Материалдар / «Ұлтының ұлы ұстазы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлтының ұлы ұстазы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама:Ахмет Байтұрсынұлы!!! Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар. Әр қазақтың жадында жатталған Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым… Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол ТҰЛҒА.Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға. Ахмет Байтұрсынұлы- қай жағынан қарасақ та,қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, сонынан өшпес із қалдырған жаңашыл ағартушы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2022
370
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абушарипова Шынар Темирбековна

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия

және жаңа технологиялар колледжі

Қазақ тілі мен әдебиеті

Жетісу облысы

Талдықорған қаласы

.




Тақырыбы: «Ұлтының ұлы ұстазы»

  

А. Байтұрсынұлының өлеңдері өзінің сыртқы қарапайымдылығы, ішкі мазмұны, жеңілдігі және біркелкілігі жағынан қазақ әдебиетінде бірінші орын алады… А. Байтұрсынұлының арқасында санасыз түрде болмаса да шын мәнінде орыстана және татарлана бастаған қазақ зиялыларының бір тобы дереу есін жиып, … өз ағаттықтарын түсіне бастады…

Міржақып Дулатұлы

 

Ахмет Байтұрсынұлы!!! Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.

Әр қазақтың жадында жатталған Ахмет Байтұрсынұлы - ақын, жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…

        Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол ТҰЛҒА.Ұлтына ғұмырын арнаған тұлға.

   Ахмет Байтұрсынұлы- қай жағынан қарасақ та,қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, сонынан өшпес із қалдырған жаңашыл ағартушы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу- ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911-1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының  әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912-1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды.      

    Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері "Қырық мысал” , "Маса”, "Үзік” деген аттармен 1912 жылдан  1922 жылға  дейін бірнеше рет жарияланған. "Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы.

 

       

   Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,

          Сап- сары аяқтары ұзын маса,

          Өзіне біткен түсі өзгерілмес,

          Дегенмен қара яки қызыл маса.

 

          Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

          Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.

          Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

          Қоймастан құлағына ызыңдаса?

 

        Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып: "Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: "Маса” дейтін бірді айтып бірге кететін  бір қиссамыз бар”,- деп, қолына  Ахаңның кітабын беріпті. Соған назаланған Сұлтанмахмұт "Тұтқындағы Байтұрсынның "Масасына” деген өлеңін жазған екен /1914 ж/.

 

Онда мынадай жолдар бар:

        

          …Бағың  жоқ көр соқырдың көзі алдында,

            Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:

            Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,

            Аузына керек тас деп бір алды ма?

            Өткірсің наркескеннің алмасындай,

            Жүйріксің "полный ходтың” арбасындай.

            Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,

            Өзінің болмады деп қарғасындай…

 

    Сұлтанмахмұттың осындай  бағасынан кейін  "Маса” жинағына  қандай да болмасын пікір айтудың өзі артық болардай! 

    Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер  ету жолдарын іздеген  ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып шығарды.     Мысалдарда  әр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп, ишара    тұжырым жасалады. Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың, байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.

      Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың  сезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына


қамшы үйіре берген орыс оязының  озбырлығына  шыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.

    Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуға  білімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта оның Ахметке берген ақылы, өтініші: "Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің бастығы берген уақытын  азайтар ма еді немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа  ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ жүрсең де, жататын орның  болмаса да, қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.

      Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелі  көзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең – жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.

Ахмет Байтұрсынұлының әдеби және ғылыми мұрасы өзінің жақсы атымен қатар ақталып, біздің заманымызда ХХ ғасырдың сексенінші жылдарындағы халыққа қайтарылды.

Ахмет Байтұрсынұлының барлық шығармалары көрші халықтардың, орыс және қазақ мәдениетін байланыстыратын, жаңа тарихи қоғамдастықтың іргетасын қалайтын әдебиеттің жалпы қабатын қалыптастыруға қызмет етті. Ол көрнекті түркітанушы болды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ фольклорына үлкен үлес қосқан ағартушы. Фольклорлық жұмыстарды жинау және жариялаумен айналысты. Атап айтқанда, ол «Жоқтау» жинағын шығарды, ал 1895 жылы «Торғай» газетінде Ахметтің өзі жинаған «Қазақтың ырымдары мен мақал-мәтелдері» жарияланды.

А.Байтұрсынұлы қазақ тіл білімін дамытуда айрықша маңызға ие болған тұлға.8 ғасырдан бастап қазақ даласына исламның таралуына байланысты араб жазуы біртіндеп ене бастады. Араб әліпбиінде қазақ тілінің барлық дыбыстарының нақты көрінісі үшін қажетті көптеген әріптер жетіспегеніне қарамастан, қазақ тілі араб әріптері негізінде құрылды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің табиғатын терең зерттеп, араб тілінің негізінде жаңа қазақ алфавитін құрды.Ол сол кезде қазақ тілінің даму қажеттіліктерін қанағаттандырмайтын, оның грамматикалық және фонетикалық құрылымын көрсетпейтін латын, әсіресе орыс алфавитін енгізуге қарсы болды. Ол өз халқына әліпби сыйлап, қазақ тілінің фонетикасы, морфологиясы, синтаксисінің негізін қалады, алғашқы оқулықтарды жазды. Ресми түрде ҚР Ғылым Академиясының Тіл білімі институты Ахмет Байтұрсынұлының есімімен аталды.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдебиетінің тарихы мен әдебиет теориясы бойынша зерттеулерге үлкен үлес қосты.Мысалы, ол Абай оқуларының негізін қалаған, сонымен бірге Абай Құнанбаевтың туындыларының рөлі мен маңызы туралы алғашқы мақалалар Байтұрсынұлының қаламынан туған. Абайдың романдары, фольклор тасымалдаушылар туралы жазды. 1920 жылы Қазан қаласында «Баяншы» кітабы жарық көрді. Сондай-ақ, «Әдебиет теориясы» еңбегі де қазақ әдеби сынының дамуында ең маңызды рөл атқарды.

Бүгінде Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда ғылымды дамыту мәселесі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен бастау алып жатыр. Тарих факультетінің профессор-оқытушылар құрамы дәріс барысында ұлт зиялыларының еңбектеріне тоқталып, атаулы даталарға, мерейтойы атап өтілетін тұлғалардың өмір жолы, қызметі, егеменді елді қалыптастыру мақсатында артынан қалдырып кеткен мұрасын жаңғырту негізінде конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды әдетке айналдырған. Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы жол - тарих бетерін парақтап, Ахмет Байтұрсынұлы сынды тұлғалардан үлгі алу - мемлекеттілігімізді нығайтудың өткір нышаны екені сөзсіз. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!