Үш тілді меңгеру жарқын
болашақтың кепілі
«Қостанай қаласы әкімдігінің
білім бөлімі № 8орта мектебі»ММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
мұғалімі
Жүрсін Жансая Батырбекқызы
Еліміздің болашақ бағдарының оң болуы үшін
Елбасымыз «Бәсекелестік қабілет», «Үш тілде білім
беру»,«Компьютерлік сауаттылық», «Шет тілдерін білу», «Мәдени
ашықтық» сияқты факторларға ерекше көңіл бөлуді ұсынады. ХХІ
ғасырға лайықты ізгі қасиеттерге ие болу – бүгінгі таңдағы әрбір
жеке тұлғаның алдында тұрған асыл міндет. Қазіргі кезде адамның
кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық
деңгейіне жаңа технология дәуірінің өзі биік талаптар қойып отыр.
Өткеннен сабақ ала отырып, болашақтың қоржынына өзіміздің халықтық
қасиетімізбен, жаңарған болмысымызбен, терең ой-санамыз, сапалы
дүниелерімізбен үлес қосу – жаһандану кезеңінінің табалдырығында
тұрған біздер үшін аса маңызды іс. Елбасының сөзімен айтқанда,
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда
бар қасиет».
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы: «Мысалы,
компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты
факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың
санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру»,
«Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар –
ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына
даярлаудың қамы». Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына
Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек»
деген. Демек, ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты,
бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе
алмаймыз.
Аталмыш мәселе Қазақстан үшін
ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің
бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман
тілдерді білуді талап етеді. «Үш тілде білім беру» саясаты қазіргі
таңда балабақшадан бастап, мектеп, арнаулы орта, жоғары оқу
орындарында жүзеге асырылып жатыр. Балабақша, мектептен бастап,
ағылшын тілін меңгеріп жатқан жеткіншектерге бұл үдеріс аса қиындық
тудырмайтыны да анық. Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12
сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстандықтардың жас ұрпағы кем
дегенде үш тілді білулері тиіс: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін
меңгерулері қажет» деп, Еуропадағы мектеп түлектері мен
студенттерінің өзара бірнеше тілде еркін сөйлесулері қалыпты
үдеріске айналғандығын баяндады. Сондықтан, кем дегенде үш тілді
меңгеру – бүгінгі дәуір талабына айналып отырған қажеттіліктердің
бірі болып саналады. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды
даярлау ісіне ерекше мән беріліп, ағылшын тілін үйрететін топтар,
үйірмелер көптеп ашылуда. Оның жүзеге асырылуына «Тілдердің үш
тұғырлылығы» мәдени жобасының септігін тигізіп отырғаны баршаға
аян. «Қазақстан бүкіл әлемде үш тілді пайдаланып жоғары білімді ел
ретінде танылуға тиіс. Бұлар, қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс
тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық
экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деп Елбасымыз өз жолдауында
айтып кеткендей, ағылшын тілі бірінші дүниежүзілік әмбебап тілі
болып табылады. Осы уақытта әлемдегі көптеген елдер ағылшын тілінде
қарым-қатынас жасайды. ХХІ ғасырда қазақ елінің биік белестерге
көтерілуі бағытында қазіргі заманда жаһандық тіл болғандықтан,
ағылшын тілін меңгеру күн тәртібінің басты мәселелерінің қатарында
тұр.
Мұның басты себебі, Қазақстан дамыған мемлекеттермен терезесі тең
түрде озық болып, алға шығуы мақсатында қазіргі жетістіктерімен
шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені, табысты ел
болуымыз үшін еліміздің барлық рухани құндылықтарын насихаттап,
өнері мен мәдениетін, тарихын, біліктілігі мен сауаттылық деңгейін
әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіруге
апаратын қарышты қадамдардың бірі – көптілділік мәселесі болып
отыр. Сондықтан жаһандану дәуіріндегі үштұғырлы тіл саясатын жүзеге
асырудың осындай тиімді тұстары өте көп.
Үштілділік үдерісіне толықтай өтіп, әлемдік деңгейдегі даму
кеңістігіне дендей ену – қазіргі қажеттіліктердің бірі. «Тілдерді
қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының» басты мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеру,
мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздарды қазақ тілінде жүргізу,
ағылшын тілін меңгерту, орыс тілін жетік білу, яғни, үш тілде білім
берудің сапасын арттыру.
Үш тұғырлы тіл: әлемдік даму кеңістігіне
бетбұрыс.
Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел
болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта қарқынды жұмыс
жүргізілуде. Басты мақсат – оқушылардың тілді жақсы меңгеруіне
жағдай жасау. Өзге тілде оқитын мектептердегі балалар қазақ тілін,
қазақ мектептегі балалар орыс тілін жақсы меңгеріп шығуына
мүмкіндік туғызу. Сондай-ақ ағылшын тіліне тек арнайы мектептің
оқушылары ғана емес барша қазақстандық балалар жетік болуына жол
ашу. Бұның біздің балаларға не пайдасы бар? Ағылшын әлемдік
қарым-қатынас тілі ғана емес ғылым мен технология, алдыңғы қатарлы
ілімнің тілі болып отыр. Көптеген ғылыми кітаптар ағылшын тілінде
жарық көреді. Олардың аударылуын күтіп отырсақ, жаңалықты кеш
біліп, тақырыптың өзектілігін жоғалтып аламыз. Елдегі алдыңғы
қатарлы жоғары оқу орындарында сабақ ағылшын тілінде жүреді. Ол
білім ордаларының басшылары шет елдің үздік профессорларын
шақыртып, студенттерге олардың тәжірибесін алып қалуына жағдай
жасайды.
Үштілділік жүйесінің
артықшылықтарына тоқталып өтсек, басты мақсаты – болашағы жарқын,
әлемдік білім кеңістігіне лайықты, жан-жақты білімді, бәсекеге
қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сол үшін
үштілділік – бәсекеге қабілетті табысты елдердің санатына апарар
соны соқпақтардың бірі екендігі ақиқат.
Еліміздің жастары ЖОО-на түскен кезде және басқа ұлттармен
қарым-қатынас жасаған кезде тілдік әрі психологиялық кедергіні
сезінбеуі қажет. Қазақстанның әрбір азаматының әлемдік бәсекеге
қабілетті болып, ІТ-технология, биомедицина, кибернетика және
адамзат ақыл-ойының жетістіктеріне қол жеткізуі мақсатында үш
тұғырлы тіл саясатына түсіністікпен қарауы керек. Сондықтан
көптілділік, үш тұғырлы тіл ұлт келешегінің бағдаршамы екендігін
әрқашан әрқайсымыздың қаперімізде болғаны
абзал.
Үштілді оқыту үрдісін
енгізудің көптеген артықшылықтары бар. Халықаралық қатынас тілі
ретінде ағылшын тілін білу бүгінгі таңда қажеттілік болып табылады.
Үштілділікті енгізу білім беру үдерісінен мемлекеттік тілді
ығыстырып шығармайды әрі ол қазақ тілінің даму аясын кеңейтеді. Біз
үштілде білім беруді еліміз үшін стратегиялық мәні ерекше құбылыс
деп білеміз. Ендеше, үш тілді оқыту-жастардың білім кеңістігінде
самғауына жол ашатын, әлемдік білім құпияларына үңіліп, өз
қабілетін көрсетуге жағдай жасайтын бүгінгі күнгі басты қажеттілік
деп санаймыз.Кейбір мамандардың айтуынша ақпараттық техниканың
дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл
білу арқылы көптеген қайнарларға кезігеміз. Белгілі тілші-ғалым
Б.Хасанұлының: «…Қазақ баласы әуелі отбасында қазақы рухпен
тыныстап, ана тілінің нәрлі уызына қанып, ұлттық рухани тәрбиенің
қайнар бұлағынан сусындап өсуі керек. Алғашқы тәрбиені ана тілінде
қабылдап, қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп,
қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз
жазып адасып қалмайтын болады… Яғни, тірек мықты.
Тілі ана тілде сайрап тұрғандықтан, ешкім оған балта да шаба
алмаған» деген пікірі жоғарыда айтылған сөздерімізге дәлел
болмақ.
Жаһандану жағдайында ағылшын тілін еркін меңгеру инновациялық
технологияларды игеруге, ғылыми идеяларды және білім
бағдарламаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұлттың дамып,
«Мәңгілік ел» қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ұлттық кодыңды
сақтай отырып, жаһандану дәуіріне өзіндік ұлттық ерекшелігімен
дендей еніп, әлем мойындар бәсекеге қабілетті озық елдердің
қатарына қосылу. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
тұғырнамасында таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз, адами
қатынас тәсілдері, барлығы түбегейлі өзгеруі мүмкін екендігін әрі
қазақстандықтардың әрдайым осы түбірлі өзгерістерге дайын болу
қажеттілігі ескеріледі. Бұл – баршамыздың әрқашан жаңа жүйелер мен
өзгерістерге, жаңаруға дайын болуымызды есімізге салады. Осыдан
келе жаһандық әлемге еркін кіруіміз үшін осындай аталмыш ауқымды
мәселелерге немқұрайлы қарамау қажеттілігі туындайды. Ел Президенті
айтқандай: «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері
тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай
білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты
көрсеткіштерінің бірі .
Қанша тілді меңгерсең де,
қанша әлемдік мәдениеттің биік өнертабысына қол жеткізсең де,
өзіңнің ұлттық кодыңды сақтап, ұлтымыздың мәңгілік байлығы – туған
тұғырлы тіліміз бен халықтық құндылықтарымызды ешқашан ұмытпауымыз
керектігі әрбіріміздің жадымызда жүруге
тиісті.
Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан
халқы Ассамблеясының XII құрылтайында Үш тұғырлы тіл туралы
идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында Тілдердің үш тұғырлығы атты
мәдени жобаны кезең кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның
негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей
пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар:
қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым қатынас тілі
және ағылшын тілі жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі.
Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым,
«түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді
дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін
үйренеміз.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру
бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік
деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға
қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын
нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне
мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел
ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны
әлемдік озық ой пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие
берілуі қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
-
Америка ғалымының көзқарасы. Идея триединства
языков в Казахстане правильна и будет способствовать
развитию страны. // Казинформ.-15 мамыр. -2008
жыл.
-
Кузьмин С,С.,Шадрин Н.Л Русско- английсктй
словарь пословиц и поговорок. -М.: Русский язык,
-
Колпакчи, М.А. Дружеские встречи с английским
языком. – Ленинград, 1978ю
-
Тен Т Трудности перевода. // “Карав”
газеті.
-
Президенттің Қазақстанхалқына Жолдауы «Жаңа
Әлемдегі Жаңа Қазақстан». Астана, 28 сәуір. – 2007
жыл.
-
Қалиев Ж., Мальцев В.С., Очаковская З.Н.. English
– Ағылшын тілі.