Ұлттық құндылықтар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Құндылықтар мен тарихы мұра
Материалдың қысқаша нұсқасы

дім.

Маған әуелі нені анықтау керек?

Ең бірінші өсімдікті көру керек болды. Оның орнын анықтадым. Мен «көкпек» өсімдігін көрмесем оны қалай зерттейтін едім? – деген сұрақ қойдым. Көзбен көрдім. Өсімдік жапырағы ұзын, сопақша, басында дәні бар, түсі ашық жасыл шілде айында жемістенеді, күз айларында түйе оны жейді.

Оның негізгі атауы - «ЛЕБЕДА». Біздің көрген лебеданың түсі – ашық жасыл болғанымен. Ол ауа – райына, мекеніне қарай түстері әр түрлі болып келеді. Тары сияқты сарғайып өсіп тұрған соның тұқымы. Кейбіреулерінде ұсақ болса кейбір жерлерде ірі болады. Сулы жерде өссе дәндері ірі болады. Ал шөлді жерде өсетін көкпек өсімдігі жапырағы жіңішке, сабағы ұзын болады, оның жемісі өте ұсақ болады. Шілде – қазан айларында гүлдейді.



Ғылыми жинақтар

Көкпек – алабота тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін немесе көп жылдық бұташық өсімдік. Дүние жүзінде 250түрі бар. Қазақстанның барлық аумағында 25 түрі кездеседі. Биіктігі 10-150 см, жапырақтары кезектесе орналасқан, олардың табақшалары тегіс, кейбіреуі тілімделген болып келеді. Гүлдері дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Аталық гүлдері 3-5 мүшелі гүлсерікті, 5 аталықты аналық гүлдері негізінде гүлсеріксіз болады. Көкпектің түрлері – найза тәрізді, алабұталы, боз көкпек.

Қазақстанда көп кездесетін түрі – боз көкпек. Ол жазық далалы аймақтарда, тау бөктерлерінде, борпылдақ, сортаң топырақты, сазды ойпаң жерлерде, өзен, көл аңғарларында өседі. Биіктігі 20 - 25 см бұташық. Сабағының түп жағы тармақты, сұрғылт қоңыр түсті. Жапырағы сопақша келген, едәуір қалың, кезектесе орналасқан. Гүлшоғыры жапырақсыз. Шілде – қазан айларында гүлдеп, жемістенеді. Тұқымы жирен түсті, жалпақ, дөңгелектеу. Шөл дала аймақтарда Көкпекті адамдар отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.

Қазақ энцоклопедиясы 4 – том, 2008 ж



Ғылыми тәжіребие мәліметтерін жинақтау кезінде тәжіребие бірнеше түрге бөлінеді. Тәжіребие – бақылау, әңгімелеу, сұхбат, эксперимент, анкета.

Бақылау көкпекті.

Жапырағын, сабағын, дәнін, түрін, түсін, орналасқан жерін бақыладым.

Әңгімелеу.

Мен « Көкпек » өсімдігі туралы бұрын соңды естім көрмегенмін.

Дюсенбаева Жанбибі Усенбаевна « Ғылыми педагогикалық зерттеулер әдістемесі » сабағынан «Лебеда»» өсімдігін зерттеу туралы тапсырма берді. Жанбибі апайымыз бізге қысқаша ғана мәлімет айтты. Өйткені біздің өзіміздің ізденіп, талпынып, өз көзімізбен көріп, қолымен ұстағанамызды қалады.

Ғылми зерттеу:

  • Затты көру арқылы;

  • Қолмен ұстау;

  • Ең бірінші оның материалдық дерегі болу керек;

  • Көзбен көрген дерек қана анық болады.

Мен « Көкпекті » қалай зерттедім?

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы 27 шағын ауданынан көкпект өсімдігінің өсіп тұрғанын көрдік. Біз әуелі ғаламтордың көмегімен «Лебеда» өсімдігінің суретін көріп, сол бойынша іздендік. Біз дәл соған ұқсайтын өсімдікті көріп, таптық деп ойлағанбыз, «Лебеда» өсімдігі Ресейде көп кездесетіндіктен біз жолда өтіп бара жатқан Анна Алеексева деген орыс апайды тоқтатып...

Сіз «Лебеда» өсімдігін көргенсізба?

Бұл сол өсімдікпа деп сұрадық?

Анна Алеексева:

  • Мен «Лебеданы» көрдім. Бірақ ол бұндай емес, Ол Қазақстанда жоқ. Мен Ресейдің орманында өсіп тұрғанын көрдім, ол тек орманды жерлерде ғана өседі.

  • Нет, это не Лебеда – деді соңғы сөзінде.

Біз барлығымыз ол емес екен – деп, Анна Алеексеваға сеніп қалдық. Бірақ өзіміз тапқан өсімдікті тастамадық. Бұл сонда қандай өсімдік? суреттегі Лебедаға ұқсайды ғой деп – бұл өсімдікті өзімізбен ала кеттіп ары қарай зерттедік.

Әңгімелеу барысында біз « Биология ғылымдарының докторы Жантөре Жәкішқызы Мамаевамен » заманауи технологияларды қолдану арқылы байланысқа шықтық. Ең алдымен осы кісінің еңбек жолы туралы қысқаша жазғым келіп отыр.



Жантөре Жәкішқызы Мамаева 1948 жылы 14 наурызда Түркіпен ССС, Балқан облысы «Қошоба» ауылында дүниеге келген. 1967 жылы орта мектепті аяқтап, 1968 жылы Атыраудағы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институттың биология факультетіне түсіп, 1973 жылы бітірген.

1996 жылдан бастап Ш.Есенов атындағы университетінің биология және география кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасаған. Оның 40 мыңнан астам мақаласы бар. « Көмілген арналар, көшен жұрттар » тақырыбындағы аудармасы да бар.

« Маңғыстау жануарлар дүниесі »атты кітабының авторы.



Ж.Ж. Мамаеваның « Лебеда » өсімдігі туралы айтқан сөзі:

« Лебеда » өсімдігі Қазақстанда бар. Және бұл дәл өзі деп – айтты.

Лебеданың бірнеше түрі бар. Жапырағы үлкен, шишек түрі де болады, жіңішке түрлері де болады. Ірі түрлері де болады, біз арам шөптерін жұлып тастаймыз. Жапырағы тұйық болмайды, саусақ тәрізді әртүрлі болып тұрады. Түсі – ашық жасыл болады. Бізде тұқымдары ұшып келіп өсіп тұрған жерлер бар.

Азық ретінде пайдалануға болама?

  • Мен өзім көрген жоқпын лебеданы ішіп жегенін. Бірақ жапырақтарын салат ретінде қолданып жеуге болады.

Кейбір деректерге сүйенсек лебеданы аштық кезінде жеген дейді? Сіз естіген жоқсызба бұндай шөптің осындай қасиетін? Қаншалықты рас?

  • Жесе жеген шығар. Оның тұқымы бидайдың тұқымы сияқты ұсақ-ұсақ, тары сияқты. Жеуіде мүмкін. Қазақтар аштық кезінде «құмаршықты» жесе, орыстар «лебеданы» жеген болуы керек. Себебі оның дәні тары сияқты.

Емдік қасиетте пайдаланама?

  • Емдік қасиетте пайдаланады, Жараларға пайдаланады. Оның суын қайнатып, әуелі жапырағын суға қосып жара болған жерді жуады. Ішуге болмайды. Бірақ жараларды емдеуге пайдаланады. Бұрынғы кезде соғыстан кейінге кезде, жараланған кезде жапырағын жақтырған. Сөйтіп оның жарасын жазған. Қанды тоқтату да қасиеті де бар.

Сіздерде биологиялық анықтағышта осы шөп барма қазақша?

Осы шөп бар! Бірақ анықтағышта емес. Өсімдіктер систиматикасы деген өсімдіктер жүйесі деген үлкен ұғым бар ботаниканы зерттейтін сонда «Лебеда» бар.

Жалпы зияны жоқ өсімдік. 250-дей түрі болғандықтан жапырақтарының ұзындығы әртүрлі болады. Әр жерде өсетін жабайы өсімдік. Сіздердің бақшаларыңызда да болуы мүмкін. Оны біз жұлып - жұлып тастаймыз, пайдасын көп көре бермиміз. Мал оны көк кезінде жемиді. Құнарлы, минералды болып келгендіктен күз айларында таптырмас жем шөп. Тары сияқты сарғайып өсіп тұрады. Дәні жирең түсте сарғыш болады. Түйе жақсы жиді. Мал азықтық өсімдік. Кейбіреулер малдарына беру үшінде тұқымдарын алып егеді. Бірақ дәрілік қасиеті мықты. Техникалық жағынан да алуға болады, бояу шығару үшін де –деді.

Жантөре Жәкішқызы Мамаева

Әңгімелесу кезеңінде группаласымыз Оразумбетова Фарида бізге Ақтау қаласындағы «Ботанической садқа» барып сұхбаттасты. Оны бізге видеомен көрсетті. Біз көрсеткен өсімдікті дәл өзі, алабұталы тұқымдасқа жататын өсімдік деп атаған.

Қортынды

Біз «Лебеда» өсімдігін толық зерттедік деп ойлаймын. Біз оны көзбен көрмесек ғалымдардан сұрамасақ лебеданы толық зерттей алмайтын едік. «Лебеда» өсімдігін Дюсенбаева Жанбибі апайымыз ЖШС «КАСПИЙ ӨҢІРІ «БОЛАШАҚ» колледжінің алдына әкеліп отырғызған.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.11.2023
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі