Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы Дала геометриясы" мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Геометрияның маңызы жайлы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫ ДАЛА ГЕОМЕТРИЯСЫ



Куандыкова Ж.А., математика мұғалімі,

Қарағанды қаласы «№59 ЖББОМ» КММ.



Баяндамамды осылай атауымның себебі, бірнеше мысалдар мен дәйектер келтіру арқылы қазақ халқының геометрия пәнін ауызекі әдебиет сияқты күнделікті өмірде әр ата-ана өз баласына үйретіп отырғанын көрсеткім келді. Қазағымның киіз үйі мен оның іші-сыртындағы жасаулары мен жабдықтары – тұнып тұрған геометрия. Оған мысал ретінде бір ғана құрақ құрау өнерін алайық. Құрақ құрау көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.

Геометриялық фигуралардың ол кезде өз атаулары болған. Тіктөртбұрышты «тікше»деп атаған. Демек, оның бұрыштарының тік екенін саналы түрде білген. Квадратты «шаршы» деген. Шаршы деп кей өңірде орамалды айтады. Ал орамалдың барлық қабырғалары тең. «Ши» құрақ тек шаршылардан тұрады. «Шаршыгүл» құрағы - 25 шаршыдан тұрады. Матаны диагоналінан екі бүктеп, бір қиып төрт қабырғасы тең шаршы шығарған. Демек, диагональ туралы түсініктерінің ертеден қалыптасқан деуге әбден болады. Үшбұрыштың ескі атауы «үшкіл». Үшкіл сөзі «үшкір» сөзінен шыққан, яғни, өткір, сүйір дегенді білдіреді. Көбінесе үшбұрыштың бұрыштарының сүйір келетінін ата-бабамыз атап кеткен. «Қиық» құрағы - 36 дана теңбүйірлі үшбұрыш (теңбүйірлі үшбұрышты шаршыны диагоналінан екі бөлу арқылы алған деуге негіз жетерлік), 9 дана төртбұрыштан тұрады. Ромб қазақша – «тең қиық» . Осылай атап, бұл фигураның қабырғаларының тең екенін көрсеткен. «Шатыр» құрақ 6 немесе 8 ромбы қиындысының біріктіруінен пайда болады. Параллелограмның екі қарама-қарсы қабырғалары басқа екеуінен ұзынырақ екенін көрсетіп, оны «ұзынша қиық» деп атаған. Трапецияны «күліш қиық» десе, дұрыс бес-, алтыбұрыштарды «әсем бұрыштар» деп атаған және де осы ақпараттарды келешек ұрпақтарына насихаттаған.

Сонымен қатар, көрпешені жазықтық десек, құрақ элементтері – геометриялық фигуралар болса, қазақ халқы жазықтықтағы фигуралардың орналасуын жетік білген деуге әбден болады. Тең фигуралардың қасиеттері мен оларды беттестіру арқылы алуға болатынын да көрсетіп кеткен дей аламыз.

Қазақтың өрнекті әшекеймен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да жетерлік. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ал ою-өрнектің барлығы да симметрия, центрлік симметрия, осьтік симметрияға негізделген. Демек қазақ халқының симметрия жайында да білімдері жетік болған. Центрлік симметрияның центрін оюдың немесе құрақтың көзі деп атаған. Ең әйгілі оюымыз «қошқармүйіз» осьтік симметрия арқылы бейнеленеді. Ою-өрнектің дамуы, сонымен қатар дәуірдің даму тарихына қарай сәулет өнеріндегі стильдік сипатқа ие болды. Архитектурадағы өрнектердің сипаты дәуірге байланысты сипат алса, барлық сол кездегі бейнелеу өнерінің түрлері соған байланысты дамып, стильдік бағытта орын алады. Өрнектік элементтердің түрленуі оның тарихи дамуға байланысты екенін, өрнектік сипатқа талдау барысында анықталды. Ою-өрнек элементтерінің айырмашылықтары олардың адам өміріндегі тарихи дамуына, кәсібіне, ортасына байланысты. Бүгінде осы өнер түрлері қайта оралғандай, қайта жаңғырғандай.

Бұл планиметрияға бір-екі мысал еді. Стереометрияға мысал келтіретін болсам, қазақтың сәукелесі конус емес пе?! Қазақтың күбісі цилиндр емес пе?! Науа мен арба қысқартылған пирамида емес пе?! Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Демек, біз дәстүрімізді қайта жаңғыртып қана қоймай, геометрия сабақтарында қолдансақ, оқушылардың қызығушылығын оятып, креативті ойлауын дамыта түсеміз. Қазағым – креативтіліктің қайнар көзі. Өйткені, әркім өз үйінде өзіне киім тігіп, жасау жасап, ойының ұшқырлығын дамыта отырып, балаларына үйреткен.

Осы орайда, геометриялық мозаика сияқты құрақ, ою-өрнекті дәріптеу мақсатындағы факультатив сабақтар қосылса екен. Өйткені, құрақ пен ою-өрнек те мозаика сіпеттес және әсемдігі жағынан да кем түспейді деп ойлаймын.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. "Шаңырақ" - үй-тұрмыс энциклопедиясы, 1990 ж. "Қазақ совет энциклопедиясының" бас редакциясы қазақ тілінде шығарған анықтамалық. Бас редакторы Р.Нұрғалиев.

  2. https://prosveshenie.kz/login

  3. Өз ойларым мен көзқарасым.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2020
273
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12