
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлдар жиналысының хаттамалары. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
2021-2022 оқу жылында «Пенжім орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Ынтымақ» ұлдар ұйымының
5-11 сынып оқушыларымен өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ №1
15.09.2021 жыл Пенжім ауылы
Қатысқандар:
-
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Матенова Б.Б., Сабыржан С.С.
-
«Ынтымақ» ұлдар ұйымының жетекшісі Жұмабай Д.
-
Сынып жетекшілер
-
7-11 сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1. Мектеп ережесімен таныстыру. ДТІЖО Матенова Б.Б.
2. «2021-2022 жаңа оқу жылына Ынтымақ» ұлдар ұйымының жаңа құрамын сайлау. Жұмабай Д.
3. Жаңа оқу жылының жоспарымен таныстыру. Жұмабай Д.
4. «Тазалық-денсаулық кепілі» баяндама мектеп медбикесі Мавинова А.
Тыңдалды: күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матенова Берен Баянгалиевна сөз алды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша оқушыларға қойылатын талаптар мен оқушы ережесімен таныстырып өтті.
Жалпы ереже:
-
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
-
Мектеп мүлкіне ұқыпты қарау, тазалықты және тәртіпті сақтау.
-
Мектеп мүлкін бүлдірген жағдайда шығынын өтеу (өзі немесе ата-ана көмегімен)
-
Ұстаздардың берген тапсырмасын орындау
-
Оқушы құрбыларын сыйлауға, ұстаздар мен басқа да үлкен адамдарды құрметтеуге міндетті.
-
Мектепке оқу құралдарынан басқа артық заттар әкелуге тыйым салынады
-
Мектепте немесе мектеп маңында әдепке жат әрекеттерге тиым салынады.
-
Күштеу, бопсалау, қорқытуға тыйым салынады.
-
Мұғалімдердің рұқсатынсыз сабақ кезінде мектептен кетуге болмайды.
-
Оқушы сабаққа келмей қалған күні сынып жетекшісіне дәрігерден немесе ата-анасынан өтініш әкелуі тиіс.
-
Сабақты себепсіз қалдырмауы тиіс.
-
Ұялы телефонға рұқсат жоқ.
2. Мектеп оқушыларының формасының сақталуы:
2. Мектеп формасына қойылатын талаптар: (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26бұйрығы)
2.1. Ұл балалардың мектеп формасы: пиджак, жилет шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
2.2. Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
2.3. Мектеп формасына түрлі діни конференцияларға қатысты киім элементтерін қосуға тыйым салынады. (ҚР Білім және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 бұйрығымен бекітілген).
3. Оқушылардың мектепке келуі мен кетуі:
3. Мектепке сабақ басталғанға дейін
3.1. Оқушылар мектепте сабақтың басталуына 15 минут қалғанда мектеп үлгісінде таза, ұқыпты киініп келеді. Төменгі сынып оқушылары сабақтың басталуына 15 минут қалғанда келеді.
3.2. Мектепке кіргеннен соң сырт киімдерін шешіп, шаштарын, киімдерін ретке келтіріп, сынып бөлмесіне барады. Сабаққа керек оқу-құралдарын парта үстіне шығарып, дайын отырады.
3.3. Мектеп ішінде «Жас ұлан» және «Жас қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына өткен оқушылар өздеріне міндеттелген формаларды талапқа сай киініп жүруі /галстук және төсбелгі/
4. Сабақ үстінде
4.1. Сынып бөлмесіне мұғалім кіргенде оқушылар орнынан тұрады. Сәлемдескеннен кейін мұғалімнің рұқсатымен орындарына отырады. Сонымен қатар сабақ үстінде сынып бөлмесіне кірген жасы үлкен адамға оқушылар орнынан тұрып сәлемдеседі. Мұғалім немесе басқа да жасы үлкен адам сынып бөлмесінен шыққанда да оқушылар орнынан тұрады.
4.2. Сабақ үстінде сабақтың тәртіп ережелерін сол сабақтың пән мұғалімі белгілейді.
4.3. Сабақ үстінде шулауға,өз бетінше қозғалуға, басқа оқушыларды алаңдатуға, әңгіме айтуға, сабаққа қатысы жоқ басқа іс-әрекеттермен шұғылдануға, ойын ойнауға болмайды.
