«Ұлттық білім бері модельі менің көзқарасыммен»

Тақырып бойынша 15 материал табылды

«Ұлттық білім бері модельі менің көзқарасыммен»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздегі білім беру жүйесін ұлттық құндылықтар негізінде, баланың жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін, инновациялық әдістерді қолданатын модель туралы педагогтар мен мамандардың ой-пікірлерін білдіретін, аттестацияға да жарамды мақалалар жиынтығы. Бұл мақалалар, әдетте, ана тілі мен әдебиетті оқыту, ұлттық мәдениетті насихаттау және оқушыны жауапты тұлға етіп тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлттық білім бері модельі менің көзқарасыммен»

Сайлибекова Дамира Юсуповна,

Шымкент қаласы,

Мамина балабақшасы

Еліміздегі білім беру жүйесін ұлттық құндылықтар негізінде, баланың жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін, инновациялық әдістерді қолданатын модель туралы педагогтар мен мамандардың ой-пікірлерін білдіретін, аттестацияға да жарамды мақалалар жиынтығы. Бұл мақалалар, әдетте, ана тілі мен әдебиетті оқыту, ұлттық мәдениетті насихаттау және оқушыны жауапты тұлға етіп тәрбиелеу мәселелерін қамтиды. 

Бұл мақаланың негізгі аталған бағыттары:

  • Еліміздегі білім беруді ізгілендіру: Оқу процесін баланың қажеттіліктеріне сай етіп құру, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

  • Еліміздегі ұлттық құндылықтар: Ана тілі, тарих, әдебиет, өнерді оқыту арқылы ұлттық бірегейлікті қалыптастыру.

  • Білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер: Заманауи технологиялар мен әдістемелерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру.

  • Білім беру саласындағы жеке тұлғаны дамыту: білімгердің еркін, жауапкершілігі мол, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау. 

Елімізде жеке тұлғaның, қоғам және мемлекет үшін бағдарланған тәрбиенің тұтас жүйесі өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар, орын алған оң өзгерістер білім беру ұйымдaры қызметінің тәрбие жүйесінде көрініс тапты. Қазіргі тағда, білім беруді ізгілендіруге, оқытудың инновациялығына қол жеткізілді, баланың еркін, жауапты тұлға ретінде дамуына жағдай тудыруға күш салынуда. Жаһандану жағдайында рухани құндылықтарымызға қайта оралып, жастарға саналы білім мен парасатты тәрбие беру мәселесі өзектілігімен айқындалады.

Ұлтымызды дәріптеп, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.Сонымен қатар, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану білім беруді жаңарту ісіндегі маңызды буын болып табылады.

Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие”-деп әл-Фараби айтқандай, тәрбие-жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тәрбие мәселесі тұлғаның қалыптасу барысын сипаттайтын педагогика ғылымдарының көкейкесті мәселесінің бірі.

Қазіргі тәрбие мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық сананың даму ерекшеліктеріне, идеялық және құндылық ұстанымдарға байланысты жетіліп отырады. “Бала тәрбиесі-мемлекеттің маңызды міндеті” деген Платоннан келе жатқан қанатты сөз тәрбие жүйесінің негізгі қағидасы. Өйткені ұрпақ тағдыры-ұлт тағдыры. Тәрбие-халықтың ғасырлай бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын қалыптастыру. Тәрбиенің түпқазығы ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген ұлттық педагогика болып табылады.

Ұлттық сапаның өсіп, мәдени және рухани дәстүрлердің, тілдің қайта жаңғырған кезінде мектеп оқушыларын өз халқының рухани құндылықтарымен, ұлттық мәдениетімен, салт-дәстүрімен түбегейлі, неғұрлым терең таныстыру қажеттілігі туралы, яғни өткен мен бүгіннің және келешектің арасындағы рухани байланыс біріктіруші элемент болуы тиіс, бұларды жеткізуші-білім беру, мұғалімдер, дәстүрлер. Әрбір ұлт “өсуі” қажет, яғни ұлттық білім алудың, ана тілін, әдебиеті мен өнерін оқытуды ұйымдастыруға арналған инфрақұрылымды қалыптастыруға қатысудың, тұтас алғанда оқушылардың өз ұлтының мәдениетіне араласуының қажеттілігін ұғынуы тиіс.

Кейінгі кезеңде біздің қоғамымызда болып жатқан жағдайлардың көбі жас ұрпақты қазақтың халықтың педагогикасының идеяларына жаппай араластыру қажеттігі ерекше жолға қойылатын уақыт келеді деген үміт ұялатады көңілге. Көне әдет-ғұрып элементтері бүгінгі салт-дәстүрлерге күннен-күнге белсенді түрде енгізілуде. Қазіргі уақытта жастардың өз ата-бабаларының халықтық салтдәстүрлеріне, шынайы ұлттық музыкалық-поэтикалық, хореографиялық, бейнелеу шығармашылығына, қазақтың ұлттық киімдеріне, баспанасына, халықтық дүниетанымына қызығуы және ұмтылуы байқалады. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын, шешен, өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ережелері, салт-саналық дәстүрлері жас ұрпақтың жан дүниесіне әсер етіп, санасына сіңсе, ұлттық мәдениетті игерген иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттерге ие болады.

Халқымыздың әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, ілтипаттылық, қонақжайлылық сияқты абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл парасатына азық ете білу үшін, әрбір ұстаз халық педагогикасын: сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдетғұрыптарды жан-жақты терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға тиіс. Ұстаз ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлімтәрбиеге пайдалана білуге міндетті. Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, әсіресе, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның философиялық заңдылықтарын терең ұғынған. Жан азығынан мақұрым қалған адамның адамдық қасиеті жойылып кететінін ертеден ұғынған халқымыз жан азығын, ең әуелі, нәрестеге бесік жыры арқылы әуезді әуенмен беруден бастайды. Одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда-ақ, оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Ол үшін тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, мақал-мәтел үйретіп, баланың тілін ширатып, ойын дамытады.

Жас баланың нәресте, бөбек, балдырған кезіндегі адам болып қалыптасуы 1-5 жастың арасы десек, 6-10 жаста бала әдептілік негіздерін үйренеді, оның бойында тектік қасиеттер қалыптасады. Адам өмірінің “алтын бесігі”-мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын ана тілінде үйренеді. Ұлттық мұраларымыздың тәлім-тәрбие саласының санқилы мәселелері біздің елімізде біршама уақыттан бері зерттеу нысанына айналуда. Қазақтың тәлім-тәрбие саласындағы ой-пікірлерінің ғылыми негіздерін жасап, бай мұра қалдырған аға ұрпақтың еңбектерін зерттеп-зерделеу өзектілігімен айқындалады. Бұл үдерісте Сыр сүлейлері тағылымдарының алатын орны ерекше. Қорқыт бабадан бастау алған Сыр сүлейлерінің шығармашылығы кейінгі ұрпаққа үлгі болар терең толғаулар, жыр-термелер, нақыл сөздерімен ерекшеленеді.

Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс” деген болатын. Бүгінде елімізде Қазақстандық патриотизмнің, азаматтықтың, руханилықтың саяси және адамгершілік мәнін түсіну, адамгершілік бағдарлы, әлеуметтік белсенді, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру процесі жүріп жатыр. Жастарға бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың маңызы зор.

Бүгінгі таңда жастарға ұлттық тәрбие беру өзекті мәселелерге айналуда. Себебі, еліміздің өркениеті мен экономикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен сусындата білім беру қажеттігі туындап отыр. Қорытындылай келе, халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен. Осы жерде қазақ халқының ұлы ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі – баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен тәрбие қылуға міндетті» деген сөзі де соның дәлелі. Сондықтан да сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу арқылы болашақ ұрпақтардың бойына дарыту керек.

Мәселен мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл – ой тәрбиесі, өлең,жыр-дастандарда әсемдік тәрбиесінің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық әрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәсілдік материал ретінде пайдалансақ деймін.Демек, халықтың педагогика– тәлім-тәрбиелік ой- пікірдің ілкі бастауы, халықтың руханимұрасы. Бұл жердегі еске алатын негізгі жайт осындай халықтың мұралардың бәрі бірдей кәдеге жарай бермейді, олардың озығымен қатар тозығы да бар. Ең негізгі мәселе – бұларды бүгінгі күннің талап-тілегімен байланыстыра пайдалана білу болмақ. Ахмет Байтұрсыновтың «Балам дейтін жұрты болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады?» Бұл ойдың түйіні өте тереңде жатыр, әрине. Сондықтан, келешек ұрпақ алдында қарыздар болмас үшін, бүгінгі күні босаңсып кеткен тәрбиені тез арада жолға қоймасақ, ертең кеш болуы әбден ықтимал.

ХХІ ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс жаңа технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністермен ерекшеленеді. Бұл ретте еліміздің білім жүйесінде айтарлықтай инновациялық серпілістер жасалды. Осыған орай еңбек нарығының талаптарына сай дені-сау, ой-өрісі, шығармашылық әлеуеті дамыған, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана, дұрыс шешім қабылдай білетін, өзін-өзі бағалай, басқара алатын мамандарды даярлаудың отандық жүйесін жасау мемлекеттің негізгі міндеттерінің қатарынан саналады. Бұл мәселе білім саласының жұмысын реттейтін құжаттарда белгіленген.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2021- 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Президент Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында білім беру саласында мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке тұлғаның білімділігін ынталандыру және білім берудің дамытушылық сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер ретінде қабылданған.

Ұлттың ұлт болып қалыптасуы үшін тілі мен діні, жері қаншалықты маңызды болса, оның рухани дүниесі де соншалықты мән-мағынаға ие. Ұлттық мәдениет сол халықтың дәстүрлі дүниетаным, тарихи-мәдени және эстетика-этикалық ұстанымын, тілі мен дінін, болмыс-бітімін айғақтап, әлемдік өркениеттегі орнын айқындайтын рухани құндылықтардың мәйегі.

Тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ өркениетінің алдында ұлттық құндылықтарды сақтау мәселесі тұр. Егемендік жылдарында еліміз екі процесті – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қатар жүргізіп, белгілі бір нәтижеге жетті. Нақты кезеңде жаңа тарихи кезеңге – ұлттық рухани жаңғыру кезеңіне аяқ басты. Ұлттық санамызды қалыптастырып, бәсекеге қабілетті болып, кез-келген мәселеге прагматистік тұрғыдан келуді, жалпы алғанда ұлттық бірегейлігімізді сақтай отырып дамуымызды талап етеді. Жасұрпақтарымыздығ білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылдыру.

Қазіргі жаһандану кезеңінде өмір мен ғылым, оқушылар мен мұғалім еңбегі, сіз бен біздің қалай өзгеріске ұшырайтынымызды қайта ой елегінен өткізуді мұғалімнен талап ететін уақыт. Осы мәселелер қазіргі өзгермелі қоғамда полимәдениетті, көп ұлтты әрі поликонфессионалды кеңістікке араласуға дайын, қабілетті тұлғаның дамуына бағытталған білім беру мен тәрбиелеу мазмұнын қайта қарауды талап етеді. Соның ішінде сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру – қоғамдық мәселеге айналуда.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесі міндеттерінің бірі: ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру» – деп көрсетілген. Ал бұл міндеттерді жүзеге асырудың шарттары ретінде: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу сияқты ауқымды мәселелер алынған.

Жаңартылған бағдарлама бойынша әлемдік білім беру жүйесі бәсекеге қабілеттілікке қарай білім алушыны баулу, қоғамнан өз орнын таба білетіндей сапалы маман болуына бағытталынған. Осы уақытқа дейін еліміздегі жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар күтілетін нәтижеге көз жеткізбей, түрлі әсер етуші факторлар ықпалымен мамандық таңдап, ақыр соңында сол оқыған мамандықтары бойынша жұмысқа тартыла алмай отырғаны бәрімізге мәлім. Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген.

Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол жеткіздік:

жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;

жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;

оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;

білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.

Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, олардың кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Еуропалық кеңес түйінді компетенттіліктің 5 тобын ұсынады:

1. Саяси және әлеуметтік компетенттілік (жауапкершілікті өз мойнына алу, ортақ шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңді реттей алуы).

2. Көп мәдениетті қоғамға қатысты компетентілік (мәдениеттердің ерекшеліктері айыру, түсіну, өзгелерге шыдамдылық, басқа мәдениет адамдарымен бірге өмір сүре алу).

3. Ауызша және жазбаша қарым-қатынас мәдениеті (бірнеше тіл білу)

4. Ақпараттық компетенттілік (жаңа технологияны меңгеру, түсіну, қолдану, артық кемін өлшеу БАҚ құралдары таратқан ақпаратты сыни тұрғыдан бағалау қабілеті).

5. Өзін-өзі жетілдіруді компеттентілік.

Қазақстандық ғалымдар ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігінде кіріктіру және қоғамдық сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес, білім берудегі компетенттілік үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп практикасынаенгізу мүмкіндіктерін қарастыра бастады. Өйткені, білімді компетенттілік тұрғысынан ұйымдастыру қоғамның мүддесіне де, білім саласы қызметкерлерінің мүддесіне де сай келеді. Яғни, біздің білім беру жүйесіне ұқсайды, бірақ айырмашылығы – мектеп оқушыларына отбасынан басталатын ұлттық тәрбиені кейде терең ұғындыра алмауымыздан болуы мүмкін. Ата-бабаларымыз салып кеткен тәрбие соқпағы ғасырлар бойы қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан құндылығы. Олай болса, тәрбие бастауы ата-ана мен мұғалімі мен балаға ұласып жатуы – шарттылық болып табылады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі