Тұңғыш президент күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұңғыш президент күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымыздыәлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«С.Қожанов атындағы жалпы орта мектебі»







Тәрбие сағаты :





Елі сүйген,Елін

сүйген,Елбасы!









Мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Нұрсұлтан Назарбаевтың сан қырлы талант иесі,құдіретті тұлға екенін таныту.

ә)Елімізге еңсе тіктетіп,мемлекетімізді мығымдап берген,халқымыздыәлемге танытып,алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б)Елін сүйген,елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Армысыздар қадірлі көрермендер,бүгінгі күнгі кешіміз-Тұңғыш Президент күніне арналмақ.

Хор:Сынып оқушылары.Қазақстан Республикасының Гимні

1-жүргізуші.1991 жылы өзінің тәуелсіздігін жеңіп алған жас мемлекет-Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп,елінің егемендігін ойлаған,ынтымақты,тұтастық ,бірлікті ойлаған ұрпақтың саналылығына мән берген ар менен намысты биік ұстаған,әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері – Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев туралы кең мағлұмат бермекпіз.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Назарбаев сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу,оны сезінбеу мүмкін емес еді.

2-жүргізуші. Жасай берсін,Нұрсұлтан Назарбаев!Н.Назарбаев 1940 жылы 6-шілдеде Алматы облысындағы Шамалған ауылында туған.Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап,ҚР- ның елбасына дейін көтерілген.Н.Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ.Кішкентай кезінен бастап,түрлі қиындықтарды бастан кешірген.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына ,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп отын жарды.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата – анасын қатты құрмет тұтты.

1-оқушы

Болашағым Қазақстанның алдағы,

Орындалсын қазағымның арманы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,

Халқымыздың сеніп алған таңдауы

Асқақ болып еліміздің жалауы,

Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.

2-оқушы

Тату өмір Тәуелсіздік енгелі,

Мәңгі қазақ жасау тиіс енді елі.

Жанын,қанын аямаған сан ғасыр

Мұнда жатыр бабалардың еңбегі.

3-оқушы

Қара шаңырақ – ел күні

Асқақтатып тұр мұны.

Елтаңбасы – елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

1-жүргізуші

Н.Назарбаевтың нақыл сөздері.

1- Жақсыдан бақ қалады.

2-Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ.

3- Тәрбие ошағы - мектеп.

4- Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін.

5- Біз үйренетін ұлттан үйрететін ұлтқа айналуымыз керек.

6- Ұлт болашағы білімді ұрпақ қолында.

Елдің,халықтың сенімін,үмітін,бабалар аманатын арқалаған – ең жауапты,ең қиын міндет. Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін ,ұлттық тілін, тарихын, мәдениетін құрметтейтін ,елі үшін отқа түсетін нағыз потриот қана атқара алады.

2-жүргізуші

Иә,мемлекетіміз тәуелсіз ел болып жарияланғалы бері ел экономикасы, білім беру саласы бәрі дамыды.Еліміздің осындай дәрежеге жетіп көк туымыздың астында бейбіт молшылықта татулықта, өмір сүріп жатқанымыз, аз уқыттың ішінде Қазақстан атын сонау шет елдердің танып жатқаны Елбасымыздың салихалы саясатының арқасы

1-жүргізуші

Иә,дұрыс айтасың ,бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық.Қаншама ата-бабамыз,Қайрат пен Ерболдай ағаларымыз,Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсізідк жолында құрбан болған боздақтарды еске алайық.

Ән: Жаса Қазақстан !

Орындайтын : Қалдарбек Сара



4-оқушы

Көк аспанда – алтын күн

Көк аспанда – жас қыран

Естілгендей біздің үн

Сол ғарыштың астынан

5-оқушы

Бақыт,бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикамның әнұраны

2-жүргізуші

Танытар әдет-ғұрпын,ел жайларын.Қазақстан –егеменді,тәуелсіз мемлекет,сондықтан оның өз әнұраны,туы,елтаңбасы бар.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағыең кіші

Рәміздерім – Әнұран,Ту,Елтаңба

Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі.

Көрініс : Президент күніне арналған.

1-жүргізуші

Қазақстанның егеменді ел атануына Елбасыымыздың қосқан үлесі зор.Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп отырған ұлы тұлға

2-жүргізуші

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әрдайым халықпен бірге,ол өз халқына үлкен қамқорлық көрсетеді.Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын,халықаралық қатыныстарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға.

6-оқушы

Менің Президентім

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар

Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.

Ел бірлігін ел тірлігін тілеген,

Ақ ниеті халық деген данам бар

Нарқына Арқа жерінің

Көрегендікпен қарады.

Жүрегі етті елінің,

Астана сынды қаланы

Қиялы ұшқыр,ойлы адам.

Әлемге болған аты аңыз.

Ұрпақтың қамын ойлаған,

Аман – сау жүрші,Атамыз.

7-оқушы

Биіктей бер,Нұр аға,

Қыран қанат талмасын.

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын.

Бағдарлап елдің ертеңін,

Тыныштық тауып жатпаған.

Болашақ үшін тер төгіп,

Үмітін елдің аяқтаған

Гүлдене бер,Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам!

Көбейткен достың қатарын,

Нұр аға-біздің ұлы адам

Естімейік енді елдің жылағанын,

Қайта құлап ,бостандық сұрағанын.

Абылайдың жолымен алға басқан,

Құт болсын «нұрлы жолы» Нұр ағаның.

8-оқушы

Қазақстан дейтін менің бар елім.

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп,уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

1-жүргізуші

Отан отбасынан басталады,ортақ шаңырақ биік,босаға берік болсын деген мағынаны, ал уықтар-үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуаттты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді, алтын қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қыралығын , өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдағын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз Бағымыз ашылып , жұлдызымыз жарқырай берсін, деген асыл арманды арқалап тұр.

9-оқушы

1993 жылы 15-қарашада ҚР-ның Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан,ақын,ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңба ,әнұраны бар.

10-оқушы

1995 жылы 28-қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды.

Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді,

Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің.

Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз,

Ата-баба мұра еткен,тұтастығын жеріміз.

Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды,

Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды.

Дейді заңы мемлекет үлкенге де балаға :

Оқу оқы ,еңбек ет,кәсіп жаса қалаған!

Әрбір бабы маңызды,әр көңілдіңжыры бір,

Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл...



11-оқушы

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам,жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек , айбынды елім,

Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім,дінім,ұлтым қайта көтерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

Елім,Жерім деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

2-жүргізуші

1995 ж. Сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1-жүргізуші

1999-ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н.Назарбаев 79,78 % дауыс алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

2-жүргізуші

2005 ж.желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,ҚР Президенті болып қайта сайланды.

1-жүргізуші

Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын,бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,қазақ елінің ертеңі,болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз.

Хор: Атамекен . Сынып оқушылары .





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2019
255
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі