0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу 690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. 10 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 30 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу Күніне 2 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу5 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
1 - айлық
Стандарт
2990 ₸ / айына
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 30 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу30 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 150 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 10 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
1 - айлық
Шебер 7990 ₸ / айына
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау 150 материал жасау
Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін 900 материал жүктеу
Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз шексіз
Көрнекілік бөлімі - 10 000 астам көрнекіліктерді жүктеу90 көрнекілік жүктеу
Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу 300 файлды тегін жүктеу
Жинақталған ҚМЖ бөлімінде 50 файлды тегін жүктеу
Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар) тегін қатысу
Назар аударыңыз!
Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
Ок
Материалдың қысқаша нұсқасы
Заманауи
білім беру
трендтері
Заманауи
білім беру
трендтері
УДК 37.0 (035)
ББК 74.00я2
С74
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ТАПСЫРЫСЫ БОЙЫНША
БАСЫЛЫМДЫ 2017 ЖЫЛЫ «BILIM MEDIA GROUP» ЖШС КОМПАНИЯСЫ ДАЙЫНДАҒАН
С74 Заманауи білім беру трендтері – Алматы: «Bilim Media Group» ЖШС, 2017 –
326 б.
Заманауи білім беру трендтері – білім берудегі ең заманауи бағыттар туралы толыққанды баяндама, бұл педагогика сарапшылары құрастырған әмбебап
анықтамалық. Кітапта заманауи білім берудің бағыттары баяндалады: олардың тарихы
таныстырылады, ең заманауи тенденциялар егжей-тегжей сипатталады, барлық «иә»
мен «жоқ» салыстырылады, сондай-ақ қызықты да маңызды мысалдар келтіріледі.
Анықтамалықтың басты міндеті – заманауи білім беру нені қамтиды деген сауалға
жауап беру.
УДК 37.0 (035)
ББК 74.00я2
ISBN: 978-601-06-4440-3
© «Bilim Media Group» ЖШС, 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе — 7-бет
I Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы (Personal) — 9-бет
Кіріспе — 10-бет
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
Білім берудегі дербестендіру — 13-бет
Оқу қабілеті — 17-бет
Процестік-бағдарлы оқыту — 21-бет
Оқытудың дара стилі — 25-бет
Оқушы оқыту орталығында — 29-бет
Дербес оқыту ортасы — 33-бет
Талдау және көлемді мәлімет қоры (Big Data) — 37-бет
Бейімді оқыту — 41-бет
Мобильді оқыту — 45-бет
Виртуалды мұғалім — 49-бет
Кеңестер — 53-бет
1. М
ысал (Case Study): Үшінші сынып оқушыларының сабақтарда планшеттерді
пайдалануы (халықаралық мысал) — 56-бет
2. Мысал (Case Study): Науқас балаларды оқыту дербестікпен байланысты
тенденцияларға үлгі ретінде — 58-бет
3. Мысал (Case Study): Шағын жинақты мектепте BilimBook планшеттерін пайдалану — 60-бет
4. Мысал (Case Study): Сыныптағы интернет-ресурстар – бастауыш мектептегі математика сабақтарының үлгісімен мобильді оқыту ортасын құру — 61-бет
II Заманауи білім беру қызықты — 63-бет
Кіріспе — 64-бет
1. Ойын арқылы оқыту (Game-Based) — 67-бет
2. Игрофикация — 71-бет
3. Ойын-сауық элементтерімен оқыту (Edutainment) — 75-бет
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
5
МА ЗМҰНЫ
4.
5.
6.
7.
Технологияның көмегімен баяндау — 79-бет
Салмақты ойындар (LARP) — 83-бет
Жаттықтыратын рөлдік ойындар мен қойылымдар — 87-бет
Табиғат аясындағы сабақтар — 91-бет
Кеңестер — 95-бет
1. Мысал (Case Study): Сандық әңгімелер құрастыру (халықаралық мысал) — 98-бет
III Заманауи білім беру коллаборативті — 101-бет
Кіріспе — 102-бет
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
Бір-бірін оқыту (Peer Learning) — 105-бет
Әлеуметтік медиа көмегімен оқыту — 109-бет
Проблемалық-бағдарлы оқыту — 113-бет
Жобалық-бағдарлы оқыту — 117-бет
Педагог актер кейпінде (Edutainer) — 121-бет
Төңкерілген сынып — 125-бет
Ашық дереккөздерді пайдалана отырып оқыту — 129-бет
Пәнаралық оқыту — 133-бет
Кеңестер — 137-бет
1. Мысал (Case Study): Шексіз таңдау — 140-бет
2. Мысал (Case Study): Онлайн қойылым — 142-бет
3. Мысал (Case Study): Үлкендер кішілерді оқытады
(халықаралық мысал) — 144-бет
4. Мысал (Case Study): Сабақта ынтымақтастық дағдыларын дамыту үшін
BilimLand білім платформасын пайдалану — 146-бет
IV Заманауи білім беру релевантты — 149-бет
Кіріспе — 150-бет
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
STEM-білім — 153-бет
Кәсіптік-техникалық білім — 157-бет
Үздіксіз білім — 161-бет
Бейформалды оқыту — 165-бет
Релевантты-бағдарлы оқыту — 169-бет
Бағдарламалауға оқыту (Coding) — 173-бет
Құзырлы-бағдарлы білім беру — 177-бет
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
6
МА ЗМҰНЫ
8. Сценарийлер негізінде оқыту — 181-бет
9. Өмірлік дағдылар — 185-бет
10. ХХІ ғасыр дағдылары — 189-бет
Кеңестер — 193-бет
V Заманауи білім беру мультимодальды — 195-бет
Кіріспе — 196-бет
1.
2.
3.
4.
Визуалды сауаттылық — 199-бет
Толықтырылған нақтылық — 203-бет
Ыммен оқыту — 207-бет
Үлестеп оқыту — 211-бет
Кеңестер — 215-бет
1. М
ысал (Case Study): Аудиокітап мектепте әдебиет оқудың құралы ретінде —
218-бет
2. Мысал (Case Study): Ағайынды Гриммдер ертегілері әлемінде — неміс тіліне
жаңаша көзқарас (Халықаралық мысал) — 219-бет
VI Заманауи білім және техника — 221-бет
Кіріспе — 222-бет
1. Жаттықтырушы конструкторлар — 225-бет
2. Білім берудегі роботтар — 229-бет
3. Жаңа буын теледидарлары — 233-бет
4. Тасымалдау технологиялары — 237-бет
5. Голограммалар — 241-бет
6. 3D-баспа — 245-бет
7. Жасампаздық мәдениеті (Maker Culture) — 249-бет
8. Заттар интернеті — 253-бет
9. Төртінші өнеркәсіптік революция — 257-бет
10. Семантикалық желілер — 261-бет
Кеңестер — 265-бет
Т Р Е Н ДЫ СОВРЕ МЕ Н НОГ О ОБРАЗОВАН ИЯ
7
МА ЗМҰНЫ
VII Заманауи білім беру жаңа идеялар үшін ашық — 267-бет
Кіріспе — 268-бет
1. Нейродидактика немесе оқу процесіне не сеп, не кедергі — 271-бет
2. Білім беруге баламалы тәсілдемелер — 275-бет
a. Финляндия білім беру жүйесі — 280-бет
b. Монтессори педагогикасы — 282-бет
c. Вальдорф педагогикасы — 285-бет
d. Реджио жүйесі — 287-бет
e. Демократиялық білім — 289-бет
f. Дарынды балаларға арналған мектептер — 292-бет
g. Үйдегі мектеп және жеке білім алу — 294-бет
h. HighSkope жүйесі — 296-бет
Кеңестер — 299-бет
1. Мысал (Case Study): Эмоциялар және білім беру мақсаттарына
жету — 302-бет
2. Мысал (Case Study): «Маған мұны өз бетіммен орындауға көмектес» —
«Қиял аралы» жобасы — 304-бет
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
8
МА ЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Білім шабыттандыруы тиіс. Оның міндеті – оқушыларға өзінің бірегейлігін
сезініп, қиындықтарды жеңіп, әлеуетін танытуға көмектесу. Білім сыни ойлау мен
жасампаздықты дамытып, қазіргі заманда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін
дағдылар мен мағлұматтар беруі керек.
Расымен солай ма? Шындығында, бүгінгі білім беру қандай? Бүкіл әлем мектептер шынайы өмірден алшақ, бағдарламалар ақпаратқа тым толы, балалардың
оқуға ынтасы жоқ, ал түлектер өмірде жетістікке жетуге дағдыланбайды деп дабыл
қағады. Естігеннің еңсесін басары хақ. Дегенмен бірқатар ілгерілеу де байқалады:
өзінің баламалы әдістемелері бар мұғалімдер қатары көбейіп келеді, білім беруді
оңтайландыруға арналған зерттеулер көптеп жүргізіліп жатыр... Әлем өзгерісті
талап ететін сыңайлы. Сонымен қатар пайда болған бір жаңашылдық бар, ол –
үздіксіз технологиялық даму. Ол жаңадан орасан зор мүмкіншіліктер ашып қана
қоймайды, сонымен бірге жекелеген мектептерге де, бүкіл білім беру жүйесіне
де айтарлықтай сын тудырып келеді. Осы бір тың мәселенің мәніне бірге үңіліп
көрелік.
Құрметті оқырман, сіздің қолыңызда «Заманауи білім беру трендтері» деп аталатын кітап. Бұл еңбектің басты міндеті – «заманауи білім беру нені қамтиды» деген
сауалға жауап беру. Анықтамалықты құрастыруға мұғалімдер мен педагогтерді,
яғни білім беру дегеннің не екенін теориялық та, тәжірибелік те тұрғыдан бүгешігесіне дейін білетін адамдарды жұмылдырдық. Олар осы кітапта сипатталған
тенденцияларды күн сайын іске асыра отырып білім беру саласының-бейнесін
жақсы жаққа қарай өзгертіп келеді. Олар өз тәжірибелерімен, жетістіктерімен
және қорытындыларымен бөлісуді ұйғарып, әр тарауға тәжірибелік мысалдардың
талдауын дайындады. Тенденциялардың егжей-тегжейлі сипаттамасын сәтті
толықтыратын бұл мысалдар олардың мәнін аша түсуге мүмкіндік беріп, оқу
процесінде нақты неге назар аудару қажеттігін түсінуіңізге көмектеседі.
Әлденені өзгертпестен бұрын, мына бір жәйтті ұғынып алған маңызды. Білім
беру саласы өте сезімтал келеді, бұл салада шикі ойластырылған тәжірибелер
жүргізуге жол беруге болмайды. Кез келген проблеманы шешіп беретін әмбебап
амал жоқ бұл дүниеде. Қиындықтан шығатын жолды қас қағым сәтте тауып берер
шешім де болмайды. Бір рет жемісті болған дүниені, арасында жер мен көктей
айырмашылық барына қарамастан, өзге жерде де дәл солай сәтті қайталауға
болады деп есептеу – адамдарға тән ойдың бірі. Бірақ біз олай ойламаймыз.
Барлық елді бірдей Финляндияға айналдыру мүмкін емес. Есесіне Финляндия табысына не арқау болғанын түсініп, өз жағдайыңызға сәйкес өзгертулер енгізсеңіз,
таңғажайып старт нүктесіне ие боласыз. Ең дұрыс шешім – нақты сұраныс пен
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
9
КІ РІ С ПЕ
адами факторды ескере отырып белгілі бір ортаға сай келетін түрлі үдеріс пен
тәсілдерді үйлестіру болмақ. Бірақ ондай шешімді табу үшін білім қажет.
Біздің басты міндетіміз – заманауи білім берудің тенденциялары туралы айтып
беру. Мәселені кешенді түрде түсінуге қажетті мәліметтерді жинастырып, ыңғайлы
анықтамалық және тәжірибелік идеялар көзін құрастырдық. Біздің кітабымыз
күрмеулі мәселені анықтауға, жалпы көріністі байқап көруге, қандай сауалдар көңіл
бөлуіңізді қажет етіп тұрғанын түсінуге және олардың ұтымды шешімін табуға
көмектеседі. Алған білімді шынайы өмірде сәтті пайдаланудың мысалдарын да осы
кітаптың беттерінен таба аласыз. Біз әр үдерістің мейлінше маңызды аспектілеріне
тоқталдық. Сонымен қоса олардың пайда болу тарихын, артықшылықтары мен
кемшіліктерін, пайдалану мысалдары мен нақты тәсілдердің мәнін, құндылығын
(немесе қауіптілігін) түсінуге мүмкіндік беретін тәжірибелік тапсырмаларды сипаттай отырдық.
Оқу процесі адамзат табиғатының ерекшеліктерін, өзіндік сұраныстары мен
әрбір оқушының даму деңгейін ескеруі керек. Оның міндеті тек қана білім беру емес, сонымен бірге үлгілі білім дағдыларын қалыптастыруға көмектесу, өзінөзі тексеруді дамыту, шешім қабылдауды және тәуелсіздігін сақтауды үйрету.
Адамдардың әртүрлі екенін ұғыну – төзімділік негізі, ол да оқытудың ұтымды
тәсілін қалыптастыру үшін қажет. Бүгінде мидың жұмысы мен оның қызметіне
не демеу болатыны, қабылданған ақпарат қалай өңделетіні туралы мағлұмат
көптеп таралып жатыр. Оқыту барысында осы мәліметтерді ескере отырып
айтарлықтай артықшылықтарға қол жеткізуге болады. Адамдардың күрделі
жағдайлардан жеңімпаз болып шығуды ұнататынын білеміз. Олар күрмеулі
мәселеге ұшырасқанда, заңдылықтарын іздестіріп, жауаптарын тауып жатады.
Әрине, егер мәселе оларға қызықты болса, сұраныстарын қанағаттандырса немесе жай ғана назарын аударта алған жағдайда. Адамдар қол қусырып отырғанды
ұнатпайды, ал істеген ісі қанағаттандырарлық болса, оқу да жанға жайлылық сыйлай бастайды. Бұдан бөлек біз, кейбір пікірлердің кең таралуына қарамастан,
мұғалімнің қоғамдағы орны өз маңыздылығын жоғалтпайтынына сенеміз, тіпті
технологиялар белсенді дамыған кезеңнің өзінде де. Дегенмен технологиялардың
күшін жете бағаламауға да болмайды. Өйткені олардың көмегімен оқу барысын
жетілдіруге және жеңілдетуге болады. Алайда бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалану
қажет, бұл ретте оның табиғатын естен шығармаған жөн.
Басылымда заманауи оқу жүйесінің бар қиындығы сипатталған. Біздің кітабымыз
сізді әр жерден бір дұрыс жауап іздеу қажеттігінен құтқарады және кеңестерімізді
пайдалана отырып ұтымды оқу мен оқыту бағытында өзіңіздің дара жолыңызды
салуыңызға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Сонымен заманауи білім беру деген не? Қарап көрелік...
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
10
КІ РІ С ПЕ
ЗАМАНАУИ
БІЛІМ БЕРУ
ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ
(Personal)
ЗАМАНАУИ
БІЛІМ БЕРУ
ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ
(Personal)
Дербестендіру тақырыбы білім әлемінде айтарлықтай қызығушылық тудыра
бастағанына біршама уақыт болды. Көпшілік бұл мәселе білімнің болашақ жүйесіне
елеулі ықпал етіп, білім беру контентінің жариялылығын дамытуға жетелейді деп
санайды. Дербестендіру оқушылардың жеке сұраныстары мен мүмкіндіктерін талдай біліп, бағдарламаны өз бетінше таңдауына негізделеді. Ол жоғары дамыған
оқу дағдыларымен тығыз байланысты, процеске бағдарланған тәсілдемені және
әр оқушының өзіндік оқу стиліне құрметпен қарауды ұстанады. Сонымен қатар
заманауи технологиялар жетістіктерімен ұдайы толығып отыру, мобильді және
бейімді білім беру мүмкіндіктері мен көлемді мәліметтер массивін өңдеу әдісін
қосқанда, осының бәрі білім беру жүйесін танымастай өзгерте алады.
Дербестендіру оқушыны білім әлемінің қақ ортасына қояды да, нені, қашан және
қалай оқу қажеттігін өз бетінше шешу мүмкіндігін береді. Жаман емес сияқты, бірақ
алаңдауға да негіз бар. Алғашында солай көрінгенімен, дербестендіру мұғалім
рөлінің маңыздылығын азайтпайтынын есте сақтау керек. Шын мәнінде бәрі тіпті
керісінше. Мұғалімге артылатын жауапкершілік бұрынғыдан да арта түседі және
ұстаз еңбегінің арқасында оқушылар көп нәрсені үйреніп қана қоймайды, сонымен қоса анағұрлым тәуелсіз әрі бақытты бола алады.
Дербестендіру деген не және ол дараландыру деп аталатын оқыту әдісінің шектесіп
жатқан концепциясынан, яғни тұжырымдамасынан несімен ерекшеленеді? Бұл
сұрақтардың жауабын көп ұзамай білетін боласыз.
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
12
ЗАМА НАУ И БІ ЛІ М БЕРУ Т ҰЛҒА ЛЫҚ-БА ҒДАРЛ Ы
оқушы не
қалайтынын өзі
сараптайды
нені, қалай және
қашан үйрену
керегін өзі шешеді
айырмашылығын
табыңыз
оқушы басты
назарда
технологияларды
қажет етеді
оқу курсының бірыңғай
міндеттері +
әрқайсысы үшін әртүрлі
міндеттер
түрлі оқушыға
түрлі құрал
мұғалімді жетекші
ретінде қажетсінеді
оқу мақсатын
өзі анықтайды
мұғалім басты
назарда
жүзбе-жүз
оқыту
ДАРАЛАНДЫРУ
метабілім
дағдыларын
жетілдіреді
түрлі оқушыға
түрлі нұсқау
оқушылар тұлға
ретінде
ДЕРБЕСТЕНДІРУ
оқу курсының
бірыңғай міндеттері
оқу тәсілін өзі
таңдайды
мұғалім басты
назарда
түрлі топқа
түрлі нұсқау
түрлі топқа
түрлі құрал
оқушы өзінің жеке
оқу жоспарын
ұстанады
сыныптық сабақ
топтап
оқыту
САРАЛАУ
I
Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы
1. Білім берудегі дербестендіру
2. Оқу қабілеті
3. Процестік-бағдарлы оқыту
4. Оқытудың дара стилі
5. Оқушы оқыту орталығында
6. Оқытудың дербес ортасы
7. Талдау және көлемді мәліметтер (Big Data)
8. Бейімді оқыту
9. Мобильді оқыту
10. Виртуалды мұғалім
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
14

I Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы
БІЛІМ БЕРУДЕГІ
ДЕРБЕСТЕНДІРУ
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
15
КІ РІ С ПЕ
БІЛІМ БЕРУДЕГІ
ДЕРБЕСТЕНДІРУ
> Болашағыңыз өз қолыңызда <
Негізгі түсініктер
Тұлғалық-бағдарлы ойлау, білім берудегі дербестендіру, дараландыру, саралау,
оқушының ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, жеке портфолио, тұлғалықбағдарлы оқу курсы, жеке оқу курсы, оқушылардың жұмылдырылуы, материалды
ұсынудың икемділігі, өзін-өзі оқыту, міндеттерді өз бетінше қою, басымдықтарды
өз бетінше анықтау
Дербестендіру принципі білім беру саласында алғаш рет шамамен 1905 жылы
қолданылды. Ол кезде Хелен Паркхерст бүгінгі күні «Дальтон-план» атауымен
танымал тәсілді пайдалануды ұсынған болатын. Жұмыс барысында халықтық
білім беру белсендісі бірден бірнеше пәнді оқыту қажеттілігімен ұшырасқан еді.
Жұмысты жолға қою үшін ол кабинетті түрлі пәнге арналған бірнеше бөлікке
бөледі. Осылайша балалар өздеріне қолайлы қарқынды таңдай отырып және ең
маңыздысы, сыныптастарымен кеңесе, өзара көмек көрсете отырып өз беттерінше
оқи алды. Сондай-ақ Хелен Паркхерст үлгерімді бағалаудағы тұлғалық-бағдарлы
тәсілдің принциптерін қалыптастырды және дербестендірілген білім туралы заманауи түсініктің негізіне айналған: «Білім мәселесінде балаларды бастаманы
өз қолына алуға итермелеу үшін біз не істей аламыз?» деген маңызды сауалды
бірінші болып қойды.
Білімді дербестендіру идеясы 1970 жылы қанатын кеңге жайды. Бұған испандық
педагог Виктор Гарсиа Хоцтың еңбегі арқау болды. Содан бері бұл термин туралы түсінік бірнеше мәрте тұжырымдалды. Олардың кейбірі ақпаратты жеке
сұраныстарына қарай таңдау идеясын негізге алады, ал кейбірі әр оқушының
жеке мүмкіндігін барынша пайдаланудың маңыздылығына мән береді. Әлемдегі
білім беру саласының ең беделді сарапшыларының бірі Кен Робинсон бұл
феноменді былай сипаттайды: «Менің ойымша, білімдегі дербестендіру – белгілі
бір оқушыларды олардың мықты және осал тұстарын, әрқайсысына тән түрлі
қызығушылықтары мен ақпаратты қабылдау қабілеттерін ескере отырып оқыту
процесін құру». Кейде дербестендіруді жаңылысып дараландыру және саралау
сияқты өзге принциптермен теңестіреді. Түсінікті осыншама қарапайымдылау
салдарынан қазірге дейін оның бір мәнді, тура, баршаға ортақ болатындай
қабылданған анықтамасы жоқ. Осыған қатысты түсінігімізді бір жүйеге салу үшін
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
16
БІ ЛІ М БЕРУ ДЕГІ ДЕРБЕС Т ЕНДІ РУ
оқу және оқыту процесін олардың дамуы тұрғысынан қарастырып көрелік. Ең
қарапайым жағдайды алып қарасақ, барлық оқушылар теңдей оқытылады: түгелі
бірдей ақпарат, бірдей оқулықтар мен қосымша материалдар алады. Сондай-ақ,
барлығы да бірдей критерийлер бойынша бағаланады. Бұл тәсіл дүниежүзіндегі
мектептерде ұзақ жылдар бойы қолданылды. Алайда күндердің бір күнінде
оқушылардың бір-бірінен ерекшеленетіні соншалық, оларды барынша біртектес
топтарға бөлудің (саралаудың) маңызды екені түсінікті болды. Саралаудың айқын
үлгісі – оқушыларды кәдімгі, дарынды және проблемалы деп бөлу. Бұл жағдайда
материалдар мен жаттығуларды дайындау үш түрлі күрделілік деңгейін қажет
етеді.
Біркелкі
Саралау
Даралау
Дербестендіру
Даралау принципі әрбір оқушының бірегейлігі мен жекелеген әдістің қажеттігі
идеясына құрылған. Оқушыны дамытуға байланысты барлық жұмыс – сырт жақтан
ынталандырудың нәтижесі, ал мақсат – белгілі бір оқу бағдарламасын меңгеру.
Даралау үлгісі – барлық балаға тең мүмкіндік ұсынуға бағытталған инклюзивті
білім беру әдісі. Мұндай жағдайда оқу процесін даралауға үшінші тарап, мысалы
мұғалім, ата-ана немесе мемлекет жауап береді.
Ал енді дербестендіру принципі бойынша оқушылар оқу процесін өздері
ұйымдастырады, жүзеге асырады және өзгертеді деп пайымдалады. Бала қай
бағытта дамуды өзі таңдайды және оның бекітілген мектеп бағдарламасын
ұстану не ұстанбауы маңызды емес. Дербестендіру – саналы түрде білім алу, өз
бетінше оқу және зерттеп-зерделеуге арналған пәндерді өзі таңдау мүмкіндігі.
Дербестендірілген білім жалғыз мектеппен шектелмейді және талпыныс,
қоғамдағы рөлін таңдау, жеке басының дамуы мен тәжірибесін қозғай отырып
білім беру жүйесінің аумағынан айтарлықтай асады. Білім беру әлеуетін барынша
пайдаланудың жалғыз жолы – осы. Дербестендірілген білім беруде мұғалімдерге
өте маңызды рөл бөлінген: оқушыларға өз сұраныстары мен мүмкіндіктерін талдауды үйрету, оқу үшін қандай құралдардың қолжетімді екенін айту, кеңес беру
және керек болған жағдайда жұмыстың қажетті бағытын көрсетіп жіберу. Бірақ
дербестендірудің негізі – оқушылардың өздері. Адамның өзі болмаса, басқа ешкім
оның білімін дербестендіре алмайды.
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
17
БІ ЛІ М БЕРУ ДЕГІ ДЕРБЕС Т ЕНДІ РУ
Пайда болу себептері
• Барлық оқушыға біркелкі әдістеме
қолдану тиімділігінің төмендігі.
• Оқушылардың алдыларына мақсат
қойып, оларға қалай жету керегін
білмеуі.
• Заман талабына сай болуды қалау.
• Білім беру жүйесіндегі сәтсіздіктердің
себептерін талдау.
Артықшылықтары
• Оқу процесі кезінде оқушылардың
маңыздылығын және
жауапкершілігін арттыру.
• Оқушыларға олардың оқу нәтижесі
мен білім беру жүйесінің дамуына
қалай әсер ете алатынын көрсету
мүмкіндігі.
• Үйлесімді және бақытты тұлғаларды
қалыптастыра отырып оқушының
әлеуетін толықтай ашу мүмкіндігі.
Тақырып бойынша материалдар
• ЮНЕСКО Институтының білім
берудегі ақпараттық технологиялар
бойынша дербестендірілген білім
беру жөніндегі саясаты.
http://iite.unesco.org/pics/publications/en/
files/3214716.pdf
• Pathways to Personalized Learning
сандық білім беру орталығының
зерттеулері.
http://www.brothercloud.com/pdf/
OmniJoin_Personalized_Learning.pdf
• Кембридж университетіндегі
дербестендірілген білім беру
әдістерін зерттеу.
An Investigation of Personalized
Learning. Approaches used by Schools
– University of Cambridge.
http://www.education.gouk/publications/
eOrderingDownload/RR843.pdf
• http://www.personalisingeducation.org
Қосалқы тенденциялар
Оқытудың дербес ортасы
Қиындықтары
• Дербестендірілген оқуға қажетті
құралдар мен ілімнің жоқтығы.
Процестік-бағдарлы оқыту
• Оқу материалдарының көптеген
нұсқаларын шығаруға байланысты
орасан шығын.
Оқуға қабілеті
• Оқу процесін болжалдау және
бақылау мүмкіндігінің шектеулі
болатыны.
Оқытудың дара стилі
Педагог актер кейпінде
(Edutainer)
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
18
БІ ЛІ М БЕРУ ДЕГІ ДЕРБЕС Т ЕНДІ РУ
I Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы
ОҚУҒА
ҚАБІЛЕТІ
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
19
КІ РІ С ПЕ
ОҚУҒА ҚАБІЛЕТІ
> Бірінші қағида – оқуға үйрету <
Негізгі түсініктер
Метаоқыту, өздігінен реттелетін оқыту, нейродидактика, ми жұмысының
ерекшеліктерін ескере отырып оқыту, метакогнитивті қызмет, оқыту стильдері
Дербестендірілген білім беру, ең алдымен оқушыларға толықтай тәуелсіз болып, өз сұраныстары мен мүмкіндіктерін сезінуіне көмектесуге бағытталған.
Оқыту ортасының рөлі – оларға өз бетінше дамуды үйрету. Бұл – тек мектепте
ғана емес, күнделікті өмірде де қажет болатын аса құнды қабілет. Оған ие бола отырып оқушы оқу процесін өз бетінше қадағалай алады. Оқу процесінде
барынша тиімділікке, қанағаттанушылыққа және табысқа қол жеткізу жолында
бағдарламаны түсініп, қалыптастырады. Метаоқыту және оның салдары ретінде
өздігінен реттелетін оқыту метакогнитивті қызметке, стратегиялық ойлай білуге,
жеке өзінің ілгерілеуін жоспарлауға, бақылау және бағалауға, сондай-ақ оқуға
деген ынтазарлыққа негізделген. Өз-өзін реттеу – оқыту әдеттерімен қоса өз ісқимылын жай ғана саналы түрде бақылау процесі.
Өкінішке орай, заманауи мектепте оқыту әдістеріне тым аз көңіл бөлінген.
Оқушыларды өз жетістіктері мен сұраныстарын талдау қажеттілігіне өте сирек
итермелейді, мнемоникалық техникалар мен оқудың өзіндік тәсілін іздеу туралы
мүлдем дерлік айтылмайды. Мұғалімдер бар күшін өз пәндеріне салады, олардың
оқушыларға метаоқу дағдыларын дамытуға көмектесуіне шынымен де уақыттары
жетпейді. Бұл олардың кінәсі де емес. Олар оқу жоспарына сай жұмыс істеуі
тиіс. Себебі оқу жоспарын белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асыру – еңбектерінің
тиімділігін бағалауға негіз болатын жалғыз фактор. Метаоқытудың қажеттілігі табысы миллиондап саналатын тез оқу немесе тиімді оқыту курстарының және
небары 1000 теңгеге өміріңді жақсартуға уәде беретін өзін-өзі дамыту әдістері
кітабының негізінде жатыр. Ал ақиқатында оқу қабілеті – мектепте игеретін негізгі
әрі ең маңызды дағды болуы тиіс.
Метаоқытуды үш түрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Біріншіден,
оқушыларға бағдарламаны қалай көбірек меңгеру керектігін көрсету қажет.
Екіншіден, оқушыларға оқу тиімділігін қалай арттыруға болатынын түсіндіру керек.
Соңғысы, оларға үздік оқушы болудың жолдарын көрсету қажет. Білімді өз бетінше
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
20
О ҚУ ҒА ҚАБІ ЛЕТ І
алуға жасалатын алғашқы қадам – өзіндік когнитивті стратегия құру. Мұнан соң ми
жұмысының негізгі механизмдерін, яғни нейродидактика негіздерін түсіну қажет.
Өз сұраныстарың мен мүмкіндіктеріңді түсіну көбіне талдау және дедукция
принциптеріне құрылады. Әлденені үйренуге бағытталған кез келген талпыныс,
мейлі ол сәтті болсын, мейлі сәтсіз аяқталсын, бізге жаңа білім береді. Мысалы, біздің психологиялық және физикалық жағдайымыздың оқу процесіне қалай
әсер ететінін көрсетеді. Барлығы да байқағандай, адамның қарны ашқанда, шаршап немесе жүйкесі тозып тұрғанда, ойын жинақтау қиынға соғады. Сонымен
қатар оқу құралдарын дұрыс таңдаудың да қаншалықты маңызды екені түсінікті
болып келеді. Осыны сезінгеннен кейін оқушылар оқудағы сәттілік – туа біткен
дарынның нәтижесі емес, жаттығулар мен тәжірибенің арқасында дамытуға болатын дағды екенін түсіне алады. Олар қажетті уәждемені алып, өз жұмыстарының
мәнін көреді. Енді олар: «Менің қолымнан келмегені ақымақтығымнан емес, тиісті
тәсілді пайдаланбағанымнан» деп ойлайды. Бұл – оқушылар үшін зор жеңілдік.
Міне, енді олар бұрын күнделікті ұшырасып жүрген күйзелістен құтылды.
Ал сіз, мектепте оқып жүрген кезіңізде, жетістікке жету үшін өзіңізге не қажет
екенін ойлап көрдіңіз бе? Лайықтысын табу үшін түрлі әдістер мен әдістемелерді
байқап қарадыңыз ба? Түйінін шығару үшін сәтсіздіктеріңізге талдау жасадыңыз
ба? Егер «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз өзіңіздің оқу әлеуетіңізді жалпы
адамзаттық қабілеттер қатынасында дамытудың маңыздылығын сезінесіз және
бағалайсыз. Бүгінде білім беру жүйесі үшін метаоқытудың мәнділігін арттырудан
өзге маңызды міндет жоқ. Бұл – оқушыларға мектеп пен өмірде ұшырасатын
мәселені өз бетінше шешуге мүмкіндік беретін дағдылар. Оқушыларымызға және
өзімізге тарту ете алатындай бұдан артық бағалы сыйлық ойлап табуға бола ма?
• Өзін-өзі бағалауын жоғарылату.
Пайда болу себептері
• Жоғары дәрежелі ойлау
дағдыларын дамыту.
• Сыныптағы оқу процесін
дербестендіруге ұмтылыс.
• Теориялық білім емес, дағдыларды
меңгеруге екпінді күшейту.
Қиындықтары
• Мұғалімдерді оқыту және құралдар
базасы мен негізгі әдістемелерді
қалыптастыру қажеттігі.
• Оқушыларды ХХІ ғасыр
міндеттеріне дайындау ниеті.
• Оқу процесі барысында
оқушылардың тәуелсіздігін арттыру
қажеттілігі.
• Метаоқытуға қазір мектеп
бағдарламасы бойынша әдеттегі
пәндерге бөлінген сағаттарды
пайдалану қажеттігі.
• Білім саласы мамандарын
метаоқытудың құндылығы мен
мәнділігіне сендіру қажеттігі.
Артықшылықтары
• Тек мектепте ғана емес, өзге
орталарда да қажет болатын
дағдыларды үйрету.
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
21
О ҚУ ҒА ҚАБІ ЛЕТ І
Тақырып бойынша материалдар
Қосалқы тенденциялар
• Метаоқытуды шекті зерттеу
A Framework for Facilitating MetaLearning as Part of Subject Teaching
(Tara Winters, Окленд университеті)
http://conference.pixel-online.net/
foe2013/ common/download/Paper_pdf/
166-ITL28-FP- Winters-FOE2013.pdf
Оқытудың дербес ортасы
Тұлғалық-бағдарлы оқыту
Оқу қабілеті
• Wikipedia сайтындағы Self-regulated
learning мақаласы
http://en.wikipedia.org/wiki/ Selfregulated_ learning
Оқытудың дара стилі
• Мұғалімдерге арналған
материалдары бар ашық оқу
ресурсы Study Guides және Strategie
http://www.studygs.net/metacognition.
htm
Нейродидактика
• Coursera Learning How to Learn:
Powerful mental tools to help you
master tough subjects
https://www.coursera.org/learn/
learninghow- to-learn/home/info
• Learning to Learn ғылыми зерттеуі
(Karl R. Wirth, Макалестер колледжі
және Dexter Perkins, Солтүстік Дакота
университеті)
http://www.macalester.edu/academics/
geology/wirth/learning.pdf
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
22
О ҚУ ҒА ҚАБІ ЛЕТ І
I Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы
ПРОЦЕСТІК-БАҒДАРЛЫ
ОҚЫТУ
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
23
ПРО ЦЕС Т І К-БАҒДАРЛЫ О ҚЫТ У
ПРОЦЕСТІК-БАҒДАРЛЫ
ОҚЫТУ
> Оқу – өмір стилі. Әркім өз жолын таңдайды <
Негізгі түсініктер
POGIL (сұраныс бойынша бағытталатын процестік-бағдарлы оқыту), сыртқы
реттеу, оқу қабілеті, процестік-бағдарлы оқыту, дидактикалық жобалау, жеке
портфолио, процестік-бағдарлы білім, оқиғалық-бағдарлы білім
Оқытудағы дербестендіру – бірнеше жекелеген оқу шарасы емес, бірыңғай процесс. Сонымен қоса, әр оқушыға жаңаша көзқараспен қарауды үйрену сыни
маңызды. Оның өмірлік жағдайын, тәжірибесін, әлеуеті мен сұраныстарын ескеру қажет және ол тек оқуға ғана қатысты емес, эмоционалдық, психологиялық
тұрғыдан да назарда болуы тиіс. Алайда бұл процесті түсініп, оны тәжірибеде
қолдану үшін сарапшы, стратег әрі нұсқаушыға айналуы тиіс мұғалімнің тарапынан да, өздеріне сырт көзбен қарап, мақсаттары мен оларға жету жолдарын
түйсінуді үйренуі тиіс балалар тарапынан да бірталай қосымша күш қажет болады.
Нашар баға немесе сәтсіз күн жалпы оқу нәтижесіне әсер етпейді. Бірақ мәнмағынасын түсініп, әр баланың оқиғасын сезінгенде ғана жетістікке қол жеткізуге
болады. Ал бұған біраз еңбек пен уақыт керек.
Процестік-бағдарлы әдіс бағалар мен сәтсіздіктер мәдениетінен және оқушыларды
өзара салыстыру қажеттігінен бас тартуға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл қысым
мен қорқынышты сейілтіп, оқушылардың өзін-өзі төмен бағалауының алдын
алады. Процесті түсіну шкаладағы 1 мен 5-тің арасындағы нүктені таңдаудан
және баланы жалпы оқу перспективасын есепке алмай бағалаудан айтарлықтай
ерекшеленеді. Олар артта ұзақ жол қалдырды және арасында тайып кетсе де,
қойылған мақсатқа қарай беттеп келеді. Процестік-бағдарлы оқытуда нашар баға
қойылмайды. Мұнда тек кері байланыс орнатылып, ілгерілеу мен жеке дамудың
көрсеткіші әрі қозғалтқышы саналатын таңдалған шешімнің дұрыстығы туралы
ақпарат беріледі.
Кітаптарда бұл тұжырымдаманың жүзеге асырылғаны көп суреттелген.
Зерттеушілер Ян Вермут пен Ливен Вершаффельдің пікірінше, процестік оқыту
білім мен дағдыларды қалыптастыру әдістеріне, сондай-ақ оларды одан әрі
қолдану мүмкіндіктеріне негізделеді.
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
24
ПРО ЦЕС Т І К-БА ҒДАРЛЫ О ҚЫТ У
Баламалы әдістемелік тәсіл 1994 жылы химияны зерттеу үшін жасақталып,
қазір бірқатар пәндерге қатысты пайдаланылатын POGIL (сұраныс бойынша
бағытталатын процестік-бағдарлы оқыту) жүйесінде жүзеге асырылған.
POGIL – оқушылар жаңа оқу материалын үйрену процесіне белсенді қатысатын
айрықша орта. 5Е моделіне сай әрекет етуші Engage (қатыстыру), Explore (зерттеу), Explain (түсіндіру), Extend (кеңейту) және Evaluate (бағалау) секілді өздігінен
басқарылатын зерттеу топтары бар. Бұл жүйені АҚШ оқу орталығы жанындағы
биология және жаратылыстану ғылымдары бөлімінің қызметкері Роджер Байби
жасақтаған.
процестік-бағдарлы оқыту POGIL мен өзге де кез келген білім жинағы әдістемелері
шегінен кеңірек келеді. Оқыту – мектеп пен жаңа ақпаратты игеруден анағұрлым
кеңірек дүние. Бұл жерде өз қалауыңмен және талпыныспен жұмыс істеу,
мәселелерді шешудің өзіндік амалдарын іздестіру, өзіңді қабылдау, мансаптық
ұмтылыстар, отбасылық өмір және жалпы жағдайдың көптеген өзге де құрамдас
бөліктері маңызды рөл ойнайды. Осы оқыту әлемінің ортасында әрқашан адам
тұрады. Ол адамды жақсы түсіну үшін оның бірегей оқу процесін бақылау әрі
талдау қажет. Жаңа технологиялардың көмегінсіз бұл күрделі механизмді бақылау
мен қадағалау өте қиын.
Пайда болу себептері
Қиындықтары
• Әр баланың оқуға қатысты
сұранысын түсіну.
• Оқу процесін талдауға қажетті
құралдардың жоқтығы.
• Жекелеген оқу шараларына
бағдарланған тәсілдің тиімсіздігі.
• Кешенді оқу процесін түгелдей
түсінудің қиындығы.
• Жағдайды білместен оқушыларды
әділ бағалаудың қиындығы.
Тақырып бойынша материалдар
• POGIL жобасы
http://www.pogil.org
Артықшылықтары
• Сөгу емес, кері байланыс үшін
қателермен жұмыс істеу.
• New Learning оқулығы (Robert-Jan
Simons, Jos van der Linden, Tom
Duffy ISBN: 978-0-7923-6296-8)
http://www.amazon.com/NewLearningRobert-Jan-Simons/
dp/0792362969
• Күйзеліс пен эмоционалдық
қысымды мейлінше азайту.
• Әрбір оқушыға жеке-жеке қарау.
• Дербестікке ие болу және білімді
дербестендірудің оңтайлы амалы.
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
• A process oriented approach to
learning
http://files.eric.ed.gov/fulltext/EJ719906.
pdf
25
ПРО ЦЕС Т І К-БАҒДАРЛЫ О ҚЫТ У
Қосалқы тенденциялар
Білім берудегі дербестендіру
Тұлғалық-бағдарлы оқыту
Оқу қабілеті
Ақпаратты талдау және
көлемді мәліметтер (Big Data)
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
26
ПРО ЦЕС Т І К-БА ҒДАРЛЫ О ҚЫТ У
I Заманауи білім беру тұлғалық-бағдарлы
ОҚЫТУДЫҢ
ДАРА СТИЛІ
З АМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕ НДТЕ РІ
27
О ҚЫТ У ДЫҢ ДА РА С Т ИЛІ
ОҚЫТУДЫҢ
ДАРА СТИЛІ
> Стильді білім беру <
Негізгі түсініктер
Сенсорлы модальділік, қабылдау стратегиясы, көптік зерде теориясы, функциялар
асимметриясы, когнитивтік стильдер, мақсатты қызметке қабілеттілік, өзі
реттелетін оқыту, дыбыстық, визуалдық, кинестетикалық және сенсорлық
қабылдау
Дербестендірілген білім беру – әрбір оқушының бірегейлігін құрметтеу. Адамзат
сыртқы ортаны түрлі сезім мүшелері арқылы танып біледі. Біз мидың икемділігі
арқасында қабылдаған импульстерді түсініп, ақпарат ала аламыз. Жалпы алғанда,
біздің оқу механизмдеріміз ұқсас, бірақ көптеген айырмашылықтары да бар.
Біреулер неғұрлым кешке қарай немесе түнде оқығанды ұнатады, ал енді біреулер
оңай оянады, себебі олардың зерделілік белсенділігі таңсәріге сай келеді. Алайда
мәселе тек тәулік мезгілдерінде ғана емес. Адамның жынысы, жасы, тұлғалық типі,
ойлау стилі және ынталандырудың оңтайлы түрі де үлкен рөл ойнайды. Әлдекімге
жаңа білімнің неғұрлым жылдам әрі жеңіл берілуіне әсер ететін айнымалы шамалар өте көп. Қатардағы оқушы осы факторлардың бір бөлігін болса да біле
ме? Оларды бақылауға қабілеті жете ме? Әрине, кейде бұл тіпті әдейі жасалады.
Мысалы, жұмыс орындарына назар салып көріңіз, бірінің үстелі мұнтаздай таза, ал
енді бірінікі маркерлер, қаламдар мен жазбалардың астында көміліп жатады. Оқу
процесін барынша қолайлы әрі тиімді ету үшін әркім өзінің дара стилін таңдайды.
Оқытудың дара стилі – ақпаратты алу және өңдеу тәсілдері бойынша түрлі
тенденцияларға негізделген тұжырымдамалар қатары. Бұл ұғым алғаш рет
1970-жылдары пайда болды және білім ортасында лезде мойындалды. Көпшілік
эмоциялармен және сыртқы әлеммен байланысты білім алудың оңтайлы тәсілі
тұрғысынан қарастыра отырып оны бірден адамдарды аудиал визуал және
кинестетиктерге бөлетін когнитивті стратегия (қабылдау типі) феноменімен
салыстырды.
Дегенмен оқытудың дара стилінің концепциясы қабылдау типтеріне қарағанда
анағұрлым кең. Оқу процесіне әсер ететін факторлар мен айнымалы шамалар
қатары үнемі ұлғайып отырады, бірақ бұл нақты бір адамға тән оқу тәсілін таңдай
ЗАМАН АУИ Б ІЛІМ БЕ РУ ТРЕНДТ ЕРІ
28
О ҚЫТ У ДЫҢ ДА РА С Т ИЛІ
білудің маңыздылығы мен құндылығын жоққа шығармайды. Оқытудың дара
стилі – жағдай мен материалдарды өз сұранысыңа сай бейімдеу, нәтижесінде
жаңа ақпарат пен дағдыларды тез әрі тиімді игеру мүмкіндігі. Біздің міндетіміз –
оқушыларға сабақтың кейде күрделі, кейде мүлдем жеңіл болу себебін түсінуге
көмектесу.
Оқытудың өзіндік стилін түсіну өзін-өзі баламалы бағалауға да көмектеседі.
Мысалы, кинестетикалық қабылдау типіндегі адам осыны сезіне отырып өзін
гипербелсенді, ақымақ, «жаман» оқушы санауын тоқтатады. Ақпаратты қабылдауы
үшін әрекеттену қажеттігін түсінеді. Ал бірнеше сағат бойы қозғалыссыз отыру,
оның табиғатына қайшы. Бұл типтегі оқушылар қозғалып тұрса өз ойын жақсырақ
жинақтайды. Бүгінде мұның ешқандай да жаман еместігін мойындауға дайын
мұ

ЖИ арқылы жасау
ЖИ арқылы жасау
Бөлісу
1 - айлық
Материал тарифі-96% жеңілдік
00
05
00
ҚМЖ
Ашық сабақ
Тәрбие сағаты
Презентация
БЖБ, ТЖБ тесттер
Көрнекіліктер
Балабақшаға арнарлған құжаттар
Мақала, Эссе
Дидактикалық ойындар
және тағы басқа 400 000 материал
Барлық 400 000 материалдарды шексіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
1 990 ₸ 49 000₸
1 айға қосылу
Материалға шағымдану
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Жариялаған:
НұрасылШағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
"Заманауи білім беру трендтері" жайлы кітап✔
Тақырып бойынша 11 материал табылды
"Заманауи білім беру трендтері" жайлы кітап✔
Материал туралы қысқаша түсінік
Өте пайдалы және құнды кітап!

Файл форматы:
pdf
06.03.2024
259
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
шағым қалдыра аласыз