ҰЛЫ ДАЛА ОЙЫНДАРЫ
Амангелдиева Гүлнар Сайлаубековна
Тақырыбы: «Ұлы дала ойындары»
Мақсаты: Балалардың белсенділгін арттырып,қимыл қозғалыстарын дамыту арқылы оларды спортқа қызығушылықтарын арттыру. Қызықты, көңілді ойындарды пайдалану арқылы балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылықтарын арттыру. Жинақылыққа, жылдамдыққа, шыдамдылық пен достыққа тәрбиелеу. Ұлттық ойындарға қызығушылықтарын ояту.
Инновациялық технология: Ойын технологиясы, динамикалық үзіліс, денсаулық сақтау технологиясы, интеграция.
Әдіс –
тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ –
жауап, ойын.
Құрал –
жабдықтар: ойын атрибуттары, төрт үлкен
асық макеттері (қызыл, сары, жасыл, көк) және осы төрт түске
боялған асықтар (бала басына теңдей болу
керек).
І. Кіріспе бөлім.
Балалар музыка ырғағымен, бір қатармен спорт залға кіреді.
- Түзел! Тік тұрыңдар!
- Сәлеметсіздер ме?
( балалар амандасады)
Нұсқаушы: Балалар бүгінгі ұйымдастырылған іс-әрекетіміз өзгеше болмақ. Мен сендермен жайлауға барып, өзіміздің қазақтың ұлттық ойындарын ойнағым келеді. Ол үшін біз жайлауға немен жетеміз, қалай ойлайсындар? (атқа мініп жете аламыз).
- Олай болса аттанайық жолға!
«Боз жорға әні»
1.1 Жүруде орындалатын жаттығулар:
-
қарқынды өзгерте отырып, кең адымдап жүру;
-
тізені жоғары көтеріп жүру (таңлай қағу);
-
«Қамшылау»: қолға қамшы (имитация) ұстап қарапайым қимыл жасап жылдамдықпен жүру (чу-чу-чу);
2. 2 Жүгіруде орындалатын жаттығулар:
1) «Қамшылау»: қолға қамшы (имитация) ұстап қарапайым қимыл жасап жәй жылдамдықпен жүгіру;
2) ирелеңдеп жүгіру;
3) «Атпен шабу»: жеңіл жылқыға ұқсап секіріп шабу;
4) әр адымда секіре жүгіру.(бір аяқпен секіру)
5) артпен шегіншектей жүгіру.
6) қолды желкеге қойып, оң, сол бүйірмен жүгіру.
7) қолды алдыға созып, тізені алақанға тигізіп жүгіру.
8) алақанды артқа ұстап, өкшені артқа лақтыра жүгіру.
9) жүріс пен демалысты қалпына келтіру.
(Нұсқау: Басты, денені, қолды түзу ұстап жүрулерін қадағалау).
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Жалпы дамыту
жаттығулары: (затсыз,
әуенмен)
Тәрбиеленушілерді төрт қатарға бөлу: қатарда тұрған балалар біртіндеп жүріп қоржындағы төрт түсті асықтарды алады. Қандай түстегі асық түссе, сол түстегі қатарға бөлініп тұру керек (төрт қатардың басына төрт түсті асық макеті қойылады, сол асық макеттеріне қарап төрт қатарға бөлінеді). Қолдарындағы асықтарды нұсқаушы қоржынға жинап алады.
«Қара жорға» әнінің ырғағымен орындалады.
1. Б.қ: қол белде, аяқ иық бойында алшақ, басты оңға солға бұру (6 р);
2. Б.қ: Оң аяқ алдына қарай шығару,қол белде иықтарды кезекпен көтеру (6 р);
3. Б.қ: аяқ бірге, қол кеудеде, бірінің үстіне бірін қойып, оңға, солға бұрыу. (6 р);
4. Б.қ: аяқ бірге,қолды жанға қойып, құстың қанатын жасау. (6 р);
5. Б.қ: аяқ алшақ, қол арқада екі жаққа кезекпен иілу. (6 р);
6. Б.қ: аяқ бірге, қол кеуде тұсында. Қолды алға созып, тізені сәл бүгіп отырып тұру (6 р);
7. Иілу (қара жорға элементтері).
Нұсқаушы: балалар, міне, жайлауға да жетіп қалыппыз.
Ғажайып сәт: Қойшы ата келеді.
Қойшы ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Қош келдіңдер! Кім боласындар, қайдан келдіңдер!
Нұсқаушы: Сәлеметсіз бе, ата! Біз балабақшадан келдік. Балалармен табиғат аясында өзіміздің ұлттық ойындарымызды ойнағымыз келген, сол себептен осы жайлауға келген едік.
Қойшы ата: Әп, бәрекелді! Олай болса мен де сендермен ойнап көңіл көтерейін.
Нұсқаушының белгісі бойынша балалар шеңбер бойымен жүріп бір қатар бойына жиналады.
Нұсқаушы: Ата, сіз қандай ойын білесіз? Біздің балалар өте жылдам, шапшаң, барлық ойынды ойнай алады.
Қойшы ата: Олай болса ат ойындарын ойнайық. Ат ойындары, балалар - атқа байланысты ұлттық ойын түрлері, яғни атқа мініп ойнайтын ойындар. Менің екі жылқым бар, екі қатарға бөлініп, жарысайық.
Балалар бір қатардан екі қатарға бөлінеді. Нұсқаушы тапсырманы көрсетіп, түсіндіреді.
Негізгі қимылдар:
(эстафета)
1. «Теңге ілу»: Жерге қатар бойымен 5 шығыршық қойылады, төрт шығыршық ішінде үлкен асық «бүк» немесе «шік» жатады. Соңғы шығыршық ішіне кішкентай бір асық салынады. Бірінші ойыншы атқа мініп, шығыршықтарды ирелеңдеп айналып өтеді. Әр шығыршықты айналып өту барысында, ішіндегі асықты «алшы» тұрғызып кетеді. Соңғы шығыршықтың ішіндегі 1 асықты іліп алып, өз қатарына шауып барып атын келесі ойыншыға береді. Атты тапсырған соң, қатар соңына тұрады.Келесі шабандоз асықтарды керісінше қайтып жатқызып кетеді (ойыншылар асықтарды осылайша тұрғызып-жатқызады). Әр шабандозға соңғы шығыршыққа кішкентай асық салынып тұрады.
2. «Жамбы ату»: Атқа мініп сызыққа дейін жарысып шауып жетіп қоржындағы асықты алып, 1,5 метр қашықтықтағы себетке сызықтан аспай лақтырып жинау. әр ойыншы саықты лақтырып болған соң, себетті айналып өз қатарына шауып барып, атын келесі ойыншыға тапсырып, қатар соңына тұрады.
Қойшы ата: Жарайсыңдар, балалар! Сендерге көп рақмет! Көңілім бір көтеріліп қалды. Мен сендермен тағы бір ойын ойнағым келіп тұрғаны.Ал сендердің ойын ойнағыларын келе ме?
(балалар: иә, ойнағымыз келеді)
Қимылды ойын: «Ақ серек пен көк серек»
Шарты: Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір – бірінен 30- 40 метрдей жерде қол ұстасып, қарама – қарсы қатар тізіліп тұрады. Екі топтың басқарушылары әр топтың оң жақ басында болуға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркін алған команданың капитаны:
«Ақ серек пен көк серек»
Бізден сізге кім керек? – деп екінші топтан сұрайды.
Оғанқарсыластары былай деп жауап береді:
«Ақ серек, көк серек»
Сонау тұрған Алидің өзі керек, - деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгірген қалпымен қол ұстасып тізіліп тұрған топтың ең әлсіз деген жерінен келіп соғып, үзіп өтуге тырысады. Егер үзіп кетсе, топтың үзген жерінен өз тобына бір баланы апарып қосады.Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Ендігі кезек екінші топқа беріледі. Оларда осы тәртіп бойынша ойынды әрі қарай жалғастырады. Сөйтіп, екі топ бірін – бірі ұтып алуға тырысады. Ақыры ұтылған жақтың адамдары аз мөлшерде не кейде жалғыз басқарушысы ғана қалатын кездері де болады. Ұтқан топ жүлдесін алады. Жүлдені нұсқаушы өз қалауы бойынша ұсынады.
Қойшы
ата: Жарайсыңдар балалар! Ойын
сендерге ұнады ма? Олай болса менің сендерге сыйға тартар
«Қазақстан» шоколадтарым бар. Балаларға шоколад
ұсынады.
Нұсқаушы: рақмет сізге Қойшы ата. Біздің
де балабақшаға қайтуымыз керек. Келесі кездескенше сау
болыңыз!
Қойшы ата: Сау болыңдар!
Нұсқаушы: балалар, қане кемемізге мініп, балабақшамызға қайтайық (балалар бір қатарға жиналады). Міне, бақшамызға да оралдық. Біз ұзақ жол жүрдік, шаршаған шығарсыңдар? Олай болса шеңбер құрып, еденге отып, шаршағанымызды басайық.(«Хош иісті гүдер» жаттығуын жасайды).
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Нұсқаушы:
- Балалар бүгінгі саяхат
сендерге ұнадыма?
- Біз қай жерге саяхат жасадық?
- Нелерге көмектестік?
(балалар жауап береді)
Бағалау
: жарайсыңдар балалар! Сендер
өздеріңнің епті,шымыр, әрі достарына көмек қажет болса, әрқашан
көмекке дайын екендеріңді
дәлелдедіңдер.
Нұсқаушы: Түзел! Тік тұрыңдар! Сау
болыңдар!
Балалар музыка ырғағымен, бір қатар саппен шығып
кетеді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз