Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы
Әл-Фараби – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі, ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосты.Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды. Көрнекті ойшыл-гуманист ретінде ол өз шығармашылығы арқылы антика және ислам әлемін біріктіре алды. Оның трактаттары Ренессанс дәуірінде Еуропадағы ғылымның дамуына және дүниетанымның қалыптасуына тікелей әсер етті.
Ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан – бақыт туралы, адамның жетілуі туралы сұрақтар қазіргі заманғы адам мен қоғам үшін де аса өзекті. Оның дүниетанымы, адамзат өркениетіне көзқарасы жер бетіндегі барлық адамдарға бірдей түсінікті әрі тартымды.Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактатында» ол мейірімді адамдар тұратын шаһардың моделін жасады. Әл-Мәдина әл-Фадила – әрбір тұрғыны бақытқа қол жеткізуге ұмтылған ізгі жандардың кемелденген қоғамы. Оның пікірінше, білім мен ізгілік ажырамас бірлікте болуы керек. Кемеңгер ұстаз «...тек халықтардың бірігуі және өзара көмегі арқылы ғана бақытқа жетуге болады...», – дейді. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның пәлсапасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Атақты тарихшы оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған
Әл-Фарабидің «қайырымды қоғам» туралы ілімі бүкіл адамзат үшін маңызды. Ол ұсынған өркениеттер арасындағы диалог пен әріптестік қағидалары негізінде түсіністікке келуге болады...
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы – Қазақстанның тарихы мен бай мәдениетінің аса маңызды және ажырамас бөлігі. Оның мұрасы арқылы біз түркі халықтарының рухани тамырластығы мен жақындығын, тарихы мен мәдениетінің ортақтығын, мәдени мұраның әлеуетін терең түсінеміз.
Түркі тілінде жазылған Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, әл-Қашқари, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Үгінеки еңбектерінде ұлы Отырар ойшылының гуманистік идеяларының белгілері байқалады. Оның идеялары қазақ даласының ұлы ұстаздары – Абай мен Шәкәрімнің ұстанымын қалыптастырды.
Қазақстан – қуатты және керемет ұлттардан тұратын мемлекет, оның көшбасшылары басқалардан көреген, себебі олар әл-Фараби және Абай секілді алпауыттардың иығында тұр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы
Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы
Ұлы даланың ұлағатты тұлғасы
Әл-Фараби – қазақ халқының ғана емес, бүкіл әлемдік өркениеттің рухани игілігі, ислам және әлем философиясының жарық жұлдызы. Ол әлемді тануға және бүкіл адамзаттың рухани дамуына теңдессіз үлес қосты.Әл-Фарабидің шығармашылық болмысы Шығыс пен Батыс өркениетін байланыстыратын рухани алтын көпірге айналды. Көрнекті ойшыл-гуманист ретінде ол өз шығармашылығы арқылы антика және ислам әлемін біріктіре алды. Оның трактаттары Ренессанс дәуірінде Еуропадағы ғылымның дамуына және дүниетанымның қалыптасуына тікелей әсер етті.
Ғұлама ғалым кезінде жауап беруге тырысқан – бақыт туралы, адамның жетілуі туралы сұрақтар қазіргі заманғы адам мен қоғам үшін де аса өзекті. Оның дүниетанымы, адамзат өркениетіне көзқарасы жер бетіндегі барлық адамдарға бірдей түсінікті әрі тартымды.Өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайындағы трактатында» ол мейірімді адамдар тұратын шаһардың моделін жасады. Әл-Мәдина әл-Фадила – әрбір тұрғыны бақытқа қол жеткізуге ұмтылған ізгі жандардың кемелденген қоғамы. Оның пікірінше, білім мен ізгілік ажырамас бірлікте болуы керек. Кемеңгер ұстаз «...тек халықтардың бірігуі және өзара көмегі арқылы ғана бақытқа жетуге болады...», – дейді. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ол ең алдымен грек ғылымын, оның пәлсапасын, әсіресе Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликанның айтуына қарағанда, Әбу Насыр Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан сияқты. Осындай ыждағаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Атақты тарихшы оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған
Әл-Фарабидің «қайырымды қоғам» туралы ілімі бүкіл адамзат үшін маңызды. Ол ұсынған өркениеттер арасындағы диалог пен әріптестік қағидалары негізінде түсіністікке келуге болады...
Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы – Қазақстанның тарихы мен бай мәдениетінің аса маңызды және ажырамас бөлігі. Оның мұрасы арқылы біз түркі халықтарының рухани тамырластығы мен жақындығын, тарихы мен мәдениетінің ортақтығын, мәдени мұраның әлеуетін терең түсінеміз.
Түркі тілінде жазылған Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Ясауи, әл-Қашқари, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Үгінеки еңбектерінде ұлы Отырар ойшылының гуманистік идеяларының белгілері байқалады. Оның идеялары қазақ даласының ұлы ұстаздары – Абай мен Шәкәрімнің ұстанымын қалыптастырды.
Қазақстан – қуатты және керемет ұлттардан тұратын мемлекет, оның көшбасшылары басқалардан көреген, себебі олар әл-Фараби және Абай секілді алпауыттардың иығында тұр.
шағым қалдыра аласыз













