400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру, Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні

11.12.2023ж.

Класы, жетекші


Сабақтың тақырыбы

«Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі»

Мақсаты

Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам екендігін түсіндіру, Оқушыларды патриоттыққа,Отанды сүюге,тәуелсіз елімізді қастерлеуге үйрету.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Ұлттық рух туралы, тәуелсіздіктің маңызын меңгереді.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

«Жеткіншектің Жеті Жарғысы» жобасы

Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

-Солнце 2

отан


Сәлематсыздар ма, оқушылар?




Отан деген не?

Тәуелсіздік туралы жүректен жарып шыққан қуатты өлең-жырлар, отансүйгіштікке баулитын әндер баршылық. Олардың бәрі елдің егемендігін насихаттауда, ұрпақ тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Тәуелсіздігіміз жарияланған күннен бастап еліміздің барлық саласы нарықтық экономикаға көшті. Дегенмен, мемлекеттік стратегиялық жоспарлаудың қажет екенін уақыттың өзі дәлелдеп берді. Дәл осы тұста аяғын тәй-тәй басқан тәуелсіз Қазақстанға ықпал ететін 20 сын-қатер сарапталып, талданды, мәселені шешу жолдары қарастырылды. Дені сау ұлт, дені сау ұрпақ болашағы үшін Семей ядролық полигоны жабылды. Тиімді мемлекет құру мақсатында қолға алынған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы 25 басты нәтижемен алдына қойған мақсатын мерзімінен бұрын өтеді.

Мұғаліммен амандасады.


Отан туралы өз тұжырым, ойларын ортаға салады.


Негізгі бөлім

(15мин)



Сұрақ-жауап «Тәуелсіздік ұрпақтары»

-Балалар біздің ұлтымыз кім?

-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

-Қазақстан қандай мемлекет ?

-Елбасымыз кім?

-Елорда бас қаламыз қай қала?

-Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз

-Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?



Тәуелсіздік тақырыбында пазл құрастыру

Оқушылар тақтада берілген сұрақтарға жауап береді.
















Тәуелсіздік туралы пазл құрастырып, шыққан суретке байланысты өз ойларын айтады.

Қорытынды

(10мин.)




Желтоқсан оқиғасы.

27 жыл бұрын Қазақ елі Ресейге бағынышты болды. Елімізде Дінмұхаммет Ахметұлы Қонаев атамыз бірінші секретарь болды. 1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин қойылды. Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ жастары бастады

Оған  Алматыда бір топ жастар қарсы болып,, Қазақ елін қазақ басқару керек деген ұранмен алаңға шыққан

Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. Тәуелсіздік  аңсаған жастар ұлттың намыс  құдіретін дүние жүзіне  танытқан бұл  оқиғаның  құрбандары  болған  Қ. Рысқұлбеков,

Л.Асанова,С.Мұхаметжанова,  Е.Сыпатаевтардың  жүректі  үні, ел  намысын  қорғаған ерліктері  мәңгі  өшпейді.

1 минут үнсіздікпен еске алу


Туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.


Сау болыңыздар!


Слайд –шоу арқылы Желтоқсан оқиғасын көрсету.







.













Оқушылар тәуелсіздік туралы тақпақтарын айтады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.12.2023
854
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі