Ұлы Дала құндылықтарына
негізделген тәрбие.
Есенов Бауыржан
Нұрланұлы
Жамбыл
индустриалды-технологиялық колледжі, директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Оқу орындарындағы бала
тәрбиесіндегі орны бөлек бірден-бір құжат – «Тәрбиенің
тұжырымдамалық негіздері» бойынша өскелең ұрпақты тәрбиелеу 8
бағытпен жүзеге асатыны баршаға белгілі. Мақсат – аталған маңызды
құжаттың «Қазақстандық патриотизм, азаматтық және құқықтық тәрбие»
және «Ұлттық тәрбие» бағыттарын насихаттау, оның ішінде
«қазақстандық патриотизм» ұғымы, оның мән-маңызы туралы ой
өрбіту.
Бұл тәрбие түрі жеке тұлғаның
жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрлері арқылы іске
асады. «Біз бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін, Қазақстан деп аталатын
Республиканың жер бетінде барлығы үшін, тарихтың әр тұсында осы
елді, осы жерді қорғаған қайсар жандардың аруағының алдында қашан
да қарыздармыз», – деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай, біздің
алдымызда «бабаларының игі дәстүрін сақтайтын», «күллі әлемге
әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары» болатын ұрпақ тәрбиелеу
міндеттері жатыр. Отаншылдық сезім – ұлт рухының деңгейінің айнасы,
өлшемі. «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле» деген екен дана халқымыз. Сондықтан да, сан ғасырлар бойы
сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесіне енгізу
арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта
ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, ұлтжандылық пен отаншылдыққа
баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын,
бойында ұлттық санасы қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеп шығару –
жалпы ұлттың алдында тұрған ұлы міндет болып отыр. Қандай да бір
елдің рухани мәдениеті, әдебиеті мен өнері, ғылым мен техникасы,
әлеуметтік жағдайы, материалдық өндірісінің ең маңызды жетістіктері
тәрбиесінен көрінуі арқылы оның ұлттық құндылықтарының мәніне ие
болады және өскелең ұрпақтың азаматтығы мен отаншылдықты,
рухани-адамгершілік жан-дүниесі қалыптасуына белсенді түрде ықпал
етеді.
Ұлттық отаншылдықты
қалыптастыруда ата-бабаларымыздың ұлағатты ойлары мен тәлімдік
тәрбиесінің атқаратын орны ерекше. Осы жерде қазақ халқының ұлы
ақыны, ғалым М.Жұмабаевтың мына сөзі ойға оралады: «Ұлт тәрбиесі –
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол
болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға
тиіс. Және әр ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін
қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесі мен
тәрбие қылуға міндетті». Бала тәрбиесінің ұлттық сипатта болуына
ерекше мән беру керектігін атап өтеді.
Ал
ұлттық сипат – сол ұлт тарихының таңбасы.
Ұлттық құндылықтар – ұлттық
идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының
бірі. Осы
ұлттық идеяны жүзеге асыратын басты фактор –
мемлекет болып
табылады. Сондықтан да осы
маңызды іске салғырт қарамай ұлттық
идеяның басым бағыттарының механизмін
жасау қажет. Ұлттық идея – туған
жер, өскен орта әсерлерінен қалыптасып,
халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы арқылы жүйеленген
сезім. Ол
–
ұлттың бет-пердесі, психологиялық өзіндік
ерекшелігі. Ал, осы ұлттық
идеологиямыз әлсіз болса барлық салаға өзінің
кері ықпалын тигізетіні
ақиқат.
«Ежелден ел тілегі – ер
тілегі, адал ұл ер боп туса – ел тірегі» демекші әр баланың бойында
адамгершілік, батылдық, шыдамдылық, төзімділік қасиеттерін дамытып,
жеке тұлғаны қалыптастыруға үлес қосу болып табылады. Өскелең
ұрпақты аға ұрпақтың лайықты мұрагері болу үшін жастарға
халқымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік істерінің ұлылығын
жете түсіндіре отыруымыз қажет.
Осы
жерде еліміздің тарихы жетекші орын алады. Қазақ елінің тарихын
насихаттап, өскелең ұрпақты ұлтжанды етіп тәрбиелейтін,
әрқашан елдің мүддесін көздеп, мемлекеттік тәуелсіздігіміздің мәңгі
баянды болуын насихаттау жолында аянбай еңбек етуіміз керек.
Тарихты оқу арқылы отаншылдыққа, өз халқына, басқа халықтарға деген
сүйіспеншілікке, жауынгерлікке, еңбек сүйгіштікке, Отаны үшін кез
келген қиындыққа әзір тұруға, халықтар арасындағы достық пен
ынтымақтастыққа, қоғам үшін, халық үшін, елі үшін қызмет етуге
дайын болуға, адалдыққа, шыншылдыққа, тазалыққа, қарапайымдылыққа,
кішіпейілділікке, өз мүддесін халық, Отан мүддесінен жоғары қою
сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді. Ал,
оқу
орындарындағы тарих сабақтарында ерлікке, жауынгерлікке
тәрбиелеу күрделі міндет. Осы жерде ержүрек батырлар мен
қолбасшылардың қаһармандығын, ерлігін көрсеткен шайқастары туралы
толық нақтыланған материалдар болуы тиіс. «Атамекен, туған жер»
ұғымы – әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым. Бұл қасиеттер ұрпақ
бойына оқумен, біліммен, үйренумен, талпынумен бітеді. Халық батыры
Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз батырға бай
тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің
символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан
ұрпаққа ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген,
тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл,
келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр
халық».
Қазақ халқын құрып кету қаупінен сақтап қалған,
жерін жауға бермей, ұлан байтақ өлкесін қазақ еліне мәңгі қоныс ету
мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимей, елім деп еңіреп өткен хас
батырлар қаншама десеңізші! Бұлардың ерлігі кейінгі ұрпаққа қашан
да болса өнеге болмақ.
Отансүйгіштік рух – тәуелсіз
еліміздің әлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік
қауымдастықтан лайықты орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір
күш. Осы
жерде жас ұрпақ ең басты отбасында асқақ отансүйгіштік сезімге
тәрбиеленуі тиіс. Ұлы Абай: «Бала мінез үш алуан адамнан жұғады:
біріншісі – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі –
құрбысынан» -
деген екен. Отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына
ата-ана, ауыл аймағының ықпалы зор. «Отан
–
отбасынан басталады»
-
дейді дана халқымыз, отанды сүю – отбасынан
басталатыны рас. Сондықтан да бала тәрбиесінде шешуші факторы –
отбасы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік
белгілері отбасында қалыптасады.
Қорыта келе, Ұлы ағартушы
Ахмет Байтұрсыновтың: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала
қайдан болсын» деген сөзімен аяқтағым келіп
отыр. Сондықтан ел болып, жұрт болып ұрпақ тәрбиесін
қолға алу басты шаруа. Тәрбие беруде ұлттық құндылықтарымыз арқылы
жол көрсетер болсақ, жастарымыз Қазақ
елі қоғамының әлеуметтік-мәдени өзгерістеріне жоғары
мәдениетті деңгейде бейімделетініне және «қазақстандық
патриотизм және ұлт» қасиеттерін бойына сіңірген жастар «елжанды.
ұлтжанды» болатынына сенімдімін.