400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ТҮРІКШІЛДІК ИДЕЯ - РУХАНИ ТҰТАСТЫҚ НЕГІЗІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғасырлар бойы бір мақсат, бір мүдде аясында өмір сүріп келген түрік халықтарының басында болып өткен тарихи кезеңдер олардың бірде ыдырап, бірде бірігіп, рухани тұтастық жолындағы күрес аясында дамып келді. Алайда түрлі тарихи кезеңдерде түрік халықтарының дағдарысқа түсіп, көрші елдермен арасындағы саяси тартыс барысында ұлттық тұтастықтан ажыраған кездеріміз бүгінгі таңдағы әр тараптық дамуға әкеліп соқтырды. Сонау Көк Тәңірі ұстанымы ортақ сенімнің іргетасын ыдыратпай, ұлттың беталысын бір арнаға бағыттап тұрған кездегі рухани бір ізділік түрік халықтарының әлем алдындағы үстемдігін нығайтты емес пе. Қазіргі таңда тағы, жабайы, тұрпайы аталып жатқан сол түріктердің қасиеті неден қалыптасты, неліктен олардың айбынды ұрандары көрші жатқан елдердің зәре құтын қашырды? Батыстық пиғылдағы зерттеуші ғалымдардың бір жақты пікірлері ғасырлардың қат-қабат парақтарының астында өтірікпен өріліп, біздің заманымызға теріс түсінік тұрғысында жеткен жоқ па деген сұрақ кім-кімді де ойландыратын за
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТҮРІКШІЛДІК ИДЕЯ - РУХАНИ ТҰТАСТЫҚ НЕГІЗІ


Есболаев Жандос Жамбылұлы, 6В02211- «Тарих» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.


Ғасырлар бойы бір мақсат, бір мүдде аясында өмір сүріп келген түрік халықтарының басында болып өткен тарихи кезеңдер олардың бірде ыдырап, бірде бірігіп, рухани тұтастық жолындағы күрес аясында дамып келді. Алайда түрлі тарихи кезеңдерде түрік халықтарының дағдарысқа түсіп, көрші елдермен арасындағы саяси тартыс барысында ұлттық тұтастықтан ажыраған кездеріміз бүгінгі таңдағы әр тараптық дамуға әкеліп соқтырды. Сонау Көк Тәңірі ұстанымы ортақ сенімнің іргетасын ыдыратпай, ұлттың беталысын бір арнаға бағыттап тұрған кездегі рухани бір ізділік түрік халықтарының әлем алдындағы үстемдігін нығайтты емес пе. Қазіргі таңда тағы, жабайы, тұрпайы аталып жатқан сол түріктердің қасиеті неден қалыптасты, неліктен олардың айбынды ұрандары көрші жатқан елдердің зәре құтын қашырды? Батыстық пиғылдағы зерттеуші ғалымдардың бір жақты пікірлері ғасырлардың қат-қабат парақтарының астында өтірікпен өріліп, біздің заманымызға теріс түсінік тұрғысында жеткен жоқ па деген сұрақ кім-кімді де ойландыратын заман келді. Қайраткер ғалым Тұрсын Жұртбай «Дулыға» атты танымдық еңбегінде мынандай мысал келтіріпті, соған назар аударып көрелік: «Құрушысы – Алып-Ер Тұнға (Афрасияб). Құрылған уә бекиш (билеген) тарихлары – б.д.д. ҮІІ-ІІ- жүзжылдық. Өлкесі уә жерлері – Күнгей Сібір (Енесай бойлары мен Ертіс – Тобыл бойлары) – дунай бойлары (Ердел – Мажарыстан уә Чехословакия), Хазар теңізі тоғысындағы Батыс Түркістан (Хорасан - Ауғаныстан) – Хазар теңізі батысындағы Кур-Аракс (Аран бойлары) – Таяу Шығыс бойлары (Ирак, Сирия уә Түркия). Діні – Көк Тәңірі. Жазуы – Көк түрік әліпбиі. Жазу тілі – түрікше». Байқағанымыздай осыншалықты ұлан-ғайыр мекенді емін-еркін иемденіп, ортақ діні, тілі, жазуы болған ұлыстар бірлестігінің тарихы бір ғалымның қолдан жасаған пікірімен өлшенбесе керек. Өйткені ұлтымыздың келешегі, тарихи дамуы әлем халықтарының алдында көріне көзге былыққа батырылып жатса, оған кейінгі ұрпақ немқұрайлы қарап, үнсіз бас шұлғып тұрса одан біздердің ұтатынымыз шамалы. Рас, тәуелсіздік алғанға дейін бұл мәселе тыйым салынған, жабық тақырып болды да біздің ұлтшыл тарихшы ғалымдарымыз тек сыңаржақ пікірдегі батыстық ғалымдардың пікірлерін қолдамасына шарасы болмады. Алайда Л.Гумилев сынды турашыл ғалымдардың еңбектерінде шым-шымдап тарих беті әділ айтылып жатты. Тура осындай көрініс әдебиеттану ғылымында да орын алып келді. Мұның астарында келешек жастардың жадынан ұлт мақтанышына айналар тарихи жетістіктерімізді өшіруге, рухани тұтастықтан ажыратуға бағытталған өте нәзік идеологияның ізі жатты. Бағанағы айтылған Афрасиябтың тарихи есімі Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында Алып Ер Тоңа екендігін аса мақтанышпен дәріптеліп айтылса да, тек Фирдоусидің «Шаһнамасында» суреттелген құбыжық күйінде танып келдік. Одан бергі замандарда Мағжанның дауылды өлеңдерінде жырланып келген түрік тұтастығы турасындағы өлеңдерін оқымақ тұрмақ олардың есімдерінің өзі тарихтан бір жола өшірілді. Қазір қарап отырсақ біздің жыл санауымызға дейінгі ұлттық тарихымыз бен әдебиетіміздің ең шұрайлы беттері аяусыз табанға басылып, бірнеше ұрпақ ата-баба тамырынан нәр ала алмай, жұтаң болып өсіпті. Күштінің қолында, жуан жұдырықтың астында күн кешу дегеніміз осындай-ақ болар. Осындай тарихи жәдігерлеріміздің түп төркінінде түрік тарихының шындығы сілем-сілем болып көрініп жатса да, соншалықты аярлықпен бұрмалануы өкінішті-ақ.

Бүгінгі таңда ғасырлар бойы айтылмай келген шындықтың көбесі сетінеп, түрік халықтарының рухани тұтастықтың арнасына қайта бет бұрып, туыстық қарым-қатынасты орнатуға деген ниеттерінің бар екендігі аңғарылады.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24.05.2024
350
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі