Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

XXI ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



98 жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Исраилов Жорабек Сайрамбаевич


 

Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. 

Ал XXI ғ. нағыз  ұстазы қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы жас өсіп  келе жатқан ұрпақ қолында. Сол ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс тәсілдер қолдануда. Қәзіргі таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз мұғалімге білім  берудің тиімді жолдарын қарастыру деген сөз.

Егеменді еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар иесі - бүгінгі жас ұрпақ. Егеменді еліміздің еңсесі енді көтеріліп , тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды  танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.

Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман  талабына сай болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,   мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. 

Кембридж бағдарламасы бойынша сабақ беретін сыныптарда жеті модуль бойынша дәстүрлі сабақ беру әдісін мүлдем өзгертіп,. өз тәжірибемде оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабақтарымды түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ең алдымен бұрын сабақ жоспарланған кезде, өзіміз үшін жазсақ, ал енді оқушылардың даму деңгейін, жас ерекшелігін ескере отырып, оларға бейімдеп жазамыз. Әдеттегідей мақсат пен міндет белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардық:

*Біз  үшін сабақтан күтілетін оқу нәтижесі,

*сабақтың негізгі идеясын анықтау,

*оқушыдан күтілетін нәтиже,

*сабақтың маңыздылығы.

*- Бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

*-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

*-сабақтың болашақта оқушыға қандай пайдасы бар?

*қызығушылығын арттыру үшін қандай іс-әрекет қолдану керекпін? 

*Өздері өздерін бағалай алама? 

Деген сұрақтар туа бастады. Бұл сұрақтардың бәріне жауап беру үшін, көп еңбектену керек. Бірақ күнделікті сабақта  жаңа әдіс- тәсілдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларымыздың  сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын байқадым. Оқушыларымыз алғашқы сабақтардағыдай емес, сыныпта өз белсенділіктерін  көрсете бастады. Бұдан байқағанымыз оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзім  жетті. Олай дейтініміз  бұл әдістер оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Бағалауға оқушыларды да қатыстырылуда және сабақ соңында кері байланыс жасау өзінің оң нәтижелерін бере бастады.Кембридж университеті бағдарламасының негізгі идеяларын қазақ ғұламаларының оқу-тәрбиеге қатысты ой-толғамдарыменбайланыстырсақ:

Абайдың ғибрат сөздерінің жаңаша оқыту бағдарламасы 
идеяларымен үндесуі
 
«Жүрекке де айна керек» (рефлексия) 
«Ой артыан ой туар, желге мінсең жеткізбес» (пікірталас) 
«Жапырақ та өзді- өзді сыбырласады» (топтық жұмыс) 
«Ішсем, жесем, ұйықтасам- тән құмары, білсем,көрсем, үйренсем – жан құмары» 
(Маслоудың қажеттіліктер иерархиясы) 
«Жүректе қайрат болмаса, ұйықтаған ойды кім түртпек» 
(мотивация) 
«Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, 
жылы жүрек» (Шульман ілімі) 
«Бір жерде бірге жүрсең басын қосып, біріңнің бірің сөйле 
сөзің тосып» (диалогтік оқыту, дебат) 

Әл- Фараби 
« Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті арам 
адамға лайықты і» (плагиат) 
Қожа Ахмет Иассауи 
«Жақсыдан ғибрат ала білгеннің ісі оңға басады» (тәлімгерлік) 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 
«Ғылым –білімнің бірінші пайдасы – мінез түзету» 
(ынтымақтастық атмосферасы) 
«Білмек – парыз, істемек – парыз, мөлшер – парыз, иланбақ – парыз, 
ықылас – парыз» 
( теория – практика – критерий – дәлелдеме - рефлексия) 
Шәкәрім 
«Жан құмары – іс істемек, білім алмақ» (қажеттіліктер иерархиясы) 
«Қазаққа сыншылдық керек» (рефлексия) 
«Ғылымға қанағатсыз болу керек» (үздіксіз оқу) 
«Ақылға еркін ой керек» (әр пікір құнды) 
Ахмет Байтұрсынұлы 
«Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болу керек» (рефлексия) 
«Білімі көп адам құралы сай ұста секілді: не істесе де келістіріп істейді» 
(ресурстары көп мұғалім) 
Жүсіпбек Аймауытов 
«Жанның тәрбиеленетін үш түрлі сипаты бар: ақыл, сезім, қайрат» 
(танымдық, эмоционалдық, ынталандырушылық) 
Сұлтанмахмұт Торайғыров 
«Түзу ғылымнан, түзу ұстаздан тәлім алған тәліп неге түзелмесін» 
(тәлімгерлік) 
«Толқыннан толқын туады, толқынды толқын қуады» 
(топтық жұмыс, бірін – бірі толықтыру, айналы нейрон) 
Мұхтар Әуезов 
«Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға сүйсініп, ылғи соларды 
ғана оқытуы дұрыс емес» (инклюзивті білім беру, саралап оқыту) 
Ғабит Мүсірепов 
«Төлбасы атанудың жауапкершілігі ылғи ізденуді, алды-артын шолып 
отыруды керек етеді» (көшбасшылық) 
«Есту бар, білу бар, түсіну бар, қорыту бар» (рефлексия) 
Мұзафар Әлімбаев 
«Көршілестерім- рухани еншілестерім» (ЖАДА) 
«Айта білген тыңдай да білсе - ғанибет» (топтық жұмыс) 
«Ұстаз ұқтыра алмағанды өмір ұқтырады» (Практиканың маңызы ) 
Олжас Сүлейменов 
«Адамның рухани ізденіс-сілкіністері үш-ақ сауалдың аясына сияды» 
(теория-практика-рефлексия) 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2019
335
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12