Ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңдағы ұлттық құндылықтарды дәріптеп қазіргі жас ұрпаққа негіздеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қармыс Ақзия Нұрбекқызы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы





Ұлттық құндылықтарды дәріпеу




Қазақ халқы – әлемдегі ең ғажап халық. Қазақты әлем халқына ғажап халық екенін танытып тұрған ол – біздің ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз және ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындар. «Ата салтың – халықтық қалпың» дегендей, өз ұлтымыздың қадір-қасиетін, ой-өрісін танытатын салт-дәстүрімізге, қазақтың мәртебесін көтеретін мұраларымызға құрметпен қарап, оларды қастерлеу – баршамыздың міндетіміз.

Жер-жаһанда қазақтан асқан қонақжай халық жоқ десек болар. Қазақ жерінде болған поляк саяхатшысы, зиялысы А. Янушкеевич: «Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін айналып шығар едім»,– деп қазақ халқының қонақжайлығына тәнті болған екен. Қонақжайлылық – қазақ халқының сүйегіне сүтпен сіңген қасиет. Бұл қасиет қазақты өзге ұлттан ерекшелеп, мәртебесін биіктетіп тұрады.Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі алпауыт жаһандану дәуірінде  кез-келген ұлтты сақтап қалатын дүниелер - сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында "Кеңістік - барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады" деген болатын. Сондай-ақ, ұлы даланың әрбір қыры оның әуелден бүгінге дейінгі халқының терең тарихы мен бай мәдениетінің куәсі екендігі және оны жаңғырту әлемдік өркениет үшін ерекше маңызды екендігін атап көрсетті. Бір ұлтты басқа ұлттан даралайтын - оның ұлттық құндылықтары, яғни, әдеби мұрасы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарымыз шын бағасын алғанда ғана, жоғымыз түгенделіп, өшкеніміз жана бермек. Мен Әбіш Кекілбайұлы атындағы музейге бардым. Ол жерде домбыраның және тайқазанның тарихын білдім. Музейдің іші тарихқа толы ол жерде Зәуре Әбішова, Ерлан Ырзаболов, Бибізада Жүсіпова экскурсия жеткекшілері тарихи құндылықтарды түсіндірді.

Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың байлығы. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра – тек күй тартуға ғана емес, ән айтқанда сүйемел үшін де қолданылатын аспап. Баршамызға ор­тақ құндылық – домбыраны жан-жақ­ты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сі­ңіру өте маңызды. Домбыра – қай­таланбас асыл дүние.

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қазандық бөлмесінде Көреген Әмір Темір заманынан қалған құнды жәдігерлердің бірегейі – қасиетті Тайқазан тұр. Бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда (хижра 801 жыл, 20-шаууал) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін жеті түрлі асыл металдың (мыс, мырыш, алтын, күміс, қола, қорғасын, темір) қоспасынан құйылған. Қазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр, биіктігі – 1,60 м., диаметрі – 2,42 м. Тұғырының биіктігі – 0,54 м., диаметрі – 0,607 м. Тайқазанның сыртқы бөлігінің өрнектелуі бес бөліктен тұрады. Бірінші жоғарғы бөлігінде қазанды айнала сулус қолтаңбасымен Құран Кәрім аятынан үзінді жазылып, ол пайғамбар хадисімен жалғасады, одан соң қазанның кімге арнап жасалғаны, аяқталған жылы берілген.



Терең құдықтар «шыңырау» деп аталды. Маңғыстау, Үстіртте су өте тереңнен шығатындықтан тек «шыңыраулар»  қазылды, шыңырау құдықтарды таспен шегендегендіктен «тас құдық», «тас шыңырау» деп те, терең болғандықтан «құрдым құдық» деп те аталды. Маңғыстау, Үстірт өңірінде, 1,5-2 метр жер қабатынан соң қалыңдығы 30-40 метр, кейде одан да қалың, бірақ жұмсақ тас қабаты түзілген, сондықтан жер астындағы суға жету үшін көздеген жердің тас қабатын үңгу қажет болған.








Ел тағдырын өз тағдырынан биік қойған сонымен қатар ұлтының тұтастығын, жерінің бүтіндігін мұрат еткен қазақ батырлары қазақ тарихының әр белесінде тұлғалық деңгейге көтеріліп отырған. Яғни олар ұлттық тұлға болған.

Найза – бүкіл әлем халықтары аң аулағанда, соғыста қолданады. Қадалғыш, лақтырмалы қару. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне дейін қолданылды. Найзның әскери қару ретінде кең тараған кезі – темір ғасыры. Қазақ батырлары мен жауынгерлерінің де қаруы шашақты, темірден үшкір ұшы бар, ұзын найза болды.

Садақ – жебемен ататын қару. Садақты мезолит дәуірінен ХІІ ғасырға дейін, кейбір халықтар ХХ ғасырға дейін пайдаланып келді. Қарапайым садақты тобылғы, үйеңкі, тағы да басқа қатты ағаш шыбықтарын иіп, екі ұшын қайыспен керіп жасайды.

Алмас қылыш – соғыс қаруы. Болаттың ең асылынан соғылады. Қазақ батырлары асынған бес қарудың бірі – осы алмас қылыш.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2023
638
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі