«Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі»
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: «Ұлттық рух - Тәуелсіздік тірегі»
Мақсаты: Қазақ халқының сан ғасыр армандаған арманы тәуелсіздік туралы оқушыларға
түсінік беру. Қазіргі Қазақстан - әлем таныған егемен ел екендігі туралы мағлұмат беру.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу.
Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның
тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Өз Отанына, туған жеріне
деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, елжандылыққа, ұлтын сүюге, еліміздің рәміздерін
қастерлеуге тәрбиелеу. Оқушы бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін
салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру.
Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендігін ұғындыру;
Көрнекіліктер: Тәуелсіздік туралы слайдтар, нақыл сөздер. Желтоқсан оқиғасы
тақырыбына арналған суреттер, бейнероликтер.
Барысы:
Мұғалім сөзі:
Қазақ халқы сан ғасыр армандаған, армандап қана қоймай, жан
алысып жан берісіп күрескен тәуелсіздігіне осыдан жиырма алты жыл бұрын қол жеткізді.
Иә, дәл сол 1991жылдың желтоқсанында «ақ түйенің қарны жарылып» еліміз еркіндік
алды. Бұл тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Кенесары мен Наурызбай,
Махамбетпен Исатай, Сырым мен Жанқожа батырлар елінің тәуелсіздігі жолында опат
болды. Қазақ халқы өткен ғасырда да еркіндік үшін күресін тоқтатпады. Ғасыр басында
Алаш арыстары да елінің тәуелсіздігі жолында қасық қаны қалғанша күресті. Ал 1986
жылғы "Желтоқсан оқиғасы" тәуелсіздіктің, азаттықтың, демократиялық жаңғырудың
бастауы болды. Ол жас жігіттер мен қыздардың ар намыс пен елдік рух жолында
тәуелсіздікті талап еткен тегеурінді күш қайнарының тоғысқан шағы еді. Ел мен ұлттың
тәуелсіздік құқын қорғау үшін бас көтерген желтоқсандық жігіттермен қыздардың бұл
қадамы шынында да ерлік еді.
1-оқушы
Желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілседе, елдің рухын көтеріп, еркіндік алуға
ұмтылдырды.Қайсар ұрпақ қай кезеңдеде қайыспас ерлігімен қарсы тұрды. 1986жылы
17желтоқсан күні қазақ жастары азаттық жолында орталық алаңға шықты «Менің
Қазақстаным» әнін шырқай жүріп, қайсар рухтан қайтпаған Л. Асанова, Қ. Рұсқұлбеков,
Е. Сыпатаев сияқты жас қаһармандарға бүгінгі азаттығымыздың алғы шарты болған
желтоқсан ерлерін емірене еске ала отырып, соларға арнап жыр жолдарын арнамақпыз.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен – айғақпын, ұстамын, ертегіге.
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.
«Ой ашар» кезеңі: Тәуелсіздік дегеніміз не?

1-оқушы: Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Ата–
бабаларымыз аңсап қана қоймай, сол үшін не бір қанды ұрыстарда белді бекем буып
күресті емес пе? Төгілген қан, сіңірген еңбек ешқашанда зая кетпейді.
2-оқушы: Ия, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы
«Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» қаралы атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар
шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.
3-оқушы: 1941-1945 жылдары азамат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік
жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік
көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһарманына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ
берілді.
4-оқушы: 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ
жерімізде Желтоқсанның қанды қара дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Әділдік үшін
бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды.
Бейнеролик: «Алматы алаңы – 1986 жыл»
5-оқушы: Тәуелсіздік бізге аспаннан түскен жоқ. Қажырлы күреспен келді. Желтоқсан
көтерілісі-оның соңғы куәсі. Тәуелсіздік халқымыздың асыл арманы, ел тірегі.
Қиындықпен қол жеткізген тәуелсізді қорғап қалу, оны өміршең ету-бүкіл қазақ
халқының , ел басында отырған азаматтардың міндеті,азаматтық борышы.
1-оқушы
Мен қазақпын мың өліп мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айтабергімкеледіайтабергім!
2-оқушы:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәм-тұзын ақтай білген елміз.
Атадан ұл туса құл болам деп тумайды,
Анадан қыз тусы күң болам деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз
Асқақтаған хан болса, хан ордасын алмайтын елміз.
3-оқушы
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Қазақ халқы осы тәуелсіздік жолында небір
қиын-қыстау кезеңді бастан кешірді десеңші, арыға бармай 1720 жылдан бергі тарихқы
қысқаша шолық өтсек. 1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыда» 1 млн. адамнан, яғни сол
кездегі халықтың 40 % айырылды.
4-оқушы
1916 жылы патша үкіметі қазақтарды тыл жұмыстарына мобилизациялаудың тәртібін
жариялады. Ашу-ыза кернеген жұмысшылар мен шаруалар көтеріліске шықты. Өзінің
сипаты жөнінен ол отаршылдыққа және феодализмге қарсы ұлт-азаттық көтеріліс еді.
5-оқушы
1917 жылы ақпан жәнеқазан төңкерілісі салдарынан, Аамат соғысы жылдарында
шаруашылық күйзіліске, адамдардың ашаршылыққа душар болуынан 950 мың қазақ, яғни
ел халқының 19 % апат болды. 400 мың қазақ отбасы, елден кетуге мәжбүр болды.
1-оқушы
1937 жылы қазақ халқының қаншама аяулы азаматтары, бетке ұстар шамшырақтары
қуған-сүргінге ұшырап, халқым, елім деп жүріп, «халық жауы» атады. Сол кезде абақтыға
жабылғандардың саны 105 мыңға жетті. Олардың 27 мыңнан астамы атылды. Халқымыз
осылайша жапа шекті.
2-оқушы
Қазақ халқының ең соңғы өліп – тірілуі біздің халқымыздың қайғылы қасіретіне, сонымен
бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты
жалған жаламен 99 адам сотталып, 264 адам жоғарғы оқу орнынан қуылып, әртүрлі жазаға
ұшырады. Қазіргі күнде 16-17 желтоқсан Президент жарлығымен Желтоқсан құрбандарын
еске алу күні, Тәуелсіздік мерекесі болып жарияланды. Міне, 1991
жылыжарияланғантәуелсіздігімізгебүгінде 26жылтолыпотыр.
3-оқушы
Желтоқсан оқиғасы ХХ ғасырдың ірі оқиғаларының бірі. Ол тек тоталитарлық жүйенің
күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай-ақ ол бұрын бағынышты болып
келген көптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік сыйлаған зор саяси әлеуметтік құбылыс
болды. 1986 жылдың желтоқсанындағы қазақ жастарының төгілген қанымен бүгінгі
тәуелсіздігіміздің тұңғыш парағы жазылды.
4-оқушы
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық,
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
Қайғы езіп елдің еңсесін,
Жаншыды-ау жанын батпан күн.
Енді қайтып келмесін!
Сол бір қарғыс атқан күн!
5-оқушы:
Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бейуақытта бойға таққан тұмары
Тәуелсіздік – жүректерде тұншығып

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы!
Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге еркін өмір сыйлады.
Мектебіміз алға шығып өмірде
Жақсы атақпен нұр шапағын жинады!
1-оқушы
Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейін аз уақытта бұрын өніміз түгілгі түсімізге енбеген
оқиғалар болды. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші (оқушылар кезекпен)
1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды;
1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты;
1991 жылы 1 желтоқсанда тұңғыш Президентіміз сайланды;
1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып
кірді;
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді
қабылдады;
1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз мемлекетіміздің негізгі заңы Конституция қабылданды;
1993 жылдың 15 қарашасы жас мемлекетіміздің тарихында еркеше күн болды. Осы
күннен бастап, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем
таныды.
Мұғалім: Еліміздің тәуелсіздігін аңсаған, ақ найзаның ұшымен елді жаудан қорғаған
батыр аталарымыз бен желтоқсан оқиғасының құрбандарына айналған қыршын кеткен
жастарды құрметтеп, осы отырғандардан 1 минут үнсіз орындарынан тұру сұралады.
Ән: «Желтоқсан желі»
«Үйренейік, танысайық» кезеңі: Мәдени ескерткіштерді білеміз бе?
1. Ата тарих тұмасы – Алтын Адам.
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Шілікті елді мекенінің жанындағы ескі
қорғандардың бірінен археологиялық экспедиция кезінде табылды. Алғаш хабарлаған
археолог, профессор, тарих ғылымының докторы Әбдеш Тәшкенұлы Төлеубаев.
2. Жас Астананың символы – Бәйтерек.
Бәйтеректің жобасын жасаған сәулетшілер Артур Манукян, Мұрат Байысбай. Биіктігі – 97
метр, салмағы – 210 тонна.
3. Респубика алаңында. Тәуелсіздік монументі.
16.12.1996жылы ашылды, авторы: Ш.Ыдырысұлы бастаған топ. Монументтің биіктігі – 32
метр, оның ортасында еліміздің елтаңбасы салынған, ұлттық нақышпен өрнектелген, биік
тұғырдың ұшар басына алтын батыр мен жолбарыстың мүсіні қойылған. Батырдың
бейнесі Есіктен табылған «Алтын адам» үлгісінде құйылған. Ескерткіштегі алтын
жалатылған бүркіт, батырдың қылышы мен жолбарыстың жиынтық бөлшектері қымбат
тастармен жасалған.
«Поэзия минуты» кезеңі: Оқушылар тақпақтары
1. Егемендік – иесімін деген сөз,
Көптен бері естілмеген ерен сөз.
Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған,
Көркем жігіт болып осы келген кез.

2. «Тәуелсіздік» - ел болғанның белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші,
«Тәуелсіздік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
3.Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Тәуелсіздік – ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Би: «Мерекелі ел»
«Шын жүректен» кезеңі: Жылы тілек айту.
Әр оқушы көк жалаушаны қолдарына алып, «Мен елімді сүйемін» деп жылы лебіздерін
білдіреді.
Бекіту:
- Тәуелсіздік мәңгі жасасын! Еліміздің бірлігі мәңгілікке сақталсын!
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
08.03.2024
443
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі