«
Ы.Алтынсарин -тұңғыш
қазақ педагогы» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік
конференциясының
пленарлық мәжілісінің баяндамалар
ж
инағы
25-26 қазан 2014 жыл
Торғай селосы
Ұлы ағартушы Ыбырай және оның ізін Торғайда жалғастырушылар
Жангелдин ауданының білім
беру бөлімінің әдіскері
Досмағанбетова Асем Ғарифоллақызы
15.10.2014 ж
Торғай жеріндегі оқу-ағарту ісі ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин есімімен байланысты.Ы.Алтынсарин 1869 жылы Торғайда уъезі ашылған соң уъездің іс-жүргізушісі, бастықтың аға кезекшісі және уақытша сот төрағасы қызметін атқарды.1879 жылы Торғай облысының мектеп жөніндегі инспекторы болып тағайындалды.
Ы.Алтынсарин 1850 жылы Орынбор бекінісінде Торғайда қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп ашуға рұқсат алды. Мектеп ашуға қаржыны елден Ыбырайдың өзі жүріп жинауына тура келді, бұл жөнінде ол былай дейді: «Бізге ең ауыр, ең жауапты кезең келіп отыр, бұл кезеңде біз бәрінде жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп күшіміздің келгенінше, біліміміздің жеткенінше олардың көзін ашуымыз керек. Ешбір материалдық күшсіз мектеп ашу бәрінен де қиын екен. Сондықтан да мен қазірел кезіп, қаражат сұрап алып жүрмін». Сол мектеп 1861 жылы басталып, 1864 жылы 8 қаңтарда салынып бітті. «Мектеп -қазақтарға білім берудің басты құралы, біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі, осы, тек қана мектепте»-дей келе Ыбырай қазақ балаларының басқа білімнің барлығымен бірге мүмкін болғанша орыстың тілімен жазуын жете үйрену керек деп халқымыздың рухани экономикасы жағынан дамитынына сенді. Міне, сол Ыбырай 1864 жылы ашқан мектепте 8 қаңтарда сабақ басталды. Оған алғашқы 14 бала, кейін 2 бала оқуға тартылып барлығы 16 бала болды. Сол алғашқы 14 баланың 4-еуі Шеген тұқымынан, олар Бірімжанның балалары Қорғанбек пен Әбдібек, Бектемістің баласы Омар, Өтетілеудің үлкен баласы Қайролла болды, кейін келген 2 баланың бірі Жауғашар Қунақтың баласы Шындәулет болатын. 1879 жылы Торғай облысында мектеп жөніндегі инспектор болып тағайындалған тұста Ыбырай 2 кластық орыс-қазақ училищелерін ашады. Ыбырай Торғайда 23 жыл тұрып барлық саналы өмірін оқу-ағарту саласына арнап, Торғайдан тұңғыш мектеп ашып, ұйымдастырушылық қабілетін шебер пайдалана білді.1883 жылы Қостанайға көшіп, 1989 жылы 17 шілдеде 48 жасында аурудан қайтыс болды.
1864-1936 жылы бұл мектеп қолөнер, орыс тілі, ана тілі, математика, тарих, жаратылыстану пәндерімен білім беретін бастауыш мектеп коммуна-гимназия болып келді. 1869 жылы Ыбырайдың ұсынысымен мектеп орыс-қазақ училищесі болып қайта құрылып,1922 жылы 7 жылдық мектепке айналды. Осы оқу орны Ұлы Отан соғысының аяқталуына дейін орталау мектеп дәрежесінде қала берді де,1945-1948 оқу жылында ресми түрде орта мектеп мәртебесін алды. Әр шалғайдан 20 бала қабылданды.
Қиыншылық заманның қыспағы бұл балалардыңғ қатарын сиретіп, 1947-1948 оқу жылында 11 ғана шәкірт қалып, мемлекеттік емтихан тапсырып, Ыбырай мектебінің тұңғыш түлегі болды.
Олар: Алматов Қайырбек, Ахметов Ғабдыуақит, Ахметбеков Маликзада, Қапсұлтанов Сарыбас, Берсүгіров, Шәріпов, Жамалиев Өмірғали, Жүнісов Әуезхан, Ержанов Марат,Елкеев Ғабдыжауат, Топаева Марияш. Осы түлектердің бәрі жоғары білімді мұғалімдіктен бастап құрметті еңбек демалысына шыққанша ұстаз болды.
1883 жылдан бастап Ұлы ағартушының ісін, оның шәкірті Әбдіғали Балғынбаев жалғастырды. Осы уъездік оқу инспекторлық қызметін кейіннен Ілияс Байменов, Жармағанбетов, Бейісов, Қаражан Топаев, Сағидолла Жүнісовтер атқарды. Торғай ауданы құрылды. Бірақ бұл жылдары мектеп ісін басқаратын лауазымдық қызмет белгіленген жоқ.
Аудандық білім бөлімі 1931 жылы ғана ашылды. Алғашқы білім бөлімінің меңгерушісі болып Оймауыт Дауылбаев тағайындалды.1931-1938 жылға дейін осы лауазымды Таспаев, Елемесов, Зейнолла Байбосынұлы Қақанов, Айтмағанбетов, Әбдібек Тұрмағанбетов, Мәлік Бөкешов, Мұқан Өмірзақ, Әмірзада Асауовтар атқарды.
1938 жылдан мына төмендегі кісілер аудандағы білім саласын басқарып өзіндік із қалдырды.
-
Молдашев Ғилымхан 1938-1941ж
-
Төлебаев Зияден 1941-50 ж
-
Әбілдин Жұмабек 1950-57 ж
-
Досанов Қуанышқали 1957-63ж
-
Алматов Қайырбек 1963-65ж
-
Сейдағалиев Ғалым 1965-67 ж
-
Жүсіпов Әуезхан 1967-69ж
-
Әмірханов Ғазиз1969-87
-
Жүнісов Сапабек 1987-92 ж
-
Айбасов Айтжан 1992-98 ж
-
Данияров Ғабдуали 1998-2004ж
-
Шакиров Балғабай 2004-2008
-
Сейдахметов Наурызбай 2008 жылдан осы уақытқа шейін
ХІХ ғасырдың аяқ шенінде саусақпен санарлық оқығаны бар өңірде 1986-87 оқу жылдарында 774 мұғалім еңбек етті. Халық шаруашылығының барлық салаларында мәдениет пен ғылымның қаншама жоғары білімді мамандары бар Торғай бүгінде қарышты қадаммен алға басты. Торғай қақпасы қайта ашылып, Қостанаймен үшінші рет қайта табысты.
Ыбырай ізбасарларының бірі-Әбдіғали Балғынбаев халық ағарту саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, бар күш –жігерін бала тәрбиелеуге жұмсады. Ол 1866 жылы Қостанай уъезінде туған. Торғай училищесін, Орскідегі қазақтарға арналған мұғалімдік мектепті бітіреді. 1886 жылдан бастап ұстазы Ыбырай Алтынсарин ұсынысы бойнша Қостанайдағы 2 кластық училищеде мұғалім болып қызмет атқарады.
1891-1902 жылдары Ә.Балғынбаев Ақтөбе уъезіндегі Қарабұтақ училищесінде меңгерушісі, «Торғай облыстық ведомстволары» газетінің редакторы. 1907-1917 жылдары Торғай облыстық халық училищелерінің инспекторы болып істейді. Бұл кісі қызмет атқарған уақытта Торғай облысы бойынша 22 орыс-қазақ училищесі ашылады.
Оның «Торғай уъезінің ауылдық мектептеріндегі оқу-ағарту ісін жақсарту шаралары туралы» еңбегінде Торғай жеріндегі оқу-ағарту ісіне терең талдау жасаған. Өмірінің соңғы жылдарында ол Алматыға ауысып, Қазақ ССР ғылым академиясында ғылыми қызметкер болды. Ыбырай Алтынсариннің шәкірті , әрі әріптесі болғандықтан ұстазы туралы кең көлемді естелік жазып қалдырды. Ардагер ұстаз оқу-ағарту, ғылым саласында 57 жыл жемісті еңбек етіп, 1943 жылы дүние салды. Халқын білімге бастаған ардагер азаматтың есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Қаражан Топаев 1883 жылы мамыр айында туған. Ол әкеден жастай қалып, ағасы Әнапияның көмегімен Әбдібек Бірімжанов ашқан облыстық мектепте 1859 жылы оқуға қабылданады. Жасынан зерек Қаражан оқуға ынта қойып жақсы үлгіре бастайды. 1898 жылы Қ.Топаев Қостанай қаласындағы оқытушылар даярлайтын курсқа түсіп, оны 1901 жылы бітіріп шығады. Осы кездің өзінде көзі ашық, білімді жігіт орыстық алдыңғы қатарлы жастарының бірі Николай Токаревпен кездесіп, жақын дос болады.
1917 жылдың аяғында бүкіл Торғай уъезінде Совет өкіметі орнап, барлық билік Советтер қолына көшкен тұста Қ.Топаев табанды күрескер ретінде совет өкіметін толық қолдап, өз жолынан тайған жоқ. Ол Тосын болысындағы мектепте оқытушы, әрі меңгеруші болып қызмет атқарады. Совет өкіметінің мақсатын халыққа толық түсіндіріп отырады.
1923-25 жылдары ол уъездік халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды. Бұл кездерде ол жаңа селолық мектептер ашу, сауатсыздықпен күресу пунктерін ұйымдасытру, мәдени ошақтар жасақтау секілді сан-алуан іске араласып, күн-түн демей жұмыс жүргізді.
1932 жылы Ә.жангелдиннің нұсқауымен Торғайда жетім балаларды оқытып тәрбиелейтін «Балалар комунасы »ашылып, оған Қ.Топаев басшылыққа тағайындалды. Бұл істі де ол мүлтіксіз атқарды., ескілік пен қараңғылықтың шырмауынан шыға алмай жүрген жастарды, әсіресе қазақ қыздарын оқуға тартып, олардың білім алуына қамқорлық жасады.. Сол кездегі балалар клмунасының түлектері партия, Совет қызметкерлері болған Оймауыт Дауылбаев, Арғынғазы Қалмағанбетов, Кәрім Ержанов, ғалым Асқар Закарин, журналист Ә.Бектемісов, ақын Қ.Жармағанбетов, полковник М.Жангелов тағы басқалары Қ.Топаевтың тәлім тәрбиесінен өскен азаматтар.
1931-32 жылдары Торғай даласында халықты жаппай сауаттандыру ісі қолға алынып, осы бір саяси мәні бар істі басқару тағы да Қ.Топаевқа тапсырылды. Сол жылдары Ол Торғай аудандық оқу бөлімінің меңгерушілігіне қайта оралып қызмет атқарды. Қ.Топаев тек Торғай даласында ғана емес жалпы Қазақстанда мәдени-ағарту саласында жастарға өз күш-жігерін аямай жұмсаған адам. Ол Орал, Семей облыстарындағы аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, облыстық оқу бөлімінде мектептер секторын басқару жұмыстарын да абыроймен атқарып еңбек етеді. Өмірінің соңғы жылдарында Қ.Топаев бұрынғы «Бостандық» мектебі бой көтерген жерде Шилі жеті жылдық мектебінде ұстаздық қызметте де болды. Халыққа білім беру саласында ұзақ жыл абыройлы да жемісті еңбек еткені үшін Қаражан Топаев 1948 жылы ең жоғары награда-Ленин Орденімен наградталады. Ол кезде ол кісінің ұстаздық қызметіне 50 жыл толған еді.
Торғайдағы тұңғыш ұстаздардың бірі кезінде өзінің алғаш ұстаздық еңбек жолын бастаған Тосын өңіріндегі мектеп қазір Қаражан Топаевтың есімімен аталады.
1912 жылы бүкіл Торғай облысында (қазіргі Қостанай, Ақтөбе облыстары және Целиноград облысы) 216 мектеп (оның 2-еуі ғана орта) және 1917 жылы 226 мектеп болса қазір бір ғана Қостанай облысында 690 мектеп бар.
Революцияға дейін жалпы білім беретін мектептің саны көп болмаған. Торғай қаласында қазақ мектебі татар мектебі, қыздар мектебі ашылған. Торғайда қазақ балаларын орыс тілімен сусындатқан ұстаздардың бірі- Николай Гаврилович Иванов болды. Н.Г.Иванов Торғайда 20 жылдан астам уақыт қызмет етті. Қазіргі таңда Торғай жерінде бұл кісінің атында жалғыз орыс мектебі жұмыс жасап келеді.
Октябрь революциясына дейін және одан кейін көп жылдар бойы ұстаздық етіп, Торғай халқының құрметіне бөленген қарт оқытушылардың есімін мақтанышпен айтуға боладЫ. Олар: Қ.Топаев, Әбдісалық Жармұханбетов, Ахмет Балғынбаев, Шабдан Сомтеміров, Ғалымжан Бектемісов, Масғұт Жоламанов, Мұқат Өмірзақов, Қожантаев Сағи және тағы басқалар еді.
Торғайда оқып білім алып, ауданымызда социалистік құрылысқа белсене араласқан И.Байменов, А.Омаров, С.Исхаков, Б.Құлпейісов, З.Данияров, А.Қосмағанбетов, О.Дауылбаев, И.Искаков, К.Ержанов, А.Ысмағұлов, М.Жангелов, Б.Ералиндер Торғай елінің қиындығы менқуанышын қолдан атқарысып, елеулі еңбек сіңірген тұлғалар.
Мектеп ауданымызда совет үкіметі тұсында жыл санап көбейе бастады. Әсіресе, 1930 жылдардан кейін өсе түсті. 1940 жылы аудан көлемінде 13 бастауыш , 4 орталау,1 орта барлығы 18 мектеп жұмыс жасады. Осы мектептерде 1300-ге жуық бала оқып, 60-қа жуық мұғалім сабақ берді. Олардың жоғары және жоғарыдан төмен білімділері бірен-саран ғана еді. Ал жартысынан көбінің орта білімі де болмайтын.
1953 жылы 17 бастауыш,10 орталау, 1 орта барлығы 28 мектепте 3071 бала оқып 140 мұғалім қызмет етсе ,1967-68 оқу жылында ауданымызда 43 мектеп оның 7 орта, 5-еуі сегіз жылдық бастауыш мектеп. Бұларда 4418 бала оқып ,260 мұғалім жұмыс істейді және оның тең жарымы жоғары білімді, бірде-бір ортадан төмен білімі бар мұғалім жоқ. Міне, бұл мәліметтерден ауданымызда халық ағарту жұмысының қаншалықты дәрежеге көтерілгенін көреміз. Бұл салада қызмет еткен қадірменді ұстаздарымыз Т.Зияден, Нұржанов Мақат, Әбілқайыров Гакаша, Искаков Айтжан, Бұқарбаев Ахметжан, Искаков Қайырбек, Ибраев Абат, Анапин Кәкім, Құсайынов Хамидолла, Нұрманова Күлшат, Қосқолов Халық, Тасмағанбетов Тұрақ, Әбдібаев Қабдеш, Жармағанбетов Мұсағали, Омаров Қожақмет, Хамзин Сейітжан, Аппазов Сағи, Ахметбеков Нияз, Бекішов Бәкір, Ищанов Әбдік, Хамзин Сағи басқа көптеген жлдастар ауданымызда жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ойдағыдай еңбек етті.
Аға ұрпақ өкілдері Қапсұлтанов, Шалабаев, Қонарбаева, Шушунова, Жорабекова, Айбасов, Темірбеков, Қалиев , Мұқамедқалиев, Балғин, Қосмағанбетов тағы басқа көптеген ұстаздардың еңбектері айтарлықтай. Ал Сарысу бастауыш мектебінің меңгерушісі Сапенов Марден Торғай тарихында бірінші болып «Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» деген құрметті атаққа ие болды.
Ыбырай есімі мен ісі Торғайлықтар жүрегінде білімнің тұңғыш шырағын жаққан, тұнық ойды оятып жапан дала төсінде жез қоңырау қаққан туған халқын өнер-ғылымға үндеп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
Біз болмсақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым!
Сіздерге бердім батамды-деген ұлы ағартушы сөзін, өсиетін орындауда игі дәстүрді, даңғыл жолды келешек ұрпақ жалғастыра бермек.
Жаңару дәуірінде жаңа сапалық дәуірге жетіп отырған халық ағарту ісі Ыбырай ата тағылымы, асыл мұрасы ғасырдан-ғасырға саф алтындай жарқырап, мәңгілік жасай беретініне бүгінгі Ыбырай ізбасарлары нық сенімд
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ы.Алтынсарин және оның ізін Торғайда жалғастырушылар

шағым қалдыра аласыз