Ұстаздың үлкен жүрегі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұстаздың үлкен жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» деп қазақтың бір туар ұлы, батыр Бауыржан Момышұлы айтып өткендей, ұстаз — қарапайым маман иесі болғанымен, олар әрқашан аты үлкен әріппен жазылуға тиісті ұлы тұлға. Ұстаз. Осы бір киелі сөз әр адамның жүргінде мәңгі ұмытылмайды. Алғаш мектеп есігін аттаған кезде мені жылы жүзді, бойында балаға деген мейірім шуақ шашып тұрған қасиет тұнған Аймағанбетова Зағипа ұстазымыз қарсы алған болатын. Мейіріммен қарсы алған алғашқы ұстазымыз жүректегі қобалжуды жылы сөзбен сейілтіп, білімге деген құштарлығымызды оятты. Ұстазымыз әріп үйретіп,жазу жаздырып, тәртіпке баулыды. Қателік жасағанда жай ғана түсіндіріп, кешіре білді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұстаздың үлкен жүрегі

«Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» деп қазақтың бір туар ұлы, батыр Бауыржан Момышұлы айтып өткендей, ұстаз — қарапайым маман иесі болғанымен, олар әрқашан аты үлкен әріппен жазылуға тиісті ұлы тұлға. Ұстаз. Осы бір киелі сөз әр адамның жүргінде мәңгі ұмытылмайды. Алғаш мектеп есігін аттаған кезде мені жылы жүзді, бойында балаға деген мейірім шуақ шашып тұрған қасиет тұнған Аймағанбетова Зағипа ұстазымыз қарсы алған болатын. Мейіріммен қарсы алған алғашқы ұстазымыз жүректегі қобалжуды жылы сөзбен сейілтіп, білімге деген құштарлығымызды оятты. Ұстазымыз әріп үйретіп,жазу жаздырып, тәртіпке баулыды. Қателік жасағанда жай ғана түсіндіріп, кешіре білді. Жүрегі кең мұғаліміміз бізді ақылды, сабырлы, жинақы болуға тәрбиеледі. Арасында күлкі сыйлап, сабаққа деген ынтамызды арттырып алатын. Ұстазымыз бізге үнемі «жақсы оқыңдар, тәртіпті болыңдар» деп бағыт-бағдар беріп отыратын. «Жақсы маман болу үшін мектептен бастап жақсы оқу керек» дейтін. Соны құлағымызға құйып өскен мен мектеп бітіргенде сол кісідей ұстаз болуды армандадым.

Алғаш қолыма қалам беріп, өмірдің қыр-сырын үйреткен ұстазым өмірден озып кетсе де, менің жүрегімде мәңгі қалары сөзсіз. Ұстаздың қадір-қасиетін де алғашқы ұстазымызға қарап түсіндім. Болашаққа дегенім сенімім мен үмітімді оятқан да осы алғашқы ұстазым болатын. Мен ол кісіден ұстаздың үлкен жүрегін көрдім, сол жүректің жылуын сезіндім, сол кездері үлкен жүрекке менің еркелігім, қателігімнің бәрі сиып кеткенін түсіндім. Ұстаз мамандықтың ғана емес, адамдықтың иесі болу керектігін ісімен, мейірім-махаббатымен ұғындырған ұстаздар ғана балаға бақыт сыйлай алады.

«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп керемет айтылған . Анамыздай қамқор болған ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Ұстаздың берген тәрбиесі әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ тәрізді,ол адамның тұлға болып қалыптасуына жол сілтейтін құдіретті күш иесі екенін білдік.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.11.2024
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі