Материалдар / Ұстазға тағзым
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұстазға тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2021
313
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала авторы: Онайбаева Мадина Джусупбековна

Оқу орны: «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»



Ұстазға тағзым



Мұғалім деген ат-қасиетті ат.Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін мамандық иесі деген сөзді ұғынады. Елдің надандығымен алысатын адам мұғалім.

Сәбит Мұқанов.



Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беруде ұстаздың алатын еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Өйткені, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.

Ұстаздық өнер - тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. Қиындығымен қызығы бірге жүретін мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді. Өйткені, балаларға білім берумен қоймай тәрбие беру де оңай шаруа емес.

«Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», деп Абай атамыз айтқандай білім нәрімен сусындатқан «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінің ұстаздарына айтар алғысым шексіз. Себебі, колледж табалдырығын аттап басқаннан-ақ, бізді үздік мұғалім болсын деп бар білгенін үйретті. Әртүрлі сайыстарға қатыстырып, әрі қарай шыңдалуымызға көмектесті. Мен үшін пән оқытушыларының алатын орны ерекше. Осы ұстаздар жайында қазақ халқының батыр ұлы Бауыржан Момышұлы атамыз: «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... . Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз» - деген.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!