400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Топтық гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
9.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалау және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну Апта дәйексөзі: « Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді»
Материалдың қысқаша нұсқасы

С. Нұрмағамбетов атындағы №72 жалпы орта білім беретін мектебі

Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім

Гимнастика арқылы денені басқару дағдылары. Спорттық ойындар

Педагогтың аты-жөні

Иманбердиев Мажит Аманжолович

Күні

13.12.2024ж

Сынып

9 «Б» Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Топтық гимнастика жаттығулар тізбегін құру және бағалау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.1 Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалау және талдай білу, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты


Өзінің және өзгелердің шығармашылық қабілеттерін бағалайды және талдайды, оны шешудің қарапайым балама жолдарын ұсынады

Құндылық: бірлік және ынтымақ айы

Басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өз мінез-құлқыңызды сыни тұрғыдан бағалау және түзету

Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу

Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей біл

Сабақ барысы Апта дәйексөзі: « Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді»

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

15 минут

Дайындық бөлімі

Сәлемдесу.

Сапқа тұрғызу, сабақ барысын түсіндіру.

Қауіпсіздік және тәртіп ережелерін еске түсіру.

Жаттығулар орындау

1 . Екі қол жоғарыда аяқтың ұшымен, екі қол белде өкшемен жүру

2. Жеңіл жүгіріске көшу

3. Аяқты артқа , қолға жеткізе жүгіру, екі қол алдыда тізені биік көтере жүгіру

4.Оң және сол жақ қырымен адымдап жүгіру екі қол белде

5 .Жылдамдыққа жүгіру

6. Қолды екі жақтан тыныс ала көтеріп , түсіру, демді қалпына келтіру

Құндылық: Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып, өз көзқарастарын білдіре алу, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей білу

«Миға шабуыл» әдісі

-Гимнастика деген не? Ол туралы не білеміз?

-Гимнастикалық жаттығулардың маңызы қандай?

Сабақ тақырыбымен таныстыру және сабақ мақсатын анықтау



Мұғаліммен сәлемдеседі.


Сапқа тұрады.


Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреді.

Жаттығулар орындайды.

Мұғалім сұрақтарына жауап береді.

Сабақ мақсатын анықтайды




Қол шапалақ






Мақтау, мадақтау сөздері













Спорт зал







Төсеніш









Ысқырық




Ортасы

25 минут

Негізгі бөлімі

Дереккөз https://youtu.be/bFjy6DkhGyg

Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика  және спорттық гимнастика  сынды түрлері жақсы дамыған.

«Топтық гимнастика жаттығулар тізбегі» бейнесабақ көрсетемін.

https://youtu.be/SUsDnoqGq1A

Қауіпсіздік техникасы https://youtu.be/hz-vvpG8T_A

Гимнастика қауіпсіздік техникасын қайталау, әнгімелесу, түсіндіру, көрсету.

Гимнастикалық жаттығулардың жиынтығын жасату

1) Жинақталып алға, артқа домалау:

Басты төмен түсіріп, тізені бүгіп алға еңкейіп, арқаны бүкірейтіп ұстап, алға айналып кетуі керек.

2) Жауырынға тұру әдісі:

-Жауырынмен тұру алға домалап, артқа домалап тұрып жауырынмен тұру шынтақты жерге тіреу арқылы жүзеге асырылады.

3) Басқа тұру әдісі:

-Бір аяқты сермеп, екіші аяқты тіреп итеріліп, жолдасының көмегімен баспен және қолмен тұру.

4) Көпірше тұру әдісі:

Бұл да сондай, бірақ көпірді жеке өзі жасайды. Қол мен аяқ иықтың кеңдігіндей мөлшерде түзу ұсталып, бас артқа шалқаю керек. Көпірде 10 секундтай тұру керек.

Көмектесу ниетімен және қауіпсіздікті сақтау оның жанында бір оқушы тұрып, бір қолмен оның жауырынынан, екінші қолмен белінен демеу жасау.

5) Айналып екі аяғын тізесінен ұстап отырып қалу керек

Жаттығулар орындау барысында ЕББҚ оқушыларға қолдау көрсетемін.

Құндылық: Басқа адамдармен қарым-қатынас кезінде өз мінез-құлқыңызды сыни тұрғыдан бағалау және түзету


Гимнастика туралы ақпараттармен танысады.






«Топтық жаттығулар тізбегі» бейнесабақты мұқият көреді, өз ойларын айтады.

Қауіпсіздік техникасымен танысады.







Гимнастикалық жаттығу:

*жинақталып алға, артқа домалау

* басқа тұру

* көпірше тұру

* айналып екі аяғын тізесінен ұстап отырып қалу

жаттығуларын орындайды.

Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау







ҚБ «Бағдаршам»







Дескрипторы

-жинақталып артқа және алға домалай алады

-жауырынға тұрады

-көпірше жасайды

-басқа тұрады

-айналып екі аяғын ұстап отырады

-қауіпсіздік ережесін сақтайды

-өзара бағалау жасайды

-өзінің жұмысын бағалайды








ҚБ «От шашу»





Ноутбук








Дереккөз сілтемесі

https://youtu.be/bFjy6DkhGyg










«Топтық гимнастика жаттығулар тізбегі» бейнесабақ сілтемесі

https://youtu.be/SUsDnoqGq1A









Гимнастикалық жаттығулар көрсетілген суреттер


Сабақтың соңы

5 минут


Қорытынды бөлімі

«Серпілген сауал» әдісі

- Гимнастика сөзінің мағынасы қандай?

- Гимнастиканың қандай түрлері болады?

ЕББҚ оқушыларға:

- Гимнастикалық жаттығуларды орындауда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?

- Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңызы неде?

Кері байланыс «Рефлексиялық шеңбер»

- Бүгінгі сабақтан өзіңе не алдың?

- Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды?

- Ойын басында және соңында көңіл-күйің қандай болды?

-Ойын барысында қандай қиындықтар туындады? Неліктен?


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.



Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


ҚБ:

«Басбармақ»










Мақтау, мадақтау сөздері



Сұрақтар












Кері байланыс


Тексерілді:

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
13.02.2025
178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі