Материалдар / ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУСЫЗ ӘЛЕМ-ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміз егемендігін алып, тәуелсіз мемлекет болғалы да ширек ғасырдан асты. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдар ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Тарих үшін, әрине қысқа мерзім, бірақ осы уақыт аралығында Қазақстанның әлемдік қауымдастықтың егеменді субьекті ретінде қалыптасуы үрдісінде ең маңызды мерзім болып табылады. ҚР тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл бағыттағы атқарған істерінің орны бөлек екені шындық, соның ішінде халықаралық кеңістікте әлем елдерін бейбітшілікке шақырып үн қатуы адамзат баласының алдағы тағдыры үшін аса маңызды бастама болатын. Ядролық қарусыз әлем құру-Қазақстан Республикасының сыртқы саясатындағы басым бағыттардың бірі. Қазіргі заманның ең күрделі мәселелерінің бірі- Ядролық қарудан бас тарту болып табылады. Сондай-ақ мемлекетіміз әлемдегі көлемі жағынан екінші орында тұрған Семей ядролық полигонын жапты. Бұл әлем үшін мәні мен мағынасы зор үлкен маңызды тарихи оқиға болатын.
Авторы:
25 Мамыр 2024
242
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛТ БОЛАШАҒЫ-БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТА


Боранбек Нүрбек Рахатұлы, 6В02211- «Тарих» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.


Қазақстан – қалыптасқан, бірегей мемлекет. Отанымыз экономикалық, саяси және әлеуметтік реформалардың нәтижесінде еңсесі биік мемлекетке айналды. Осы жылдары мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.

Еліміз тәуелсіздігін алғалы көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күні Кеңестік дәуірдің тар шеңберінде қалған тарихымызды, қоғамдық-философиялық ойымызды әлемдік биікке көтеру басты мақсат. Қазіргі уақытта Қазақ елі көшпелілер өркениетінің орталығы, түркі халықтарының ата жұрты ретінде әлемге таныла бастады, осындай жағдайда өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау ұлттық идеямыздың құрамдас бөлігіне айналуы қажет.

Мемлекеттегіміздің ұлттық саясатында, бір мемлекетте тұратын әртүрлі этностардың, этностық топтар мен диаспоралардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу алдыңғы қатарда тұр. Өркениетті мемлекеттерде ұлттық саясат этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтауды және нығайтуды мақсат етеді. Сондықтан ұлтаралық қатынастарды, ұлт мәселесін және ұлттардың өзін-өзі билеуі мәселесін шешуге, реттеуге бағытталған ұлттық саясатқа деген зәрулік әлем мемлекеттерінің басым көпшілігіне тән құбылыс.

Ұлттық идея-халықты топтастыратын, біріктіретін, өз елі үшін мақтанышқа бөлейтін асқақ рух болып табылады.

Демек, Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы еліміздің бір жерге топталуына көмегін тигізеді. «Біздің бір ғана атамекеніміз, бір ғана Отанымыз бар - ол Тәуелсіз Қазақстан». Бұл таңдаудың мәнін ұғыну - бірігудің басты негізі", - делінген құжатта. 

Тұжырымдаманың мақсаты- азаматтық қағидаттарына және «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы құндылықтарына негізделген қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту. Ал «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын оқу бағдарламаларына енгізу жас ұрпақты жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді»,-деп атап көрсеткен. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тәуелсіздіктің барлық жетістіктерінің сабақтастығы мен қазақстандықтардың болашаққа ұмтылысын бекітетін тұғырнама қызметін атқаратын болады.

Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, әрбір халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көп ұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал көп ұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.

Президент Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді.

Ассамблея туралы Заң 2008 жылы қабылданғанымен, ол 1995 жылдың 1 наурызында ел Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде өз жұмысына кіріскен болатын. Ұлт пен ұлысты ұйыстыратын, татулық пен достыққа үндейтін Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Десек те, бұл бастама 1992 жылы, Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына орай ұйымдастырылған.

Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді.

Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.

Тұжырымдаманың негізгі мақсаттары мен міндеттерінде көрсетілгеніндей Үштұғырлы тіл өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей қолдана алатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – әлемдік экономикаға, ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу тілі.

Қазақ елі өзіне тән ерекшелігі, ұлттық болмыс-бітімі қалыптасқан, шұрайлы да әуезді тілі бар, салт-дәстүрі қалыптасқан, қазақ халқы бүгінде ел бірлігін біріктірген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Ұлы Дала империясының мұрагері ретінде «Мәңгілік Ел» болуға бағыт алған Ұлы Дала еліне айналды.

Жүсіп Баласағұн айтқандай «Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ» - демекші Ұлт болашағы-бірлік пен татулықта.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!