4.4. Егер оқушы бір нәрсе айтқысы келсе, жауап бергісі келсе, сұрақ қойғысы келсе қол көтереді. Тек мұғалімнің рұқсатынан кейін ғана орындай алады.
4.5. Қоңырау-мұғалімге сабақтың басталғаннан және аяқталғанын хабарлайтын тәсіл. Қоңырау сабақ уақытын дәл есептейді.
4.6. Егер оқушы денсаулығына байланысты сабақтан қалса, сынып жетекшісіне дәрігерлік анықтама немесе өте қиын жағдайда ата-анадан мәлімдеме қағаз әкеледі. Сабақтан дәлелсіз қалуға, сабаққа кешігуге болмайды.
5. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан кейін
М І Н Д Е Т Т І
5.1. Үзілісте
· баспалдақ және дәлізде, сынып бөлмесінде жүгіруге, ойнауға;
· бір-бірімен алысуға, әр түрлі затарды лақтыруға, дене күшін қолдануға;
· айқайлауға, лас сөздер айтуға, шулауға, басқа оқушылар мен мұғалімдердің демалуына кедергі келтіруге болмайды.
5.2. Асханада
· ыстық және сұйық тағамдарды тұтыну кезінде сақтық пен абайлаушылықты басты назарда ұстайды.
· Асханада дайындалған және үйден әкелінген барлық тағам мен шырынды тек асханада ғана қабылдайды:
· Тамақтанып болғаннан кейін үстел үстін жиыстырады.
6. Үйірмелер мен іс-шараларда:
-
Әрбір оқушы өз қалауы бойынша үйірмелерге қатыса алады. Сынып жетекшілерімен және үйірме жетекшісімен бірге үйірмеге жазылады.
-
Үйірме мүшелерінің бірінші жиналысында үйірмеге қатысатын оқушылар мен үйірме кестесі, мерзімі таныстырылып, тапсырмалар беріледі.
-
Үйірмеге қатысушылардың тізімі журналға жазылады.
-
Үйірме мүшелері тәртіп бұзған жағдайда үйірмеден шығарылады.
-
Сыныптан тыс іс-шаралар белгіленген уақытта басталады.
-
Оқушылар іс-шараларға уақытылы қатысуы керек.
-
Көпшілік орында, концертте отырғанда оқушылар өзін мәдениетті ұстауы тиіс.
-
Орнынан тұрып жүруге іс-шаралар біткенше көпшілік залынан шығып кетуге болмайды.
7 . Қорытынды ереже
7.1. Көрсетілген ережелер мен мектеп Жарғысын бұзған жағдайда оқушыларға мектеп Жарғысында қаралған тәртіп ережелерін үйрететін іс-шаралар өткізіледі. Мектеп Жарғысына атап көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқушыға қатаң шаралар қолданылады.
7.2. Осы ережелер мектепте өткізілетін барлық іс-шараларда жүзеге асырылады.
Жалпы мектеп ережесі таныстырылды, ережені сақтай отырып жұмыстар жүргізілетін болады.
Сөйледі: Күн тәртібінің екінші, үшінші мәселесі бойынша «Ынтымақ» ұйымының жетекшісі Жұмабай Дидар сөз алды. 2021-2022 жаңа оқу жылына «Ынтымақ» ұлдар ұйымының жаңа құрамын сайлау туралы ортаға салынды. Бір ауыздан «Ынтымақ» ұлдар ұйымының төрағасы Азимхан Нұрбек сайланды. Әр сыныптың ұлдар секторларымен бірге жұмыс жүргізіледі. Жалпы мектеп формасы, тәртіп, жеке бас тазалығы, сабақтан себепсіз қалмау, кешікпеу, оқу- құралдарының әкелінуі қадағаланып отыратынын ескертіп айтт. Жалпы жылдық жоспар жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша әр түрлі тақырыптарда баяндама, сырласу, кездесулер, әңгіме, сайыс, дөңгелек үстел өткізіледі. Әр айда жиналыс өткізіліп, хаттама жазылып отырады.
Сөйледі: «Тазалық-денсаулық кепілі»
баяндама мектеп медбикесі Арзыгул Мавинова сөз алды.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір
адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын
қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып,
еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау»
деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір
салтын сақтау қолдауда.
Қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп
қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің
де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын,
өмірдегі басты байлық – денсаулық. Денсаулық – бұл адамның еңбекке
белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани
саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру
жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды
жу;
- Ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыстан кейін, әжетханадан соң міндетті
түрде қолыңды жу;
- Бет орамал пайдалан, мұрныңның әрқашан таза болуына көңіл
бөл;
-Түшкірген, жөтелген кезде мұрның мен аузыңды бет орамалмен жауып,
теріс айналып түшкір немесе жөтел;
- Шашыңды дұрыстап күт: уақытылы тара, буып немесе өріп қой;
- Төсегіңді жинау, жеңіл-желпі киімдеріңді өзің жуып, үтіктеу,
түймеңді қадап, бәтеңкеңді тазалау – бұл әркімнің-ақ қолынан
келетін іс;
- Ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімнің таза және үтіктелген
болсын;
- Мектепке киетін киімің мен үй киіміңді ұқыпты ұстап, уақытылы
ауыстыр. Ал қонаққа барарда жарасымды да сәнді киінген жөн;
- Үйден шығарда сырт бейнеңді айнаға қарап түзеуге әдеттен;
- Аяқ киіміңді күтіп киіп үйрен, тазалауға уақыт бөл;
- Мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
- Өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- Кітап – дәптеріңді пайдаланып болған соң, орнына қой;
- Ине-жіп, қайшы, тарақ, кітапша сияқты заттардың өз орнынан
табылғаны дұрыс. Алсаң, орнына деру қой;
- Сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киімілгішке іл. Мектеп
формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
- Ойнасаң, ойыншықтарыңды да жинап, реттеп қой.
Тері тазалығы – адам денсаулығының кепілінің бірі. Ыстық
сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар
мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең
өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен
суықтан сақтайды. Әр шаштың өзінің өмір сүру мерзімі бар. Шаш сырт
көзге өз қалпын сақтап тұрғанға ұқсағанмен, шын мәнінде күніне 100
тал шаш түсіп, 100 тал шығып отырады. Шашты аптасына 1 рет жуған
жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға
болмайды.
Құрметті оқушылар денсаулықты күтеміз!
Шешім:
1.Мектеп Ережесінің орындалуын қадағалау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Матенова Б.Б., Сабыржан С.С. мен сынып жетекшілерге жүктелсін.
2. «2021-2022 жаңа оқу жылына Ынтымақ» ұлдар ұйымының жаңа құрамын сайланып, іс шаралар жоспарлы түрде атқарылсын.
3. Жаңа оқу жылының жоспары бекітілсін.
4.«Тазалық-денсаулық кепілі» тақырыбындағы баяндама қанағаттанарлық деп табылып, мектеп оқушыларының денсаулығын тексеріп, қадағалау, сонымен қатар әдеп сабақтары, түрлі кеңестер беру мектеп медбикесі Мавинова А. мен сынып жетекшілерге жүктелсін. Осы шешімнің орындалуы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Матенова Б.Б., Сабыржан С.С. тапсырылсын.
2021-2022 оқу жылында «Пенжім орта мектебі» коммуналдық
мемлекеттік мекемесі
«Ынтымақ» ұлдар ұйымының
5-11 сынып оқушыларымен өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ № 2
26.10.2021 жыл Пенжім ауылы
Қатысқандар:
1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Матенова Б.Б., Сабыржан С.С.
2. «Ынтымақ» ұлдар ұйымының жетекшісі Жұмабай Д.Қ
3. Сынып жетекшілер
4. 7-11 сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
1. «Бала құқығы туралы» кеңестер беру. ДТІЖО Матенова Б.Б.
2. «Жаман әдеттерден аулақ бол» Билогия пәнінің мұғалімі Смадилова А.
Тыңдалды: күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Матенова Берен Баянгалиевна сөз алды. Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша таныстырып шықты. Ата-бабаларымыз жазу- сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Сол кезде адамдарда көптеген сұрақтар туындады. Келісімді бейбіт өмір сүру үшін «Адам құықтарының декларациясы» деген кітап жарық көрді. Бұл кітаптарды үлкендер өздеріне арнап жазды. Ал, балаларға қамқорлық жасай отырып, балалар бақытты өмір сүру үшін «Бала құқықтары туралы Конвенциясы» жазылған.
Бала туралы Конвенциясы ҚР 1994 жылы11 қарашада заңдық күшіне енді. 2002 жылы 2 қырқүйекте Қазақстан «Бала құқықтары туралы конвенцияға қол қойды, сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» еңгізілді. Конвенция-0-ден 18 жасқа дейінгі барлық балаларға қатысты халықаралық заңы бар құжат.
Бұл заң 9- тарау, 53- баптан тұрады.
Бала деген кім? 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады.
Бала дүниеге келген соң өзіне есім алуға, азаматтық алуға, өз ата-анасын танып білуге, олар тарапынан қамқорлық көруге құқылы. Әрбір бала өмір сүру құқұғына ие және Мемлекет оның өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге міндетті. Жасы жетпегендіктен, әлі қабілеті толық қалыптаспағандықтан балалар өз мүделерін өздері қорғай алмайды. Балаларына қамқорлық жасау және тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы, әрі парызы. Ал, тәрбиеден қате жіберілсе, оның салдары ата –ананың өзіне тиеді. Тәрбисіздік пен адамгершіліке жатпайтын тәртіп балаға оңайға соқпайды. Қоғам да, басқа адамдар да мұндай қылықтан зиян шегеді. Әрбір баланың өз отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге, олардың қамқорлығына, өзінің мүделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға, жан-жақты өсіп-жетілуіне құқылы. Ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқада себептері баланың отбасында тәрбиелену құқығын «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңында жазылған: Заңның 13-тарауында белгіленген. Ата-анасы некесінің бұзылуы, ата-анасының бөлек тұруы баланың құқығына кері әсер етпеуге тиіс. Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда немесе басқа мемелекеттерде тұруына байланысты баланың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Кейбір жағдайда ата-аналық құқықтан айырғаннан кейін ата-ана мен бала арасындағы байланыс тоқтайды. Соттың шешімімен ата-аналық құқығын жойған адамда енді баласын тәрбиелеу құқығы болмайды. Ол ата-ана енді басқа біреуден өзінің баласын сұрап, баланың заңды өкілі және оның мүдесін қорғауға да құқығы болмайды. Бірақ ата-аналық құқығы жойылған адам баланы материалдық жағынан қамту міндетінен босатылмайды. Егер ата-аналық құқығынан айырылған адам өзінің қателігін мойындаса, жеке бас тәртібін түзесе, онда оған ата-аналық құқығы қайтадан қалпына келтірілуі мүмкін. Ата-анасының қамқорлық жасауынан айырылған балаларды тәрбиелеп, мәпелеу-мемілекеттің, қоғамның қасиетті борышы. Бала-ата –ананың көз нұры, көңіл қуанышы, өмірінің жалғасы. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Бала тәрбиелей отырып, артына із, өшпес мұра қалдырған. «Тәртіптің ең тамаша мектебі-ол отбасы»-деген С.Смайлс. Ұл- қыз ата –анасын қуанышқа бөлеп, бақытқа жеткізу үшін, ең әуелі әдепті болуы керек. Әдепті болып өскен бала ата –анасының көз қуанышы. Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу-зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен сырлас дос бола біл. Дүниедегі мақсатың да, міндетің де ең үлкені-ол ертеңгі күнгі өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру.
Жоғарыда айтылған кеңестерді есте сақтайық!
Сөйледі: «Жаман әдеттерден аулақ бол» Билогия пәнінің мұғалімі Смадилова Айгерім сөз алды.
Әңгіме:
Жағымсыз әдеттерге темекі шегу,арақ ішу,улы заттарды иіскеуге әуестену (токсикомания) сияқты қауіпті әдеттер жатады.Оларға адам тез үйреніп кетеді.Әсіресе бала ағзасы тез үйренеді.Адам бұл тәуелділіктен тез арыла алмайды.Жағымсыз әдеттер «қауіпті құмарлық» деп аталады,олар тіршілік үшін аса маңызды мүшелер қызметінің бұзылуына,әртүрлі аурулардың пайда болуына әкеп соқтырады.
Темекінің адам ағзасына зиянды әсері. Шылым шегу-денсаулыққа елеулі зиян келтіретін жағымсыз әдеттердің бірі.Шылым шеккен кезде ағзаға улы және зиянды заттардың өте көп мөлшері енеді.Темекі құрамында ағзаға зиян келтіретін никотин деген зат болады.Никотин-күшті у,ол тіршілік үшін өте қауіпті.Ол миға,өкпеге, жүрекке және бүйрекке әсер етеді.
Бүгінгі күні бұл заттардың 1200-ден астам түрі белгілі.Олардың 200-і ағза үшін өте зиянды.Темекінің қауіпті уларына никотин,темекі шайыры,улы газ жатады.Ағза никотинге әдеттенеді де,уланады.Темекі шайыры темекі жапырағы жанған кезде пайда болады.Тәулігіне темекі шегушінің өкпесінде көп мөлшерде шайыр жиналады.Улы газ оттегінің орнын алып,ағзаны уландырады.
Шылым тарту әр жаста да қауіпті.Әсіресе,балалар үшін өте зиян.Темекідегі улы заттар олардың бойының өсуін және дамуын төмендетеді,өкпе ауруына шалдықтырады.Міне,сондықтан да кішкене күнінен шылым шеккен балалардың бойы өспейді,тез шаршайды,нашар оқиды.Бұл балалардың есте сақтауы нашарлайды,көру қабілеті төмендейді.Шылым шегетін адамдардың өкпесі,асқазан,қан тамырлары көп зардап шегеді.Оттегі жетіспегендіктен,ағзаның жұмысы нашарлайды.
Жағымсыз әдеттердің келесі бір түрі-ішімділік(алкоголь).Алкоголь –у.Ол жүрекке,өкпеге,бүйрекке,бауырға әсер етеді.Алкоголь қанмен миға жетеді де сөйлеу қабілетіне,психикаға әсер етеді.Қатты бас ауру пайда болады.Бұл жағдайда дереу дәрігерге қаралған жөн!Өз денсаулығынды сақтап қалу үшін ешқашан темекі тартпа және ішімдік ішпе.Маскүнемдік-емделуі қиын,ұзаққа созылатын ауру.Ішімдік ми, асқазан, жүрек, бауыр,бүйрек және қан қысымының көтерілуі-гипертония,бауыр ауруы-цирроз және жүйке, жан сезім ауруларына душар болады.
Ырықсыз темекі шегу.
Шылым шегуші темекі түтінін жұтып қана қоймайды,сондай-ақ оның түтіні қоршаған ортаға да тарайды.Ауаға темекі түтінінің жартысы және темекі шеккен адамның шығарған түтіні де түседі.Сөйтіп ауа никотинмен,улы газбен,шайырмен және басқа зиянды заттармен ластанады.Балалар немесе ересектер шылым шеккен адамның қасында немесе темекі такртылған бөлмеде болса,ырықсыз шылым шеккіш қатарына қосылады.
Жапонияның ғалымдары темекі шеккен адамның(әкесінің,ағасының және басқа)қасында болған балалар шегілген шылымның жартысын қабылдайтынын дәлелдеді.Міне,темекі шегілген,түтіндетілген бөлмеде немесе темекі шеккен адамның қасында болуға болмайтын себебі осы.
Темекіні қоямын деген адамда ең бастысы-темекі шегушінің осы зиянды әдеттен арылайын деп шешім қабылдауы.Темекі шегуге құмарту ұзаққа созылмайды.Егер осы кезде бірнеше жаттығуларды орындап,қызықты іспен айналыссаң,музыка тыңдасаң,темекіге құмартуың ұмытылады.Темекі тартатын балалардан аулақ болғаның жөн.Егер өзіңнің темекіге құмарлық сезіміңді баса білсең,бұл сенің үлкен жеңісің болып есептеледі.Сен темекі шегуден арылып,денсаулығыңды сақтайсың,рухың жоғары болады.
Ішімдіктің және темекі тартудың зиянды әсерін біле отырып,мұндай заттарды пайдаланудан бас тартқан дұрыс.Саған темекі ұсынған жағдайда «жоқ» деп,зиянды заттардан дер кезінде бас тартуды үйрен. «Тек дарынсыздар ғана тағдырға бағынады» деп Абай атамыз айтпақшы ақылды бол,жағымсыз әдеттермен күресуде рухың биік болсын.
Улы заттарға әуестік.
Улы заттарға әуестік(токсикомания)деп адам белгілі бір тұрмыста пайдаланатын химиялық заттар:ацетонды,бензинді және дәрідәрмектік заттарды иіскеуге құнығып кеткен жағдайды айтады. Осы улы заттарды иіскеген кезде адамның басы айналып,1,5-2 сағатқа мас болады.Содан соң әлсіреп,есеңгірейді. Бірнеше уақыттан кейін ағза осы жағдайды қайталауды талап етеді,яғни ағзада улы заттарға тәуелділік пайда болады. Улы заттарды иіскеген кезде қорқыныш сезімі пайда болып,адам сандырақтайды,қозғалысында өзгерістер пайда болады.Кейде тіпті қазаға ұшырайды. Егер осындай тәуелділік анықталса,міндетті түрде нарколог,психиаторда арнайы емделу қажет.
Нашақорлық-есірткеге құмарлық.
Денсаулыққа зиянды заттардың бірі-есірткі. Нашақорлық-есірткіге құмарлық,бұл ең қауіпті аурулардың бірі. Бірнеше рет қабылдаған соң,есірткіге тәуелділік қалыптасып,оны қажетсіну арта береді. Аса көп мөлшерде қабылданғанда,адамның тыныс алуы тоқтап қалуы байқалады. Есірткіні қабылдаған адамның миы зақымданады да,есте сақтау қабілетін толық жоғалтуға әкеп соқтырады. Нашақорлық ересек балаларға еліктеуден басталады.Бірнеше рет қабылдағаннан кейін-ақ адамда есірткіге деген тұрақты тәуелділік қалыптасады. Сонымен енді сен жағымсыз әдеттердің түрлерін білесің. Бұл зиянды заттарды қабылдаудан аулақ бол. Салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы өз денсаулығыңды нығайта біл. Сонда ғана саған тек пайдалы жұмыстар жасауға,дене шынықтыруға,спортпен айналысуға,мұражайларға баруға,музыка тыңдауға,саяхат жасауға мүмкіндік туады. Ұзақ әрі жемісті өмір сүресің. Дүниенің қызығы мен тамашасы мол. Саған соларды көріп,өміріңді мағыналы етуге жол ашылады.
Сөйледі: күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша сөзді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Самал Сабыржанқызы алды. Ағымдағы оқу жылында мектеп оқушыларының тәрбие процесін ұйымдастыру барысында өзекті мәселелердің бірі әрі бірегейі зиянды әдеттермен күрес екеніне тоқталды. Оның ішінде электронды темекінің қоғамға қауіп туғызып отырғанын айтты. Білім алушыларды еліктіріп, өз ырқына баурап алған электронды темекілер тек зиянды әдет қана болып табылмайтынын, жас организмді улап, болашағына балта шабушы құрал екеніне тереңінен тоқталды. Темекінің түтініне уланған жас ағза тез ентігеді, тез болдырады. Тамаққа, жұмысқа, жаттығуға және басқаға зауқы жоқ болады.Электронды темекі дәстүрлі шылыммен тең.
«Темекі бүкіл денеге залал әкеледі, ақыл - ойды бұзады, ұлттарды түгелдей надандыққа әкеледі» деген екен О. Бальзак. Ұлттың саулығы жеткіншек жас ұрпақтың саулығынан бастау алатынын айтты. Мектеп қабырғасында білім алушы өскелең ұрпақ – осы елдің арқа сүйер тірегі екенін, болашақ жастардың қолында екенін айтты. Сол себепті де, ер балалардың бос уақытын тиімсіз, бос әуреге арнап өткізбей, салауатты өмір салтын сақтаулары керек екенін, күн тәртібін ретке келтіріп, уақытымен ұйықтап, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керек деді. Мектепте түрлі спорттық үйрмелер жұмыс атқаратынын, ер балалар сол үйірмелерге қатысып, денсаулықтарын жақсартулары керек екенін айтты.
Шешім:
-
«Бала құқығы туралы» берілген кеңес қанағаттанарлық деп табылсын. Ағымдағы оқу жылы барысында «Бала құқығы туралы» Заң басшылыққа алынып, мектеп оқушыларына үнемі түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Жауапты: ДТІЖО Матенова Б.Б, Сабыржан С.С
-
«Жаман әдеттерден аулақ бол» тақырыбындағы баяндама қанағаттанарлық деп табылсын. Жаман әдеттер және оның зияны туралы жадынама жасалып, мектеп оқушыларына таратылсын. Жауапты: ДТІЖО Матенова Б.Б, Сабыржан С.С

