Тәрбие сағат тақырыбы:
«Ұранды ердің - ұрпағы қайсар».
Мақсаты:
Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы
ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.
Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Кеш
жарық, ардақты азаматтар, ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай
сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп
жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай
болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет
ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры, әр отбасының
алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге
арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем
бүгін.
Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыға!
Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,
жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын
жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді
болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас
болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз –
дей келе құттықтау сөз кезегін балалар өнер мектебінің директоры
Шоқанов Әлібек Төкенұлына береміз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды,
тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған,
халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта
берсін!
Ән:
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны
бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп «Көңілді
күн» әнімен қыздарды ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Мектеп – кеме, ес білімнің
ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын
кештерің,
Шын
жүректен бақыт тілеп сарқылмас,
Қол
соғады барша әріптестерің .
Жүргізуші:
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті
биге берейік.
Би:
Жүргізуші:
Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың,
Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың.
Өзіңнен өркен жайып, өнеге
алған,
Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың,-
дегендей,
Кезекті әсем әнін сіздерге тарту
етеміз.
Ән:
Жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге,
желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен
сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
Жүргізуші:
Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі
Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен
осы
Олар жайлы айтылмайды биік-биік
мінбеден
Өйткені олар ақиқат пен шындық сөздің
жебесі.
Жүргізуші: Мінезіңнің міні жоқ – майда
қоңыр,
Бір
жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе қорғаушылар,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, қыздардың
әзілдерін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Алдарыңызда « » биі.
Жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,-
деп
Келесі әніміз өздеріңізге
арналады.
Ән:
Жүргізуші: Себездеп алтын ара
жан-жағыңнан,
Ту
тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы
маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- деп ақын
ағаларымыз жырлағандай,
Келесі кезекті әнге берейк.
Ән:
Жүргізуші:
Құрметті халайық, баршаңызды келе
жатқан 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен
құттықтаймыз!
Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік
нәтижесінде келді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай,
халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында. Ендеше
аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман
болсын.
Баршаңызға бақыттың баяндысын, бітер дәулеттің
көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі
солмауын, шаңырақтарыңызға шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын
тілейміз!
Аға
ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес
қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында
атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық,
дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр
тілейміз.
Ағалар біздің кең арқау
асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз - деп бүгінгі
мерекелік кешімізде өз мәресіне жетті.
Сау-саламатта болыңыздар!
Бекітемін:
Балалар өнер мектебінің
директоры
Шоқанов Ә.Т.
"Ұранды елдің ұрпағы
қайсар"
мерекелік кештің сценарийі
Орындаған:Кусаинова Г
Ақжар ауылы
2021 жыл