Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындаламын ?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындаламын ?

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰБТ-да мектептің бағдарламасынан тыс тақырып болмайды , тек дайындалмаған оқушы болады . Мен , Айкөркем Бахтиярқызы – Түркістан облысы , Қазығұрт ауданы , мамандандырылған «Дарын » мектеп – интернатының 2022 жылғы үздік нәтиже көрсеткен түлектердің бірімін . Ұлттық бірыңғай тестілеудің маңызы мынада : талапкердің 11 жыл оқыған білімін тексеру арқылы жоғарғы оқу орнында тегін оқу мүмкіндігін беру .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындаламын ?

ҰБТ-да мектептің бағдарламасынан тыс тақырып болмайды , тек дайындалмаған оқушы болады . Мен , Айкөркем Бахтиярқызы – Түркістан облысы , Қазығұрт ауданы , мамандандырылған «Дарын » мектеп – интернатының 2022 жылғы үздік нәтиже көрсеткен түлектердің бірімін . Ұлттық бірыңғай тестілеудің маңызы мынада : талапкердің 11 жыл оқыған білімін тексеру арқылы жоғарғы оқу орнында тегін оқу мүмкіндігін беру .

Менен кеңес:

1.Сауатты дайындал.

    1. Ең алдымен А нүктесін анықтап ал . А нүктесі – сенің қазыргі деңгейің . Сен оны арнайы пробный сайттардан немесе жаңартылған ҰТО кітапшаларынан біле аласың .

    2. Екінші қадам : В нүктесін анықтау және мақсат қою . Мысалы , қазыргі деңгейің 102 балл болса , ал мақсатың 122 балл делік . Жалпы 20 балл қосу керек . 20 балды 5 пәнге бөл . Сонда , әр пәнге қанша балл қосу керектігін білетін боласың .

Толығырақ :





А нүктесі





В нүктесі



    1. Жоспар құр .

  • Қашан дайындалуың қажет ? Дәл қазір баста , кейінге шегеру жақсы нәтиже бермейді.

  • Қалай дайындалу қажет ? Жеке немесе курспен дайындал . Таңдау өзіңде .



  • Таңдау пәнің ауызша болса ,

  • 7-11 сынып аралығындағы «Мектеп» және «Атамұра » баспаларының жаңартылған кітаптарын жинақта . Бір күнде неше тақырып оқу керектігіңді жоспарлап ал да, оқулықты түсініп оқуға кіріс . ҰБТ базасында логикалық сұрақтар басым болғандықтан . карталар мен схемаларды да назардан тыс қалдырма .

  • База жатта

  • Жүйелі қайтала .



  • Таңдау пәнің есеп пәні болса

  • Алдымен тақырыпты түсіну қажет . Тақырыпты өз бетімен түсіну екінің бірінің қолынан келмейді . Абзалы – маманға жүгіну .

  • Тақырыпты түсінген соң көп есеп шығару керек .

  • Ең бастысы : қатемен жұмыс жаса . шығара алмаған есептеріңе анализ жасамасаң , сенде прогресс болмайды .

1.4 .Немен дайындалу керек ? ҰБТ-да нақты келетін тақырыптармен дайындал , Ескі жүйе келмейді . Тек жаңа оқулықпен , ҰТО бекіткен нақты тақырыптармен дайындалған дұрыс . Келмейтін тақырыпты оқып уақыт жоғалтпа .

2. Кедергілерден арыл.

2.1. Ғаламтор. Әлеуметтік желілерден бас тарт . Сенің уақытың мен энергияңды ұрлайды . Өзіңді басқарып , саналы түрде шектеу қой . Сағат 15.00-20:00 аралығында желіге кірме . Телефонды сөндіріп дайындал . Тәулігіне 5 сағат дайындық үздік нәтижеге жеткізері сөзсіз.

2.2. Түсініксіз сөздер . Кітап оқу барысында ойымыз бөлініп кететін кездер болады . Оның себебі белгілі бір терминді немесе сөз тіркесін түсінбегеннен болады . Саған бейтаныс сөз кездессе дереу мұғалімнен сұра , сонда ғана қызығушылығың кетпей , білімің сапалы болмақ . Істі қашан емес , қалай аяқтағаның маңызды .

2.3. Қорқыныш . Айналадағы адамдардың « Қазақ әдебиетінің болашығы жоқ , кім боласың ?» , « Медицинаның балы жоғары , түсе алмайсың ғой » , «Ертең бәрібір жұмыс таба алмай , ауылға қайта келесің » сынды негативті сөздері сенің санаңды улайды . Ешқайсына құлақ аспа . Өз жолыңды біл . Арманыңа адал бол . Әрқашан ең қиын жолды таңда . Ол жақта конкуренттер аз . Қиналып жатырсың ба ? Демек , сен дұрыс жолдасың !

2.4. Психологиялық дайындық - ең басты факторлардың бірі . Сен қаншалықты жоғарғы дәрежеде дайындалсаң да миыңдағы өзіңе деген сенімсіздігің стресс туғызады . 9 ай дайындалған біліміңді 5 сағат тестте отырып ұмытып қалу қаупі басым . Сондықтан өзіңе сен , жай ғана үздіксіз дайындалсаң жемісін көресің . Артық уайым – қайғыға уақытыңды жоғалтпа .

3.Құлшыныс. « Адамның көңілі шын мейірленсе , білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп , тез қолға түседі . Шала мейір шала байқайды .»

Отыз екінші қара сөз.

4.Қызығушылық . Өз таңдаған пәніңді махаббатпен , қызыға оқы . Ешқашан болдым , толдым деме . Қалаған адам – амал табады , қаламаған – сылтау табады . Елімізде мүмкіндік өте көп . Мейлі , тіпті шалғай ауылдарда тұрсаң да , мектеп мұғалімдерінің біліміне қанағаттанбасаң да , еліміздегі ең озық ұстаздардан онлайн білім алып , жоғарғы нәтижеге қол жеткізе аласың . Интернет желісі нашар ауылда тұрып , онлайн курс арқылы жоғары нәтижеге жеткендердің бірі өзіммін .

5.Сенім . Тынымсыз оқы , еңбек ет , бірақ өзіңе тым қатты сенбе . «Барлығына мен өзім жеттім , басқа сыныптастарымнан мықты білемін , грантты мен алмағанды кім алады ?! » деуші болма . Әуелі Алланың қалауымен жеткеніңді ұмытпа . Біраз түлектің қателігі де осында : қаңтар ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көреді де , босаңсып , шынайы ҰБТ-да -10, -15 балл регресс жасайды .

6, Бәсекеге қабілетті орта тап . Өзіңмен бірге жарысып оқитын орта тап . Айналаңа мықты қарсыластар жина . Дайындалу барысында босаңсуға бой алдырсаң , қатарыңнан қалып бара жатқаныңды сезінесің де , сенің ішкі мотивацияң оянады . Сені өсіретін де , өшіретін де - сенің ортаң .

7.Режим . Салауатты өмір салтын ұстан . 24/7 кітапқа немесе компьютерге телмірудің қажеті жоқ . Дайындыққа тәулігіне 5 сағат арнасаң жеткілікті . Уақытылы тамақтанып , уақытылы демал . Түнгі ұйқы кемінде 7 сағат болуы керек . Таза ауада серуендеуді де ұмытпа . Ми нейрондарына гемоглобин дұрыс бармағандықтан ақпарат қабылдау қабілеті төмендйді . Ал гемоглобинді өкпеміз тыныс алған кезде түзеді .

8.Бас тарт . Жиын – тойдан , сауық – сайраннан , қарым-қатынастан уақытша бас тарт . Бар фокусыңды дайындыққа бөл . Артық зат ойлама . Қатарластарыңнан қалу реніш туғызары анық . Алдымен қолыңа грант сертификатын ал , одан соң да барлығына үлгересің .

9.Доғар. Уақытыңды өзіңе қажетсіз пәндерге арнауды доғар . Ол саған грант бермейді . 9 – сыныпта оқушы негізгі білімді алып шығады . Ал 10-11 сыныпты дайындыққа арна . Мен де 2 жыл дайындалғанмын . 10-сыныпта онлайн оқығандықтан ҰБТ-ға дайындықты бастау қиынға соққан жоқ . Ал 11-сыныпта мұғаліммен ашық сөйлесу керек . Бейіндік пәндерің басқа екенін , күнделіті сабақты дәптерге түсіретініңді айтып , дайындыққа рұқсат сұра .

10 . Күшіңді соңына сақта . Мен жіберген қателік : 10- сыныптан бастап онлайн курспен дайндалдым . Әдебиет пен тарих пәнін қатар алдым . Екі ауызша пәнге де бірдей дайындалу қиынға соқты . Қала берді мектептің тапсырмалары тағы бар . Солай 10-сыныпты 3-4 сағат ұйқымен жүріп аяқтадым . 11-сыныптың тамыз айынан бастап 4 пәнді де қатар алдым . Алғашында қиынға соққан жоқ . Қыркүйек айында ешқандай мұғалім дайындыққа босатпасы анық . Сондықьан мектеп пен курс тапсырмаларын қатар орындауға тура келді . Солай , күнделікті емес , күнара ұйықтар жүрдім . 6 ай уақыттың қалай өткенін байқамай да қалдым . Қаңтар ҰБТ-дан 123 балл жинадым . Аудандағы ең үздік көрсеткіш . Наурыз ҰБТ-ның 70 %-ы жаңа бағдарламамен болатынан есітіп , түнгі 22:30-ға дейін интернат оқушыларымен бірге мектепте қалып сабақ оқыдым . 115 балл жинадым .

Соңғы 2 ай уақыт қалды . Ал менде түк те күш-жігер қалған жоқ . Барлық энергиямды таусытып , денсаулығымды құртып алдым . Еш ісіп өнбей , 1 айды ұйқымен өткіздім .Асылында , сол екі ай уақытты 8-10 сағатымды дайындыққа арнауым қажет болатын . Ең үлкен қателігім де осында . Бірінші мүмкіндіктен 123 балл жинап шықтым , шүкір . Кімнің қанша уақыт дайындалғаны емес , мәреге жақындағанда қалай әрекет еткені маңызды .

ҰБТ – қорқыныш , үрей емес .Ол – жай ғана тест . Мейлі , сен 10 жыл 3-4 бағаға оқысаң да . жоғарыда айтылған кеңестермен 9 айда кемі 100+ нәтижеге жете аласың . Ол үшін басқалардың ертең ойлайтынын сен бүгін жаса . Дәл қазір баста .







Мақала авторы : Айкөркем Бахтиярқызы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.07.2022
354
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі