400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Үнемі оқитын адам - табысты адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні


Класы, жетекші


Сабақтың тақырыбы

«Үнемі оқитын адам – табысты адам»

Мақсаты

Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жан-дүниесін кеңейту.


Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Кітап оқуға қызығушылығы артады.

Өмірмен байланыстыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

(«Балалар кітапханасы» жобасы)

Білуге, жаңаны тануға құштар болу;

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?


ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар – еліміздің болашағы, жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр. Біздің бүгінгі байқауымыз кітапты жандарына серік қылған, білім мен ғылымды бойларына жинаған оқырмандарымызға арналмақ.

Білесің бе, кітап – білім ұясын,

Келесің мұнда өмірге азық жиясың.

Оқып, біліп, зерттеп көріп санаңа,

Терең білім ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар: «Кітап – білім бұлағы»,

Кітапхана – сол ойшылдар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Анық-тағы білімпаз боп шығары.


Мұғаліммен амандасады.



Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек.


Негізгі бөлім

(15мин)



І бөлім: «Мен – оқырманмын»

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы, - деп ұлы Абай айтқандай, сырты күміс, іші алтын сөздермен оқушыларымыз өздерін таныстырып өтсін.

ІІ бөлім: «Сүйікті жазушымның сүйікті кітабы»

Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз саған жол басшы,

Біздің ғасыр – білімділер ғасыры,

Деп айтқандай Нұрсұлтандай Елбасы.

Ендеше, кітап – менің шамшырағым, серігім деп оқырмандарымыз бұл бөлімде өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімелеп береді. Әр оқырман дайындап келген шығармаларын слайд арқылы қорғайды.

ІІІ бөлім: «Мына кітапты оқуға міндетті түрде оқуға кеңес беремін»

Өмір мәні – өнер менен білімде,

Айтайықшы кітабыңды жыр ете.

Әрі ақылшың, рухани қазынаң,

Құнды байлық, баға жетпес бұл өте, - дей отырып, келесі «Мына кітапты оқуға міндетті түрде оқуға кеңес беремін» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде оқырмандар көпшілікке қандай кітаптар оқу керектігі жайында жарнама жасайды (слайдпен).

- Бір ұмытшақ адам көп кітап оқыған екен. Бірақ оқыған кітабының, шығармаларының авторларын ұмытып қалыпты. Енді осы кітаптың, шығарманың авторын табуға көмектесейік.

1) «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы» кітаптарының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

2) «Қызыл жебе» кітабының авторы кім? (Шерхан Мұртаза)

3) «Көксерек» әңгімесінің авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

4) «Он бес жасар капитан» кітабының авторы кім? (Жюль Верн)

5) Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)

-8-

6) Халықаралық кітап қашан атап өтіледі? (23-сәуір)

7) Кітаптың суреті қалай аталады? (Иллюстрация)

8) Кітап кім үшін жазылады? (Оқырман үшін)

9) «Балуан Шолақ» кітабының авторы кім? (Сәбит Мұқанов)

10) «Күй», «Құлагер», «Күйші» поэмаларының авторы кім? (Ілияс Жансүгіров)

11)«Көшпенділер» романының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)

12) «Қорғансыздың күні» кітабының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)

13) «Дауа» кітабының авторы кім? (Фариза Оңғарсынова)

14) Қазақ елінің ғұлама авторы кім? (Абай Құнанбаев)

15) Қазақтың бес арысын ата. (Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов)

16) «Ақбілек» кітабының авторы кім? (Жүсіпбек Аймауытов)





















Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Қорытынды

(10мин.)




- Міне, оқырмандар, кітап оқысаңдар қызыққа кенелесің, тауды жарып, тасты бұзасың, бүкіл әлемге саяхат жасайсың. Кітап ақыл-ойдың інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізеді. Бүгін сендер кітаптан өздеріңе пайдалы мағлұмат, біраз кеңес алдыңдар. Олай болса, Абайды Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны

былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айрылма» деп кітапты оқуға үйреткен екен. Кітапты көп оқиық. Оқырмандарымыз көбейе берсін. Ендеше, кітап – біздің рухани байлығымыз.











Сау болыңыздар!


Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Білімнің керек емес жері жоқ. Білім – саған тоңсаң киім, ашықсаң тамақ, әлсірегенде қуат бола алады. Білімді адамды ақшасы болмаса да, жарлы деуге болмайды. Кімде білім мол болса, сол адам ел – жұртқа әмірін дұрыс жүргізе алатын, сыйлы адам бола алады. Білім – сенің болашағың, білім – өмір шырағы, олайболса, болашақта үнемі жарықта жұру үшін білім керек. Білім – сенің серігің, өмірлік жолдасың. Білім сенің болашағың.





.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
1439
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі