TopIQ-мен топта бол!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

TopIQ-мен топта бол!

Материал туралы қысқаша түсінік
TopIQ платформасы оқушыларға қандай мүмкіндіктерді береді? TopIQ-мен жарқын болашақта өмір сүр!
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТорIQ платформасының оқушыларға тиімділігі!

Жетісу облысы

Сарқан ауданы Сарқан қаласы

Ақын Сара атындағы орта мектеп

7 сынып оқушысы Булат Құралай


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесін жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында түрлі веб-платформалар өз пайдасын  тигізуде. Соның ең тиімдісі «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасы – оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін де пайдалы ақпарат көздері орналастырылған, мектеп қабырғаларында оқытылатын оқулықтардың электрондық кітапханасы болып табылатын отандық алғашқы платформа. Бұл білім беру кеңістігі тек электронды оқулықтар кітапханасы емес, сонымен қатар интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы ретінде белгілі.

Мен не үшін ТорIQ-ды таңдадым? Себебі оқушылар үшін ыңғайлы, сапалы, қолжетімді, жаңашыл, ең бастысы – отандық өнім! TopIQ платформасын біздің Ақын Сара атындағы мектебінде мұғалімдер өз тәжірибесінде жиі пайдаланады. Платформа арқылы оқушыларды жаңа тақырыппен таныстырып, видеоматериалдарды көрсетеді. Сабақты бекіту кезеңінде оқушыларға дайын тапсырмаларды беріп, оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Оқушылар тапсырмаларды жеке орындай отырып, қатемен жұмыс жасай алады. Тапсырманы қайта орындау командасының арқасында берілген тапсырма оқушының ойына ұзаққа сақтай алады. TopIQ-мұғалімдер мен оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасалған көпфункционалды электронды білім беру платформасы болып табылады. TopIQ платформасы білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық дамуы үшін цифрлық дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл платформа мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, білім алушылардың қызығушылықтарын арттырады. Ал оқушы үшін тіптен тиімді. Ауыр кітаптарды арқалаған сөмкеден құтқарып, денсаулығын сақтайды, телефон мен ноутбукті жанына серік еткен олардың оқуға қызығушылығын арттырады. Оқушылар үй тапсырмаларын орындауға ерекше құлшынысын білдіріп, аталған платформамен жұмыс істегенді ұнатады. Тіпті сабаққа белсенділігі төмен балалардың тапсырмаларды орындай бастағанын байқауға болады. Қазіргі жазғы демалыс уақытында да мұғалімдер оқушыларға TopIQ платформасындағы көркем әдебиет кітаптарын оқуға кеңес беріп, оқушылар білімдерін жетілдіруде. Бастауыш сынып оқушыларына платформадағы 3D ертегі кітаптарындағы бейне көріністерді көріп, ертегілер оқу ұсынылды. Бұл да балалардың кітап оқуға құштарлығын ашады деген ойдамын.

Интернет дәуірінде дүниеге келген балалардың білімді қабылдау мен қорытуы өзгеше, жан-жақтылық пен цифрлық дүниелерге талпыныстары зор. Сол себепті бәсекеге қабілетті білім жолында барлық оқушыларға ТорIQ платформасын пайдалануды ұсынамын.

Мен Сіздерді білім беруде жаңа технологияларды қолдануда көшбасшы болуға шақырамын! TopIQ-мен топта бол!









































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.07.2024
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі