0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА – ӘБІЛҚАЙЫР ХАН«М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» тарих пәнінің оқытушысы, магистр Ж.Д.Абылаева
Мен халқым үшін қызмет етуге әр уақытта дайынмын, керек болса жеке басымды құрбандыққа шалуға да бармын. Сіздерді елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін бірлікке шақырамын.(Әбілқайыр хан)XVIII ғасырда қазақ елінің саяси тарихында көрнекті рөл атқарған бірнеше тұлға бар. 1715 жылы қайтыс болған Тәуке ханның орны ерекше. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ мемлекеті саяси бытыраңқылыққа ұшырап, үш жүзде жеке – жеке хандардың болғаны белгілі. Сол хандардың ішінде Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың өзі қайтыс болғанға дейінгі тарихи орны бүкіл Қазақ хандығындағы Тәукеден кейінгі тұлға екендігін көрсетеді. Оның Еділ қалмақтарымен күресі, жоңғарларға қарсы ұйымдастырушылық қасиеті, орыстармен, Хиуамен жүргізген саясаты Тәуке ханнан кейінгі ірі тұлғаға айналдырып отыр. Әбілқайыр – Шыңғыс әулетінің өкілі. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның бесінші ұрпағы болып келеді. Жәнібектің тоғыз ұлы болған. Соның бірі – Өсеке сұлтан. Одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған. Әбілқайыр – осы Абдолла сұлтанның баласы. Абдолланың Жолбарыс, Әбілқайыр, Нияз, Досалы деген төрт ұлы – ел билігіне араласқан, тарихта өзіндік орны бар тұлғалар. Бұлардың ішінде үлкені Жолбарыс Ұлы жүзге 20 жыл (1720-1740), Әбілқайыр Кіші жүзге 30 жыл (1718-1748) хан болып өтті. Нияз бен Досалы – өздеріне қарасты аймақтың беделді сұлтандары.Бопай – адай елінің қызы. Адай сегіз арыс болса, соның бірі – тобыш. Тобыш руының Мырзатай батырдың қарындасы. Ал Мырзатай – Әбілқайырдың оң қолы болған батырлардың бірі. Әбілқайырдың бірнеше әйелі болған. Бірақ барлық тарихи жазба деректерде Бопай сұлудың ғана есімі аталады. Әбілқайыр мен Бопай сұлудан алты перзент дүниеге келді. Солардың бесеуі – ұл, біреуі - қыз бала. (Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ, Зылиха).1710 жылдан бастап Әбілқайырдың хан ретіндегі өмір жолы басталады.1715 жылы Тәуке хан дүниеден өткен соң жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру бұрынғыдан қиындады. Болат Тәукенің орнына аға хан сайланғанымен, өзгелерге сөзін өткізе алмады. Қазақ хандары арасындағы таласты пайдаланып, біржолата жеңіп алуды көздеген сыртқы жаулар қаласына шабуылды күшейтті.1717 жылдан бастап Әбілқайыр жоңғарларға қарсы күресте көзге түседі. «Ақтабан шұбырынды» жылдары жоңғарлар қазақтың астанасы Түркістанды басып алғанда оны азат етуге қатысқан. Жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының бірігіп кетуіне де мүмкіндік бермеген. Егер екеуі бірігіп кеткенде, біздің тарихымыз қазір мүлде басқаша болар еді. Әбілқайырдың Аңырақай шайқасында үш жүздің әскеріне қолбасшылық жасауы қазақ жерін азат етудегі елеулі еңбегі болып саналады. 1723 –1729 жылдардағы ойрат – қазақ соғысы кезеңінде Әбілқайыр Қазақстан аумағына өзінің саяси ықпалының шекарасын едәуір кеңейтіп, қазақ қауымдарының әскери – саяси өмірінде жетекші рөлге жеткізе білді.1730–1737 жылдары Әбілқайырдың қазақ жүздеріндегі нақты әлеуметтік мәртебесі «үлкен хан» немесе «ең басты хан» атағына сәйкес келді, мұның өзі, негізінен алғанда, оған көптеген жылдар бойы қазақ батырларының үлкен тобы және ықпалды билер мен сұлтандардың бір бөлігі көрсеткен қолдаудың арқасында мүмкін болды. Атақты батыр және табын руының басшысы Бөкенбайдың айтуынша, «Тәуке ханнан кейін Әбілқайыр басты хан болды және ешкімнен кедергі көрмей, өз еркімен көп нәрсе істеген». Ресейдің Кіші жүзге жіберген елшісі А.