Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ тәрбие сағаты қмжсы

Тақырып бойынша 26 материал табылды

Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ

Мақсаттары



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Бүгінгі «Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ» атты тәрбие сағатымыз бастаймыз

Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 30 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу.

Бабаларымыздың бұрынғы жүріп өткен дәстүрлі жолы бүгінгі жас ұрпақ үшін қараңғыда жол табар шырақ секілді.

Олай деуміздің негізгі себебі салт-дәстүр ырым-тиымдар секілді қағидалар мен ұстанымдар мағынаға толы үлкен өнеге. Біздің дана абыздарымыз күнделікті қолданып жүрген сандардың өзін қасиетке балап, әрқайсының мән-мағынасын ашып кеткен. Осы орайда құрметті оқушылар


Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді. Бала тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тіл дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той т. б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн - жоралғылар кіреді.

Іңгалап сәби дүниеге келген сәттен бастап, орындалатын жоралғылардың бірі, бесікке салу дәстүрі. Сол дәстүрді бүгінгі шараға қатысушыларға мән мағынасын аша отырып, орындау үлгісін көрсету үшін, келесі кезекті «Әсем моншақтар» үйірмесінің жетекшісі Жантілеуова Нүргүл апайға ұсынамыз. «Бесікке салу рәсімі»

Сәбиді бесікке салу рәсімін орындап көрсеткені үшін Нүргүл апайға алғысымызды білдіреміз.


Біздің дана халқымыз жас жеткіншек өсіп, жетіліп келе жатқан шақта, үлкен өмірге физикалық тұрғыда дайындау үшін әр түрлі ұлттық спорттық ойындарды ер балаларға үнемі ойнатып, шынықтырып отырған. Сондай керемет тағы да бір ойынның үлгісін көрсету үшін шақырамыз. «Ләңкі» ойыны.

Ұлтымыз ер балаларды физикалық тұрғыда шынықтырған болса, ардақты әз аналарымыз қыз балалардың тәрбиесіне мән беріп, тұрмыстық өмірге ерте жастан дайындаған, атап айта кететін болсақ: кесте тігу, ұршық иіру, көрпе тігу, әр түрлі мәзірдегі тағамдар дайындау секілді құндылықтарды қыз баланың санасына сіңірген. Осы орайда қыз балаларға ұршық иірудің әдіс-тәсілін меңгерту үшін сабағымыздың келесі бөлігін «Ұршық иіру»

Ұлт болашағы бүгінгі ұрпақ деп санаған халқымыз баланы тұрмыстық өмірге дайындауммен қатар рухани тұрғыда да жетілдіре білген. Әр шаңырақта өсіп келе жатқан бала есейіп азамат, азаматша болу шағында теріс қылықтар мен жаман әдеттерге әуестеніп кетпес үшін сан түрлі тиым сөздер арқылы кішкентайынан санасына рухани құндылықты сіңіре білген.

апайымыз жалғастыра отырып, бабаларымыздан қалған өнегеге толы тиым сөздердің мән-мағынасын ашады. «Тиым сөздер!»


Бүгінгі жас ұрпақтың санасына өнегеге толы мәнді сөздердің мағынасын терең түсіндіргені үшін Убаева Лаура апайға шексіз алғыс айтамыз.


Өздерің жаңа көріп отырғандай тиым сөздермен қатар біздің ұлтымызда бұрынғы күні қолданып, қазіргі таңда ұмытылып бара жатқан көне сөздерде жетерлік. Сондай сөздердің бір сыпырасын бүгінгі ұрпақтың есіне салу «Ұмытылған көне ырымдар»


Ұлттық тәрбие – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Ал мұндай мәселелерді зерттеп, көпшіліктің ой-пікірлерін қауым елге жеткізетін негізгі құрал – бұқаралық ақпарат құралдары екені даусыз. Коптлеуова Венера



Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы, ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты қазіргі ғылыми дәлелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғашқы пайда болуы 13 - 14 ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет - ғұрып, салт - дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті

Ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тәрбие – ел болашағы.



презентация

Сабақтың ортасы


Ұлтымыздан, ата-бабамыздан бізге не қалған? Ата –бабамыз қандай сандарды киелі санаған деп ойлайсыңдар?

Жеті жетекші:

Адамның басшысы-ақыл

Жетекшісі- талап

Жолаушысы-ой

Жолдасы-кәсіп

Қорғаны-сабыр

Қорғаушысы-мінез

Сынаушысы-халық

               Жеті ата:

1.Нұрғазы 2.Атабай 3.Өмірбай     4.Қарабала   5.Тышқан 6.Бабатай       7.Байтемір

Жеті қазына:

Ер жігіт

Сұлу әйел

Ақыл, білім.

Жүйрік ат

Қыран бүркіт

Берен мылтық

Құмай тазы(ит)


-Рахмет сіздерге, бізге көптеген мағлұматтар бердіңіздер. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңіз үлкен өмір жолында пайдаға асуын тілеймін.




Оқушылар:    -3,5,7 сандарын киелі санаған.

:-Ендеше, осы сандар туралы не білеміз екен?  Қане, айтып көрейік.

                    Үш көз:
Су анасы-бұлақ
Жол анасы- тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Үш арсыз:       Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

           Үш қуаныш: 1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі    3.  Ісіңнің өшпеуі

         Бес қару:   Айбалта,найза, қылыш, садақ, мылтық.

                 Бес ақыл, бес дұшпан

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге қашық бол,

Адам болам десеңіз…

Еріншек, бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз

Талап,еңбек,терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз.



Интербелсенді тақта/ компьютер


Соңы



Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!  ХХІ  ғасыр азаматының бойында  өркениетті  өмірге талпынатын,  ата-баба дәстүрін жалғастыратын,  кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін,  үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!

Тәрбие сағатымызда осыншама халық мұрасының ішінен адам тіршілігіне байланысты көне және бүгінгі күннің салт - дәстүрлерінің негіздер ғана айттық.
Салт - дәстүр, әдет - ғұрып халықтың рухани өзегі, тілінің тірегі, мәдениеттің арқауы. Ғасырдың ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа ауысып келе жатқан ата дәстүрінің желісін үзбей халқымыздың асыл мұрасы ретінде бағалы, оларды көздің қарашығындай сақтап, ілгері дамытып отыру өркенді де өнегелі іс.


Дәстүр, салт қашан да адам қиялынан туындап, заман ағымына қарай байып, мазмұны тереңдеп отырады. Сондықтан бұған осы тұрғыдан қараған дұрыс. Әркім керектісін, көңіліне ұнағанын, көкейіне қонғанын қабылдап, іс жүзінде қолданса, оны ұлтымыздың озық салт - дәстүрлерімен байланыстырып, байытып мазмұндандыра түссе, нұр үстіне - нұр.














Тақырыбы:

Ұлттық құндылық ұлтжанды ұрпақ







Өткізген.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2024
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі