Материалдар / Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2021
503
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ыбырай Алтынсарин әңгімелерінің тәрбиелік мәні

Абильтаева Самал Бекбасовна

жоғары санатты қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.



Ыбырай Алтынсарин — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.

Қазақ әдебиеті тарихында жастарға білім мен тәрбие беруде орасан еңбек етіп, елеулі жемісін берген ұлы ағартушылардың бірі. Оқу-тәрбие жұмыстарына белсене араласып, өзіндік іс-тәжірибесін халық арасында кеңінен қолданған зиялы қауымның алдында әрине ұлы педагог Ы.Алтынсариннің орны бір бөлек. Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының  тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы – педагог.

Бір аллаға сыйынып

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық! – деген   өлеңінде білім алуға үндейді. Өмірдегі мол  байлық  – білім екендігін айта келіп, оған қол жеткізу үшін ерінбей –  жалықпай еңбектенудің керектігін түсіндіреді. Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ халқының жаңа буынын тәрбиелеуге арнап, олардың мәдениетті елдерден үлгі ала отырып, білімді де сапалы азамат болып жетілуіне айтарлықтай үлес қосты. Сол мақсатта қазақ жастарына арнап мектептер ашып, оқулықтар жазды.

Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әрекеттері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты. Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілікке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.
   
Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Қыпшақ Сейтқұл» т.б. Ыбырай жас ұрпақтарға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Жастарды еңбек етуге дағдыландыруды үгіттеген оның басқа да әңгімелері аз емес.

           Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.
   Әңгімелері оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімелерінде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады. Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.

Ы.Алтынсарин өзінің төл туындыларында тәрбиелік, нақыл – насихаттық мәніне ерекше көңіл аударып отырды. Сол арқылы жас буынды адамгершілік пен ізгілікке, еңбек пен зейінділікке, өнер – білімге баулуды көздейді. Ол ел жұртқа қажет білім  мен өнерді игерудің  төте жолы тұрақты мектептер арқылы жүзеге асады деп санады. Ы. Алтынсарин қызметінде балаларды оқыту  мен  тәрбиелеу жұмысы ерекше орын алады. Мектептегі оқыту  мен тәрбие процесін  жүргізуші мұғалім деп  таниды.

Ы.Алтынсариннің шығармалары өмірдің өзектілігін көрсететін тың туындылар. Ұлы ұстазымыздың бүгінгі мектеп өмірімен үндестік табатын педагогикалық тұжырымдарын жалғастыруда мұғалімдердің жан-жақты ізденіп, жұмыс істеуі үлкен нәтижеге қол жеткізетіні анық.

Бәріміз бір адамның баласымыз,

Жігіттер бір-біріңе қарасыңыз.

Өмір деген бес күндік кетер өтіп,

Атаң барған орынға барасыңыз,- деп көпшілікті бірлікке, татулыққа, түсінісуге шақырды. Өзі де осы тұғырдан орын алды.

Ы.Алтынсарин мектептегі тәртіпке мықтап көңіл бөлген. «Тәртіп-мектеп үйі шаңырағының ең қажетті тірегі, ұжымды сымбаттандыратын құрал. Тәртіптің шындыққа айналуы әр оқушының бойында тәртіптілік сезім тудырады»,- деп тәртіп деген педагогикалық ұғымға терең талдаулар жасайды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, жас балалардың басында кездесетін түрлі жаман мінездерді отбасындағы тәрбиемен терең астастырады. Адам үлкен тәлімі мықты тәрбиенің нәтижесі. Ы.Алтынсариннің ойынша адамның сана-сезімін негізінен тәрбие билейді. Соған байланысты жеке тұлғаны адалдыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, талаптылыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттерді олардың бойына дарыту арқылы адами мінез-құлықтарын өздері игере алуларын ойластырған.

Қорыта айтқанда, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармашылығы жалпы адам өмірімен тығыз байланысты. Адамның адам болып қалыптасуына, өмірдегі ой-толғанысына ерекше мән бере отырып, мысалдар келтірген. Өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеуметтік теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі өмірдегі ең құнды еңбегі болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің шығармалары қазақ әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып, қазақ жастарының жан-жақты, білімді азамат болуына өз ықпалын тигізе бермек. 





 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Ы.Алтынсарин тағылымы. Алматы 1991 ж

2.     «Қазақ тілі мен әдебиет » журналы. 2008ж, № 4,5

3.     Ы.Алтынсарин . Таңдамалы шығармалары

4. Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар» Алматы, 1989ж


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!