Материалдар / Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.Ы. Алтынсарин бала тәрбиелеудегі анаға ерекше мән берді. Ананың мейірім мен махаббатын терең сезіммен жырға қосты. Ата-ана алдындағы парызын, есіне салатын тамаша сөздермен жеткізді. "Ананың сүюі" Кім сендерді, балалар, тербететін, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2021
792
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінің тәрбиелік мәні.

"ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс,

Еуропа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты,

халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог,

әрі ақын-жазушы Ыбырай Алтынсариннің

өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор"

Қажым Жұмалиев

Ыбырай Алтынсарин қазақ әдебиетінде және қазақ қоғамында ойып тұрып орын алатын, көрнекті тқлғалардың бірі. Ағартушы, педагог, ақын-жазушы, фольклоршы , этнограф - Ыбырай, 1841 жылы, қазан айының 20 - сы күні , Қостанай облысы , Қостанай ауданында дүниеге келген. Ерте жасынан әкесінен айырылып , атасы - Балқожаның қолында өсіп, тәлім - тәрбие алады. Ыбырайдың оқу - білім алуына атасы тікелей ықпал етеді. Ыбырай қалада оқып, білім алғанымен, билікке, шенеулі орындарға қызықпай, қазақ қоғамының жай - күйінтерең түсініп, оқу- білімге, сауаттылыққа мән беріп, ағартушылық жолды таңдайды. Осы орайда балалардың сауатын ашып, ой-өрісін кеңейтуді таңдады.

Оған дәлел, белгілі шығыстанушы проффессор Н.И. Ильминскийге жолдаған хатында "Мен балаларды оқытуға қойға шапқан, аш қасқырдай қызу кірістім" - деген сөздері.

Ыбырай Алтынсарин - ақын ретінде де оқу - білімді, тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді кеңінен насихаттайды. "Кел, балалар, оқылық" атты өлеңіне тоқталсақ:

Мал дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар.

Оқымыстың байлығы

Күннен - күнге көп болар, - деген өлең жолдарында, байлық пен дүниеңнен сен бір сәтте - ақ айырылып қалуың мүмкін, ал білімің арқылы биік - белестерді оңай бағындырасың делінген.

Ата - енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу

Қартайғанда, мал тайса ,

Сүйеу болар бұл оқу - деген жолдарда, шыр етіп, дүниеге келген сәттен бастап, асырап, баққан, бар жақсылығын саған берген, мәпелеп өсірген ата - анаңның саған жасаған жақсылықтарына, өзің ер жеткенде жауап беру, қамқор болып, дүниеден өз орныңды тауып, саналы ұрпақ болсаң ғана ата - анаңның үмітін ақтайсың.

" Өнер білім бар жұрттар " өлеңі арқылы, елін -жерін сүюге, адамгершілікке, білімге жетеледі. Отанының да көркеюіне үлес қосуға, қазіргі ақпараттық тасқын заманында, әлем әр сәт сайын өзгеруде. Сол заман ағымымен бірге жүзіп,ілім үйренуге шақырады.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

Ақынның "Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен " өлеңінің мәні өте терең.

Бұнда ол адал еңбек пен шындықты жырлайды. Өз күшімен өмір сүруге, шындық үшін күресуге, жамандытан аулақ болуға шақырады.

Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен,

Кете бар кессе басың шындықпенен!

Қорек тап бейнеттен де тәңірің жәрдем,

Телмірме бір адамға мұңдықпенен.

Ыбырай Алтынсариннің табиғат туралы өлеңдері оның ақындық шеберлігін көрсетеді. Мысалы, " Өзен " табиғат көрінісін тамаша етіп бейнелейді.

Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған

Көңілің суын ішсең ашылады,

Денеңде бар дертіңді қашырады.

Өксіген оттай жанып жануарлар,

Өзеннен рақат тауып басылады.- деген жолдарда табиғаттың дертіңе шипа, жаныңа рақат сыйлайтынын айтады.Судың мөлдір тазалығын, қуаттылығын өлеңнің әр жолдарымен жеткізеді. Табиғаттың көркем бейнесін көре білуге үйретеді.

Бір малы шаруаның екеу болып,
Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.
Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер,
Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.
Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,
Қуанып ықыласпен келген жылға...
Алыстан мұнарланған сағымдары

Шақырып, тұрар күліп: "Кел, – деп, – мұнда..." Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді.



Ы. Алтынсарин бала тәрбиелеудегі анаға ерекше мән берді. Ананың мейірім мен махаббатын терең сезіммен жырға қосты. Ата-ана алдындағы парызын, есіне салатын тамаша сөздермен жеткізді.

"Ананың сүюі"

Кім сендерді, балалар, тербететін,

Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Мал, дәулеттің байлығы –
Бір жұтасаң, жоқ болар.
Оқымыстың байлығы–
Күннен күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді.
Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып, жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
...Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
"Өнер – жігіт көркі" деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды! –

деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

Ақынның өлеңдері балаларға түсінікті, қарапайым әрі мақал - мітелдерге толы.

Қорытындылай келетін болсақ, өлеңдері-тәрбиені, адамгершілік жақсы қасиеттерді көздеген шығармалар. Білім тек оқу білуде ғана емес, сонымен қатар алған тәрбиңмен ұштастырып, саналы түрде бекітуің деп білем.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Ыбырай Алтынсарин. Шығармалар жинағы. – Алматы:1955. – 413 б.

  2. «Ыбырай Алтынсарин мұрасының әлеуметтік, педагогикалық, өнегелі әлеуеті және қазіргі заман». Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдар жинағы. Қостанай, 2011. – 227 б.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!