алқым деп атайды. Тоғызыншы отау – Маңдай.Бұл отаудың өзіндік қасиеті басқа отаулардан ерекше, яғни бұдан “тұздық” алынбайды” – дейді. Шыныда бұл тұжырымдар ойынның өзіндік заңдылықтарынан алынып отыр. Бірақ ойындағы отау аттарын басқаша қарастыратындар да кездеседі. Мәселен, кентаулық шебер Т.Құдияров тоғызқұмалақты әскери ойынға жатқызып, осы отаулардың орналасу ретіне өзгеше көзқарас ұстанады. 
 
Яғни ойындағы 9 отау – белгілі бір мемлекеттің көшпенділер үшін қағанаттың құрылымы. Мәселен, № 1 отау – жаяу әскер. Бұл отаудағы құмалақ бірден жойылып отырады. № 2 отау – шекара. Бұл отаудағы құмалақ үнемі шабуылға ұшырайды. № 3 отау – қорған. Бұл отаудан аттап өту үшін қосымша күштер /құмалақтар/ керек. Алдындағы қос отауда құмалақ бір-бірден жатса, қорғаннан аттай алмайды. № 4 отау – штаб. Артқы және алдыңғы шепті байланыстырады. № 5 отау – уәзір орны. № 6 отау – мұрагер (ханзада) орны. № 7 отау – ханның сарайы. № 8 отау – қор-қазына. Барлық дүние-мүлік, байлық осы орында сақталады. № 9 отау – халық мекендейтін орын. Бұл отаудан тұздық алынбайды


Белгілі түркітанушы С. Аманжолов отау атаулары және олардың ойын барысындағы қызметі туралы мынадай деректер келтіреді: 
«1-отауды «Құйрық» я «Арт» дейді. Себебі, ондағы құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады. 
2-отауды «Тектұрмас» дейді. Себебі жүріс көбінесе осы отаудан басталады. 
3-отауды «Атөтпес» дейді. Оның себебі, қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.
4-отауды «Жаман үй» дейді. Себебі қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады. 
5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.
6-отауды «Сары дала» дейді. Себебі бұл жүріске де, «тұздық» алуға да ыңғайлы жер.
7-отауды «Қосан жылаған» дейді. Оның себебі – бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет «тұздыққа» отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.
8-отауды «Көкмойын» дейді. Себебі мұнда да көптен-көп «тұздық» алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді. 
9-отауды «Аққасқа» дейді. Себебі, бұл шұңқырда құмалақ көп жатады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ, қарсы жақтың отауына түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады» [2], – дейді.
Ал ұлттық ойындарды зерттеуші Т. Сұлтанбеков: «Отау аттары кездейсоқ қойылмаған. Мәселен, ойынның алды және арты болады. Алды тоғызыншы отау – Маңдай, Арты – бірінші отау. 
Екінші отаудың Тектұрмас аталуының себебі – онда құмалақ көп жатпайды. Бұл отау – қарсы жақтың шабуыл объектісінің бірі. Оған көбінесе «тұздық» жасалу қаупі туып отырады (тұздық дегеніміз – отау беру, яғни сол отаудан айырылып қалу). 
Үшінші отау – Ат өтпес. Бұлай аталу себебі бұл отаудан – ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды. 
Төртінші отау – Атсыратар (жүрістің, құмалақтың таусылуы). Бұл отаудың атсыратар болып аталуының себебі – ойын аяғы осы отаудан басталғанда, құмалақ тез таусылады. Сол сияқты ойын басында осы алғашқы үш отаудан ойын бастаған ойыншы да жүрісі тарылып, тез атсырауға түседі. 
Бесінші отау – Бел. Нағыз орта болғандықтан, бел деп аталады. 
Алтыншы отау – Белбасар. Белбасар аталуының себебі – ойын басында бұл отаудың құмалағы қарсы жақтың беліне дәл жетіп жатады. 
Жетінші отау – Қандықақпан. Көбінесе есептен жаңылдыратын қауіпті отау. Бұл отаудың «тұздығы» позицияда үлкен осалдық тудырады. 
Сегізінші отау – Көкмойын. Қандықақпаннан кейінгі осал жер. Бұдан да «тұздық» беру аса қауіпті. Кейбір ойыншылар бұл отауды алқым деп атайды. 
Тоғызыншы отау – Маңдай. Бұл отаудың өзіндік қасиеті басқа отаулардан ерекше, яғни бұдан «тұздық» алынбайды» – дейді [3]. 
Қытайдағы зерттеуші Е. Әбілқасымұлы «Асық, бестас, дойбы, тоғыз құмалақ» атты еңбегінде тоғызқұмалақ отауы аттарына мынадай түсінік береді және бұл алдыңғы зерттеушілердің мәліметтермен сәйкес келеді: «Сонымен солдан оңға қарай әр екі жақтың 1-отауы «құйрық» немесе «арт» деп аталады.
Мұның себебі ойын барысында 1-отаудағы аттардың саны көп өзгермей баяғы қалпын сақтап отырады. 2-отау жүріс көбірек басталатындықтан, «тектұрмас» деп аталады. 3-отау қарсы жақтың жүрген аты көбірек түсетіндіктен «ат өтпес» деп аталады. 4-отау әр екі жаққа да тиімсіз деп, аттардың көбірек желінетін жері болғандықтан «жаман үй» немесе «атсыратар» деп аталады. 5-отау тоғыз отаудың дәл ортасы әрі басқа отаулармен салыстырғанда біршама қауіпсіздеу болғандықтан «бел» деп аталады. 6-отау жүріске де әрі ұтысқа да қолайлырақ болғандықтан «сары дала» деп, кейде 5-отау – «белдің» қасында болғандықтан «белбасар» деп те аталады. 7-отау әр екі жақтың да жүрген аттары көбірек келіп түсетіндіктен «қанды қақпан» деп аталады. Кей аңыздарда Қосын атты бір ойыншы басқа бір ойыншымен сайысып, дәл осы «қанды қақпан» аталатын 7-отауда қатарынан бірнеше рет ұтылып, соңында жеңілгеніне намыстанып жылаған екен-міс. Сол себепті 7-отауды кейде «Қосын жылаған» деп те атайды. 8-отау ойын барысында ат көбірек жиналып, ұтысқа тиімдірек келетіндіктен «көкмойын» деп аталады. 9-отау аттары шықпай көбірек сақталатындықтан «көкқасқа» немесе «маңдай» деп аталады» [4].
Сонымен қатар түркі халықтарының зияткерлік ойындарын зерттеуші ғалым М.Шотаев «Таңғажайып тоғызқұмалақ» еңбегінде төмендегідей мәліметтерді ұсынады: «Кентаулық шебер Т.Құдияров тоғызқұмалақты әскери ойынға жатқызып, осы отаулардың орналасу ретіне өзгеше көзқарас ұстанады. Яғни ойындағы 9 отау – белгілі бір мемлекеттің, көшпенділер үшін қағанаттың құрылымы. Мәселен,
№ 1 отау – жаяу әскер. Бұл отаудағы құмалақ бірден жойылып отырады. 
№ 2 отау – шекара. Бұл отаудағы құмалақ үнемі шабуылға ұшырайды. 
№ 3 отау – қорған. Бұл отаудан аттап өту үшін қосымша күштер /құмалақтар/ керек. Алдындағы қос отауда құмалақ бір-бірден жатса, қорғаннан аттай алмайды.
№ 4 отау – штаб. Артқы және алдыңғы шепті байланыстырады.
№ 5 отау – уәзір орны. 
№ 6 отау – мұрагер (ханзада) орны.
№ 7 отау – ханның сарайы.
№ 8 отау – қор-қазына. Барлық дүние-мүлік, байлық осы орында сақталады. 
№ 9 отау – халық мекендейтін орын. Бұл отаудан тұздық алынбайды» [5].
Негізінен отау аттарының мағынасын түсіну үшін ойынның ерекшелігіне мән беруіміз керек. Бұл ерекшеліктер ойын бастамаларына, тұздыққа және атсырауға тікелей байланысты.
Жоғарыда көрсетілгендей зерттеушілердің көрсеткен отау атаулары негізінен ұқсас болып келеді. Алайда осы отауларға түсінік бергенде ішінара қарама-қарсы пікірлер де кездеседі. Мысалы № 1 отауды С. Аманжолов пен Е. Әбілқасымұлы «арт» немесе «құйрық» деп аталады, себебі мұндағы құмалақтар көпке дейін таратылмай сақталып отырылады деп көрсетсе, тоғызқұмалақ шебері Т. Құдияров «бұл отаудағы құмалақ бірден жойылып отырады» - дейді. Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай № 1 отаудағы құмалақтар тез таратылып кетеді, себебі бұл қарсыластың кез келген уақытта шабуылға ұшырауы мүмкін бірден-бір отау. Бұл әрине тиісінше ойыншының өз жоспарын еркінен тыс өзгертуіне әкеп соқтырады. Егер ойынды түркілердің әскери танымдық ойыны ретінде қарастырсақ, онда бірінші отауды «сол қанат», тоғызыншы отауды «оң қанат» деп атауға да болады. Бір қызығы, бұл отауды қарақалпақ халқы «таңдық» немесе «таңлық» деп атайды екен. Сөздің түбірі «таң» болғандықтан, бұл жерде уақыт категориясы көрініп тұр. Алғашқы отауды күннің шығуымен, яғни алғашқы уақыт мерзімімен атауы түсінікті.
№ 2 отау тектұрмас деп аталады. Бұл отау да, бірінші отаудағы сияқты, қарсыластың шабуыл обьектісіне тез ұшырайтын болғандықтан, құмалақтар ұзақ уақытқа жинала бермейді. Отаудың бұлай аталуы, біздің ойымызша, тектұрмас отауынан тұздық алынса, бұл отаудың алдындағы бірінші отауда жатқан құмалақтар текке тұрмайды: не қарсыластың шабуылына ұшырап меншігіне айналады, не тұздыққа еріксіз тасталады.
№ 3 атөтпес отауының бұлай аталу себебін зерттеушілер «қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды» (С. Аманжолов), «бұл отаудан ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды» (Т. Сұлтанбеков) деп түсіндіреді. Бірақ бұл пайымдауларға қарағанда Т. Құдияровтың «бұл отаудан аттап өту үшін қосымша күштер/құмалақтар керек, алдындағы қос отауда құмалақ бір-бірден жатса, «қорғаннан» аттай алмайды» деген тұжырымы әлдеқайда дәлелдірек. Себебі отау атауының өзі айтып тұрғандай жеткілікті мөлшерде аттар болмаса бұл отаудан ат өтпейді. Сондықтан отауды «атжетпес» деп атауға да болады.
№ 8 отау - көкмойын. Көкмойын сөзін С. Аманжолов асау жылқының мойнына құрық салғанда ол шапшып көкке ұмтылып, мойын тұсы тіптен көгеріп ісініп кетеді деп түсіндіреді. Кейбір зерттеушілер тұздықты көкмойын oтауынан алу өте тиімді, себебі құмалақ көп жиналады деп есептеген. Мұндай мәліметтер қытайлық ғалым Е. Әбілқасымұлының еңбегінде де кездеседі. Мойнынан қысылып қылқынған ойыншыны жеңу өте оңай болады деп ойлаған. Отаудың «алқым» деген атауы да бар. Халқымызда «алқымынан алды» деп жатады. Мағынасы – жанын қысты, қыспаққа салды. Сондай-ақ «жаны мұрнының ұшына келді» деген түсінік бар. Ал мұрынның ұшына келместен бұрын «жан алқымға тақалады». Демек көшпенді халықтардың № 8 отауды және ол отаудан алынатын тұздықты маңызды деп есептеуі заңды.
Тоғызқұмалақ ойынындағы ерекше отаулардың бірі № 9 маңдай отауы. Отаудың ерекшелігі бұдан тұздық алынбайды. Бұл туралы зерттеуші М. Шотаев: «Қазақы дүниетанымда маңдайың ашық болсын деген ұғым бар. Міне осы түсінік тоғызқұмалақтағы № 9 отаудан тұздық алмау ережесіне жақын келеді. Көнедегі тәжірибелі ойыншылар маңдайдан тұздық алу, ойында ұтылумен пара-пар деп есептеген» – дейді [5, 24]. Отаудың сонымен бірге «аққасқа», «көкқасқа» деген аттары да бар. Мұны екі түрлі пайымдауға болады. Термин адамға да, малға да қатысты қолданылады. «Қасқа» – малдың маңдайында болатын ұзынша келген ақ түсті жолақ. Мал атаулының дене мүшелерінің ең бірінші көрінетін алды маңдайындағы қасқасы болса, отаулардың ең алды маңдай. Сондай-ақ «қасқа бас» деген сөз бар, маңдай шашы жоқ адамға айтылады. Қарапайым түсінік – маңдай шашы жоқ адамқасқа бас болса, тұздығы жоқ отау маңдай деп аталады.
Қайсыбір ойын түрінде болмасын кездесетін терминдер мен ережелерін сараптау арқылы сол халықтың дүниетанымын, болмыс-бітімін, қоршаған әлем туралы таным-түйсігін, ең бастысы олардың күнделікті тіршілігін бағамдауға болады. Олай болса біз қарастырып өткен тоғызқұмалақ ойынының бір қырының өзі ертедегі түркі халықтарының тарихына, әдет-ғұрпына бойлай енуімізге мүмкіндік береді.




Әрине, бұл тұжырымның да жаны бар шығар, оны дәлелдеу уақыт  еншісінде. Бірақ бір нәрсе айқын. Ойын – көшпенді өмір салтының негізінде  шыққан және әскери ойынның көріністері  де бар. 

 
4 Ойын ортасы 
 
Ойын бастамаларын білгеннен кейін негізгі ойға алған жоспарды іске асыру үшін ойын ортасын мұқият зерделудің маңызы зор. Бұл екі кезең бір-бірімен тығыз байланысты болуымен қатар, ойынның соңына және нәтижесіне қатты әсер етеді. Ә.Ақшораев ойынның басы мен ойынның ортасы туралы: «…бұл кезде ойынның негізгі шарттары (тақта үстіндегі ойын күштеріне жауапкершілік, отаудағы құмалақтарға қолайлы позиция беру, осал отауларға қысым көрсету, т.с.с.) мен тактикалық тәсілдер қолданып, сайыс тақта үстіндегі позицияның өзгеруіне байланысты кезек-кезек аңдысу, жүрістерді мұқият есептеу сияқты жағдайларда өтеді» – дейді[12.161]. 
Көп жағдайларда ойыншылар негізгі жоспарды ойын бастамасында түзіп алып, ойын ортасын таңдап алған тактикасына сәйкес жүзеге асырады. Қазіргі кездегі ойындардың соңына дейін мұқият есептелетіні соншалық, ойыншының ойын соңында ұтылудан басқа мұршасы қалмайды. Және бұл жүрістердің барлығы мәжбүр жүрістерден құралатындықтан, сіз қай кезде қате жібергеніңізді де байқамай қаласыз. Сонымен қатар кейде ойын ортасында шеберлер ойға алған бағытынан ауытқып, ұтысты жүрістерді көрмей қалса, кейде қарсыластың өзі қарсы қорғаныс жүрістерін сәтті ойнап, ойға алған жоспарды іске асыруға мүмкіндік бермейді. 
Ойын ортасының нақтылы шекарасы әлі анықталмаған. Ақшораев еңбегінде ғана бұл мәселе сөз болады. Онда да оның шекарасы – 8-14 жүрістер арасы деп көрсетілген. Бірақ әлі де болса, тереңінен зерттелуі қажетсінеді. Айтылғандарды нақтылы түсіну үшін, ойын партиясын талдап көрейік. 

5 Ойын соңы

 
Ойын соңы – ойынның басы мен  ортасында туындаған түрлі тактикалық тәсілдерді жүзеге асырудың шешуші кезеңі. Бүкіл ойын барысын жақсы өткізіп, ойынның аяқ шенін қате ойнап, жеңіліп қалуыңызға да болады немесе ойын ортасында қиын позицияға тап  болып, қате жүрістер жасап, жеңіліп  отырып, ұтып кетуіңізге де болады. Бұл  ойыншының шеберлігіне байланысты. «Сонымен қатар ойынның орта шенінде  жеңіп алған басымдықты, жақсы  позицияны немесе жеңіске жеткізетін кейбір мүмкіншіліктерді іске асыруға, жүрістерді анықтауда осы дәлдік қажет» – дейді Ә.Ақшораев[12.163]. Шынында  ойын соңы мұқият есептеуді талап  етеді. Бұл кезеңдегі басты мәселе – ойындағы құмалақтар саны, алған  тұздықтардың күштілігі емес, тақтадағы  жағдайдың тиімділігі және жеңіске  жеткізетін жүрістерді таба білген ойыншының  тапқырлығы. Әрине, қате жүрістер жасауға  ойынның ұзаққа созылуы, ойыншылардың шаршауы және тағы бір маңызды  фактор сағат тілінің құлауға  жақындауы әсер ететіні рас. Міне, сондықтан ойын соңын меңгеру, дұрыс  талдау – тоғызқұмалақ теориясындағы  басты мәселенің бірі. Осы нұсқауда ойын соңын талдауға арналған партиялар  арқылы – шебер ойыншылардың өздері де бұрын байқамаған соңғы жүрістерді байқауына болады. 








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!