Досмағанбетова Асем Ғарифоллақызы
Жангелдин ауданы білім беру
бөлімінің әдіскері
Қостанай облысы Жангелді ауданы
Торғай селосы
ТОРҒАЙ ДАЛАСЫНДА БІЛІМ МЕН ИСЛАМНЫН СӘУЛЕСІН СЕПКЕН ҰЛЫ ҰСТАЗ
Кілт сөз: Ислам діні, әдебиет пен өнер, білім, мәдениетті дамыту, мұражайлар мен мешіт-медресе жұмыстарын жаңа заман талабына сай жүргізу,Ұлағатты ұстаз,дін қайраткері.
Аңдатпа: «... дүниенің төріне ұмтылғандар төрден орын алып жатыр. Ұмтылмағандар есікте қалып жатыр... қалмайық десек қарап жатпалық... қолымнан не келеді деп қорынбайық... Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады. Қазақтың бітіп, тынып тұрған нәрсесі жоқ. Әркім әлінен келер жұмысын алсын. Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болмақшы... қай ісіміздің де құдай сәтін салғай! «Әумин» деп қол жайып, «Әуп» деп күш қосып, «Алла» деп іске кіріселік» деген сөзін дұға деп танып жұмылайық.
(А.Байтұрсынов)
Ғазез Әмірханов 23 ақпан 1927 жылы Қазіргі Қызбел ауылының Теке өзенінің бойында мешіт қоныс орнында дүниеге келген. 1934 жылдан мектепке барып 1941 жылы Көкалат ауылындағы 7 жылдық мектепті бітіріп, 1942 жылы Торғайдан ашылған 3 айлық мұғалімдік курсты тәмәмдап 1942-1944 жылдарға өзінің туған ауылында Қазалы мектебінде ұстаз болып қызмет атқарады. 1944-1950 жылдарда Албарбөгет ауылындағы Қарақоға бастауыш мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1951 жылы қайтадан өз ауылы Қазалы мектебінде мұғалім болады.
1951-1955 жылдардан Алматыдағы Абай атындағы институтын бітіреді. 1955-1959 жылдарында Қаратүбек орта мектібінде директор болып қызмет атқарады. Сол кездегі білім беретін шәкірттері қазіргі таңдағы қоғам қайраткерлері, ел мақтаныштары, Торғай перзенттері ағайынды экономика докторы, профессор, академик Сәбит, Сайлау Байзақовтар, Су шаруашылығы Министрі қоғам қайраткері Нариман Қыпшақбаев, академик физика математика ғылымының докторы, профессор Фазылхан Бәйімбетов, жазушы, қоғам қайраткері Мемлекеттік сыйлығының иегері, ғалым, ұстаз Қойшығара Салғарин, жазушы «Қазақ» газетінің бас редакторы Қоғабай Сарсекеевтер болды. 1959-1964 жылдарда Қарасу ауданында орта 8 жылдық мектептерде директор болып істейді. 1964-1969 жылдарда Торғай қазақ орта мектебінің директоры болып ұстаздық еткен тұстағы шәкірттері танымал ғалымдарымыз- химик Жақсынтай Қайырбеков, физик-математик Төлеухан Қайырбеков, физик-математик Күләш Қайырбекова, химик Бәтжан Жұмағалиева, медицина ғылымының докторы профессор Дүйсен Бейсенов, дәрігер қоғам қайраткері Асқар Байжұмановтар. Ғазиз Әмірханов -киелі Торғай жерінде жас ұрпаққа біліммен тәрбие беруде және Ислам дінін ел өмірінде қайта еңгізуде, әдебиетпен өнерді, мәдениетті дамытуда, мұражайлар мен мешіт-медресе жұмыстарын жаңа заман талабына сай жүргізуде орасан еңбек сіңірді.
Қазақ елінің Тәуелсіздік заманындағы заманындағы алғашқы қажыларының бірі және мешіт салып, оған тұңғыш имам болған үлкен дін қайраткері, артында өшпес іс қалдырған ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, аты аңызға айналған ағартушы Ғазиз қажы Әмірханұлы. Ол- аты қазақ халқына белгілі Оспанқожа әулиенің немересі Ғазиз қажы – киелі Торғай жерінде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде және Ислам дінін ел өміріне қайта енгізуде, әдебиет пен өнерді, мәдениетті дамытуда, мұражайлар мен мешіт медресе жұмыстарын жаңа заман талабына сай жүргізуде ересен еңбек сіңірді. Өмірінің соңына дейін осы жолда бір күн тыным таппады. Жаны қалаған сүйікті бұл істерін жақсы жалғастыра білді.
Ол - қазақ елінің қай жеріне барса да үлкен құрметке, абыройға бөленді. Зор беделге ие болды. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлына Торғайда (1992ж) және Қостанайда (1998ж) екі рет ақ батасын берген дуалы ауыз батагөй абыз.
Ғазекең – туған елі құрметтеуге әбден лайық дарынды дінбасы, айтулы ағартушы,, майталман мәдениет қайраткері, артына сөз қалдырған қабырғалы қаламгер.
1990 жылы 70 жылдық зұлмат дәуірден кейін елге егемендігін алып дінімізге оралған Торғай халқы 1992 жылы тамыз айында көрнекті мешіт үйін және косымша құрылыс үйімен қоса салып, 21 тамыз 1992 жылы мешіттің ашылу салтанатына сол кездегі Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының Бас Мұфтиі Ратбекқажы Нысанбайұлы мен атақты ғұлама ғалым, тюрколог Халифа Алтайдың және Қазақтың көрнекті жазушысы Әбіш Кекілбаев бастаған ақын - жазушылар Қостанай, Торғай, Ақмола облысының имамдары мен облыс, аудан басшылары қатысқан жиын өтіп, еліміз имандылыққа келді. Осы жиында Мерке медресесінің тұңғыш түлегі Шоқан Ғазизұлын бас имам етіп тағайындады. Соңынан 10 күннен кейін арнайы Алматыдан Торғайға Елбасы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы келіп көріп, мешітте болып аса ризалық білдіріп, сол кездегі аудан басшыларына рахметін айтты. Мешіт жанынан 7 – айлық сауат ашу курсы ашылып, 50-ге тарта бала дәріс алып, жоғарғы, арнайы, орта діни білім беретін медресе институтқа түсіп бітіріп, қазір Республика, облыс, аудан мешіттерінде имамдық етуде, кейбіреулері Египет, Түркия елдерінде оқып жатыр.
Ғазиз Әмірханов өмірінің соңғы кездерінде шейін халыққа еңбек етіп, жас ұрпаққа тұлға орта буынға аға ұстаз бола білді.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, ағартушы Ғазез Әмірханов 2005 жылы 7 тамызында қайтыс болған.
1967 жылы «Қазақстан Респбуликасының білім беру үздігі» белгісімен, 1978 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген мұғалімі», Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет» грамотасымен, марапатталған және 3 медалі бар.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әмірхан Абдуллин «Тарихи Торғай» 2004ж.
Жақан Қосабаев «Туған жер деп толғандым» ЖШС «Шапақ» 2008ж.
Ы.Сариева «Текті Торғай» Алматы 2000 ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз