Ұстаздар мерекесіне арналған қалалық «Ұстаз-ұлт болашағының
шамшырағы» атты мерекелік құттықтау салтанатты жиынының
сценарийі
Сахна
сыртынан Ұстаз туралы
өлең оқылады:
Данышпан да,
дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген
аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы
өлең!
ХОР
1-жүргізуші (Ізбасар): Республикалық «Таланттар әлемі-2023»байқауының ГРАН ПРИ иегерлері
2-жүргізуші(Әсел):Ақтөбе қаласында өткен Кожанбаевтың 85 жылдығына арналған V республикалық «ЖАСТАР»музыкалық өнер фестивалінің ІІ орын иегерлері
1-жүргізуші (Ізбасар): "BEST STARS 2025"VI Республикалық шығармашылық өнер фестиваль - байқауында жоғары деңгей көрсетіп, бас жүлде иегері
2-жүргізуші (Әсел):Мектебіміздің бастауыш класс білім алушыларынан құралған «Кәусар»хор тобының орындауында « » әні
(хор айтылып жатырғанда айту керек)
1-жүргізуші(Ізбасар):
Көркемдік жетекшілері: Жәшібай Салтанат Тасболатқызы
Есторе Жангабыл Байгалиұлы
Фанфар
Жүргізушілер шығып:
1-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні
ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып
жаралдың.
2-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа
кенелген.
1-жүргізуші: Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
Ол өзіңнің орындалған
арманың.
2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды
ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иелік
мәңгілік!
1- жүргізуші: Армысыздар, Құрметті де аяулы ұстаздар!
2- жүргізуші:
Бүгін бізде үлкен мереке.
Бүгін ұстаздар қауымының
төл мерекесі.
Олай болса бүгінгі
күн ұстаздарға
арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге
қандай жарық берсе, ұстаз есімі
де шәкірттерге күндей жарық
береді.
1-жүргізуші:
Ақырын жүріп
анық бас.
Еңбегің кетпес
далаға
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен
озғанын
калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа
толсын, білімді шәкірттеріңіз көп болсын!
БІРГЕ:
Мерекелеріңіз
құтты болсын!
2-жүргізуші:
«Мектебім» әнімен
қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Асел?
Менің ойымша,
кез-келген мұғалім ұстаз бола
алмайды. Себебі ұстаздық-өнер,
тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона
бермейді. Олай болса,
шын ұстаз болу
үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы
шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл»
деген сөз тегін айтылмаса керек.
2-Жүргізуші:
Ізбасар, мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын
қосайын.
Ұстаз болу –
жүректің батырлығы,
Ұстаз болу –
сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу –
мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз
жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні
ән ұстаздардың бар
болғанын мақтаныш етемін.
Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін
түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік
емес
пе?!
1-жүргізуші:
Шәкірттер
санасына сәуле шашып, шырақ отын
маздатқан ұстаздар қауымына
ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін
алғашқы құттықтау сөз
кезегі _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
беріледі.
2-Жүргізуші:
Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді
күндер тусын алдан әлі
Ән-шашу әсем
әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн
сіздерге арналады.
1-жүргізуші:
Әдемі ән сіздерге
арналады, аяулы ұстаздар, қабыл
алыңыздар!
Алдарыңызда
«Қазақстаным» әнімен
қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:
Күллі өмірін жеткіншекке арнаған
Мұғалімді ардақтайды
барша жан
Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,
Жемісі оның жердің жүзін шарлаған
Бала десе ойламайды өз қамын
Керсем дейді күнге де кол созғанын
Шәкірттерін өзінен де
озғанын.
1-жүргізуші:
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән –
мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ.
Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске
аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер,
тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға
қарыздар.
2-жүргізуші:
Иә, ол
– ұстаз!
Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды
тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан
да ұстаздың
еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да,
тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да,
егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі –
бәрі ұстаздан тәлім
алған, сондықтан барлық
құрмет ұстаздарға
арналады.
1-
жүргізуші:
Ұлағатты ұстаздарымыздың еңбегі
еленіп, биік марапатқа ие болып жатқаны – үлкен
мақтаныш!
2-Жүргізуші:
Ал, ендеше марапаттау рәсіміне
көшейік!
Марапаттау сәті
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты
есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру,
жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар
беруде ұстаздың еңбегі
зор.
2-жүргізуші:
Жақсы жандар жанымызда әрқашан
Ұлағатты сөзін биік ұстаған
Ардақты ұстаз асыл
анаң секілді
Тәрбиелейді балапандай жасыңнан
1-жүргізуші:
Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар
Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,
Айналайын білім
берген ұстаздар.
2-жүргізуші:
Ұстаз мектепте ұстаз болса,
отбасында ол -аяулы ана. Әсем ән сіздерге
арналады, аяулы ұстаз-аналар!
ӘН:
«Бақытым»
1-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі.
2-жүргізуші:
Мұғалімнің жүрегі
соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік,
сүйіспеншілік, сабырлылық керек
екен.
Ұлағатты ұстаздар, сіздерге
бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар!
Сіздердің әр күніңіз – баланың болашағына жол салған еңбекпен
өлшенеді. Біз сіздерге мәңгі
ризамыз!
2-жүргізуші: Осымен «Ұстаз-ұлт болашағының шамшырағы» атты салтанатты кешіміз өз мәресіне жетті.
Бірге: Жақсы күндерде кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұстаздар мерекесіне арналған қалалық «Ұстаз-ұлт болашағының шамшырағы» атты мерекелік құттықтау салтанатты жиынының сценарийі

шағым қалдыра аласыз