Үйірменің мақсаты – шәкірттердің талантын,
шығармашылық қабілетін дамыту
«Жас талап», «Жауқазын»
үйірмелері биылғы 2022-2023 оқу жылындағы кезеңдік өз жұмысын
факультет тыңдаушыларына – еліміздің білім беру жүйесі әлемдік
білім беру нарығында бәсекелестікке қабілетті екендігін көрсету
және университетіміздің отандық білім беру саласында жоғары оқу
орындарының көшбасшысы екенін насихаттаумен қатар Тәуелсіз
Қазақстан Республикасының интеллектуальды әлеуетінің жоғарылығын,
экономикасының қарқынды дамып келе жатқан өркениетті, зайырлы
мемлекет екендігі туралы шетелдік азаматтарға жағымды көзқарасын
қалыптастыру және атамекенін Отанымды деп танып, еліміздің игілігі
үшін қызмет етуге шақыру, оралман қазақ жастарына
азаматтық-әлеуметтік патриоттық тәрбие беру мақсатында қазан айында
«Атамекен – алтын бесік» (толығырақ ақпаратты
https://www.kaznu.kz
сайтынан аласыздар) атты
мәдени шараны ұйымдастырумен бастады. Еліміздің жарқын болашағы –
білімді де білікті, әлемдің білім-ғылым кеңістігінде, еңбек
нарығында бәсекеге қабілетті жастар. Ұстаздардың қасиетті парызы –
жастарға терең де сапалы білім, саналы тәрбие беру. Бүгінгі білімді
жас – ертеңгі білікті маман, сондықтан да факультеттегі білім алушы
жастарға терең біліммен беру қатар саналы тәрбие беруді басты
парызы санайтын ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының ұстаздар ұжымы
кафедра жанынан «Жас талап» үйірмесін ашты. Үйірме еліміздің білім
және ғылым министрілігі мен университеттің ережелеріне білім беру
стандартын басшылыққа ала отырып, өз жұмысын ұйымдастырады.
Еліміздің толерантты келбетін, бейбітшілдікті сүйгіш сипатын
насихаттай отыра, білім алушы әрбір жасқа өз қабілетіне қарай жеке
тұлға болып қалыптасуына көмектесетін кәсіби бағдар беретін
бейіндік сабақтарды өткізеді. Үйірме мен клубтың ашылу салтанатын
кәсіби бағдар беруге арналған «Мамандықтың бәрі жақсы» атты
бейіндік сабақты ұйымдастырумен бастайды. Себебі елімізге білім
алуға келген шетелдік азаматтар ең әуелі дайындық факультетінде
тілдік дайындықпен қоса таңдаған мамандығына орай негізгі пәндерден
сабақ оқиды. Мамандығы туралы нақты ақпарат алу осы жұмыстың қыры
мен сырын және осы кәсіптің басымдығын, приоритетін түсінуге
себепші болып, жастарға мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі деп
ойлаймыз. Сонымен қатар біздің үйірме жастарды шығармашылық
қабілетін дамытуды, оларды креативті ойлауға, ғылыми ізденіске
жетелеуді, өз бетінше жұмыс істеуге баулуды мақсат
етеді.
Осы мақсатта қызықты сабақтар,
тренинг-семинарлар, викториналар білім сайыстарын – брейн-рингтер,
шығармашылық байқаулар өткізуді ұйымдастырады. Үйірмеміздің ұраны:
«Оқы, ізден, еңбектен! Жас ұрпақ! ».
Ұстанымы: «Арамызда артта қалушылар
болмасын»,– деген мұратпен кафедрада білім алушылар арасындағы
үлгерім төмендігі секілді сәйкессіздерді түзетуге арналған қосымша
факультативтік жұмыстар да жүргізіледі. Әрине, жалаң білім сапалы
тәрбиесіз жемісті болмайтындығы бәрімізге де мәлім, сондықтан
үйірме өз жұмысын білім саласы мен тәрбие сапасын ұштастыра
жүргізуді негізге алады. Осы мақсатта «Кітап – алтын қазына»,
«Тәрбие басы – тіл», «Саяткерлік – ұлттық рухтың негізі»,
«Табиғат-анаңды аяла», мәдени-танымдық саяхаттар, кәсіби бағдар
беретін бейіндік сабақтарды ұйымдастырады. Шығармашылық қабілетін
арттырып, шыңдау мақсатында «Қазақстан шетелдіктердің көзімен»,
«Атамекенім –айбыным менің», «Мақал-мәтел – сөз мәйегі» атты
шығармашылық байқаулар өткізеді. Студенттік ғылыми конференцияларға
қатысамын деген талапкерлерге ғылыми жетекшілік жұмысын
атқарады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ үлттық
университеті
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының аға
оқытушылары
Наралиева Р.Т.,
Бегалиева А.К.