И.Тевкелев Әбілқайырдың саяси рөлін нақ солай сипаттаған, 1731 жылы ол орыс императрицасына бірінші рапортында өзі қазақ даласына келгенде Әбілқайыр қазақтар арасында «басқа хандардан гөрі... зор құрметке» бөленген деп жазған. Бір жыл өткен соң, 1733 жылдың көктемінде жазған басқа бір рапортында ол тағы да былай дейді: барлық қазақ шонжарлары ішінде «жоғарыда аталған Әбілқайыр бірінші орында тұр», ол сонымен бірге «басқа хандар мен сұлтандардың келісімінсіз» ешқандай іс – қимыл жасай алмайды. Әбілқайыр сол кезге қарай Қазақстанда қалыптасқан билік пен басқару жүйесінің тарихи келешекте халықтың жекелеген топтарына ханның саяси ықпалын қамтамасыз етуге, қазақ бөлімшелері жетекшілерінің әскери, оның үстіне саяси іс – қимылдарын үнемі үйлестіріп ұстап отыруға және хан тарапынан қазақтардың әлеуметтік ұйымдарының әр түрлі буындарын басқарудың жоғары деңгейіне кепілдік беруге қабілетсіз болғанын дер кезінде ұғынды. Өзінің атақты ізашарлары сияқты, Әбілқайырдың да алдында дәстүрлі екінің бірін таңдау тұрды – не өмірлік мән – жайлар қисынына мойынсұнып, қантөгісті айқастарда алынған нақты билікті амалсыздан жоғалту, не оны сақтап қалу үшін табандылықпен күресу керек болды. Өзінің алдындағы Қасым, Есім, Тәуке, Қайып хандармен болған жағдайлардағы сияқты, ол екінші нұсқаны таңдап алуды жөн көрді және соған байланысты өзінің билік өкіліктерін еселей түсудің оңтайлы жолдары мен амалдарын жігерлі түрде іздестірді. 1729 жылы Болат хан қайтыс болды. Алайда билер өзін даңқты шайқастарда дәлелдеген Әбілқайырды хан сайлағысы келмеді. Олар «Әбілқайыр хан сайланса, хандық билік күшейіп, біздің құқымыз шектеледі» деп түсінді. Сол себепті өз мүдделерін ойлаған билер «Әбілқайырдың тұқымынан хан шықпаған, жолы кіші» деген сылтаумен оны хан тағынан алыстатты. Әбілқайыр Кіші жүз жеріне қайтып оралды. Бұл кезде аймақты бір мезгілде Хиуа хандығы, Еділ бойы қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан – жақтан қыспаққа алып жатқан еді. Өйткені, көрші елдердің түсінігінше, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін қазақ есін жинай алмайды. Сондықтан әрқайсысы мүмкіндігінше азған жұртты тонап – талап, пайда тапқысы келді. Осы жағдайда Әбілқайыр бір ғана жолды – Ресейдің бодандығын қабылдауды жөн көрді. 1731 жылғы қазан айының 10 – жұлдызында Әбілқайырдың Ресейге бодан болу жөніндегі серті қабылданғаны мәлім. «Бұл келісім екі жақ үшін де тиімді еді. Әбілқайырға ол саяси жағдайын жақсартып, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып алуға мүмкіндік берді. Өйткені Ресейдің аймақтағы ең қуатты күш екенін қазақтар да, олардың көршілері де көріп отырған. Сол тұрақтылықтың өзі басты жетістік еді. Бұл кезде Кіші жүздің экономикасы құлдырау шегіне болатын, - деп жазады Марта Брилл Олкотт. – Орыстар Әбілқайырмен екі арадағы одақтастық жағдайының тұрақты болып қалатынына сенген жоқ. Шындығына келгенде, Әбілқайыр хан әйел патшаның сенуге тұрарлықтай боданына айнала қойған жоқ... »Әбілқайырдың Ресей қарамағына бодан болып кіруін кейбіреулер «Әбілқайыр орысқа бодан болу арқылы үш жүздің аға ханы болғысы келді» деп дәлелдегісі келеді. Біз бұған үзілді – кесілді келісе алмаймыз. Әбілқайыр хан Ресей еліне бодан болуды өз білемдігімен ғана шешкен жоқ, жанында Орта және Кіші жүздің беткеұстар 24 би, сұлтандары болды. Ресей басшылары Әбілқайыр хан тірі тұрғанда қазақ елін отарлай алмайтынын білген соң, оны өлтіруді ұзақ жылдар бойы ұйымдастырды. Ақыры оның өлімін И.Неплюев жақсылап ұйымдастырды. Ресейдің осы арам пиғылын орындауға сатылған қазақ сұлтаны Барақ 1748 жылы Әбілқайырды Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын жерінде қапыда қарақшылықпен өлтірді. Өмір бойы шайқас үстінде өткен Әбілқайырдың «Қайда қаза болсам, сонда жерлеңдер» деген өсиеті бойынша хан сол жерге жерленді. «Хан моласы» деп аталатын осынау киелі орын Торғай қаласынан сексен шақырым жерде, Ақтөбе облысының аумағында екені белгілі.Әбілқайыр хан Ресеймен өмір бойы соғысса да, ең үлкен арманына жете алмады. Ол өз халқын атамекенге, Еділ – Жайық бойына қоныстандыруды көксеген еді. Алайда оның бұл арманы хан қаза болғаннан кейін 53 жылдан соң орындалды.
Әдебиеттер тізімі:
- Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХVІІІ –начале ХХ веков. Алма- Ата, 1991
- Салғарин Қ. Хандар кестесі.-Алматы, 1992
- Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алматы, 1994
- Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996
- Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992
ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
Абылаева Жанерке ДаулетовнаШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
XVIII ғасырдағы басты тұлға - Әбілқайыр хан
Тақырып бойынша 11 материал табылды
XVIII ғасырдағы басты тұлға - Әбілқайыр хан
Материал туралы қысқаша түсінік
біліктілік санатына
Материалдың қысқаша нұсқасы
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ БАСТЫ ТҰЛҒА – ӘБІЛҚАЙЫР ХАН«М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі» тарих пәнінің оқытушысы, магистр Ж.Д.Абылаева
Мен халқым үшін қызмет етуге әр уақытта дайынмын, керек болса жеке басымды құрбандыққа шалуға да бармын. Сіздерді елдің еркіндігі мен тыныштығы үшін бірлікке шақырамын.(Әбілқайыр хан)XVIII ғасырда қазақ елінің саяси тарихында көрнекті рөл атқарған бірнеше тұлға бар. 1715 жылы қайтыс болған Тәуке ханның орны ерекше. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ мемлекеті саяси бытыраңқылыққа ұшырап, үш жүзде жеке – жеке хандардың болғаны белгілі. Сол хандардың ішінде Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың өзі қайтыс болғанға дейінгі тарихи орны бүкіл Қазақ хандығындағы Тәукеден кейінгі тұлға екендігін көрсетеді. Оның Еділ қалмақтарымен күресі, жоңғарларға қарсы ұйымдастырушылық қасиеті, орыстармен, Хиуамен жүргізген саясаты Тәуке ханнан кейінгі ірі тұлғаға айналдырып отыр. Әбілқайыр – Шыңғыс әулетінің өкілі. Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек ханның бесінші ұрпағы болып келеді. Жәнібектің тоғыз ұлы болған. Соның бірі – Өсеке сұлтан. Одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан Абдолла сұлтан туған. Әбілқайыр – осы Абдолла сұлтанның баласы. Абдолланың Жолбарыс, Әбілқайыр, Нияз, Досалы деген төрт ұлы – ел билігіне араласқан, тарихта өзіндік орны бар тұлғалар. Бұлардың ішінде үлкені Жолбарыс Ұлы жүзге 20 жыл (1720-1740), Әбілқайыр Кіші жүзге 30 жыл (1718-1748) хан болып өтті. Нияз бен Досалы – өздеріне қарасты аймақтың беделді сұлтандары.Бопай – адай елінің қызы. Адай сегіз арыс болса, соның бірі – тобыш. Тобыш руының Мырзатай батырдың қарындасы. Ал Мырзатай – Әбілқайырдың оң қолы болған батырлардың бірі. Әбілқайырдың бірнеше әйелі болған. Бірақ барлық тарихи жазба деректерде Бопай сұлудың ғана есімі аталады. Әбілқайыр мен Бопай сұлудан алты перзент дүниеге келді. Солардың бесеуі – ұл, біреуі - қыз бала. (Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ, Зылиха).1710 жылдан бастап Әбілқайырдың хан ретіндегі өмір жолы басталады.1715 жылы Тәуке хан дүниеден өткен соң жоңғар шапқыншылығына тойтарыс беру бұрынғыдан қиындады. Болат Тәукенің орнына аға хан сайланғанымен, өзгелерге сөзін өткізе алмады. Қазақ хандары арасындағы таласты пайдаланып, біржолата жеңіп алуды көздеген сыртқы жаулар қаласына шабуылды күшейтті.1717 жылдан бастап Әбілқайыр жоңғарларға қарсы күресте көзге түседі. «Ақтабан шұбырынды» жылдары жоңғарлар қазақтың астанасы Түркістанды басып алғанда оны азат етуге қатысқан. Жоңғарлар мен Еділ қалмақтарының бірігіп кетуіне де мүмкіндік бермеген. Егер екеуі бірігіп кеткенде, біздің тарихымыз қазір мүлде басқаша болар еді. Әбілқайырдың Аңырақай шайқасында үш жүздің әскеріне қолбасшылық жасауы қазақ жерін азат етудегі елеулі еңбегі болып саналады. 1723 –1729 жылдардағы ойрат – қазақ соғысы кезеңінде Әбілқайыр Қазақстан аумағына өзінің саяси ықпалының шекарасын едәуір кеңейтіп, қазақ қауымдарының әскери – саяси өмірінде жетекші рөлге жеткізе білді.1730–1737 жылдары Әбілқайырдың қазақ жүздеріндегі нақты әлеуметтік мәртебесі «үлкен хан» немесе «ең басты хан» атағына сәйкес келді, мұның өзі, негізінен алғанда, оған көптеген жылдар бойы қазақ батырларының үлкен тобы және ықпалды билер мен сұлтандардың бір бөлігі көрсеткен қолдаудың арқасында мүмкін болды. Атақты батыр және табын руының басшысы Бөкенбайдың айтуынша, «Тәуке ханнан кейін Әбілқайыр басты хан болды және ешкімнен кедергі көрмей, өз еркімен көп нәрсе істеген». Ресейдің Кіші жүзге жіберген елшісі А.И.Тевкелев Әбілқайырдың саяси рөлін нақ солай сипаттаған, 1731 жылы ол орыс императрицасына бірінші рапортында өзі қазақ даласына келгенде Әбілқайыр қазақтар арасында «басқа хандардан гөрі... зор құрметке» бөленген деп жазған. Бір жыл өткен соң, 1733 жылдың көктемінде жазған басқа бір рапортында ол тағы да былай дейді: барлық қазақ шонжарлары ішінде «жоғарыда аталған Әбілқайыр бірінші орында тұр», ол сонымен бірге «басқа хандар мен сұлтандардың келісімінсіз» ешқандай іс – қимыл жасай алмайды. Әбілқайыр сол кезге қарай Қазақстанда қалыптасқан билік пен басқару жүйесінің тарихи келешекте халықтың жекелеген топтарына ханның саяси ықпалын қамтамасыз етуге, қазақ бөлімшелері жетекшілерінің әскери, оның үстіне саяси іс – қимылдарын үнемі үйлестіріп ұстап отыруға және хан тарапынан қазақтардың әлеуметтік ұйымдарының әр түрлі буындарын басқарудың жоғары деңгейіне кепілдік беруге қабілетсіз болғанын дер кезінде ұғынды. Өзінің атақты ізашарлары сияқты, Әбілқайырдың да алдында дәстүрлі екінің бірін таңдау тұрды – не өмірлік мән – жайлар қисынына мойынсұнып, қантөгісті айқастарда алынған нақты билікті амалсыздан жоғалту, не оны сақтап қалу үшін табандылықпен күресу керек болды. Өзінің алдындағы Қасым, Есім, Тәуке, Қайып хандармен болған жағдайлардағы сияқты, ол екінші нұсқаны таңдап алуды жөн көрді және соған байланысты өзінің билік өкіліктерін еселей түсудің оңтайлы жолдары мен амалдарын жігерлі түрде іздестірді. 1729 жылы Болат хан қайтыс болды. Алайда билер өзін даңқты шайқастарда дәлелдеген Әбілқайырды хан сайлағысы келмеді. Олар «Әбілқайыр хан сайланса, хандық билік күшейіп, біздің құқымыз шектеледі» деп түсінді. Сол себепті өз мүдделерін ойлаған билер «Әбілқайырдың тұқымынан хан шықпаған, жолы кіші» деген сылтаумен оны хан тағынан алыстатты. Әбілқайыр Кіші жүз жеріне қайтып оралды. Бұл кезде аймақты бір мезгілде Хиуа хандығы, Еділ бойы қалмақтары, Жайық казактары, башқұрттар жан – жақтан қыспаққа алып жатқан еді. Өйткені, көрші елдердің түсінігінше, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін қазақ есін жинай алмайды. Сондықтан әрқайсысы мүмкіндігінше азған жұртты тонап – талап, пайда тапқысы келді. Осы жағдайда Әбілқайыр бір ғана жолды – Ресейдің бодандығын қабылдауды жөн көрді. 1731 жылғы қазан айының 10 – жұлдызында Әбілқайырдың Ресейге бодан болу жөніндегі серті қабылданғаны мәлім. «Бұл келісім екі жақ үшін де тиімді еді. Әбілқайырға ол саяси жағдайын жақсартып, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып алуға мүмкіндік берді. Өйткені Ресейдің аймақтағы ең қуатты күш екенін қазақтар да, олардың көршілері де көріп отырған. Сол тұрақтылықтың өзі басты жетістік еді. Бұл кезде Кіші жүздің экономикасы құлдырау шегіне болатын, - деп жазады Марта Брилл Олкотт. – Орыстар Әбілқайырмен екі арадағы одақтастық жағдайының тұрақты болып қалатынына сенген жоқ. Шындығына келгенде, Әбілқайыр хан әйел патшаның сенуге тұрарлықтай боданына айнала қойған жоқ... »Әбілқайырдың Ресей қарамағына бодан болып кіруін кейбіреулер «Әбілқайыр орысқа бодан болу арқылы үш жүздің аға ханы болғысы келді» деп дәлелдегісі келеді. Біз бұған үзілді – кесілді келісе алмаймыз. Әбілқайыр хан Ресей еліне бодан болуды өз білемдігімен ғана шешкен жоқ, жанында Орта және Кіші жүздің беткеұстар 24 би, сұлтандары болды. Ресей басшылары Әбілқайыр хан тірі тұрғанда қазақ елін отарлай алмайтынын білген соң, оны өлтіруді ұзақ жылдар бойы ұйымдастырды. Ақыры оның өлімін И.Неплюев жақсылап ұйымдастырды. Ресейдің осы арам пиғылын орындауға сатылған қазақ сұлтаны Барақ 1748 жылы Әбілқайырды Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын жерінде қапыда қарақшылықпен өлтірді. Өмір бойы шайқас үстінде өткен Әбілқайырдың «Қайда қаза болсам, сонда жерлеңдер» деген өсиеті бойынша хан сол жерге жерленді. «Хан моласы» деп аталатын осынау киелі орын Торғай қаласынан сексен шақырым жерде, Ақтөбе облысының аумағында екені белгілі.Әбілқайыр хан Ресеймен өмір бойы соғысса да, ең үлкен арманына жете алмады. Ол өз халқын атамекенге, Еділ – Жайық бойына қоныстандыруды көксеген еді. Алайда оның бұл арманы хан қаза болғаннан кейін 53 жылдан соң орындалды.
Әдебиеттер тізімі:
- Муканов М.С. Этническая территория казахов в ХVІІІ –начале ХХ веков. Алма- Ата, 1991
- Салғарин Қ. Хандар кестесі.-Алматы, 1992
- Материалы по истории Казахских ханств XV-XVIII вв. Алматы, 1994
- Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. Алматы, 1996
- Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. Алма-Ата, 1992
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.02.2019
331
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз













