Ұлы Жеңіс күні

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Жеңіс күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Эсседе Ұлы Отан соғысы жайлы түсінік беріліп,жеңіске қалай жеткеніміз жазылған. Ұлы Жеңіс күнінің қазіргі кездегі отандастарымыздың қарсы алуы жайлы айтылған. Әр адамзат өз Отанын қорғау керектігі жайлы жазған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлы Жеңіс күні

Ұлы Жеңіске биыл 73 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты...

1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия жарияланған Ұлы Отан соғысы қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды. Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды. Біздің жерлестеріміз майдан даласында ерлікпен шайқасты. Жауынгерлік ерліктері үшін жүздеген мың Қазақстандық медаль-ордендермен марапатталса, 500-дей жауынгер Кеңес Одағының Батыры, 100-ден аса сарбаз- Даңқ орденінің толық иегері атанған. Төрт Қазақстандық екі рет Кеңес Одағының Батыры атанды, олар- Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов және Леонит Беда. Кеңес Одағы Батырларының қатарында қазақтың екі қызы – мерген Әлия Молдағұлова мен пулеметші Мәншүк Мәметова бар. Рейхстагқа Жеңіс туын тіккендердің бірі – казақ жігіті Рахымжан Қошқарбаев. Жаудың тылында партизандардың қатарында да жерлестеріміз шайқасқан. Солардың бірі – Қасым Қайсенов. Ал танымал қолбасшы , әскери жазушы Бауыржан Момышұлын және 28 панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда биік шыңдай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп тағзым етуімыз керек. Олардың саны күннен-күнге азаюда. Сұрапыл соғыста «ел басына күн туғанда, етегімен су кешкен» көптеген ерлеріміз асқан ерлікпен қаза тапты. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері жан аямай шайқасты. Жеңіс оңай келген жоқ.

1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынса, 9-мамырда Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғысы аяқталды. 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар, сол соғыста жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстандарымызды еске алатын ұлы күн.

Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеген ,

Талай боздақ жастық шағын жерлеген

Қанға бөккен сол далада бүгінде,

Қызғалдақтар тербеледі желменен.

Әлия мен Мәншүк апам ерлеген,

Нүркен атам аспан төрін бермеген.

Қасым атам жауға тиіп қырғидай,

Ер намысы, ел намысы кернеген.

Рахымжан мен Бауыржанның ерлігін,

Талай ұрпақ әлі әнге қосады.

Жеңіс күнін жақындатқан аталар,

Қайталанбас ерлік істер жасады.

Жеңіс! Осы бір ғана сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез-келген істің қандай күрестің де басты мақсаты – Жеңіске жету болғанымен, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақта ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Міне, сол Жеңіске де 73 жыл толды.

Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарны жарылған күн де жетті. Бұл мереке – әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Құрметті ардагерлер, сіздер егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушы ұрпақтарға жарқын үлгі болып қала бересіздер. Қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіз бен тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт өмір сүруде. «Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке – бірлік тілеймін.

Мақтаарал ауданы

«Ынтымақ» жалпы орта мектебі

11 «Ә» сынып оқушысы

Маралбай Сандуғаш Ерғалиқызы



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.04.2018
1003
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі