Уақыт шекарасын еңсеру: Қазақстан тарихын оқытудағы инновациялық технологиялар
Қазақстан тарихы - бай мұра мен мәдени байлық қана емес, сонымен қатар ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың негізгі аспектісі. Бұл елдің тарихын инновациялық технологиялар объективі арқылы оқыту білімді беру тәсілі ғана емес, сонымен бірге өткеннің қазіргі қоғам үшін маңыздылығын түсіну мен шабыт көзі болып табылады. Бұл мақалада инновациялық технологиялар Қазақстан тарихын оқыту тәсілін қалай өзгерте алатынын қарастырамыз.
1. Тарихи орындарға виртуалды экскурсиялар
Виртуалды шындықтың көмегімен студенттер Қазақстанның тарихи жерлеріне қызықты саяхат жасай алады. Олар ежелгі қалаларды, керемет тау жоталарын және шексіз далаларды аралап, ел тарихындағы әсерлі сәттерді қайта жасай алады. Бұл студенттерге өткеннің атмосферасын сезінуге және оның қазіргі кездегі мағынасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
2. Тарихи ойындар мен тренажерлер
Ойын технологиялары студенттерге Қазақстан тарихындағы маңызды сәттерді бастан өткеруге бірегей мүмкіндік береді. Олар тарихи тұлғалардың рөлін қабылдай алады, маңызды шешімдер қабылдай алады және олардың салдарын көре алады. Мұндай ойындар оқуды қызықты етіп қана қоймайды, сонымен қатар білім алушылардың талдау және сыни ойлау дағдыларын дамытады.
3. Интерактивті оқулықтар және онлайн ресурстар
Интерактивті оқулықтар мен онлайн-ресурстарды құру Қазақстан тарихын тереңірек түсінуге ықпал етеді. Білім алушылар материалды бейнелер, аудиожазбалар, графика және интерактивті тапсырмалар арқылы оқи алады. Бұл оқу процесін қол жетімді және қызықты етеді.
4. Деректерді талдау және зерттеу жобалары
Аналитикалық құралдар мен деректер базасын пайдалану студенттерге Қазақстандағы тарихи оқиғаларға тереңірек талдау мен зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл оларға елдің өткенін жақсы түсінуге ғана емес, сонымен қатар деректер мен аналитикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектеседі.
5. Әлеуметтік Медиа және блогтар
Блогтар, подкасттар құру және әлеуметтік желілерде тарихи тақырыптарды талқылау білім алушыларға оқу процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Олар тарихи тақырыптарды тереңірек түсінуге ықпал ететін пікірлер, идеялар және ақпарат алмасуы мүмкін.
Қорытындылай келе, Қазақстан тарихын оқытуда инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін байытуға және білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл елдің мәдени мұрасын сақтауға және беруге ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар білім алушыларға өз тарихын және болашақты қалыптастырудағы рөлін жақсы түсінуге көмектеседі.
Қазақстан Республикасындағы музейлердің жалпы тәжірибелері
Қазақстанда 2000 жылдардың басында республикалық маңызы бар музейлер – 13, мекемелік музейлер – 5, облыстық музейлер – 25, қалалық музейлер – 31, аудандық музейлер – 47, қорық музейлер – 7 болған. Қазіргі қоғамдық өзгерістерге байланысты музейлерге сұраныс өсуде. Жаңадан ашылып жатқан музейлердің мазмұндық деңгейі мен құрылымдық жүйесі өзгеше. Оларға музейлендірілген ашық аспан аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейлер, Президент музейі, қоғамдық немесе антропологиялық музейлер жатады. Ашық аспан аясында музейлендірілген Қ.А. Ясауи кесенесі және Тамғалы археологиялық петроглифтері Бүкіләлемдік Мәдени мұра тізіміне енді. Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде жүріп жатқан күрделі, қарама-қайшылығы мол мәдени үрдістер қарқыны мәдени-ағарту мекемелері жүйесіндегі музейлердің жұмысынан айқын көрініс табуда. Бүгінгі таңда Қазақстанның шамамен 200-ден астам музейлерінің коллекциялар қорын 2,5 миллионнан астам заттай деректер құрайды. Қазақстандағы музей әлемі, музейге келушілерге беретін білімі мен тәрбиесі және ағарту бағыты мен мәдениетті насихаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде Қазақстан музейлері әлемдік музейлер тәжірибесінен өткен, жалпыға тән музей қызметінің негізін басшылыққа алып жұмыс жүргізуде. Республикамыздың әрбір облысында жұмыс жүргізетін: облыстық, қалалық, аудандық, мекемелік музейлер – қор, экспозиция, экскурсия және түрлі тақырыптарда көрме ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп келеді. ҚР Мемлекеттік орталық музейі мәдени-білім жұмысы қызметінде түрлі шаралар – фестивальдер, ашық есік күндері, қайырымдылық акциялары, шеберлік сабақтары, концерттер, шолу және тақырыптық экскурсиялар, тарихи квестер, викториналар, байқаулар, музей сабақтары, шығармашылық кездесулер және т.б. өткізіп тұрады. Келушілермен жүргізілетін жұмыстар: дәстүрлі (негізгі) – экскурсиялар, дәрістер, байқаулар, консультациялық кеңес және т.б. жатады және дәстүрлі емес (жаңа үлгідегі) – шеберлік сабақтары, жәрмеңкелер, фестивальдер, музей сабақтары және т.б. болып бөлінеді. Мәдени-білім жұмысының дәстүрлі түрлерінің бірі – экскурсиялар. Музей экскурсиялары ішінара тақырыптық және шолу, тарихи, әдеби, өнертану, жаратылыстану және 13 т.б. болып жіктеледі. Тақырыптық экскурсиялар көбіне мектептің білім алушыларына (оқу бағдарламалары бойынша немесе жаңа көрмелер бойынша, сондай-ақ ҰБТ-ға дайындау мақсатында) жүргізіледі. Білім беру және ағарту бағытындағы музей шараларының ішінде бүгінде кең қолданылатыны музей сабақтары. Сабақ оқушылардың жекелеген тақырып бойынша алған білімдерін бекітіп, тереңдетуге септігін тигізеді. Бұл жерде музей заты көрнекі құрал ретінде емес, зерттеу көзі ретінде пайдаланылады. Музейлік сабақ оқушылардың оқу курсындағы тақырыбы бойынша білімдерін тікелей музей экспозициясы негізінде тереңдету мақсатында жүргізіледі. Оның бар ерекшелігі мектептің бағдарламасының міндетін музейдің білім беру аясында жүзеге асыруында. Музей бастауыш және орта сынып оқушыларына музейдің экспозициялық залдарында өткізілетін музейлік сабақтарды ұсынады. Қазіргі таңда музей педагогтары археология, қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті және Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы бойынша бірқатар музейлік сабақтар дайындаған. Сабақтарда көрнекі құралдар, электронды тұсаукесерлер, бейнефильмдер пайдаланылады.
Музей қызметкерлерімен жүргізетін музей сабақтарына ұсынылатын тақырыптар:
-
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері;
-
Киіз үй – көшпелілердің дәстүрлі баспанасы;
-
Қазақтардың зергерлік бұйымдары;
-
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Тәуелсіз Қазақстанға саяхат;
-
Бір Шаңырақ астында;
-
Теңге тарихы;
-
«Бесік - көшпелілердің өнертапқыштық даналығы»;
-
«Әжемнің сандығындағы заттардың тарихы»;
-
«Абылай хан резиденциясы»
-
«Бөкей ордасы»
-
«Алтын емел»
-
«Ы. Алтынсарин – жаңашыл педагог»
-
Ахмет Байтұрсынұлы музей- 50 үйі бойынша музей сабағы
-
«Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы»
7-8-сыныптарда: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай? Зерттеу сұрағы негізінде «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің «Абылай ханның 1711–1770 жж. өмір сүрген жылдары», «Абылай хан – ұлы мемлекет қайраткері (1771–1780 жж.)» залы; Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс тақырыбы (Сырым Датұлы атындағы тарихи музейі); «1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбы 7.3.1.5 қазақ халқының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау; 7.3.1.6 ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру оқу мақсаттарын меңгертуде «Бөкей ордасы» тарихи-музей кешеніне саяхат жасап, музей материалдарын сабақты бекітуде пайдалану ұсынылады. «Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы» тақырыбы бойынша Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау оқу мақсатын зерделеуде Ш. Уәлиханов атындағы «Алтын емел» мемориалдық музейіндегі Шоқанның тұлғасын қалыптастыруға әсер еткен XIX ғасырдың басындағы саяси, әлеуметтік және мәдени өмір тарихы материалдары; Омбы кадет корпусындағы оқу жылдары мен қызметінің басталуы, орыс зиялыларының өкілдерімен танысу туралы материалдар; Орталық, Орта Азия, Оңтүстік Сібір мен Қазақстанның тарихын, этнографиясын, географиясын зерттеуде терең із қалдырған Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы; Петербург кезеңі, Ресейдің ғылыми және әдеби орталарымен достық және іскерлік байланыстары туралы музей материалдарын қолдану ұсынылады. «Ы. Алтынсарин – жаңашыл педагог» тақырыбы мен «Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту саласындағы жаңашылдығы неден байқалады?» зерттеу сұрағын зерделеуде Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық музейіне саяхат сабағын ұйымдастыру қажет. «Не себепті А. Байтұрсынов: «Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды», - деп санады?» зерттеу сұрағы негізінде Ахмет Байтұрсынұлы музей- 50 үйі бойынша музей сабағын өткізу ұсынылады. XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының көрнекті өкілдері тақырыбы, «Қазақ зиялылары ұлттық мүдделерді қалайша қорғады?» зерттеу сұрағы, 8.3.1.5 Әлихан Бөкейханның саяси көшбасшылық қызметіне баға беру оқу мақсатын меңгертуде Әлихан Бөкейхан музейіне саяхат сабағын өткізу қажет. «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы» тақырыбы 8.3.2.2 Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау оқу мақсатын зерделеуде Бауыржан Момышұлы атындағы музейі материалдарын қолдану ұсынылады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 288-VІ ҚРЗ.
2. http://www.educationengland.org.uk/history/chapter17.html
3. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. – Астана, 2012.
4. https://csmrk.kz/images/meropriyatiya/pic-amre-kash2018-muz.jpg.
5. https://nmrk.kz/structure/service-of-excursion-work-andmuseumpedagogy/museum-pedagogy/.
6. «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 Заңы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z060000207.
7. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
8. Қозғамбаева Г.Б. Әзірет Сұлтан Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық кешені және оның зерттелу тарихынан// Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы, тарих сериясы. 2013. – 5. «Мәдени мұра» бағдарламасы. – Алматы, 2004.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз