Тулегенова Арайлым
«GaIaxy» Халықаралық мектебі мекемесі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жүргізудің тиімділігі жоғары әрі оқушылар өзара тең дәрежеде қарым-қатынас жасап, өздерін еркін сезінуге мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс жүргізгенде ынтымақтастықтың маңыздылығы неде деген сауал туындауы заңдылық іспеттес. Расында да топтық жұмыста ынтымақтастық оқу дұрыс жолға қойылғанда ғана сабақтың тиімділігі артады, дұрыс психологиялық ахуал қалыптасады, бірлесе оқудың нәтижесі пайда болады. Ынтымақтастық оқуда топтағы әр оқушының жеке мүмкіндіктері ашылады, өзіндік қабілеттерін еркін көрсетеді, сол жұмысқа қосқан әр білім алушының үлесі нақты көрінеді, бір-бірін толықтырып, өзгелердің де пікірін құрметтеуге, білмегенін үйренуге, түзетуге мүмкіндік алады.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы тұрғыда топтық жұмыс маңызды рөл атқарады. Ол оқушылардың ынтымақтастық пен сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық – ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет ету қабілеті. Топта жұмыс істегенде оқушылар бір-бірін тыңдап, пікір алмасып , шешім қабылдауға үйренеді. Мұндай тәжірибе олардың қарым-қатынас жасау және командамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Топтық жұмыс барысында әр оқушы өз рөлін түсініп, жауапкершілік алады. Бұл өз кезегінде ұжымдық бірлікті күшейтеді.
Ал, сыни ойлау – кез келген ақпаратты талдау, бағалау және логикалық қорытынды жасау қабілеті. Бұл дағдыны дамыту үшін оқушыларға ашық сұрақтар қойып, олардың өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік беру қажет. Топтық жұмыс барысында оқушылар берілген мәселеге әртүрлі көзқараспен қарап, оны шешудің тиімді жолдарын іздейді. Олар пікірталас жүргізу арқылы аргументтерін дәлелдеп, жалған немесе сенімсіз ақпаратты ажыратуды үйретеді. Сонымен қатар, әртүрлі идеяларды салыстыру, сұрақ қою және шешім қабылдау қабілеттері дамиды.
Қорытындылай келе: топтық жұмыс – ынтымақтастық пен сыни ойлауды дамытудың тиімді құралы. Оқушылар бірлесе жұмыс істей отырып, өзара көмек көрсетуді, бірін-бірі қолдауды үйренеді. Ал, сыни ойлау арқылы олар кез келген мәселеге жан-жақты қарауға дағдыланады. Бұл дағдылар оқушылардың өмірлік және кәсіби жетістіктеріне оң әсерін тигізеді.
Мектеп директоры Эрметов Б.T.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Топтық жұмыс барысындағы ойлау дағдылары
Топтық жұмыс барысындағы ойлау дағдылары
Тулегенова Арайлым
«GaIaxy» Халықаралық мектебі мекемесі
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық және сыни ойлау дағдыларын дамыту
Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жүргізудің тиімділігі жоғары әрі оқушылар өзара тең дәрежеде қарым-қатынас жасап, өздерін еркін сезінуге мүмкіндік алады.
Топтық жұмыс жүргізгенде ынтымақтастықтың маңыздылығы неде деген сауал туындауы заңдылық іспеттес. Расында да топтық жұмыста ынтымақтастық оқу дұрыс жолға қойылғанда ғана сабақтың тиімділігі артады, дұрыс психологиялық ахуал қалыптасады, бірлесе оқудың нәтижесі пайда болады. Ынтымақтастық оқуда топтағы әр оқушының жеке мүмкіндіктері ашылады, өзіндік қабілеттерін еркін көрсетеді, сол жұмысқа қосқан әр білім алушының үлесі нақты көрінеді, бір-бірін толықтырып, өзгелердің де пікірін құрметтеуге, білмегенін үйренуге, түзетуге мүмкіндік алады.
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы тұрғыда топтық жұмыс маңызды рөл атқарады. Ол оқушылардың ынтымақтастық пен сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Ынтымақтастық – ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет ету қабілеті. Топта жұмыс істегенде оқушылар бір-бірін тыңдап, пікір алмасып , шешім қабылдауға үйренеді. Мұндай тәжірибе олардың қарым-қатынас жасау және командамен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіреді. Топтық жұмыс барысында әр оқушы өз рөлін түсініп, жауапкершілік алады. Бұл өз кезегінде ұжымдық бірлікті күшейтеді.
Ал, сыни ойлау – кез келген ақпаратты талдау, бағалау және логикалық қорытынды жасау қабілеті. Бұл дағдыны дамыту үшін оқушыларға ашық сұрақтар қойып, олардың өз пікірін дәлелдеуге мүмкіндік беру қажет. Топтық жұмыс барысында оқушылар берілген мәселеге әртүрлі көзқараспен қарап, оны шешудің тиімді жолдарын іздейді. Олар пікірталас жүргізу арқылы аргументтерін дәлелдеп, жалған немесе сенімсіз ақпаратты ажыратуды үйретеді. Сонымен қатар, әртүрлі идеяларды салыстыру, сұрақ қою және шешім қабылдау қабілеттері дамиды.
Қорытындылай келе: топтық жұмыс – ынтымақтастық пен сыни ойлауды дамытудың тиімді құралы. Оқушылар бірлесе жұмыс істей отырып, өзара көмек көрсетуді, бірін-бірі қолдауды үйренеді. Ал, сыни ойлау арқылы олар кез келген мәселеге жан-жақты қарауға дағдыланады. Бұл дағдылар оқушылардың өмірлік және кәсіби жетістіктеріне оң әсерін тигізеді.
Мектеп директоры Эрметов Б.T.
шағым қалдыра аласыз













