Материалдар / ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛАҒАТТЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛАҒАТТЫ ДӘРІС
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛАҒАТТЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛАҒАТТЫ ДӘРІС

Материал туралы қысқаша түсінік
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҰЛАҒАТТЫ ДӘРІС ұстаздарға және білім алушыларға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Желтоқсан 2020
296
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұңғыш Президент күніне арналған ұлағатты дәріс



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты дәріс өтті. Дәріске ғалымдар, белгілі қоғам қайраткерлері, жас ғалымдар, университеттің докторанттары, магистранттары, студенттері және қонақтар қатысты. Қонақтар арасында ұлттық рейтингтің көшбасшысы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқытушылары: Идрисова Г.А., Бегалиева А.К., Наралиева Р.Т., Тойганбекова М.Ш. да болды.

Дәрісті модератор Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылым және цифрландыру жұмысы жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарының докторы Сахиев Саябек Қуанышбекұлы жүргізді. Азаматтық-патриоттық рухта өткен шара туралы толық мәліметті, қаралған мәселелерді www.htpp//kaznu.kz сайтынан біле аласыздар.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы екендігі, Елорда астанасы Нұр-сұлтан қаласының салынуы ешқандай дау тудырмайтыны анық.

Аз ғана мерзімде қос құрлықтың арасындағы ұлан-байтақ кеңістікте бабадан қалған қонысқа түгел иемденіп қалдық.

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған болатын. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған еді.

«Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм көрсетіліп, онда ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов «Тарихты жасайтын үш құдірет бар: ол – халық, ол – халықтан шыққан тұлға, ол – билік», - десе, өзі мінбеге шығып сөйлеген сөзінде еліміздің бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дүние жүзіндегі алып мемлекеттермен де қарым-қатынас жасауға қол жеткізгенін атап өтті.

Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дәулетхан Мәсімханұлы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи отанға оралуға жол ашылғанын, өзі келген 20 жылдай уақытта Қазақстан ғылымда біраз жетістікке жеткенін айып, Елбасының тарихи тұлғасын жоғары бағалады.

Тұңғыш Президент күніне арналған дәріс жастардың тарихи танымын, қоғамдық санасын қалыптастыратындай дәрежеде өтті.

Дәрістің соңында «Көк тудың желбірегені» әні орындалды. Қонақтарға «Ұлы дала тұлғалары» орталығы шығарған кітаптарды орталық директоры саяси ғылымдарының докторы Г.Р. Нурымбетова сыйға тартты.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушылары

Р.Т., Наралиева, А.К. Бегалиева



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!