Ұлы жүздің Ресей қоластына өтуі ЭССЕ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы жүздің Ресей қоластына өтуі ЭССЕ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы жүздің Ресей қоластына өтуі ЭССЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасы













Эссе



















Орындаған:

Топ:

Қабылдаған:





Шымкент-2099



Ұлы жүздің Ресей қоластына өтуі

Оңтүстік Қазақстандағы Орта Азия хандықтарының озбырлығы Ұлы жүз халықтарының Ресей империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Ресей империясының құрамында болуды қалайтындығын мәлімдеді. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Ресей мемлекетінің құрамына қо0ылды. 1847 жылы Іле және Лепсі өзендері маңындағы қазақтар мен қырғыздар Ресей билігін мойындайды. 1848 жылы 10 қаңтарда Жетісудағы қазақтарды билеу үшін Ресей патшалығы бұл өңірге жаңа лауазымды (пристав) бекітеді. Приставтың резиденциясы Қапалда (1847 жылы) болды.

Қаскелең өзені сағасында тұрған Таушүбек бекінісі Қоқан хандарының билігінде болған, бұл бекіністен Қоқан билеушілерін қуу Ресей үшін қиын болды. Бұл қамалды алмай Қоқан билігіне соққы беру қиын еді. 1850 жылы капитан Гутковский бастаған 200 казактан және 50 жаяу әскерден құралған топ Қапалдан шығып Таушүбекке жақындады. Алайда Алматы өзенінде қырғыздар жасағымен қақтығысқан Гутовский Іле жағалауына қайтып оралуға мәжбүр болды. Бұл тапсырманы орындау 1851 жылы мамырдың ортасында Қапалдан аттанған подполковник Карбышев тобына жүктеледі. 1851 жылы шілденің 7-сінде Таушүбек бекінісі қантөгіссіз берілуге мәжбүр болды.

1853 жылы Орынбор генерал губернаторы граф В.А. Перовскийдің басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады. Ақмешіт бекінісінің алынуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды.

1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды. Енді орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың Сырдария мен Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсынысы Петербургте қабылданды.

Ұлы жүз приставы майор М.Д Перемышельскийдің отряды 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жеріне Іле бекетін тұрғызды. 1854 жылы көктемде сол отряд Верный деп аталған бекіністің іргетасын көтерді. Верный Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде болған еді. Саз балшықтан көтерілген бекініс ағаш дуалмен қоршалды. 1854 жылдың күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаға Іле отрядының 470 солдаттары мен офицерлері келіп қоныс тепті, ал 1855 жылы осы бекініске Сібірден 500-ге жуық отбасы келіп қоныстанды.

Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Ресей билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставының резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.

1856 жылы Верныйда Орталық Ресей губернияларынан, Воронежден келген қоныстанушылардың саны бұрынғыдан да арта түсті. 1857 жылы Верныйда су диірмені, 1858 жылы сыра заводы ашылды.

XIX ғасырдың екінші жартысында Верный қаласында П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, Н.М.Пржевальский, И.В. Северцев т. б сияқты ірі ғалымдар біраз уақыт тұрған.

Верный бекінісінің салынуы XIX ғасырдың 50-жылдарында Қазақ елінің Оңтүстік аудандары мен қырғыз жерінің Ресейге қосылуын тездетті.

Патша үкіметі Оңтүстік Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.

1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Ресейдің тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды.

Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды Қоқан әскерін жеңеді.

1863 жылы Қоңыраттың 4 мыңға жуық, бестаңбалы руының 5 мыңға жуық шаңырағы Ресей билігін мойындайды.

1864 жылы қөктемде Қоқан хандығына қарсы жіберілген патша әскері Шу алқабын, Мерке, Әулиеата, Түркістан бекіністерін алса, осы жылы 22 қыркүйекте Черняев тобы Шымкентті алады, ал Ташкентті шілде айында 1865 жылы үш күндік шайқастан кейін алды.

1866 жылы Бұхар хандығын орыс әскерлері жаулап, 1867 жылы хандық иеліктері Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді, ал 1868 жылы Қоқан хандығына тәуелді болған қазақ жерлері Ресей құрамына еніп, Түркістан генерал-губернаторлығына бағындырылды. 1873 жылы Хиуа хандығының орыс әскерінен жеңілуі Хиуа хандығы билігінен қазақтардың толық бөлініп шығуын тездетті.

Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды.

ҚазақстанРесейгеқосылукезеңдері




Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады:

-Бірінші кезең - XVIII ғасырдың 30-шы жылдарынан басталып 19 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында сауда қарым-қатынасы орнады.

-Екінші кезең - XVIII ғасырдың 60-шы жылдары аяқталды. Оның негізгі көрінісі 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақтары туралы Жарғы». Осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшін жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. Округ басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлықтарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды.

-Үшінші кезең - 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың өз кезегінде уездерге т.б. бөлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді.

Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқылы Қазақстандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көшпелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жылдары «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясат кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.


Қазақстанның Ресейге қосылуы: кіру, жаулап алу, отарлау








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2024
184
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі